- •Мазмұны
- •1 Көліктер туралы жалпы мағлұмат
- •Жүк машиналарының тарихы
- •Жүк машинасы туралы жалпы мағлұмат
- •Жүк техникасының классификациясы
- •1.4 Жүк көліктерінің габаритті өлшемдері. Жүк көліктерінің түрлері.
- •2 Бұйымның сапа деңгейін бағалау
- •Жүк көліктері өнімдері сапа көрсеткіштері
- •2.2 Өнім сапасын бағалаудың дифференциялдық әдісі
- •2.3 Өнімнің сапа деңгейін эксперттік әдіспен бағалау
- •3 Квалиметриялық есептеулер қорытынды
Жүк машиналарының тарихы
Әлемдегі бірінші жүк машинасы 1896 жылы Готлил Даймлер кәсіпорнында құрылған, ал алғашқы дизельді қозғалтқышты жүк машинасы 1923 жылы Карл Бенц фирмасынан шыққан. Ресейдегі алғашқы жүк машинасы өнеркәсібі 1904 жылы Санг-Петербург қаласынла ашылған. «Кісі және жүк тасымалдау жөніндегі ереже»-ге сәйкес 1907 жылы жүк және кісі тасымалдайтын автотранспорттар заңды екіге бөлінуі болды.
1908 жылы Ресейдегі жүк тасымалдау автомобилдерін қолдану аймағы кеңінен жайыла бастады. Мәскеуде өнеркәсіптік өнімдерді тасымалдайтын жүк машиналары ғана емес, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын жүк машиналары да кеңінен қолданыла бастады.
1921 жылы автомашиналарда жұмыс істеу уақыты айына 10 сағаттан аспайтын, және жүк сиымдылығы 35%-дан төмен және бір жүк машинасында бес адам жұмыс істеуге мәжбүр болды. Автопарк жұмысын үдетумен қоса, оны қолдану кезіндегі тиімділікті арттыру маңызды тапсырмаға айналды.
Жүк машинасы туралы жалпы мағлұмат
Тасымал көлігінің негізгі міндеттері – өз уақытында ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру.
Автомобиль – күрделі машина, механизмдер мен жүйелер жиынынан тұрады. Олардың конструкциясы әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдер негізгі механиздермен конструкциясымен жұмыс істеу қағидалары бірдей болып келеді. Сондай-ақ автомобильді құрастыру схемасында да ортақтық болады және ол олардың қызметі мен механизмдердің орналасуына байланысты.
Әрбір автомобильде үш негізгі бөлігін алуға болады:
1) кузов;
2) двигатель;
3) шасси.
Кузов – таситын жүкті орналастыруға арналған. Жүк автокөліктерінің кузовы жүкке арналған платформадан(жүк кузовы) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Двигатель – жанармай жанған кездегі бөлінетін жылу қуатын механикалық қуатқа айналдырады. Мұндай қуатты айналдыру қорытындысында двигательдің мін білігінің айналуын келтіреді, ол негізінде двигательдің айналдыру моменті бір қатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі.
Көпшілік автомобильдерде поршенді – карбюраторлы немесе дизелді двигатель қолданылады.
Шасси мынадай бөлшектерді, механизмдермен жүйелерді біріктіреді: трансмиссия, көтергіш жүйе, белдік, аспалар, дөңгелектер, рульдік басқару және көтергіш жүйелер.
Жүк техникасының классификациясы
Жүк машиналарын үш топқа бөлуге болады: жеткізу жүк машиналары, жалпы тағайындалған, арнайыландырылған және арнайы жүк машиналары, сүйретпе жүк машиналары.
Жеткізу жүк машиналары – олар ең бұқаралық, ең ықшамды және жеңіл, жүк тиеу дәрежесі жеңілетілген жүк машиналары. Әлемде шығарылатын жеңіл жүк машиналары мен фургундарының үлкен бөлігі №1 класқа қатысты, яғни олардың жалпы салмағы 3,5 тоннадан аспауы керек (АҚШ-та 4,54тоннаға дейін). Ал жүк сиымдылығы 1,5-тен 1,8 тоннаға дейінгі салмақты құрайды. Әдетте осы типтегі жүк машиналары фургондарға ұқсас толықметалды корпуспен жабдықталады.
Жалпы тағайындалған және арнайы жүк машиналары – жалпы,әр түрлі жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын жүк машиналары.
Әр түрлі құрылысты болуы мүмкін: қозғалтқыш үстінде кабина, қақпақты және жартылай капотты, осьтер санымен бөлінеді (екіден беске дейін және одан көп) және қозғалтқыш типіне (бензинді,дизельді, газды, көп ретті жанармайлы, гидридті) байланысты. Бірлік тасымалдау жүк машиналарының жүс көтергіштігі – 20-25т. құрайды.
Арнайы жүк машиналарының көптеп таралған түріне - өзіаударғыш автомобилі қатысты. Сыртқы габариттеріне және жүкті көтеру параметрлеріне байланысты самосвалдар – ауылшаруышылық, құрылыс және әмбебап болып бөлінеді.
Сонымен қатар, жүк машиналарын келесідей жіктеуге болады:
Жүк көтергіштігіне байланысты: Аса аз жүк көтеретін – 1тоннаға дейін; Аз жүк көтеретін – 1 – 2 тонна; Орташа – 2-5 тонна; Жоғары – 5 тоннадан жоғары және өте ауыр жүк көтеретін.
Кузовтың типіне байланысты: жабық түрі, контейнер, рефрижератор (изотермиялық кузов), фургон, микроавтобус, ашық түрі, бортты, самосвал, кран, цистерна, ағаш таситын машина (лесовоз), ершікті сүйретпе.
