
- •Дене тәрбиесі мұғалімінің қызметіне:
- •Жа жаттығулары:
- •360См,доптың салмағы 570-670гр .4кезеңнен 10минут,2минут үзіліс.
- •Елбасы әрбір қазақстандықтың спортты жанына серік етіп, дене шынықтырумен шұғылдануын ұсынып отыр, Алайда, оның барысында түрлі жарақат алушылар да бар.Ендеше, одан қалай сақтануға болады?
- •Дене шынықтыру- салауатты өмір салтының кепілі.
- •18Жаста мүсін тұрақталады да,өзгерту қиынға соғады.Жаттығулар, қимылды ойындар ,
- •Жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы.
- •8Гимназия сынып жетекшісі:ж.Машаева.
- •Бақыттың нұры боп жаусын төгілген.Мол қуаныш,әзіл күлкі жарастық,Арылмасын әрқашан жүзіңізден-дей отырып,жұмысыңыз жемісті,жанұяңыз аман болсын демекпін.
- •Үйретуден бір жалыққан емес.Жанатолла ағайдан әрі қарай да спорт жөнінде одан әрі тереңдеп оқып,білім алғымыз келеді.Келесі жылы да бізге сабақ берсе деген үміттеміз.
- •Пікір иесі:Салхаденова Раушан.
- •Бізге Жанатолла ағай 2009 жылдан,яғни 5сыныптан бастап береді.Ағай өте ақкөңіл адам.Маған ағай дәріс бергеннен кейін дене сабағына деген құштарлығым оянды.Бізге ағайдың бергеніне өте қуаныштымын!
- •Шәкірті Амангелдіқызы Дария.
“Дене тәрбиесі пәні” мұғалімінің ерекше бір қызмет бағыты оқушылар дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Ол 2 бағытта жүргізіледі.
1.Дене жаттығулары
2.Спорт ойындары арқылы сыныптан, мектептен тыс шаралар өткізу барысында ұйымдастырылады. Оқу жоспарында дене тәрбиесі пәнін оқытуға берілген сағаттарды тиімді пайдалану.
Дене мәдениеті- дене табиғаты тәрбиесінің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын дамытады, қалыптастырады. Оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық. Дене мәдениетінің бірнеше кезеңдерін атауға болады. 1) ағзаға көп қимылдық келтіретін, әсер ету туралы эмперикалық білім. Оны адам күнделікті өмірде байқайды.
Дене тәрбиесінің міндеттері: Оқушыларды сауықтыру, тәрбиелеумен білім беру сонымен қатар оқушы психологиясын жетілдіру және дене сапаларын дамыту. Дене сапалары деп- төзімділік, жылдамдық, күш т.б қабілеттерін айтады.
Дене тәрбиесінің қағидалары ол- белсенділік, жүйелілік, қайталау, беріктілік және саналылық қағидалары деп аталады.
Белсенділік- жаңа туған баланың өмірге талпынысы сияқты әр оқушы өз белсенділігін өз ықыласымен арттыру болып табылады.
Сапалылық- ол жаңа білімді ескі біліммен байланыстыруға, оларды топтап реттеуге, пәндер ішіндегі пәнаралық байланыстарды тұтас бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оқушы көп қимыл-әрекет жасаған сайын оның сана сезімі дамиды, бала өзін-өзі психологиялық еркін ұстау қабілетіне ие болады. Оқушы жастардың денсаулығын нығайту, іскерлік дағдысын дамыту, еңбекке, отансүйгіштікке даярлауда дене тәрбиесі мен спорттың маңызы зор.
Денеге ауыртпалық түсуі ол- белгілі бір қиыншылықтың денеге әсер ету мөлшері. Денеге ауырлық түсу, шаршау арқылы қалыпқа келіп, дененің жұмыс істеу қабілетін одан әрі дамыту, бұл дене тәрбиесінің заңдылықтары болса, дене тәрбиесінің тәсілдерін сөзбен түсіндіруде және көрнекілік тәсілін қолдануда сөзбен түсіндіру тәсілі бірге жүреді.
Қағидалар- жылдар бойы тексеріліп сынақтан өтеді. Сондықтан да қағидалар жазылмаған, бірақ орындалуы тиіс заңдылықтар деп аталады. Дене тәрбиесі мен спорттың да өзіне тән қағидалары бар. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі, спорт үрдісін дамытады, жетілдіреді.
Дене қуаты қасиеттерін- дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі сабақтарын, спорт түрлерінің жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады.
Жүйелілік дегеніміз- сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейінің төмендемеуі, үйренген қозғалыс әрекеттерінің ұмытылмауы, жетілдіріле берілуін айтамыз, қорытындысында көп сабақтардың әсерлері қосылып “кумулятивтік” әсер пайда болады. Ағзаның жаттыққандық деңгейі көтеріледі.
Дене шынықтыру- ол адамның денсаулығын нығайтып , еңбекке деген ынтасын арттырады, ағзаның үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызады. Дене шынықтыру ұжымы- Республикалық “Жастар” атты балалар дене шынықтыру спорт одағының (БДСО) бастауыш ұйымы болып табылады және республикалық “Жастар” БДСО-ның жарғысына сәйкес жасалған ережемен жұмыс істейді.
Дене тәрбиесі ұжымы қызметінің мақсаты: ҚР Білім беру жүйесі саласындағы қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығын нығайту және дене мүшелерін жан-жақты дамыту болып табылады. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының 1997 жылы 20 қарашадағы «Дене шынықтыру мен спорттық құрал-жабдықтар арқылы ҚР-ның тұрғындарын сауықтыру бағдарламасын дамыту, іске асыру.
