Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursovaya_rabota_fleshka.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.22 Кб
Скачать

1. Курстық жұмыстың тақырыбы мен тапсырмалары

1.1 "Елді мекенін және оның шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету желісін жобалауындағы гидравликалық есептеу" тақырыбы

Тапсырманың мақсаты- елді мекені және оның шаруашылықтарының су құбыры желісін есептеу, қысымды су мұнарасының биіктігін және ондағы резервуардың сыйымдылығын анықтау, сорғыларды таңдау және суға жұмсалатын шығындардың техникалық және экономикалық есептерін жүргізіп үйрену.

1.1 кесте- Сумен қамтамасыздандыру объектілерінің сипаттамалары

Тұрғындар саны

Абаттандыру деңгейі

Қабаттардың саны

Қоғамдық малдардың түрлері

Кәсіпорындағы жұмысшылар саны

Сауын сиырлары

ІҚМ төлдері 2 жасқа дейінгі

Аналық шошқалар

Жемдегі шошқалар

Ересек қойлар

7000

Ыстық суы ж/е канализ-сы бар

3

850

700

650

1100

1200

180

1.2 Сумен қамтамасыздандыру есебі

Сумен қамтамасыздандырудың есебі ҚМНЕ II-31-94 (Құрылыс нормалары мен ережелері, II бөлім, 31 тарау, 1994 ж.) көрсетілгендей ережелерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Суды тұтыну нормасы- суды тұтынушының бір тәулік ішінде орташа пайдаланылатын су көлемі. Су құбырларын жобалау кезінде қажетті су көлемі суды тұтыну нормалары негізінде анықталады. Коммуналды сектордағы суды тұтыну нормалары негізінен екі факторға байланысты: біріншісі абаттандырылу деңгейі, ал екіншісі аймақтың климаты. Норманың төменгі шектері солтүстік аймақтарға, ал жоғары шектері- оңтүстік өңіріне арналған.

1.2 кесте - Ауыз су тұтынушыларының нормасы

Тұрғын үй құрылысының абаттандырылу деңгейі

1 тұрғынға жұмсалатын орташа тәуліктік норма, л/ тәулік

1. Ішкі су құбырларымен және канализациямен жабдықталған, бірақ ваннасы жоқ ғимараттар

125 - 160

2. Сол сияқты ванналарымен және жергілікті су жылытқыштары бар ғимараттар үшін

160- 230

3. Сол сияқты орталықтандырылған және ыстық сумен қамтамасыздандырылған ғимараттар үшін

250 - 350

4. Кәсіпорындағы жұмысшының нормасы

30

1. Тұрғындарды сумен қамтамасыздандыру

Орталықтандырылған және ыстық сумен қамтамасыздандырылған ғимараттар үшін 1 тұрғынға жұмсалатын орташа тәуліктік норма 250 - 350 л/ тәулік деп аламыз.

Шаруашылықпен ауыз су қажеттіліктеріне судың орташа тәуліктік шығыны:

Q тәул.орт. = q·N = 250·7000 = 1750000 л/тәул.

мұндағы q - 1 кесте бойынша қабылданатын тұтыну су нормасы;

N - тұрғындар саны.

Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемі:

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1·1750000 = 1925000 л/тәул.

мұндағы, K тәул.max. - суды тәуліктік бірқалыпсыз тұтыну коэффицентін

(коммуналды және мал шаруашылық секторлары үшін)

1,1÷1,3 тең деп қабылданады.

Судың ең жоғарғы сағаттық есептеу мөлшері:

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 125125 л/сағ.

Шаруашылықпен ауыз суының сағаттық ең жоғарғы бірқалыпсыз тұтыну коэффиценті:

Kсағ.max. = α max · β max = 1,2·1,3 = 1,56

бұндағы, α max - жергілікті жағдайлар мен ғимараттардың абаттандырылу деңгейін есептейтін коэффицент., 1,2÷1,4 тең деп қабылдаймыз, ал β max - 2 кесте бойынша тұрғылықты жерлердегі тұрғындар санын есепке алып қабылданатын коэффицент.

2 кесте - Коэффицент мөлшері β max

Тұрғындар саны дейін

1000

1500

2500

4000

6000

10000

β max

2

1,8

1,6

1,5

1,4

1,3

Секундтық есептеу шығыны:

Qс = Qсағ.max. /3600 = 125125 /3600 = 34,75694 л/сек.

2. Шаруашылықты сумен қамтамасыздандыру

Жеке қолдағы малдарға және көкөніс, жидек ағаштарының суарылуына және ішкі алаңдарды ылғандандыруға жұмсалатын тәуліктік су мөлшерін әр тұрғынға шамамен 50÷90л. ден алынады, ал тәуліктік бірқалыпсыз коэффицентін, K тәул.max. = 1,1 тең деп қабылдаймыз. Ал сағаттық ең жоғарғы бірқалыпсыз коэффицентін, Ксағ. = 2 тең деп қабылданады.

Q тәул.орт. = q·N= 50· 7000 = 350000 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 350000 = 385000 л/тәул.

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 32083,3 л/сағ.

Kсағ.max. = 2

Qс = Qсағ.max. /3600 = 8,912027 л/сек.

3. Кәсіпорынды сумен қамтамасыздандыру

Кәсіпорындағы жұмысшының орташа тәуліктік нормасы 30 л/ тәул. деп қабылдаймыз.

Кәсіпорындар, шеберханалар мен машина-тракторлар парктері үшін сағаттық және тәуліктік ең жоғарғы бірқалыпсыз тұтыну коэффиценттерін 1,1 және 2 сәйкес деп қабылдаймыз.

Q тәул.орт. = q·N = 30· 180 = 5400 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 5400 = 5940 л/тәул.

Kсағ.max. = 2

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 495 л/сағ.

Qс = Qсағ.max. /3600 = 495/ 3600 = 0,1375 л/сек.

4. Мал шаруашылықты сумен қамтамасыздандыру

Қоғамдық малдарға судың мөлшерін 3-кестеде көрсетілген нормалар бойынша қабылдаймыз.

3 кесте - Мал шаруашылығындағы су шығынының нормалары

Тұтынушылардың атауы

Бір басқа шаққандағы су шығынының нормасы, л/тәул.

Сауын сиырлары

100

2 жасқа дейінгі ІҚМ үшін

30

Аналық шошқалар торайларымен

60

Жемдегі шошқалар

15

Ересек қойлар

10

Жылқылар

60

Тауықтар

1

Үйректер

2

Қояндар

3

Мал шаруашылығында судың ең жоғарғы сағаттық бірқалыпсыз тұтыну коэффицентін 2,5 – деп, ал тәуліктік ең жоғарғы бірқалыпсыз тұтыну коэффицентін 1,1-ге тең деп алынады.

  • Сауын сиырлары үшін:

Q тәул.орт. = q·N= 100· 850 = 85000 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 85000 = 93500 л/тәул.

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 9739,583 л/сағ.

Kсағ.max. = 2,5

Qс = Qсағ.max. /3600 = 2,705439 л/сек.

  • 2 жасқа дейінгі ІҚМ үшін:

Q тәул.орт. = q·N= 30· 700 = 21000 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 21000 = 23100 л/тәул.

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 2406,25 л/сағ.

Kсағ.max. = 2,5

Qс = Qсағ.max. /3600 = 0,668402 л/сек.

  • Аналық шошқалар үшін:

Q тәул.орт. = q·N= 60· 650 = 39000 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 39000 = 42900 л/тәул.

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 4468,75 л/сағ.

Kсағ.max. = 2,5

Qс = Qсағ.max. /3600 = 1,241319 л/сек.

  • Жемдегі шошқалар үшін:

Q тәул.орт. = q·N= 15· 1100 = 16500 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 16500 = 18150 л/тәул.

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 1890,625 л/сағ.

Kсағ.max. = 2,5

Qс = Qсағ.max. /3600 = 0,525173 л/сек.

  • Ересек қойлар үшін:

Q тәул.орт. = q·N= 10· 1200 = 12000 л/тәул.

Qтәул.max. = K тәул.max.· Q тәул.орт. = 1,1· 12000 = 13200 л/тәул.

Qсағ.max. = (Kсағ.max. · Qтәул.max.)/ 24 = 1375 л/сағ.

Kсағ.max. = 2,5

Qс = Qсағ.max. /3600 = 0,381944 л/сек.

Суды тұтыну есебінің нәтижелерін 4 кестесіне сәйкес рәсімдейміз.

4 кесте – Есептеу шығындарының анықтамасы

Тұтынушы

Тұт-ның сип-сы

q,

л/ тәул

Qтәул.орт

.103

л/тәул

Kтәул.max.

Qтәул.max.

.103

л/тәул

Kсағ.max.

Qсағ.max

.103

л/тәул

Qс,

л/с

Тұрғындар

7000

250

1750

1,1

1925

1,56

125,125

34,75694

Шаруашы-лық

7000

50

350

1,1

385

2

32,0833

8,912027

Кәсіпорын-дар

180

30

5,4

1,1

5,94

2

0,495

0,1375

Сауын сиырлар

850

100

85

1,1

93,5

2,5

9,739583

2,705439

2 жасқа дейінгі ІҚМ

700

30

21

1,1

23,1

2,5

2,40625

0,668402

Аналық шошқалар

650

60

39

1,1

42,9

2,5

4,46875

1,241319

Жемдегі шошқалар

1100

15

16,5

1,1

18,15

2,5

1,890625

0,525173

Ересек қойлар

2200

10

12

1,1

13,2

2,5

1,375

0,381944

Σ

2278,9

2506,79

177,5835

49,32874

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]