
- •Портал музыки Фортепиано
- •37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
- •38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
- •2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Өмірбаяны:
- •Репертуары:
- •Шығармашылығы:
- •Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Асан Қайғы Сәбитұлы
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •1.Ұйымдастыру.
- •3.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
- • Қобызды ұлттық брендіге айналдыратын уақыт жетті
- •6 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Нұрпейісова Дина
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •III.Өмірбаяны:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Сабақтың мазмұны Құлагер
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •4.Жаңа білім игеру. Тақырыбы: тілепбергенұлы қазанғап
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 19.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 26.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 03.10.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •1 Саусақ басбармақ төмен тұрады
- •4 Саусақ басбармақ
- •VI.Сабақты қорытындылау:
- •VIII.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан. Сүгір мектебінің дәстүрін жалғастырып,сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын жеткізіп келген, халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамының орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев, «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен, сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын.
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын. Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған адам. Осы атам мен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме дарыған. Ж. Қаламбаев ертеде дарынды өнер иелері сал-серілердің музыкасымен сусындап, үлкен жиын – мерекелерге, би – шешендердің бас қосуына, айтыс – тартыстарына қатысып, белгілі халық сазгерлердің өнер дәстүрін меңгеріп халыққа жеткізген. Осы тұрғыда, ол әрқашанда тыңдаушылардың көңілінен шығып, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Жаппас қазақтың көне қобызын игеруді өзіне мақсат еткен. 1934 ж. Алматы қаласында өткен халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысқан. 1934 – 1937 ж. Қазақ халық аспаптар оркестрінде альт-қобызшылар тобының концертмейстері және оркестр солисі болды. 1968 – 1970 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қыл қобыз класы бойынша) ұстаздық етті. Еңбектері
Оның репертуарында негізінен Ықылас Дүкенұлының «Қазан», «Қасқырдың ұлығаны», «Қоңыр», «Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қамбар», «Кер толғау», т.б. күйлері болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап Дәулеткерей күйлерін, Біржан сал, Ақан сер, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай Беркімбаев әндерін орындаған. Қаламбаев көптеген күйлер мен әндердің («Кең өлке», «Күн толғауы», «Жұман күйі», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы», т.б.) авторы. Шәкірттері: қобызшылар Г.Баязитова, Ф.Балғаева, Қ.Құдабаева, А.Шәңгереева, музыкатанушы Б.Сарыбаев, т.б.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Үйретілетін ән: «Ақдариға»
5.Сабақты қорытындылау: Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.
7.Үйге тапсырма беру: Қорқыттың нақыл сөздері
Қорқыт “Башпай” Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі - өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен. ............ Қорқыт “Ұшардың ұлуы” ...Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет – ғұрыпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. “Ескі жұртта қалған болар!” – деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті сарқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген ана: ...... Жалғызымнан айрылдым, ...... Қанатымнан қайрылдым, ...... Ұшар, Ұшар, кә, кә...- деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен қос иесінен...күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға күйі деп аталады. Ықылас“Жез киік” Ықыластың орындаушылық күйінің бірі – “Жез киік”. Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Ол туралы халық неше аңыз да, де көп. Жез киік күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман... оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған. Ықылас... дүниеге келген шығармасының бірі. – “Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы...... деп тартқан екен. Татарлардың Қазан қаласын жау шапқыншылықпен басып...Шора қол...азат етпекші болады. Ауыл ақсақалдары,...... ол жақта күн райы өте қолайсыз көрінеді. Орал тауларын қар... суыққа ұрынасыздар”, - деп тоқтау айтады. Шора ұлы...қан жаусын, Қазан барып аламын”, -деп қариялардың сөзіне......Бірақ, батырдың жолы болмайды. Олар Орал тауларындағы қатты боранда суыққа... күйінің “Қазан сүргісі” немесе... осы.... “Айрауықтың ащы күйі”
4 ‘а’ сыныбы. Музыка. 23.10.2013 ж. Бекітемін:_________ Сабақтың тақырыбы: Әнін көкке қалықтатқан- Ғарифулла Құрманалиев Сабақтың мақсаты: а)білімділік: Оқушыларға қазақ халқының музыкасын таныстырып музыкалық білімдерін көтеру. ә)дамытушылық: Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау,қабілеттерін дамыту. б)тәрбиелік: Олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар. DVD(дискі) Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті. Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: Жаңа білім игеру. Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру 1.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезе 2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау. 3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады. Құрманғалиев Ғарифолла
К
өрнекті
әнші, композитор, Қазақстанның Халық
артисі Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы
Қаратөбе ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге
келген. Ерте анасынан ерте айрылған
Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары
Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында
тәрбиеленеді. 10 жасынан домбыра тартып
ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің
мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін
бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары
Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді.
Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне
Мұхит әндерін насихаттайды. Құрманғалиев
Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің
хатшысы, одан соң бригадир, ұжымшар
басқармасының төрағасы болды. 1934 жылы
Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық
өнерпаздарының 1-слетіне қатысып, сол
жерде Опера және балет театрына
қабылданған. Ол Елемес, сақан, Жарас,
Шеге, Естай, Нарымбет образдарын шебер
сомдады. Ұлттық операның негізін қалаған
көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне
айналды. Халықтың, әсіресе Мұхиттың
әндерін нәшіне келтіріп орындау арқылы
бүкіл қазаққа танымал болды. Сондай-ақ
өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық»,
«Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем»,
«Аққу», «Сүйемін, туған өлкем» т.б. Қазақ
әндерін орындауда ешкімге ұқсамайтын
мәндері бар тіртуар дарын иесі Құрманғалиев
өнерпаз жастарды баулып, өзінің тамаша
мектебін қалыптастырды, сөйтіп ұлттық
кәсіби ән өнеріміздің дамуына баға
жетпес үлес қосты. Республикалық эстрада
студиясында ұстаздық ете жүріп, талантты
әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп
шығарды. Олардың қатарында Ж.Сәрсенғалиев,
Қ.Рахимова, Қ.Орашева, С.Рахметжанов,
С.Әбдірахманов, т.б. әншілер бар. 1967
жылдан бастап өмірінің соңына дейін
Республикалық өнер және цирк студиясында
ұстаздық етті. «Қызыл жұлдыз», «Еңбек
Қызыл ту ордендерімен, бірнеше медальмен
марапатталған.
Үйретілетін ән: «Алғашқы қоңырау» 5.Сабақты қорытындылау: Ғарифулла Құрманалиев түсінік айту.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалау.
7.Үйге тапсырма беру: түсінік айту. «Алғашқы қоңырау» жаттау.
4‘а’ сыныбы. Музыка. 30.10.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген – Дәулет Мықтыбаев Сабақтың мақсаты: а)білімділік: Сынып оқушыларына аталған тақырып жайлы жан-жақты мысалдар арқылы түсініктер беру
ә).дамытушылық:Сынып оқушыларының музыкалық білімін арттыру. б)тәрбиелігі: Сынып оқушыларын өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар. DVD(дискі)
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,Түсіндіру.
Сабақтың кезеңдік мақсаттары:
1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
2.Үй тапсырмасын тексеру:Сынып оқушыларынан үйге берілген Дәулет Мықтыбаев шығармашылығы жайлы түсініктері сұрау.Тақырып көлемінде оқушыларға сұрақтар қойылып,тиісінше олардың жауаптары алыну.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Дәулет Мықтыбаев Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) мектебінің өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері. Қазақ өнерінің бастауында үркердей аз ғана топ ішінен айрықша табиғи талант-дарынымен жарқырап көрінгендердің бірі қобызшы - Дәулет Мықтыбаев. Д. Мықтыбаев 1904 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Ықыластың ең дарынды шәкіртінің бірі Тоқтамысұлы Әбікей қартайған шағында бойындағы ұлы мұра ұмыт болмас үшін қатты алаңдап, аяқ жетер төңіректен қобыз қадірін білетін өкше басар жас ұрпақ іздеген екен. Ол іздеген Қорғалжын жағасын жайлап отырған Әупіктің ауылынан табылады. Әупік – қазақтың әйгілі қобызшысы Д. Мықтыбаевтың әкесі- өнерге жақын және өзі от басында да қобыз тартқан адам. Д. Мықтыбаев тоғыз жасқа келгенде қобызға қатты құмарланып жүргенін әкесі байқап, тәлім - тәрбие алсын деп, Ықыластың Түсіпбек деген баласына жібереді. Дәулет Түсіпбектің қолына келгенде Ықылас әлі тірі. Бірақ қолынан күші қайтып, қобыз шылмайды екен. Талай жыл жан серігі болған қара қобызын Ықылас: «Ашаршылықта ас болған, жаяушылықта ат болған аспабым еді»-деп маңдайына басып, өзінің Әбікей деген ең дарынды