Дене тәрбиесі пәнінің мектепте оқытудың мақсаты - шымыр да шыныққан жасөспірімдерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Адамның мінез-құлқымен сана сезімін жан-жақты жетілдіру.
Дене тәрбиесінің негізгі мақсаттарының бірі- организмнің тіршілік қызметімен өсуі барысындағы сандық және сапалық өзгерістерді үйлестіріп отыру.
Дене тәрбиесі мұғалімінің қызметіне:
1.үйрету процесіне даярлық;
2.үйрету;
3.үйрету процесін бақылау секілді 3 негізгі кезең жатады.
Дене тәрбиесі- қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамытумен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.
Дене тәрбиесі- адам денсаулығын нығайту және дене дамуының оң көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие атауы.
Спорт- дене тәрбиесінің ішіндегі ең жетілген түрінің бірі. Адам денсаулығын нығайтудың ең жақсы әдісінің бірі.
Жаттығу дегеніміз- спортшының ұзақ уақыт, жоспарлы түрде, алдына қойған мақсатына жету үшін тынбай шынығып дайындалуы.
Қимыл-қозғалыс ойындары- үнемі қимыл-қозғалыста болуды талап ететін ойындар. Қимыл-қозғалыс ойындары 2 бөлінеді:
Таза қимыл-қозғалыс ойындары
Спорттық сипаты бар қимыл-қозғалыс ойындары
Спорттық ойындар- дене шынықтыру және спорт жаттығулары мен бірге оқушылардың адамгершілік-ерік және қимыл сапаларын жақсартуға көмегін тигізеді. Спорттық ойындарды үзіліссіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік және қимыл әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастырады.
Дербес жаттығу- дене бітімінің дамуындағы кейбір кемшіліктердің біртіндеп жойылуына ықпал етеді, ерік- жігерді шыңдайды, табандылықты арттырады. Дербес жаттығудың негізгі әрі маңызды міндеті- дене бітімін сымбатты етіп шығару. Дербес жаттығуларымен айналысуды өз денеңді зерттеуден бастау керек.
Дене бітімі дегеніміз- тік тұрғандағы дененің дұрыс-бұрыстығының сыртқы бейнесі.
Жүзу- көне Грециямен ертедегі Римде жүзу әскери істе кең қолданылған. Жүзумен шұғылдану- тәртіпті, тиянақты тапқыр болып өсуге көмегін тигізеді, қолданбалық мәні бар. Жүзу- адамның күшін, төзімділігін арттырады. Жүзудің өзі мынадай қимыл-әрекеттерден тұрады:
Қолмен және аяқпен қимылдар жасау
Суға бату
Тыныс алу жаттығулары
Су бетінде қалқу
Судың бетінде жату және су бетінде жылжу
Қолмен аяқ қимылдарын тыныс алумен сәйкестендіру
Жүзу-демалу жүйесін және жүрек қан тамырларын өте жақсы жаттықтырады. Жүйелі түрде жүзумен айналысқан адамдардың жүрегінің соғу көлемінің шамасы ұлғаяды. Жүректің жай уақыттағы 1 мин ішіндегі соғуы 60-тан 55-ке дейін төмендейді.
Жүзу дегеніміз- судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен жүзу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас 2 тәсіл болады. Ол жүзу және сүңгу тәсілі. Жүзуді 3 түрге бөледі:
Жалпы жұрттың жүзе білуі
Спорттық жүзу
Қолданбалы жүзу
Кроль- еркін жүзу (екі бетімен және шалқалап), Брасс және Баттерфляй (кейде дельфин депте атайды) (100және200мбрасспен;100және200мбаттерфляймен,200және400мқашық-ғы жүзуші құрама тізбекпен орындалады.
Эстафета(алмасу:4х100метрге бірін-бірі ауыстыратын 4 жузуші орындайды, жарыс шалқалап жүзу әдісімен басталады,сонан соң брасс, баттерфляй және еркін әдіспен аяқтайды 4х100м еркін әдіс-тәсілдер)
Массаж-Ағзаны сергіту,қан айналысы мен бұлшық еттердің жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды-массаж дейді.
Шынығу-«Морждар»деп атайды.
Ондай адамдар алдына қойған белгілі бір мақсатқа жету үшін,ағзасын тұрақты түрде әбден шынықтыруының нәтижесінде, қоршаған ортаны қатал жағдайларына төтеп бере алады.
Шыдамдылық- қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне ағзаның қарсылық көрсетіп, төтеп бере алатын жағдайын дамытуға төтеп беру.
Дене қалпы- кролльмен жүзуші судың бетінде көлденең қалыпта, бір бағытқа қарап 0ᵒ-тен 8ᵒ-қа дейінгі бұрыш сақтап жатады. Иықтың айналуы (50-60ᵒ) дене судан көрініп, демалғанда орындалады. Басты ұстау- жүзудің жылдамдығына байланысты. Ол дененің динамикалық тепе-теңдігін, есу қимылының дұрыс орындалуын және дұрыс демалуды қамтамасыз ету керек.
«Жеңіл атлетика» дейтін бұл спорттық атау-шартты ұғым. ХІХ ғ-ң аяғымен ХХ ғ-ң басында пайда болды. ЖА (жеңіл атлетика) спорттық түрлі қимылдарға қажетті жеделдікті, күштілікті, икемділікті, шыдамдылықты жетілдіреді.