- •(Студенттің т. А .Ә.)
- •Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары
- •Практика базасы туралы мәлімет
- •Жоо дағы практикаға жауапты әдіскерлер туралы мәлімет
- •Сынып туралы мәлімет Сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •2 Кезең
- •Ақтөбе қаласы №51 гимназияның 9 «ә» сынып ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •Пәннің және тәрбие шараларының күнтізбелік жоспарлары
- •Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •Студент-практиканттың сабағын талдау (студенттер)
- •Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдаудың үлгі схемасы.
- •1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •3. Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
- •4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.
- •5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.
- •Студенттің сабақты талдауы (өзіндік талдау)
- •Сабақты талдау түрлері
- •Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау.
- •Әдіскердің есебі (қосымша 5 қараңыз)
- •Әдіскердің есеп беру үлгісі
- •Педагогикалық практика есебі
- •Студент-практиканттың шеберлігін анықтаудың үлгісі (мониторинг)
- •Педагогикалық практика қорытындысын бағалаудың негізгі көрсеткіштері.
- •Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет
5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.
Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы: оның сырт бейнесі, сөзі, мәнері, оқушылармен қарым-қатынас сипаты. Балалардың оған деген қатынасы. Сабақтағы эмоциональдық климат.
Мұғалімнің талап қоюы және оның оқушы жеке тұлғасында құнды моральдық және ерік сапаларын қалыптастырудағы маңызы. Бұл талаптарға оқушы қатынасы?
Сабақта қолданылған оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тәрбиелік маңызы.
Мұғалім оқу еңбегі техникасына қалай үйретті? (түсіндіргенді қалай жазып отыру керек, кітаппен жұмыс, өзін-өзі бақылау және т.б.).
Сабақ нәтижелері.
Сабақ мақсатына жетті ме? Бұл туралы қандай психологиялық көрсеткіштерге қарап айтуға болады? Оқушылардың жалпы дамуы үшін сабақ не берді?
Студенттің сабақты талдауы (өзіндік талдау)
Мен 20 қыркүйек күні 9 «ә» сыныбына «Нәруыз» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабағымды үш мақсатқа сүйене отырып ұйымдастырдым.
Білімділік мақсатым: Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа технология әдістерін енгізе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру. Жеке жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсатым: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті түсіне білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсатым: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабілеттерін жетілдіре түсу, сөздік қорын байыту. Сұрақ-жауаптар, тест тапсырмалары, зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейту.
Аралас сабақты интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жүргіздім. Оқушыларды қатыстырып пікір алмаса үй тапсырмасын сұрадым, үй тапсырмасы Көмірсулар мен Липидтер жаңа сабақты кең көлемде ашуға тырыстым. Нәруыздың тірі ағзаға қажеттілігін және олардың құрылысы және қызметін оқушыларға түсіндірдім. Бекіту мақсатында кітаппен жұмыс және «зертханалық жұмыс» арқылы, сондай – ақ «СИНКВЕЙН әдісін» қолдандым. Оқушылар сабаққа белсене араласты. Барлық сұрақтарға түйінді оймен жауап берді.
Мен осы сабақты өткізуде өз мақсатыма жеттім. Оқушылар жаңа сабақты меңгерді және бар қызығушылықтары мен сабаққа жұмыла қатысты, белсенді араласты. Мен осы сабақта өзімнің қойған үш мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Қолы: ___________
Қосымша 4
Сабақты талдау түрлері
І. Өзіндік талдау
Сабақ жоспарында оқушы ерекше ескерілді ме?
Қандай міндеттер ең басты роль алады? (білім, дамыту, тәрбиелеу)
Әр сабақ бөлімінің өзара байланыстылығы.
Сабақ қандай идея, факт, түсінік береді. Оның ең негізгісін оқушы күшімен анықтады ма, әлде мұғалімнің көмегімен бе?
Неге жаңа сабақта осы әдістеме, көрнекілік, оқыту әдісін қолдандың? Жеке және саралап оқыту әдісін қолдану керек болды ма? Болмаса неге?
Жаңа сабақты бекіту, оны түсіну, тексеру қалай ұйымдастырылды? Өз бетімен жұмыс болды ма? Қалай іске асты?
Жаңа сабақты оқушылар жақсы меңгерді ме, оны қалай анықтайсың?
Сабақтың үстінде атмосфера /ахуал/, өзара түсінік қалай болды?
Егер оқушы түсінбесе, басқа қандай әдістемені қолдануға болар еді?
Дидактикалық материалдар және ТСО қолданылды ма?
Сабақ өтуде білім беру, оны қабылдау, сабақ мақсаты орындалды ма?
Уақыт үнемді қолданылды ма?
ІІ. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫН ТАЛДАУ.
Мақсатына толық жетті ме?
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі өте жақсы ұйымдастырылған ба? Себебі не? Не керісінше?
Сабақты өткізу әдістемесі дұрыс құрылған ба? Қай бөліміне өзгеріс енгізкге болар еді? Неге?
Өз бетінше жұмыс. Сабақты бекіту кезеңі қалай өтті? Жұмыс мөлшері, сұрақтар орынды қойылды ма?
Үй тапсырмасының орындалуы, көлемі, түсініктілігі, мазмұнына сәйкес пе?
Техникалық құралдар пайдаланылды ма?
Студенттің Т.А.Ә. Өтесін Мәди Өтесінұлы
Тобы: 401
Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының базалық мекемесі № 51 гимназия
Сынып: 9 «Ә»
Мамандық: 5В011300 – Биология
Сыныптың дайындық деңгейі. Жақсы
Әрбір сабаққа дайындалғанда кездескен қиындықтар. Кездескен жоқ
Оқушыларды белсендіру кезінде қандай әдістер мен амалдар қолдандыңыз? Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, ойын технологиялары және демонстрация түрінде сабақтар өткіздім.
Оқыту барысында жекелендірілген тәсіл қалай жүзеге асты (әлсіз және дарынды оқушылармен жұмыс)? Жоғары деңгейде жүзеге асты
Сабақтан тыс және сабақ уақытында ынтымақтастық әдістер қолданылды? Сыныптан тыс сабақтарда, пікірталас, жарыстар, тәрбие сағаттарында оқушылар бір – бірімен өзара ұйымшыдыққа, сыйластыққа, ізденімпаздыққа тәрбиеленді.
Сабақ барысында қандай белсенді технологиялар қолдандыңыздар?
Модульдік, ойын, саралап – деңгейлеп оқыту технологиялары қолданылды.
Қандай сабақтар қызықты өтті? Неге? Ашық сабақ, сыныптан тыс сабақ, ашық тәрбие сағаты және т.б. өте қызықты өтті. Себебі, ол сабақтар дәстүрлі емес болды.
Сабақ түсіндіру уақытында ТҚҚ қалай қолдандыңыз? Интерактивті тақта арқылы әртүрлі слайдтар көрсетілді.
Ең қызықты творчествалық істер: домбыра тарту, сурет салу, ән айту ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу.
10. Практика барысында неге үйрендіңіз? Оқушылармен, пән мұғалімімен, сынып жетекшімен жақсы тіл табыса алдым. Теориялық білімді практикада ұштастыра білдім.
11. Тәрбиелік жұмыстар барысында кездескен қиындықтар: Кездескен жоқ.
12. Ата-аналармен жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Кездескен жоқ
13. Оқу-тәрбиелік процесс барысында қандай қиындықтармен
кездестіңіздер? Неге көңіліңіз толады? Сіз өз тарапыңыздан не қосар едіңіз? Кездескен жоқ
14. Өз бетімен жұмысқа студентің теориялық және практикалық дайындау жөнінде ЖОО жалпы қорытындысы: Өте жақсы
