Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене тәрбиесі пәні.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.71 Кб
Скачать

Жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы.

Өйткені, оқушыларға сапалы білім беруде, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде дәстүрлі, ескірген технологияның деңгейі жетімсіз.Сол үшін оның орнына жаңа педагогикалық технологиялар қолданылу талапқа айналмақ. Оқушы білімді сапалы, жүйелі қабылдауы үшін, ұстаздар оқу-тәрбие үрдісінде әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарауы керек.Сабақ үстінде білімдерін, дәріптерін дамыта отырып, ойларын өз беттерімен саралауға, түйіндеп бір қорытындыға жетуге, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасаған жөн.Сондықтан, өз сабақтарымда әр түрлі технологияларды икемдей, үйлестіре

пайдаланамын. Ж.Аймауытовтың;»Бала ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек»- деген қағидасын ұстанып, сабақтарымда қолданған іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.Олар: модульдік оқыту технологиясы, тілдік материалдарды деңгейлеп саралай оқыту,сын тұрғысынан ойлау, интерактивті оқыту, инновациялық дамыта оқыту, ойын элементтерін пайдалана оқыту және тағы басқалар.

Жаңа технологияның бірі- модульдік оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері,қағидалары, белгілері бар.Тиімді белгілерінің бірі-оқушының белсенділігі.

Сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыға шығармашылық жұмыс ұсынуға болады.

Сабақтың формасы үнемі өзгеріп отырады.Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға ерікті.Қиындыққа дайын болып, оны жеңуге тырысады.Ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттері, зейіні дамып, қызығушылығы артады.Модульдік оқыту технологиясының негізгі идеясы- қайта оралу, жаңғырту.Оқытудың басты ерекшелігі –оқушының қарым-қатынас арқылы тілін дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Интеграциялық сабақтың тиімділігі-оқушының шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал жасайды.Интеграциялық сабақта оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлем туралы, құбылыс пен заттардың арасындағы өзара байланыс туралы, көркемдік мәдениет әлемінің сан-салалары туралы кең және нақты түсінік беріледі.

Интеграциялық сабақтың ерекшелігі- үйренуге мүмкіндік туғызады, танымдық көзқарастарын қалыптастырады, құбылысты бірнеше жағынан қарастырады.

Әрбір мұғалім өз жұмыс формасы мен әдіс-тәсілдерін, оқытудың озық технологияларын таңдай отырып, оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында еңбек етуі керек.Мынандай бір қанатты сөз бар:»Мұғалім- өз тауарын өткізе білетін сатушы тәрізді

болуы тиіс. Ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек.»Демек, сабақ өткізу дегеніміз- мұғалімнің шығармашылық ізденісі, педагогикалық әдіс-тәсілдер жиынтығы.

Спорттық жарыстар-«Айналым» жүйесі бойынша өткізіледі.Ол үшін ойын кестесі

жасақталуы тиіс.Төмендегі схеманы (сызбаны) негізге ала отырып,қатысушы командалардың бір бірімен кездесу- реттілігін, ойыншылардың шаршап- шалдықпауын,қамтамасыз етілуі негізге алынады; Егерде жарысқа (барлық уақытта да)

5 команда қатысса,ойын 5күнге(тақ күнге) созылады.

4+6 5+6

4 3 5 4 1 5

5 2 1 3 2 4

1+6 2+6 3+6

І-күн

ІІ-күн

ІІІ-күн

ІV-күн

V-күн

2х5

3х5

1х3

2х3

2х4

3х4

2х1

4х5

1х4

1х5

1-демалады

4-демалады

2-демалады

5-демалады

3-демалады

ІІ-бөлім.

Жарысқа қатысушы команда (ойыншы саны) жоспарланғаннан көптеу болса, онда

(ɑ- 2n)·2=Х формуласын қолдану арқылы, олимпиадалық жүйе бойынша жүзеге асырылады. (жеңілгендер ойыннан шығып қалады).(13-23)·2=(13-8)·2=5·2=10.

1

2

3

4

5

6

II

I

III

!11221!

7

8

9

1 0

1 1

1 2

1 3.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ.

Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.

Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады.Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.

Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларда дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет.Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы пайдалануы

керек.Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады.

Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу,акробатика, снарядта жаттығу т.б

Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды.Сондықтан күщ, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, ал ептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Сабақтар мен сынып тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағы, денені жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.

Дене тәрбиесі ең басты күн ырғағын, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтары дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.

Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады.

Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді.Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.

Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалады.

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады.Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:

1) Шәкірттерге оқу, еңбек және

демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау,

жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау

2) Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық

талаптарды орындау жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру

3)Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттық базаларда іске

асыру үшін төмендегі талаптарды және міндеттерді еске алған жөн:

1)Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

2)Шәкіттердің денсаулығын нығайту,

жұмыс қабілетін көтеру.

3)Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

4)Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары,

сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.

Сабақ- дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы.Дене шынықтыру сабақтары

мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері,

сонымен бірге сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген.Сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері

мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.

Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарында шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады.Сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз

бетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу міндеттері шешіледі.

Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен өзінің

іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.Спорттың кейбір түрлеріне қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін көрсете білген оқушыларға балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне жолдама берілуі мүмкін.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасауды қажет етеді.Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары- бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер.Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.

Гимнастика.Мұның бірнеще түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика.Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды.Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар:Саптағы қозғалыс, жалпы

дамыту жаттығулары (әр түрлі бұлшық ет топтары мен буындар қимылы),музыка арқылы орындалатын ерікті жаттығулар, қимылдың билеу формалары, қимылдың тұтас табиғи

формалары(жүру, жүгіру, қарғу, өрмелеу т.б.)

Ойын- балалар өмірінде үлкен орын алады.Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады.Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.

Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.

2010 жылы 25-қазан Аққыстау орта мектебінде өткен,»Дене тәрбиесі» бағыты бойынша,Аудандық семинардан алған әсерім және өтілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар жөніндегі жеке өзіндік ой-пікірім:

«Дене мәдениеті-жан саулығы» атты аудандық семинардың тәжірибе алмасу бағытындағы

іс-жұмыс шаралары көңілге қонымды, құптарлық ,қуантарлық жағдай екендігіне куә болдық.

Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына қызығушылығы, сабаққа қатысы, киім үлгісі,

спорттық құрал-жабдықтардың жеткіліктігі «жақсы»деңгейде.Өз тарапымнан айтылуға

тиісті Ескертпелер:

  1. Мұғалімнің өзі көрсетіп, түсін-

діріп айту, түсіндіріп және көрсету

2) Тыныс алу, дем шығарудағы іс-әрекетті нақтылап

айтып, түсіндіру.

3) Тар балақты триконың болу керектігін.

4) Гимнастикаға тән жаңа элемент

терді, қимыл-қозғалыстық жаттығуларды кірістіріп көрсетсе.

5) Пәнаралық байланыстың

үйлесімділігіне тоқталып, шолып өтсе.

6) Оқушылардың «әскери» тәртіппен жауап беруі.

7) Сұраққа-жауап ретінде танымдық ой қабілетін дамытуға ықпал жасау.

8) Сыныптан тыс шаралардың бұхаралық –көпшіліктік сипатқа ие болуына, ерекше назар

аудару, көңіл бөлу.

Аудандық семинарды мектеп директоры Ғ.Боранбаев пен «дене тәрбиесі пәні» мұғалімдері

А.Молдабаев, Талғат Қожасов қорытындылады.

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Ж.Жанғалиевқа мұғалім, ата-ана, оқушылар пікірі.

А

Жаннатолла 8 Асыныбына сабақ береді.Барынша талап қоя білетін,оқушыға сабақ беруде, дене тәрбиесінен көптеген

мағлұматтар берді.Оқушылар сабаққа ынталы,сабақтарын қызықты өткізетін,еңбекқор маман. Пәніне жауапкершілікпен қарайтын,қолынан іс

келетін маман.

Биология пәні мұғалімі: Ахметова Айгүл.

Жаннатолла ағай 8Всыныбына дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.Жетекші әрі әріптес ретінде айтарым:Ағай өз пәніне өте мұқият, ұқыпты, жауапкершілікпен қарайды.Оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтары өте жақсы.Сыныпта көптеген оқушылар түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.Бұл,әрине пән мұғалімінің ұйымдастыруынан, үйретуінен деп ойлаймын.Жанатолла талапшыл, еңбекқор жақсы маман.

Орыс тілі пәні мұғалімі:Утешева Салтанат.

Мектебіміздегі Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жаннатолла ағай бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді.Өз ісіне мұқият, жазған қағаздарында бір мін жоқ.Оқушыларда ағайдың сабағын асыға күтіп отырады.Спорттық ойындарды жақсы, тартымды қылып өткізеді.Мектептегі шараларды, кезекшілік міндетіне өте сақ, жауапкершілікпен атқарады.Еңбек, Бейнелеу пәні мұғалімі: Нұранова Ақмарал.

ғай 8 гимназия сыныбына биылғы оқу

жылынан бастап дене тәрбиесі сабағы- ссысссс

нан дәріс беріп келеді.Жаннатолла ағай

күнделікті сабаққа үлкен әзірлікпен,

спорттық киіммен келеді.Волейбол, Бас-

кетбол ойнау ережелерін үйретеді.Аяқ

күшін және қол саусақтарын дамытуға

арналған жаттығу жұмыстарын жасатады.

Сабақ кезінде сыныптағы барлық оқушы-

ларды қамтуға тырысады. Сынып оқушы-

лары арасында эстафеталық ойындар

ұйымдастырып, оқушылардың дене тәр-

биесі сабағына деген құштарлығын арттыра

т үсті. Ағай сабақ барысында сыныптағы әр

оқушының жеке басының ерекшелігін,

мінез-құлқын тануға тырысады.Барлық

оқушымен тіл табысып,жақсы қарым-

қатынаста болады.Ағайға шығармашылық

сәттілік,толағай табыс тілейміз!