Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Портфолио 2014 қаз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323 Кб
Скачать
☆

Пәннің және тәрбие шараларының күнтізбелік жоспарлары

- Есеп құжаттарын жүргізу және рәсімдеуге қатысты

әдістемелік нұсқаулар (ПОӘК) -әдістеме кабинетінде

- Пәннің , тәрбие шараларының күнтізбек жоспарлары

(мектептен)

- Жоспар конспектілер (дидактикалық және көрнекілік

материалдармен бірге)

а) Сабақтардың

б) Іс-шаралардың (пән бойынша, сыныптн тыс

шаралардың ) жоспар конспектері

ІV. Психологиялық – педагогикалық бөлім

  • оқушыға мінездеме;

  • сынып ұжымына мінездеме.

Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме

Нармағамбет Бекнар, ол 07.07.2000 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Денсаулық жағдайы жақсы, спорттық үйірмеге катысады, соның ішінде күреске. Жанұядағы тұрмыс жағдайы жақсы. Отбасында ата – анасы, ағасы, қарындасы бар. Сабақта оқу үлгерімі жақсы, әсіресе математика мен геометрияға жақсы, басқаларына да белсенді қатысып, сабақта алып жүрген бағалары барлық пәндерден бірдей, сөйлеу қабілеті жақсы, ал ана тіліндегі сөйлеу мәдениеті өте жақсы. Сөз байлығы, ойлау қабілеті, өз ойын ауызша түрде жеткізе білуі жақсы жетілген. Бекнардың оқудағы тәртібі өте жақсы, сыныпта өзін салмақты, сабырлы ұстайды. Сыныптағы басқа оқушыларға қарағанда ерекшеленіп тұратын тұлға. Бекнардың сыныптағы орны ерекше. Өзіне берілген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Бекнардың бағаға көзқарасы басқаша, сабақты білсем, үйренсем деген оймен талпынатын оқушылардың бірі. Бекнарға деген мұғалімдердің көп бөлігі оң көзқараста. Бекнардың жұмысқа деген құлшынысы,ептілігі жоғары деңгейде, және де ол өзіне тапсырылған жұмысына салғырт қарамайды. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Оның ерекше қасиеттерінің бірі оқушыларды ұйымдастыра білу қабілеті жоғары, және өзінің мақсатына жету үшін бар күшін салады. Сыныптастарының арасында беделі жоғары, Бекнарды өз сыныбындағы достары да сынып жетекшісі де жақсы көреді. Бекнардың сыныптағы ең жақсы сырлас досы – Аманқали. Олар нағыз достықтың не екенін білетін оқушылардың бірі. Бұл екеуі бір – біріне жанашыр, нағыз үлгі боларлықтай. Мен Бекнарға сәттілік тілей отырып, оның болашақта елімізге жанашыр азамат болатынына сенімім мол!

Студент практиканттың қолы: _________________

Ақтөбе қаласы №51 гимназияның 9 «ә» сынып ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме

Сынып құрамы барлығы – 34 оқушы. Бірінші ауысымда оқиды. Ұлты бойынша барлығы да қазақ. Оның ішінде 18 ер бала, 16 қыз бала. Сынып жетекшісі Қартбаева Ағилаш Сүйінішқызы. Сынып материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сыныптың танымдық бағыты – жақсы, үздік оқитындар саны – 3, жақсы оқитындар – 19, ал қалғандары қанағаттанарлық. Оқушылар мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Сабақ үстінде үнемі бір – біріне көмектесіп отырады. Сынып оқушыларының сабаққа деген белсенділігі, зор ізденушілікпен жарыса оқиды. Топ басшысы –Қарағұлова Ақшағала. Ол өзінің сыныптас достарымен жақсы қарым қатынаста. Өзіне міндеттелген жұмыстарды тиянақты орындайды. Ақшағала идеялық деңгейі, құлшынысы, даралығы, өзіне және өзгеге талап қоя білуі, сыныптастары арасындағы беделі, жекелеген оқушыларға қамқорлығы, қоғамдық пікірге көзқарасы өте жоғары деңгейде. Сынып оны мақтан тұтып, айтқанын орындайды. Сынып оқушылары ұйымшыл, тәртіптері өте жоғары, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар. Мектепішілік, сыныпаралық іс – шараларда ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген тапсырмаларды орындайды. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр оқушының бойында қалыптасқан. Қай нәрсеге болса да сынып болып ұйымдасып, жауапкершілікпен қарауы жоғарғы деңгейде. Сыныптың белсенді оқушылары: Қарағұлова Ақшағала, Кульжабаева Диана, Марсова Мөлдір, Төлебай Данияр, Қойшыбек Еркебұлан, Нармағамбет Бекнар, Ахмет Алтынгүл, Нәдіржан Сымбат, Нұғыманова Диана, Саламатов Аманқали, Қайырғазы Бейбарыс, Жапаров Сағындық, Сейдуалиев Темірлан, Сармурзин Алдияр, Каналбек Аяулым, Бұғыбай Ақбота Нұрболатова Аружан, т.б. 9«ә» сынып оқушылары білім сапасы, өнерлері, тәртібі жағынан мектеп бойынша жоғарғы деңгейдегі сыныптардың бірі. Сыныпта білсем, үйренсем, танысам деп талпынып тұрған оқушыларда көп. Пән мұғалімдерімен де сынып жетекшісімен де қарым – қатынастары жақсы деңгейде. Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады. Сынып оқушыларынан болашақта үлкен үміт күттіретін және жақсы мамандық иесі шығады деген сенімдемін.

Студент-практиканттың қолы _____________

V. Рефлексиялық - бағалау бөлімі

  • сабақтар талдауы:

- студент қатысқан сабақтарға;

- студенттің өзі өткізген сабақтарға өзіндік талдау;

- студент өткізген сабаққа әдіскердің талдауы.

- студент - практикант күнделігі (практика барысындағы іс-әрекеті жөніндегі жазбалары);

- практика бойынша есеп

- студенттін практика барысындағы іс - әрекетінің мониторингі