
- •1 Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеудің теориялық негіздері........................................................................................................................4
- •2 Еңбекақы төлеуді талдау..........................................................................17
- •3 Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары.....................................................................................................................21
- •1 Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеудің теориялық негіздері
- •1.1 Еңбекақы төлеудің функциялары мен қағидалары
- •1.2 Еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері
- •Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуің құқықтық аспектілері
- •1.4 Қазақстан Республикасындағы жылдық орташа жалақы
- •2011 Жылғы қыркүйектегі орташа айлық атаулы жалақы
- •2012 Жылғы қыркүйектегі орташа айлық атаулы жалақы
- •2012 Жылғы сәуірдегі экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы
- •2013 Жылғы қыркүйектегі орташа айлық атаулы жалақы
- •2013 Жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 970 теңгені құрады
- •Еңбекақы төлеуді талдау
- •2.1. "Ауыл-құрылыс"жшс -де еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жолдары
- •3 Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары
- •3.1 Еңбекақы төлеудің шет ел тәжірибесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Экономика» факультеті
«Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы
Курстық жұмыс
«Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру»
Орындаған: Ералы Е, ККТжТ-49
Тексерген: Тлеубердиева С.
Астана 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеудің теориялық негіздері........................................................................................................................4
Еңбекақы төлеудің функциялары мен қағидалары.................................................4
Еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері ........................................................8
Қазақстан Республикасында еңбекақытөлеудің құқықтық аспектілері.................8
Қазақстан Республикасындағы жылдық орташа жалақы......................................13
2 Еңбекақы төлеуді талдау..........................................................................17
2.1."Ауыл-құрылыс"ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жолдары................ 17
3 Нарық жағдайындағы еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары.....................................................................................................................21
3.1 Еңбекақы төлеудің шет ел тәжірибесі................................................................. 21
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................25
КІРІСПЕ
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.
Нарықтық экономика жағдайында жұмысшы күші ерекше, бірақ тауар болып табылады. Ол еңбек нарығында сатып алынады және сатылады, оның құны мен бағасы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталады. Осыған сәйкес, сұраныс пен ұсыныс еңбек ақының мөлшерін дифференциациялаудың анықтаушы факторлары болып табылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикасы дамыған елдерде еңбек ақы төлеуді реттеу екі өзара байланысты әдіске негізделеді: мемлекеттік және ұжымдық-шарттық. Ұжымдық-шарттық реттеуде негізгі көңіл еңбек ақы мәселелеріне аударылады. Еңбек ақыны ұжымдық-шарттық реттеуді жүзеге асырудың нысаны болып басты, салалық, корпоративтік, аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттар табылады. Еңбек ақы мәселелері тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикалық теорияда және іс жүзінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте актуальды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында басты міндеттердің бірі – «жалақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан.
Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және кәсіпорын жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық – құқықтық формалардың жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады.