Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Кб
Скачать

Хх ғасырдың басынлағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері.

ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамныдағы халықтардың ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көптеген қазақ зиялыларын да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ. Басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретінде Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмухамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасфнда жан-жақты білім алып, орыс, басқа тілдерді игеріп, шын шығармашылық деңгеге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғарғы оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмухамедов т.с.с).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалайға болады.Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. Болған екі ревалюцияны да қабылдап , олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ, олардың көбі қоғамды шынайы түрде демократиялық реформалар арқылы өзгертуді қалады. 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қанжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек:

«Қыран құстың қос қанаты қыорқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай, алтын ана есте доқ,

Батыр хандар, асқақ жандар ұмтылды.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумағынан өткенді романтизациялаумен қатар, сол кездегі халықтың аянышты жағдайын ашық та батыл көрсеткенін байқаймыз.

Он ыбіз А. Байтұрсынұлының мына шумақтарынана да көруімізге болады:

«Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындағын.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған».

Бірақ, өз өмірлерінің алдына төнген қауыпқа қарамастан халықтың ағарту, оның өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар тоқтатқан жоқ. Өйткені, олар халықтың болашағын көздеді, ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сенді және сол үшін қажылмай-талмай қолфнан келгенінің бәрін жасады. Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше-түрлі оқулықтар шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін барлық қолдан келгенді жан аямай жасады. Оны біз мына Ахаң жолдарынан байқаймыз:

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын-жабықпаймын:

Ел, бүтіншіл, менікі-ертеңгі үшін»

Ақырында, бәрі де халық азаттығы жолында сол «мырқынбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды.

Қорытынды

Сонымен зерттеудің нәтижесін екі түбегейлі мәселелер төңірегінде түйіндеуге болады: көшпелілік өркениетке арқа сүйеген қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арнасындағы білмдерін топшылау және мәдениеттің типтік ерекшелктерін анықтау.

Ұлы Даладан авторлар көшіп-қонатын «ареап» емес, оны игере білген адамдардың асқан шеберлігі мен парасаттылығын, киелі қажеттері мен адамгершілік мұраттарын тапты. Әрбір халықтың өзіндік Отаны бар, әрбір адам өз табиғатының аясында, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Бірде-бір мәдениет кеңістікке бекер келмеген. Мәдени кеңістік әмбебапты сипатта болады, өйткені ол уақыт және тарихпен қамтылып тұр. Философия тарихын оқу дегеніміз табиғи және тарихи құбылыстар мен оқиғалардың өзара тоғысуын және олардың адам санасында бейнеленуінің әмбебапты білімдерін (мифологиялық, діни, көркем-өнерлік, теориялық, философиялық тағы басқа) тұлғалық тұрғыдан тұтас қарастыру. Бұл – мәдениет болмысын айқындауға апаратын жол.

Әлемдегі көптеген өркениеттердің арасынан қазақ философиясы мен мәдениетін бөліп алудың да себебі бар. Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен қазақ философиясының ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – феникспен теңеуге болады.

Әлемде өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар, кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, кейінірек орта ғасырларда философия мен мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия - әлем қайнарының бірі. Шын мәнінде философия әмбебапты дүниетаным және оның рухани тамырлары дүниежүзілік сұхбат аймағынан нәр алады. Бұл тұрғыдан алғанда Платон мен Аристотельді, Бэкон мен Спинозаны, Кант пен Гегльді білу арқылы біз әл-Фараби мен Абайды терең түсінеміз.

Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады. ХХ ғасыр шығыс пен батыс философиясының компаративистік тәсілделуі арқылы ұлттық философияның ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның ерекшеліктерін зертеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның қыр-сыры арқылы туысқан елдердің рухани көкжиектеріне назар салу міндеті тұр.

ХХ ғасырда қазақ зиялы қауымы саясаттануға өзіндік үлестерін қосыт. Олар

Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмухамедов, М.Жұмабаев және басқалары еді.Негізгі бөлемде жазып кеткендей ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман – тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұршылықты оқуға,білім-ғылымға, рухаршылықтыоқуға,білі-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуліктердің опасыздықтығын сынады.