Оралман мәртебесінің тоқтатылуы
Оралман
мәртебесi:
1) оралман
Қазақстан Республикасының азаматтығын
алғаннан кейiн;
2)
осы Заңның 49-бабында көзделген
негіздер бойынша Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған
жағдайда;
3) егер ол
Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау туралы өтiнiш бермеген болса,
оралман мәртебесiн алған күннен бастап
жеті жыл өткен соң;
4) Қазақстан Республикасында тұрған
алғашқы бес жылдың iшiнде оралман
мәртебесін алған кезде қоныстану үшiн
белгiленген өңiрден тыс жерге оралман
өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi
көшiп-қонған жағдайда тоқтатылады.