Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
silabus_algoritm.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать

Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар

  1. Күрделі бояғыш заттың 60% - көк компонент, 10% - ақ, 18% - сары компонент, қалғаны -қоспалар. N килограмм бояғыш затта әр компоненттен қанша килограммнан бар?

  2. Үш орынды бүтін оң саны берілген. Берілген үш орынды санды кері жазғанда шығатын санды анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы: 123 → 321.

  3. Төрт орынды оң бүтін сан берілген. Берілген санның бірінші екі цифрының қосындысын есептеуге мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы:

1723 →1+7= 8.

  1. Бүтін айнымалы Н-қа оң бүтін К санының оңнан солға санағанда үшінші цифрын меншікте (мысалы, егер К=3798 болса, онда Н=7).

  2. Төрт орынды оң бүтін сан берілген. Ондық саны берілген санның бірінші цифрына сәйкес, ал бірлік саны – соңғы цифрына сәйкес келетін екі орынды санды анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы: 5726 → 56.

  3. Х айнымалысына клавиатура арқылы енгізілген үш орынды К санының цифрларының қосындысын меншікте

  4. Пайдаланушыдан жазықтықтағы ұшбырыштың төбелерінің координаттарын сұрайтын және оның периметрімі мен ауданын экранға шығаратын бағдарлама құр.

  5. Үшбұрыштың бір қабырғасы 4 см, екіншісі оның жартысына тең, ал үшіншісінің ұзындығы алғашқы екеуінің ұзындықтарының қосындысынан 2 есе қысқа. Үшбұрыштың ауданын есепте.

  6. Екі сан берілген. Осы сандардың кубтарының арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын тап.

  7. Сынып оқушыларының информатика курсынан алған бағаларының пайыздық құрамын анықтайтын («өте жақсың, «жақсың, «қанағаттанарлықң) бағдарлама жаз. Жауабы мәтін түрінде берілсін (мысалы, «Үштік бағаң _____ «пайыз»).

  8. Теңбүйірлі трапецияның табаны және биіктігі берілген. Трапецияның периметрін тап.

  9. Екі сан берілген. Олардың модулдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табатын бағдарлама құр.

  10. Тікбұрыштың қабырғалары берілген. Оның периметрі мен диагоналдарының ұзындықтарын табыңдар.

  11. Трапеция табандары және үлкен табанында жатқан бұрышы берілген. Трапецияның ауданын табыңдар.

4 - іс-тәжірибелік жұмыс.

Тақырыбы: Turbo Pascal ортасында тармақталу алгоритмдерін программалау.

Мақсаты: Тармақталу, таңдау алгоритмдерін программалауда қолданылатын Turbo Pascal операторлары қызметімен танысу қолдану дағдысын қалыптастыру.

ТҚЖ: компьютер.

ПЖ: Turbo Pascal – программалау тілі.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

2.Жеке нұсқада тапсырмалар орындау.

3. Сабақты қорытындылау.

Бақылау сұрақтары

1.Тармақталу алгоритімі,оның блок схемасы.

2.Шартсыз көшу операторының жазылуы,орындалуы.

3.Шартты көшу операторының жазылуы, орындалуы.

Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар.

Берілген х аргументі үшін у функциясының мәндерін есептеудің блок схемасын программасын жазыңыз:

a) y=

ә) y=

б) y=

в) y=

г) y=

д) y=

е) y=

1

Үш нақты сандар берілген. Мәндері теріс еместерін квадраттау, ал терістерін төртінші дәрежеге шығару керек.

2

А(х1, у1) және В(х2, у2) нүктелері берілген. Нүктелердің қайсысының координат басына жақын орналасқандығын анықтайтын программа құру керек.

3

Үшбұрыштың екі бұрышы (градуспен) берілген. Осындай үшбұрыштың болатындығын анықтау керек. Егер болса, ол тікбұрышты ма.

4

Бір –біріне тең емес х және у нақты сандары берілген. Екеуінің кішісін олардың қосындыларының жартысымен ауыстыру керек, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек.

