
- •Үлкен аралықты жабындардың құралымдары Үлкен аралықты жабындардың негізгі ерекшеліктері және қолдану саласы
- •Арқалықтық құралымдар
- •Сурет. Арқалықтық құралымдар рамалық құралымдар
- •Рамалық құралымдарды есептеу және құралымдау ерекшеліктері
- •Áркалық құралымдар Áркалардың жүйелері мен түрлері
- •Áркалар есебінің ерекшелігі
- •Үлкен аралықты жабындар қаңқаларының құралымдық сұлбаларын құрастыру
- •Үлкен аралықты ғимараттардың кеңістікті құралымдары
- •Аспа жабындар Жалпы мәліметтер
- •Аспа қабықшалардың құралымдары
- •Төсемдік қоршаудың құрылғысы
- •Жабындардың көтергіш түйіндері
- •Қос белдеулі жабындардың құралымдары (Конструкции двухпоясных покрытий) Ванталары параллельді жабындар
- •Ванталары радиалды жабындар
- •Төсемнің құрылғысы
- •Ванталық жабындарды есептеу негіздері Негізгі жағдайлары
- •Ванталары параллельді аспа қабықшалардағы күштулер
- •Ванталары радиалды аспа қабықшалардағы күштеулер
Үлкен аралықты жабындардың құралымдары Үлкен аралықты жабындардың негізгі ерекшеліктері және қолдану саласы
Жабын аралығының өлшемі 42 м-ден асқанда үлкен аралықты болып саналады. Металл құралымдармен жабылатын үлкен аралықтар қоғамдық пен арнайы ғимараттарда және өндірістік ғимараттарда қолданылады.
Қоғамдық ғимараттарғдың - концерттік , спорттық залдардың, көрме павильондарының, вокзалдардың эксплуатациялық және сәулеттік талаптары бойынша аралықтары үлкен болады.
Арнайы ғимараттар – ангарлар, гараждар, троллейбус парктары және сол сияқтылар машиналарды қолайлы сыйыстыру және эвакуациялау үшін ішкі ұстындарысыз жобаланады.
Өнеркәсіптік құрылыста үлкен аралықтар ұшақ құрылысы, кеме құрылысы және машина құрылысы зауыттарының құрастыру цехтарында, құрастырылатын машиналарының (кемелердің, ұшақтардың) габариттерінің үлкен болғандығынан немесе технологиялық үрдісінің талаптарына байланысты үлкен аралықтар кездеседі.
Үлкен аралықты имараттардың арналуына байланысты әр түрлі -арқалықтық, рамалық, áркалық, кеңістікті және аспалы - ванталық құралымдық шешімдер қолданылады.
Арқалықтық пен рамалық жүйелер, жоспарында тікбұрышты ғимараттардын үлкен аралықты жабынында пайдаланылады. Áркалық жүйелердің сәулеттік жағынан артықшылығы бар, олар аралығы 80 м-ден асқан кезде үнемді болып келеді.
Металл шығыны бойынша торлы немесе тұтас қабықша, жазық құрылымдық құралымдар, күмбез түрлеріндегі кеңістікті жүйелер ең үнемдісіне жатады. Негізгі көтегіш элементтері - ванталары жоғары берікті материалдан жасалып, созуға жұмыс жасайтын аспалы жүйелер ең жеңілі болып келеді. Олар оңай әзірленіп жеңіл жинақталады.Осы жағдайлары оның маңызды артықшылығы болып табылады.
Ұлкен аралықты құралымдар негізінде меншікті массасының жүктемесіне жұмыс жасайды. Сондықтан құралымдардың меншікті салмағын азайту жобалаушының негізгі мақсатына жатады. Мұндай көз қарас бойынша үлкен аралықты құралымдарда жоғары берікті болаттарды немесе жеңіл алюминий қортпаларын қолданған орынды.
Үлкен аралықты құралымдардың меншікті салмағының көптігі алдын ала кернеуленген көтергіш құралымдарды қолдануға себепші болады. Әр нақтылы жағдайларда кұралымдық шешімдері нұсқалық жобалау, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қабылданады.
Үлкен аралықты ғимараттар көпшілік құрылыс нысандарына жатпайды. Сондықтан оларға дербес сәулеттік және құралымдық шешімдерді қолдануға рұқсат берілген. Бірақ мұндай имараттарға да унификацияланған стандартты элементтерді және модульдік жүйелерді пайдаланған жөн, егер бұл оларға қойылған негізгі талаптарға қарсы келмесе.
Арқалықтық құралымдар
Үлкен аралықты жабындардың арқалықтық көтергіш құралымдарындағы негізгі элементтері (арқалықтар, фермалар) көлденең майысуға жұмыс жасайды. Олар тіректерде топсалы бекітіледі, сондықтан керу күші пайда болмайды және температураның өзгеруін сезбейді.
Арқалықтық үлкен аралықты жабындар жазық немесе кеңістікті блокты фермалар түріндегі негізгі көлденең құралымдардан және аралығындағы қосымша құралымнан тұрады. Олар аралығы 70-80 м кезінде қолданылады. Аралығы өскен сайын арқалықтық жабынның ұтымдылығы төмендей береді, себебі металл шығыны көбейеді және негізгі арқалықтың биіктігі едәуір өсіп кетеді. Арқалықтық жабынның артықшылығына тік түскен жүктемелерден керу күші пайда болмауы (соның нәтижесінде ұстындар мен іргетастардың өлшемдері кішірейеді); статикалық сұлбасының оңайлығы; тіректердің шөгуін сезбеушілігі жатады.
Арқалықтық жүйеде тіректік моменттің жоқтылығының арқасында, рамалық жүйедегідей ригельдің аралындағы моменті кемітілмейді. Сондықтан металл шығыны көбірек болады. Бұл құбылыс арқалықтық құралымның кемшілігіне жатады.
Арқалықтық жүйелер көбінесе қоғамдық ғимараттарда – театрларда, концерт залдардарында, спорттық имараттарда қолданылады. Арқалықтық жабындардың фермалары сырт көрініс бойынша белдеулері параллельді, трапециалды,полигональды, үшбұрышты, сегментті болуы мүмкін. Фермалардың сырт көрінісі ғимараттың арналуы мен сәулеттік шешіміне, төсемнің түріне, фонарьлардың, аспалы қөліктер мен аспалы төбенің болуларына байланысты.
Арқалықтық жабындардың жоспардағы сұбасы қалыпты немесе күрделенген болуы мүмкін. Қалыпты сұлбасы фермалар мен сырғауылдардан немесе төсеніш қалқандардан тұрады. Итарқалық фермалар ұстындарға немесе итарқаасты фермаларға тіреледі. Күрделенген сұлбасы көлденең орналасқан негізгі фермалардан және бойлығындағы аралық фермалардан және сырғауылдардан немесе төсем қалқанынан тұрады. Негізгі арқалықтар
18-36 м адыммен орналастырылады. Ферманың көлденең қимасының сырт пішіні бойынша жазық немесе екі жазық фермаларды байланыстармен біріктірілген блокты болуы мүмкін.
Үлкен аралықты фемаларды әдетте пісірмеленген қос қабырғалы етіп жобаланады. Олар құрылыс механикасының жолымен есептеледі. Қимасының биіктігі панельінің 1/10 ұзындығынан асқан кезде ғана түйіндерінің қатаңдылығы есепке алынады.