Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1198_LKEN_ARALY_1178_TY_ZhABYNDARDY_1186__1178_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

Ванталары радиалды жабындар

(Покрытия с радиальными вантами)

Ванталары радиалды орналасқан қосбелдеулі жабындар қоғамдық ғимараттардың құрылысында кең таралған. Мұндай жабындар жұмысының статикалық сұлбасы анық болып келеді, сондықтан имаратты тұрғызуы да оңайрақ болады. Қосбелдеулі радиалды жабындардың негізгі жүйелері 29-суретте көрсетілген.

Барлық жабындарда ванталардың кермесін темібетонды тіректік шығыршық пен ортаңғы болат барабан қабылдайды. Ұстындарға тек жабын массасының жүктемесі ғана жеткізіледі. Тұрақтандырушы ванталар көтергішкісінің үстінде, астында орналасуы немесе аралығында көтергішкісін қиып өту мүмүкін. Соның арқасында жабынның құралымдық шешімдерінің ерекшелігі анықталады.

29-сурет. Ванталары радиалды қосбелдеулі жүйелер:

1 – кермеліктер; 2 – орталықрық барабан (цилиндрлік ферма); 3 – тұрақтандырушы ванталар; 4 – қөтергіш ванталар; 5 – тіректік шығыршық; 6 – ұстындар; 7 – тартпалар; 8 – орталықтық шығыршық

29, а – суретте ванталар арасында кермелігі бар жабын жүйесі көрсетілген. Мұндай жабындардың сығылған кермеліктері болаттың едәуір шығындалуына келтіреді және кермеліктерінің ұзындығы жоғары дәлдікте орындалуын талап етеді.

Тұрақтандырушы ванта аралығында көтергішкісін қиып өткен кезде жабынның құрылыстық биіктігі біршама азаяды (29,б - сурет). Оған қоса кермеліктің ұзындығы қысқарып, тірек маңайында ол аспаға айналады. Бұл құралымдық шешімде қосымша екінші тіректік шығыршығын қажет етуі оның кемшілігі болып табылады. Екінші шығыршықты жасамауға болады, егер жабынның периметрі бойынша ванталардың адымы ұстындардың адымына тең болса. Мұндай жағдайда төменгі шығыршық жалғыз қалса ұстынның жоғарғы бөлігі консольды жұмыс жасап, көтергіш ванталардың кермесін қабылдайды. Егер төменгі шығыршық болмаса, онда тұрақтандырғыш ванталардың кермесі ұстындарға жеткізіледі. Бұл керменің шамасы көтергіш вантаның кермесінен аздау болады.

Тұрақтандырушы мен көтергіш ванталар тек ортасындағана барабан (цилиндрлік ферма) арқылы қосылған жағдайда (29,в - сурет), олардың алдын ала кернеуленуі барабанды биіктігі бойынша екі жаққа ысырумен немесе тұрақтандырушы вантаны тартумен орындалады. Жабынның мұндай жүйесі желдің және қардың әсеріне өз жазықтығында оңай деформацияланады. Оның қатаңдылығын көтеру үшін алдын ала кернеулендіруін жоғарлату керек, онда жабынның құны да өседі.

Шатрлы жабында (29,г -сурет) барлық тік аспалары (подвески) созуға жұмыс жасайды, сондықтан металл шығыны басқаларына қарағанда аздау болады. 29,д – суретіндегі сұлбада ванталардың екеуі де көтергіштік болып табылады. Онда ортаңғы барабан жабынның ойыстығын кетіру үшін қолданған.

Ойысталған жабында (29,е - сурет) барабанның орнына жалғыз орталықты шығыршық пайдаланылған. Мұнда барлық көтергіш ванталары тұрақтандырушысынан жоғары орналасқандығынан тік элементтері түгелімен созылған болып шықты, яғни болаттың шығынын үнемделеді. Мұндай жабында қосымша екінші тіректік шығыршық пайда болуы оның кемшілігіне жатады.

Ортаңғы тірек пайдаланып (29,ж,з - сурет) диаметрі 160-320 м кеңістікті жабуға болады.

Радиалды жабынның көтергіш ванталарының салбрау жебесін жабатын диаметрінің 1/10...1/20, тұрақтандырушы ванталардың көтеру жебесін (стрелу подъема) жабын диаметрінің 1/10...1/30 арасында қабылданады.

Радиалды ванталық жүйелердің кеңістікті қатаңдылығын қамтамасыз ету үшін керегеторлық шығыршықты байланыстарды ескеру керек.