5

ХОУ жазықтығында өзінің координаталарымен А нүктесі берілген. Оның қай осьте немесе қай координата бұрышында орналасқанын көрсету керек.

6

m,n бүтін сандары берілген. Егер сандар тең болмаса, онда олардың әрқайсысын

7

N үш орынды сан берілген. Оның цифрларының қосындысы тақ сан болатынын тексеру керек.

8

Берілген үш орынды санның квадраты осы санның цифрларының қосындысының кубына тең болатынын анықтау керек.

9

Бүтін N саны тақ екі орынды сан болып табылатынын анықтау керек.

10

Қабырғалары a,b,c болатын үшбұрыш тең қабырғалы болатынын анықтау керек.

11

Қабырғалары a,b,c болатын үшбұрыш тең бүйірлі болатынын анықтау керек

12

a, b, c сандарының арасынан бір-біріне қарама-қарсы ең болмағанда екі санның болатынын анықтау керек.

13

a,b,c сандарының арасынан теріс сандардың санын санау керек.

14

a,b,c сандарының арасынан оң сандардың санын санау керек.

15

a,b,c сандарының арасынан бүтін сандардың санын санау керек

16

k саны a,b,c сандарының қайсысының бөлгіші болатынын анықтау керек.

17

Телефон желісінің қызметі келесі ереже бойынша төленеді: бір айда А минутқа дейін сөйлесу В тг тұрады, ал көрсетілген мөлшерден артық сөйлесу минутына С тг.-мен төленеді. Бір айдағы сөйлесуге кеткен уақыт үшін телефон ақысын есептейтін программа құру керек.

18

Бір үшбұрыштың үш қабырғасы және басқа үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштардың тең болатындығын, яғни олардың аудандары тең болатынын анықтау керек.

19

Жағымпаздану программасы. Экранда «Сен кімсің: қызсың ба, әлде ұлсың ба? Қ немесе Ұ-ны енгіз » деген сұрақ пайда болады. Жауапқа байланысты экранда «Маған қыздар ұнайды!» немесе «Маған ұлдар ұнайды!» деген мәтін пайда болуы керек.

20

Бір қаладан жүк машинасы V1 км/сағ жылдамдықпен шықты. t уақыттан кейін дәл осы бағытта V2 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты. жеңіл машина t1 уақыттан кейін жүк машинасын қуып жететіндігін анықтайтын программа құру керек.

21

Перне тақтадан енгізілген даталардың (күндер 1-ден 31-ге дейін, айлар 1-ден 12-ге дейін) дұрыстығын анықтау керек. Егер сәйкес емес мәліметтер енгізілсе, онда оны хабарлау керек.

Б

22

3 санның ең үлкені мен ең кішісінің қосындысын табатын программа жазу керек.

23

Барлық үшбұрыштардың арасынан олардың қабырғаларының ұзындықтары бойынша тік бұрыштысын анықтайтын программа жазу керек. Егер ондай үшбұрыш жоқ болса, онда С бұрышын есептеу керек.

24

max{min(a,b),min(c,d)}-табу керек.

25

a,b,c сандары берілген. Олардың қайсысы d –ға тең екенін анықтау керек. Егер ешқайсысы d-ға тең болмаса, онда max(d-a, d-b, d-c) табу керек.

26

A1(x1,y1), A2(x2,y2), A3(x3,y3), A4(x4,y4) төрт нүктесі берілген.олар паралелограмның төбелері болатынын анықтау керек.

27

A (x1,y1), В(x2,y2), С(x3,y3) үш нүктесі берілген. Олардың бір түзудің бойында орналасатындығын анықтау керек. Егер орналаспаса, онда

< АВС –ны есептеу керек.

28

a, b, c нақты сандары берілген. Егер a<b<c болса, осы сандарды екі еселеу керек, әйтесе осы сандарды олардың абсолют мәндерімен ауыстыру керек.

29

ОХ осінде a, b, c нүктелері орныласқан. b, c нүктелерінің қайсысы а нүктесіне жақын орналасқанын анықтау керек.

30

a, b, c оң сандары берілген. Олардың үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары болатынын тексеру керек. Егер болса, онда үшбұрыштың ауданын есептеу керек.

