- •Үлкен аралықты жабындардың құралымдары Үлкен аралықты жабындардың негізгі ерекшеліктері және қолдану саласы
- •Арқалықтық құралымдар
- •Сурет. Арқалықтық құралымдар рамалық құралымдар
- •Рамалық құралымдарды есептеу және құралымдау ерекшеліктері
- •Áркалық құралымдар Áркалардың жүйелері мен түрлері
- •Áркалар есебінің ерекшелігі
- •Үлкен аралықты жабындар қаңқаларының құралымдық сұлбаларын құрастыру
- •Үлкен аралықты ғимараттардың кеңістікті құралымдары
- •Аспа жабындар Жалпы мәліметтер
- •Аспа қабықшалардың құралымдары
- •Төсемдік қоршаудың құрылғысы
- •Жабындардың көтергіш түйіндері
- •Қос белдеулі жабындардың құралымдары (Конструкции двухпоясных покрытий) Ванталары параллельді жабындар
- •Ванталары радиалды жабындар
- •Төсемнің құрылғысы
- •Ванталық жабындарды есептеу негіздері Негізгі жағдайлары
- •Ванталары параллельді аспа қабықшалардағы күштулер
- •Ванталары радиалды аспа қабықшалардағы күштеулер
Аспа қабықшалардың құралымдары
Ванталары параллельді жабындар 1,с.9-12
Ванталары параллельді жабындар көбінесе жоспарында тік бұрышты ғимараттарда қолданылады. Ванталық сұлба кезінде жабын өте деформациялы болып келеді, сондықтан оның қатаңдылығын көтеріп, гидроайырғыш төсемін бүлінуден сақтау үшін едәуір ауыр темірбетон жабын тақталары пайдалыналады және олар жабынның жалпы жұмысына қосылады.
17-сурет. Ванталары параллельді аспа қабықшалардың түрлері:
а –тартқыштармен; б –тіректері қозғалмайтын; в –көп аралықты жүйе;
г –арадағы áркалы; д -арадағы ванталы; 1–борттық элемент; 2-анкерлік іргетас; з-пилон
Жабынның деформациялығын азайту үшін алдын ала кернеулендірудің келесі тәсілдердің біреуін қолдануға болады.
1.Ванталарды, төсем тақталарын, жылытпаның, төсемнің және қардың массасына тең, жабынның қосымша жүктемесін жинақтағаннан соң жіктері тұтастандырылады (замоноличивание швов). Қосымша жүктемелерді тақталардың үстіне орналастырады немесе ванталарға астынан іліп қояды. Бетон жеткілікті беріктігіне жеткенде қосымша жүктеме вантадан алынады.
2.Ванталардың жинақтауы, төсем тақталарының төселуі, жіктерінің тұтастандыруы бітіп бетон керекті беріктігіне жеткеннен соң вантаны бір шетінен домкрат арқылы тартады. Ванталар арнайы каналдарда орналасады. Оларды тартып біткеннен кейін сол каналдар бетон ертіндісімен толтырылады.
3.Жабынның барлық элементтері жинақталғаннан соң тақталар арсындағы жіктері кернеуленетін цементті (НЦ-40) бетонмен тұтастандырылады. Жіктердің тұтастандырылуы үзбей бетондау арқылы орындалады.
4.Ванталарға іліндірілген қалыпқа кернеуленетін цементтен (НЦ-20) жасалған бетон салынады. Ұзындығы қабықшаның аралығына тең жолақ бойынша бетондалып, арасында жік қалдырылады. Бетондау біткеннен кейін жіктері бетон ертіндісімен толтырылады.
Темірбетон тақталардың массасын аспа қабықшаның жел әсеріне орнықтылығын қамсыздандыратындайға жеткізумен шектелуге де болады.
Ванталардың f салбырауына аралығының 1/10...1/25 беріледі. Ғимараттың жабынға кететін көлемін азайту үшін вантаның салбырау жебесін кеміту керек. Бірақ жабынның салбырауы кеміген сайын ванталардағы және тірекегі күштеулер арта түседі, яғни материал шығыны да көбееді. Сондықтан әр-бір жағдайларда вантаның салбырау жебесінің оңтайлы шамасы келтірілген факторларын талдау негізінде белгіленуі мүмкін.
