Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Портфолио 2014 қаз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323.07 Кб
Скачать

Педагогикалық практика қорытындысын бағалаудың негізгі көрсеткіштері.

Педпрактиканың қорытынды бағасы студенттің практика кезінде жүргізген оқу-тәрбие қызметінің белсенділігіне, мектептің әдістемелік жұмысына қатысуына, студенттің қоғамдық белсенділігіне, педагог мамандығына қарым-қатынасына, есеп құжаттарының сапасына, психологиялық тапсырмалардың орындалуына сәйкес есептеледі.

  • Егер студент сабақ пен кластан тыс тапсырмаларды жоғары ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде орындаса, білімділік-тәрбиелік міндетті айқын шешсе, оқытудың жаңаша әдістерін оқушылар белсенділігіне сай қолданса, жақсы тәртібімен көзге түсіп, психология – педагогикалық теория мен оқу материалын өзбетінше игеруге терең білімін көрсетсе (А-) пен (А) аралығында

(90-100 %) «өте жақсы» бағасы қойылады.

  • Егер студенттің жүргізген сабағы және кластан тыс жұмыстары жеткілікті ғылыми деңгейде көрінсе, білімділік-тәрбиелік міндеттерді табысты шешіп берсе, сонымен бірге сабақ өткізу мен құрылымында азғана кемшіліктер жіберсе

(В-) пен (В +) аралығында (75-89 %) «жақсы» деп бағаланады.

  • Егер студент білімділік-тәрбиелік міндеттерді орындауда қателіктер жіберсе, танымдық қызмет түрлерін жүргізуде баяулық танытса, өз қателіктерін көрмей, оқушылармен үнемі байланыс жасамаса (Д) мен (С+) аралығында (50 -74 %) «қанағаттанарлық» қойылады.

  • Егер студент оқу материалын баяндауда едәуір қате жіберсе, оқушыларды біліммен қамтамасыз ете алмаса, психология және педагогика бойынша білімі аз болса, білімділік-тәрбиелік міндеттерді орындамаса (Ғ) (74%) «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.

VI. Бағалау қорытындылау бөлімі

  • студентке берілген мінездеме ;

  • мектеп педагогикалық кеңесінің хаттамасынан көшірме;

  • Практиканың қорытынды бағасы.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

жаратылыстану факультетінің «Биология» мамандығының 4-курс студенті

Өтесін Мәди Өтесінұлына

Мінездеме

Өтесін Мәди Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда 2014 жылдың 01.09 – 04.10 аралығында кәсіптік (педагогикалық) практикадан өтті. Оған 9 «Ә» класында класс жетекшілік міндетін атқарушы болып бекітілді. Мәди тәжірибеден өту кезінде өзін жақсы жақтарынан көрсете білді. Жаны балаларға жақын, олармен үнемі бірге болды. Өтесін Мәди біртұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыруды, жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білімдерді және оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мен диагностиаканы іске асыру дағдыларын, әдістерін және класта, мектепте біртұтас педагогикалық процесті қалыптастыруды жетік меңгерді. Оқу жылы басынан класс жетекші ретінде оқушылармен, психологиялық ұжым қызметкерлерімен, ата-аналармен байланыс орната отырып бойындағы ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік қасиеттерін көрсете білді. Бекітілген класс ұжымымен әр аптаның сабақтын тыс уақытта, үзілістерде зерттеу жұмыстарын жүргізуі, оның нәтижесі бойынша класс ұжымымен жаңа бағыттағы жұмыстарды жүргізді. Мәди өзінің білім – біліктілігін тәрбие сағатында көрсете білді. «Қарты бар үйдің, қазынасы береке», «Мүлдем төзбеушілік» атты тәрбие сағатын тартымды, сауатты және ұйымдасқан түрде өтті. Дайындығы жан – жақты, өзін – өзі ұстауы, өзіне жүктелген қосымша тапсырмаларды уақытында орындады. Әр сабағында тақырыптарға сай қызықты материалдармен толықтыра отырып өткізуге тырысты.

Мәди талапты, педагогикалық шеберлігі өз дәрежесінде екеніне сенім білдіре отырып, кәсіптік (педагогикалық) практикасын 5 (бес), «өте жақсы» деп бағалаймын.

Мектеп директоры: Бегимова А.Б.

Класс жетекшісі: Қартбаева А.С.