Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1198_LKEN_ARALY_1178_TY_ZhABYNDARDY_1186__1178_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

Ванталық жабындарды есептеу негіздері Негізгі жағдайлары

Аспа жабындар, қазіргі құрылыс құралымдарын есептеу нормаларына сәйкес, шекті жағдайлар әдісі бойынша есептеледі. Шекті жағдайлардың бірінші тобы бойынша имарат құралымдарының көтергіштік қабілеті есептеледі. Шекті жағдайлардың екінші тобы бойынша, қалыпты жағдайда пайдалану жарамдылығына әсерін тигізетін, ванталардың деформациялығы анықталады. Құралымдық элементтердің және жабынның кернеуленетін қосылыстарының көтергіштік қабілеті міндетті түрде есептеледі. Ванталардың майысымы максималды біркелкі таралған жүктемеге, симметриялы емес жүктеменің әсеріне және желдің соруына тексеріледі.

Ванталары параллельді аспа қабықшалардағы күштулер

Вантаның есептік сұлбасы ретінде жабынның құралымдық құрастырына байланысты тіректері бір деңгейде немесе әр түрлі деңгейде орналасқан салбырап тұрған жіп қабылданады (32 - сурет). Төсем мен қар массасының жүктемесі вантаның бойына біркелкі таралған.

32 – сурет. Аспа қабықшадағы параллельді орналасқан ванталардың есептік сұлбасы:

а – тіректері бір деңгейде; б – тіректері әр түрлі деңгейде; в – жабынның жоспары; 1 – қума жүктеменің әсер ететін ауданы; 2 – вантаны жүктеу жолағы

Вантаның кермесі, созудан пайда болған деформациясын ескермей, мына формула бойынша есептеп табылады

(1)

где от нагрузки в обычной балке пролетом 𝓁;

у – ордината линии ванты.

Вантаның ұштары бір деңгейде бекітілген кездегі тірек реакциясының тік құраушысы:

(2)

тірек жанында пайда болатын вантадағы ең үлкен созу күштеуі:

(3)

Вантаның ең аз созу күштеуі аралығының ортасында болады:

Тіректері әр түрлі деңгейлерде орналасқан кезде, ванта жоғарғы борттық элементке бекітілген нүктесінде ең үлкен күшпен созылады, себебі оның ұштарының тік құраушылары бірдей болмайды:

(4)

Ванталардағы созатын күштеуді, жабынды тұрғызған кездегі есептік жүктемесі бойынша анықтау керек. Бұл жүктеменің шамасы, жабынды алдын ала кернеулендіру үшін қажетті, вантаның қосымша созуын ескеріп, былай есептеледі:

, (5)

мұндағы тақта (плита) массасының есептік жүктемесі; жамылғы (кровля) массасының есептік жүктемесі; қардың есептік жүктемесі; а – жабындағы ванталардың адымы.

Жүктеме біркелкі таралған кездегі вантаның майысымы

(6)

мұндағы ванта ұзындығының аралығына қатысы.

Тіректері бір деңгейде болған кезде вантаның бастапқыдағы ұзындығын мына формула бойынша анықтауға болады

). (7)

Тіректері әр түрлі деңгейде болған кезде вантаның бастапқыдағы ұзындығы мынаны құрайды

, (8)

мұндағы ванталардың тіректерін қосатын сызықтың көкжиекке еңкіштік бұрышы.

Еңкіш тартпалардағы күштеулерді анықтайтын формула

= , (9)

мұндағы тартпаның көкжиекке қатысты еңкіштік бұрышы; t – ғимаратты бойлай тартпалардың адымы.