Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Портфолио 2014 қаз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323.07 Кб
Скачать

Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет

Біз педагогикалық іс-тәжірибеден Ы. Алтынсарин атындағы Білім Академиясының базалық мекемесі №51 гимназиядан өттік. Бұл гимназия Ақтөбе қаласындағы 12 мөлтек ауданында 30 А үйде орналасқан. Гимназия телефоны 26-60-11, факс номері 26-60-11. Қазіргі заманғы проектімен салынған 3 қабаттан тұратын үлкен ғимарат. Гимназия жаңа технологиямен жабдықталған, 10 интерактивті тақта, 2 мультимедиялық кабинет бар. Әр пәннің жаңа приборлармен жабдықталған кабинеті, лабораториясы бар. Гимназияда 2 спорт зал, 1 акт залы, 1 асханасы, музейі бар.

Гимнзияда барлығы 1793 оқушы 2 ауысыммен оқиды. Барлығы 45 класс бар. Мұнда білім деңгейі жоғары, классификацияланған 113 мұғалім жұмыс жасайды. Жас мамандар да баршылық. Мұғалімдер әр сабақтарын жаңа БиС технологисын пайдаланып өткізеді.

Мектеп директоры – Бегимова Әлия Байдәулетқызының білім дәрежесі жоғары, педагогикалық жұмыс стажы көп. Оның 6 орынбасары бар. 5-еуі оқу ісі жөніндегі, 1-еуі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Мектепте оқушылар мен ұстаздар қатаң тәртіпті сақтанып, мектеп ережесіне бағынады. Оқушылар арасында өзін – өзі басқару жүйесі жұмыс жасайды. Мектептің өз президенті, заң шығарушы органы, құқық қорғаушысы, тәртіп қадағалаушысы бар. 2 апта сайын мектеп оқушыларының жиналысы болып тұрады. Оқушылар күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасап, сабақтарын әнұран орындаумен бастайды. Әр мейрамға арналып мерекелік шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Мектеп жабдықталуы мен білім беруі бойынша Ақтөбе қаласында бірінші орын алады. Оқушылар қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардан үнемі орын алып жеңімпаз атанады. Тіпті шет елдердегі олимпиадалардан, жарыстардан орын алған оқушылар бар. Гимназия түлектері жыл сайын мектепті алтын белгімен бітіріп, АҚШ, Германия, Малайзия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания республикаларында ЖОО – да оқиды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

жаратылыстану факультетінің «Биология» мамандығының 4-курс студенті

Өтесін Мәди Өтесінұлына

Мінездеме

Өтесін Мәди Өтесінұлы Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияда «Биология» пәнінен 01.09.14 – 4.10.14ж аралығында кәсіптік (педагогикалық) практикадан өтті. Практиканың алғашқы аптасында 9 «Ә» сыныбына сабақ беретін мұғалімдердің іс – тәжірибелерімен танысып, сабақ беру әдістерін бақылады. Сынып ұжымымен белсене араласып, психологиялық – педагогикалық зерттеулер мен оқушылардың сабақ үлгерімін зерттеді.

Мұғалімнің жылдық тақырыптық күнтізбелік жоспарымен таныса отырып, өзінің сабақ беретін тақырыптарын белгіледі. Биология пәнінен сабақ жүргізу әдістерінен уақытылы бағыт – бағдар алып, сабақтарына үнемі жауапкершілікпен қарады. 9 «Ә» сыныбына Биология пәнінен 8 сағат сабақ берді. 9 «Ә» сыныбының ерекшелігін ескере отырып сабақ жоспарын жазуда ізденіп, сабақ жоспарларын уақытында бекітіп және сабақтарында әдістерді орынды пайдалана білді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, ойлау қабілетін дамытатын әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушылардың пәнге ынтасын, сабаққа деген зейінін арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізді. Оған дәлел ретінде «Нәруыздар» тақырыбында ашық сабағын айтуға болады. Сабақта екі топқа бөліп, әр түрлі көрнекіліктерді пайдаланып, оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін интерактивті тақтаны пайдаланып оқушылардың сабаққа қатысымын арттырды. Сабаққа сай көрнекіліктерді пайдалана білді.

Өтесін Мәди өз мамандығының білікті ұстазы болатынына сенім арта отырып, кәсіптік іс – тәжірибе жинақтау практикасынан 5 (бес) «өте жақсы» деп бағалаймын.

Мектеп директоры: Бегимова А.Б.

Пән мұғалімі: Избастина К.С.