- •Дене тәрбиесі мұғалімінің қызметіне:
- •Жа жаттығулары:
- •360См,доптың салмағы 570-670гр .4кезеңнен 10минут,2минут үзіліс.
- •Елбасы әрбір қазақстандықтың спортты жанына серік етіп, дене шынықтырумен шұғылдануын ұсынып отыр, Алайда, оның барысында түрлі жарақат алушылар да бар.Ендеше, одан қалай сақтануға болады?
- •Дене шынықтыру- салауатты өмір салтының кепілі.
- •18Жаста мүсін тұрақталады да,өзгерту қиынға соғады.Жаттығулар, қимылды ойындар ,
- •Жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы.
- •8Гимназия сынып жетекшісі:ж.Машаева.
- •Бақыттың нұры боп жаусын төгілген.Мол қуаныш,әзіл күлкі жарастық,Арылмасын әрқашан жүзіңізден-дей отырып,жұмысыңыз жемісті,жанұяңыз аман болсын демекпін.
- •Үйретуден бір жалыққан емес.Жанатолла ағайдан әрі қарай да спорт жөнінде одан әрі тереңдеп оқып,білім алғымыз келеді.Келесі жылы да бізге сабақ берсе деген үміттеміз.
- •Пікір иесі:Салхаденова Раушан.
- •Бізге Жанатолла ағай 2009 жылдан,яғни 5сыныптан бастап береді.Ағай өте ақкөңіл адам.Маған ағай дәріс бергеннен кейін дене сабағына деген құштарлығым оянды.Бізге ағайдың бергеніне өте қуаныштымын!
- •Шәкірті Амангелдіқызы Дария.
Дене шынықтыру- салауатты өмір салтының кепілі.
Дененің белсенді қимылы күшті, шыдамды адамның қалыптасуына көмектеседі.Ал, аз қимылдау жұмыс қабілетін әлсіретіп, май басуға, науқастануға әкелетіні белгілі. Дене шынықтыру, спорт арқылы дененің қимыл белсенділігін арттыру бұлшық еттің дамуына ғана емес, сүйек ұлпаларының өзгеруіне де әсер етеді.Шынығудың нәтижесінде сүйек мықты және күш түскенде, жарақаттанғанда төзімді болады. Егер адам аз қимылдап, дене шынықтырумен шұғылданбаса, онда орта жасқа келгенде немесе жасы ұлғайғанда бұлшық еттердің серпімділігі мен жиырылуы нашарлайды, борпылдап босаңсиды.
Дене жаттығулары мен спорттық шынығу, жас ерекшелігіне сай еңбек ету мүсіндегі ақауларды жоюға мүмкіндік береді.Мүсін- тұрғанда, отырғанда, жүргенде және жұмыс істегендегі дененің қалыпты күйі.Мүсіннің дұрыс дамуын жас кезінен қалыптастыру қажет.
Ол өмір сүру барысында өзгере алады.Мүсіннің қалыптасуы ,негізінен 6-7жаста жүреді.
Оның дұрыс дамуына кеуде бұлшық еттерінің әсері көп.Осы еттердің ширығуы арқылы мүсінді ұстап тұрады және қалыптастырады. Жас балалардың кеуде еттері әлсіз дамығандықтан олардың мүсіні солқылдақ келеді,пішіні тез өзгереді.
Мүсінді қалыптастыру- дене тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Ең бастысы –барлық бұлшық ет ұлпаларының дамуын қамтамасыз ететін жаттығулар жасауға дағдыландыру.
18Жаста мүсін тұрақталады да,өзгерту қиынға соғады.Жаттығулар, қимылды ойындар ,
серуендеу,жихазды дұрыс таңдау,бұлшық ет әрекеттерін ауыстырып тұру- мүсіннің бұзылуынан сақтайды.Кітап салынған сөмкені үнемі бір қолда ұстап жүргеннен де омыртқа жотасы қисаяды.Сол себепті оқу құралдарын арқаға таңатын сөмкемен тасыған жөн.Сабақта
және тамақтану кезінде дұрыс отыруға дағдылану керек.Дене шынықтыру жаттығуларын ең қарапайым қимылдан бастайды, біртіндеп жаттығудың күрделі түрлеріне ауысқанда арқа,
аяқ-қол бұлшық еттерін кезекпен қимылға қосуды қарастыру керек. Бұрылу, айналдыру, қатты еңкею сияқты жаттығуларды шұғыл қимылсыз, біртіндеп күшейте отырып жасайды.
Қимыл белсенділіктің жетіспеуі-«гиподинамияға» әкеп соғады.Өнеркәсіпті,тұрмысты автоматтандыру мен механикаландыру қазіргі адамдардың көпшілігін гиподинамияға әкелді.
Гиподинамия адам ағзасының бұзылуына айтарлықтай әсер етіп, адам өмірін қысқартатыны
Ғылыми тұрғыда дәлелденген.Оның зиянды әсерінің көптігінен мамандар гиподинамияны аурудың бір түрі деп қарайды.Денсаулықты нығайту мен өмір жасын ұзартудың нағыз сенімді тәсілі – денені шынықтыру,бұл қымбат тұратын препараттар мен техникалық құрылымдарды қажет етпейді, керегі –адамның өзінің ерік-күші мен жігері ғана.Қимыл- қозғалыс белсенділігінің кез келген түрі адам үшін, оның жасына қарамастан пайдалы қағиданы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары жиі айтады, өйткені облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының негізгі бағдарламаларының
бірі дене шынықтыру белсенділігін дамыту.
Сонымен қатар, жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар арасында, мектепке дейінгі мекемелерде, ата-аналар мен тәрбиеленуші бүлдіршіндердің қатынасуларымен өткізілетін спорттық жарыстар, эстафеталық ойындар да спорт сүйер тұрғындарымыздың
көзайымына айналуда.Денсаулықты жақсартудың, түрлі аурулардың алдын алудың ең тиімді шарасы- дене шынықтыру, алайда дене күш белсенділігінің қай түрін таңдау керектігін әркім өзі шешкені абзал.
Денені шынықтыру арқылы салауатты өмір салтын ұстанушы ұрпағымыз, адамдарымыз көбейсін.
