Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1198_LKEN_ARALY_1178_TY_ZhABYNDARDY_1186__1178_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

Аспа жабындар Жалпы мәліметтер

Жабындағы аспа құралымдарындардың негізгі көтергіш элементтеріне, аралықты жабатын, иілгіш болат жіптер немесе жұқа табақтық (тонколистовые) металды мембраналар жатады. Бұл жабындар аралғы үлкен ғимараттар (спорт залдар,стадиондар, көрме павильондар, кинотеатрсар, гараждар және т.т.) құрылысында кең қолданып келеді.

Ванталық және мембраналық жабындар дәстүрлі болат құралымдарына қарағанда пайдалы жағымен ерекшеленеді. Олардың негізгі құндылықтары:

созылған элементтерде ванталардың немесе болат табақтардың қима аудандары нәтижелі пайдаланылады және жоғары берікті болаттар қолданылады, олар көтергіш құралымдардың массасын кемітуін қамсыздандырады;

жабынды жинақтаған кезде құрылыс мінбесатылары керек етілмейді, яғни жабынды тұрғызу жеңілдейді;

бухтаға оралған ванталар немесе рулонға оралған жұқа табақтық таспалар жабынның тасмалдауын жеңілдетеді;

жабу аралығы өскен сайын аспалы жабынның үнемділігі арта түседі, себебі көтергіш құралымдарының массасы басқа жабындарға қарағанда жеңілдеу болып қала береді;

аспа жабындардың пішіні (формасы) арқасында ғимараттың акустикасына, жарықтандыруына жақсы жағдайлар туады.

Аспа жабындарға тән кейбір құралымдық кемшіліктері де бар:

жабындарың жоғары деформациялығы, соның әсерінен ванталардың немесе мембраналардың бастапқы геометриялық түрлерінің өзгеруі мүмкін. Жабынның қатаңдылығын қамтамасыз ету үшін қосымша құралымдық шаралар ықтиярсыз қолданылады. Бұл кемшілікті аспа жабынның ерекшелігі ретінде қарастыруға болады;

ванталардың немесе мембраналардың кермесін қабылдау үшін арнайы тіректік құралымды орнату керек, ол жабынның құнын көтереді;

кейбір жағдайларда жабыннан суды кетіру қиындыққа келтіреді.

Дегенмен аспа жабынның құндылығы кемшілігінен едәуір басым екендігі айқын. Сондықтан мұндай құралымдар құрылыста жиі қолданылады.

Аспа жабындар құралымдық ерекшеліктеріне байланысты келесі негізгі сұлбаларға бөлінеді: аспа қабықшалар, ванталық жабындар, аспа фермалар мен арқалықтар, мембраналар, құрастырылған жүйелер, аспалы құралымдар.

Аспа қабықшалар ванталардың үстіне темірбетонды, армоцементті, керамзитбетонды тақталарды төсегеннен соң, жабынның қатаңдылығын қамтамасыз ету үшін, жіктерін вантамен бірге тұтасқұймаландырылып жасалады. Аспа қабықшаларды ванталардың үстіне тұтасқұймалы бетонды төсеп те орындауға болады. Құралымдық шешімі бойынша аспа қабықшалар жалғыз белдеулі жүйе болып табылады. Мұндай жабындарда ванталар параллельді немесе радиалды орналастырылады. Кейбір кездерде, салбыраған тор түріндегі айқасқан ванталар қолданылуы мүмкін.

Ванталық жабындарда жабынның қатаңдылығы көтергіш және тұрақтандырушы ванталар жүйесімен қамсыздандырылады. Ванталық жабындар тартылған ішектер (струны) сияқты жіптерден жасалуы мүмкін. Төсем элементтерін төсегеннен соң ванталық жүйе қоршаушы элементтердің өз ара және тірекпен бірлесіп жұмыс жасауы қамтамасыз етілмей жұмысын жалғастыра береді. Аспа қабықшаларда ванталық сұлбаны құрылыс кезіндегі аралық саты ретінде пайдаланады.

Аспа фермалар мен арқалықтар қатаң ванталар болып есептеледі. Оларды жеңіл төсемді жабындарда тұрақтандыру үшін пайдаланады.

Мембраналар, аралықтық көтергіш құралымдары жұқа табақтық металдан (болаттан немесе алюминий қорытпасынан) жасалған, аспа қабықша болып табылады.

Құрастырылған жүйелер иілгіш ванталардан және қатаң элементтерден құрылады. Қатаң элементтер жабын формасын тұрақтандыру және шоғырланған мен біркелкі таралмаған жүктемелерді бірнеше көтергіш ванталарға бөлу үшін қолданылады.

Аспалы құралымдар тростардан және қатаң арқалықтардан немесе фермалардан қиыстырып жасалады.

Аспа жабындарының ваталары үшін болаттан жасалған канаттар, арматуралық сырықтар және жоғары берікті сымдардың будасы қолданылады. Аралықтары аса үлкен емес кезінде ванталар класы А-III және A-IV арматурадан қабылданады. Ванталарға арналған арматуралардың диаметрі 40 мм –мен шектеледі.

Ванта үшін көбінде канаттар қолданылады. Құрылыста болат канаттарының келесі түрлері қолданылады: бір бұрамды (бұрымдар немесе спиральдылар); қос бұрамды (тростық канаттар), яғни сымдар бұрымдарға ширатылған, ал бұрымдар – канатқа ширатылған. Аспа жабындары үшін бір бұрамды мен қосбұрамды канаттар қолданылады.

Канаттар үзуге уақытша кедергісі 1176, 1274, 1372, 1470, 1568, 1666, 1764, 1862, және 1960 МПа жоғары берікті сымдардан әзірленеді. Канаттың үзүге күштеуі сымдардың үзу күштеулерінің қосындысынан кем болады. Канаттың құралымына байланысты осы жоғалтулар мынаны құрайды: типі ТК құралымы 1х37 және типі ЛК-Р құралымы 6х19 канаттар үшін 15 – 19%; типі ТЛК-РО құралымы 6х36 канаттар үшін 20-25%.

Канаттың бастапқы серпімділік модулі бір бұрамды кезінде (при одинарной свивке) 15 – 20%-ға, қос бұрамды кезінде (при двойной свивке) 50 - 60%-ға төмендейді. Серпімді емес деформацияларын жою үшін және бастапқы серпімділік модулін жоғарлату мақсатымен канатты үзу күштеуінің 65 – 75%-на тең жүктемемен 2 сағат бойынша алдыа ала созу керек.

Будадан жасалатын ванталар үшін диаметрі 4-6 мм жоғары берікті сым пайдалыналады. Диаметрі кіші сымдар тез арада коррозияға ұшырайды, ал диаметрі үлкендеуі қиын өңделеді және есептік кедергілері төмен болады.