Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силл.ЖМ каз 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334.34 Кб
Скачать

Ф-МК-003/013

Ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті «жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру

департаментінің директоры,

м.ғ.к.

______________У.Б. Татыкаева

«___» __________2014 жыл

«Медициналық биофизика» пәні бойынша силлабус

Пән коды: MB 1112

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Жалпы кредит саны 3

Лекция 15 с.

Тәжірибелік сабақтар – 30 с.

ОБСӨЖ – 45 с.

СӨЖ – 45 с.

Kyрс – 1

Оқу семестрі: І - ІІ

Емтихан: I - ІІ семестр

Барлық сағат саны: 135 с.

Түркістан – 2014

«Медициналық биофизика» пәнінің cиллабусы 5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген, ҚР ДСМ білім, ғылым және кадрлық ресурстары Департаментінің директорымен 18.06.2007 ж. бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы және жұмыс оқу жоспарына (№6 хаттама, 26.06.2013 ж. университет Сенатымен бекітілген) сай дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, № 6 нұсқау хат талаптары бойынша дайындалған.

Силлабус медицина факультеті «Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.к., доцент М.С.Жүнісов

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2014 ж.

Комитет төрайымы_____________ магистр, оқытушы А.А.Кушкарова

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.

Комитет төрайымы_________________б.ғ.к., аға оқытушы Б.У.Байзакова

Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Байзак Усен Ахметұлы, проф.м.а., пед.ғыл.докт., физ-мат.ғыл.канд., Ресей жаратылыстану ғылым академиясының коор -мүшесі.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: Болашақ дәрігерлердің мед.техника бойынша білімін жетілдіру проблемалары.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 монография, 120 астам ғылыми мақала, 8 оқу құралы, 2010 жылдың «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.

Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №3 медицина корпусы,

2 – қабат 274, 239 бөлмелер. Тел. 8 (72533) 6-36-36. E-mail: usen1948@mail.ru

2. Минтасова Айгуль Сембековна, оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: Биофизиканы медициналық ЖОО оқыту проблемалары.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 7 ғылыми мақала.

Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №2 медицина корпусы,

2–қабат 218а, 222 бөлмелер. Тел. 8 (72533) 6-36-36, . E-mail:makenay@mail.ru

Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

2.1.Кіріспе.

Физика, химия және медицина үш ғылымның ингеграциясы негізінде пайда болған, тіршілік негізін түсінуге мүмкіндік беретін биофизика пәні медициналық пәндердің ішіндегі ең басты пәндердің қатарына жатады.

Тірі ағзалардағы биофизикалық құбылыстардың негізгі заңдылықтарын білу диагностика мен емдеу ісін толық қанды жүргізуге және жаңа медициналық әдістерді ендіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде көпгеген биофизикалық әдістер түрлі ауруларды анықтауда және емдеуде, дәрілік препараттардың адам ағзасына әсерінің механизмін анықтауда т.б. түрлі медициналық іс-әрекеттерде кеңінен қолданылады. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық диагностикалық деректерді объективті түсіндіру мен емдеу шараларын дұрыстығын анықтауда өте қажет болып табылады.

Қазіргі заманғы дәрігерлердің қызметі медициналық құралдарға тығыз байланысты, олар диагностикалық, терапиялық және лабораториялық зерттеулерінде медициналық құралдардан алынатын мәліметтерге, немесе олармен жүргізілетін емдеу шараларына тәуелді. Олай болса, болашақ дәрігерлер медициналық техникалардың жұмыс істеу принциптерін терең білгенде ғана мед.құралдарды мейлінше тиімді қолдана алады. Сонымен қатар бағдарлама қазіргі заманғы медициналық техникаларды қолдану мен даму мәселелері бойынша студенттерге ғылыми білімдермен қатар тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталып жасалынған.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Салыстырмалы үлестірілімі

Б 1.1

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.

0,3

Б 1.2

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ. АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі

0,3

Б 3.1

КӘСІБИ ТҰЛҒА. ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: үнемі оқуға деген қабілетін көрсетеді.

0,2

Б 3.3

КӘСІБИ ТҰЛҒА. ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: топта жұмыс жасау қабілетін көрсетеді.

0,2

2.2. Пәннің мақсаты: Болашақ дәрігерлерде медицинадағы ғылыми методология мен ғылыми дүниетанымның, клиникалық лабораториялық және функциональды зерттеу әдістерінің, диагностика мен терапияда қазіргі заманғы медтехникалық құралдарды қолданудың теориялық негізін қалыптастыру.