Ғимаратты бойлай ванталардың адымын 1,5...2 м арасында қабылдаған жөн. Ғимараттың бүйір жағына қарай, ванталардың ұзындығын өзгерту немесе борттық элементтерін қисайту арқылы, 2% шамасындағы еңкіштік қарастыру керек. Ванталардың кермесін қабылдау үшін темірбетонды борттық элементтері қимасының өлшемдері шамалап ені ұстындар адымының 1/10 – не, биіктігі ұстындар адымының 1/15 – не тең етіп белгіленеді. Жобалаған кезде ғимарат аралығының әсері бетонның маркасы мен бойлық арматураның ауданы арқылы ескеріледі.
18 – сурет. Ванталары параллельді аспа қабықшаның сұлбасы:
1 – көтергіш ванта; 2- төсем тақтасы; fт – ғимараттың бүйірінде вантаның салбрау жебесі
Тіректік контуры тұйықталмаған аспа қабықшаларда анкерлік тіректерін жасауға көп материал жұмсалады, сондықтан имараттың бағасы да өседі. Ал егер ол көпаралықты болса жабыны үнемдірек болады, себебі накерлік тіректердің саны азаяды және көрші аралықтардағы ванталардың кермесі қарама –қарсы бағытталып бір-бірін жояды.
Имараттың сырт көрінісін ерешетктендіру үшін, көтергіш ванталарды бекітетін борттық элементтерді түрлі деңгейдегі белгілерде орналастырылады, мәселен Бремен қаласындағы (ФРГ) қалалық зал
19 – сурет. Бремендегі (ФРГ) аспа жабынды қалалық зал:
а – жалпы түрі; б – көлденең қимасы; 1 – алдын ала кернелген ванталар; 2 – көлденең рамалар
20 – сурет. Еревандағы екізалды кинотеатр:
а – жалпы түрі; бойлық қимасы
Радиалды ванталармен жасалған жабындар 1,с.12-16
Бір қатпарлы радиалды жабындар жинақтау сатысында ғана ванталық сұлба бойынша жұмыс жасайды. Жіктері бетонмен толтырылып, тақталары алдын ала сығылғаннан кейін олар темірбетонды аспа қабықшаға айналады.
Радиалды орналасқан ванталар жоспарында дөңгелек немесе эллипс түріндегі ғимараттарда қолданылады. Ванталардың кермесін тұйықталған сыртқы тіректік шығыршық қабылдайды, сондықтан жабын өзін-өзі теңгеретін жүйе болып табылады, яғни тіректік шығыршықты көтеріп тұратын ұстындарға тек жабын массасының тік жуктемесі ғана жеткізіледі.
Ванталары радиалды орналасқан жабындардың құралымдық түрлері бойыша ойысты, шатрлы, спиральды, ортаңғы шығыршықсыз, тұрақтандырушы ванталы шатырлы жабын болуы мүмкін.
21 – сурет. Радиалдық ванталы аспа қабықшалардың сұлбалары:
а – ойысты жабындар; б – шатрлы жабындар; в – спиральды жабындар;
г – орталық шығыршықсыз жабын; тұрақтандырушы ванталы шатырлық жабын; 1- орталықты шығыршық; 2 – сыртқы тіректік шығыршық; 3 – ұстындар; 4 – су ағызатын құбыр; 5 – орталықтық таған
Орталықтық шығыршық созуға, ал сыртқы шығыршық сығуға жұмыс істейді.Осы себептен ортаңғы шығыршықты болаттан, сыртқысын темірбетоннан жобалаған жөн. Жабындағы жүктеме біркелкі таралмаған кезде темірбетонды сыртқы тіректік шығыршық майыстырушы моменттің әсеріне ұшырайды, оны арматуралаған кезде ескеру керек.
Ойыс түріндегі радиалды ванталарды қолданған кезде атмосфералық суларды жабынның үстінен кетіру қиындау болады. Мұндай жағдайда суды жабынның ортасынан сыртқы қабырғаларға қарай созылған құбыр арқылы немесе тіректік шығыршықты еңкіштікпен орналастырып кетіруге болады.
Шатырлы жабындарды бір аралықты немесе көп аралықты түрде жобалауға болады. Спиральды жабында судың өз бетімен ағып кетуі қамтылған және жарықтандыру мәселесі оңай шешілген. Мұндай құралымдық шешім ғимараттың сырт көрінісін ерекшелендіреді. Оның тіректік шығыршығын бір немесе бірнеше өрленген спиральдар түрінде орындауға болады.
Радиалды жабында ванталардың салбырау жебесі жабын диаметрінің 1/10...1/20 арасында белгіленеді.Шығыршықты темірбетон борттық элемент қимасының ені b =(1/50…1/100) d, биіктігі h =(0,25…0,3) d қабылданады, мұндағы d – жабынның диаметрі.