31

Тіктөртбұрыш төбелерінің координаттары берілген: (x1, y1), (x2, y2), (x3,y3), (x4, y4). Тіктөртбұрыштың бірінші координат ширегінде жатқан бөлігінің ауданын анықтау керек.

32

R радиусты шеңбер берілген. Қабырғасы а болатын дұрыс үшбұрыштың осы шеңберге сиятындығын анықтау керек.

33

x, y, z сандары берілген. Өрнектің мәнін табу керек:

34

х саны берілген. sin x, cos x, ln x сандарын өсу ретімен теру керек. Егер қандайда бір х-те кейбір өрнектердің мәні болмаса, ол туралы хабарлама шығару керек және мәні болатындарын ғана салыстыру керек.

35

Тікбұрышты тесіктің - А, В және кірпіштің - X, Y, Z өлшемдері берілген. Кірпіштің тесіктен өтетінін немесе өтпейтінін анықтау керек.

36

Радианмен берілген шаманы градусқа немесе керісінше ауыстыруды орындайтын программа құру керек. Программа қандай ауыстыруды жүзеге асыруды сұрау керек және көрсетілген әрекетті орындау керек.

37

Небоскреб N қабаттан және тек бір подъезден тұрады; әр қабатта 3 пәтерден; лифт тек тақ қабаттарда ғана тоқтай алады. Адам лифтке отырады да өзіне керек М пәтерінің номерін тереді. Лифт жолаушыны қай қабатқа апарады ?

38

Берілген үш санның ішінен екі санның қосындысы оң болатынын анықтайтын программа жазу керек.

39

a1 , a2 , a3 және a4 сандарының ішіндегі біреуі басқалардан өзгеше екені белгілі, өзара тең болатындарына; осы санның номерін меншіктеу керек.

40

А мен В бүтін сандарының қосындысы толып кетуге (яғни 32767 – ден артық болатын нәтижеге) алып келетінін тексеретін программа құру керек . Егер толып кететін болса, онда бұл туралы хабарлау керек, әйтпесе осы сандардың қосындысын шығару керек.

В

41

a, b, c (a>0) нақты сандары берілген. ax4 + bx2+с=0 биквадратты теңдеуін толығымен зерттеу керек, яғни, нақты түбірі болмаса, ол туралы хабарлау керек, әйтпесе нақты түбірлерін тауып, олардың нешеуі әртүрлі болатынын хабарлау керек.

42

A(x, y) нүктесі берілген. Оның төбелері (x1,y1), (x2,y2), (x3,y3) болатын үшбұрышқа тиісті екенін анықтау керек.

43

A1x+ B1y+ C1=0 мен A2x+ B2y+ C2=0 түзулері перпендикуляр екенін анықтайтын программа жазу керек. Егер болмаса, онда олардың арасындағы бұрышты табу керек.

44

Егер үш өзара әртүрлі нақты X, Y, Z сандарының қосындысы бірден кіші болса, онда осы сандардын кішісін қалған екеуінің қосындысының жартысымен ауыстыру керек; кері жағдайда Х пен У-тің кішісін қалған екеуінің қосындысының жартысымен ауыстыру керек.

45

Үш оң таңбалы сандары берілген. Қабырғаларының ұзындықтары осы сандарға тең болатын ұшбұрыш құруға болатындығын анықтау керек. Егер болса, олар сүйірбұрышты бола ма деген сұраққа жауап беру керек.

5 -іс-тәжірибелік жұмыс.

Тақырыбы: Turbo Pascal ортасында таңдау алгоритмдерін программалау.

Мақсаты: Таңдау алгоритмдерін программалауда қолданылатын Turbo Pascal операторлары қызметімен танысу қолдану дағдысын қалыптастыру.

ТҚЖ: компьютер.

ПЖ: Turbo Pascal – программалау тілі.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

2.Жеке нұсқада тапсырмалар орындау.

3. Сабақты қорытындылау.

Бақылау сұрақтары

1.Шартты оператордың жазылу нұсқалары.

2.Таңдау операторының жазылуы,орындалуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]