шәкіртіне тапсырған екен»- деп жазады И. Жақанов. Осы әңгімелерге сүйенсек, Д. Мықтыбаев Ықылас күйлерін Әбікей, Түсіпбектерден үйреніп ұстап қалған. Бірақ, өкінішке орай, осы кісілерді мазаламайын деп, Дәулет Ықыластың көп күйлерін ұстай алмай қалғанын да айтып кеткен де жөн көрдік. Көп күйлердің аттары сақталғанымен, орындайтын үлгісі, нотаға жазылғаны қалмаған, мысалы: «Бозторғай», «Қаншайым» сияқты күйлер. И. Жақановтың сөзіне сүйене отырып, Түсіпбек Әупік ауылына бірнеше мәрте келіп Дәулетке өз білетін күйлерін үйретеді. Дәулет қобызға деген музыкалық қабілетінің арқасында Қорқыттың, Ықыластың күйлерінің көпшілігін аз уақыттың ішінде үйреніп, сол өңірдің белгілі қобызшысына айналады. 1930-шы жылдары халық музыкасы өркендеп даму жолына түсіп және де көптеген мәдени ошақтар құрыла бастаған кез еді. Сол жылдары Дәулет те Қали Байжанов сынды қазақ өнерінің саңлақтарымен бірге Қарағанды радио комитетіне жеке орындаушы, әртістік қызметке орналасады. Осы кезден бастап Д. Мықтыбаев кәсіби жолға түсіп үлкен сахналарда өз өнерін көрсете бастады. 1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слёты жүргізілді. Сол слётке майталман домбырашылар: Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов, У. Қабиғожин, қобызшылар Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев та қатысып, жүлдегер атанады. Сол жылдан бастап Алматы мемлекеттік филармониясында жеке қобызда орындаушы ретінде жұмысқа қабылданды. Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, көптеген концерттерге қатысып, елдің ризашылығына бөленді. 1941 жылы Дәулет өз Отанын қорғау үшін майданға аттанып, ол жерде де өзінің сүйікті қара қобызын тастамады. «Қызыл армия» ансамблінің белді мүшесі болып, қобызбен жауынгерлердің көңілін көтеріп, Қобыздағы орындаушылық өнерін әрі қарай жалғастырды. 1945 жылы елге аман-есен оралып, Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы филармония мен Құрманғазы атындағы Ұлттық аспаптары оркестрінде еңбек етті. Сөйтіп, Кеңес армиясының жеңіске жетуіне Дәулет те қобыз өнері арқылы өз үлесін қосты десе артық болмайды. Қазақ радиосы қорына Д. Мықтыбаев Ықыластың көп күйлерін ; «Ерден», «Қазан», «Қамбар батыр», «Жолаушының қоңыр жолы», «Кертолғау», «Айрауықтың ащы күйі», «Шыңырау», Әбікедің «Жалғыз аяқ», «Көзбеннің Сарынын», «Қорқыт», «Аққу» күйлерін жаздырып қалдырды. Қобызшының осы еңбегі – қазақ аспапты орындаушылық өнерінің алтын қорына қосылған теңдесі жоқ құнды дүниелер. Жоғарыда айтқандай, Дәулет әйгілі қобызшы Ықыластың баласы Түсіпбек тартқан күйлерін жылдам меңгеріп, сол өңірдің белгілі қобызшысына айналды. Сондықтан Дәулет Ықылас бабамыздың қалдырған күйлерін нақтылы түрде орындайды деуге болады. Дарынды қобызшы Ықыластың ғажайып қабілеттілік нәзік сезімінен туындалған шығармаларын шеберлікпен көрсете білді. Сонымен аспаптық өнердің тың Ықыластың мұңды толғауларын, импровизациялығын жеткізген Дәулет болса, Ықыластың өзіндік қырларын, ішкі дүниесін аша білген Жаппас болды. Мысалы «Жез киіктің» ащы дыбыстарының жүрдек желдірмесін, қарқынын Жаппас сәтті келтірсе, Дәулет Мықтыбаев ескі сарын, ескі толғау стилінің шеберлігімен ерекшеленеді. Дәулет тек қана дәстүрлі күйлермен шектелмей, басқа да халық ақындарының күйлерін жақсы тыңдап, өз репертуарына еңгізіп, халықтың алдына өзіне тән мәнерімен орындай білді. Ол талантты күйші ғана емес, сахнаның санаулы шеберлерінің бірі болды. Мамандардың пікірі бойынша, күйшілердің ішінде ол өзіндік музыкалық тілінің әсерлілігімен, оралымды үнімен ерекше дараланатын. Дәулеттің шәкірттерінің айтуы бойынша, ол күйлерді орындаған кезде, өзінің көңіл күйіне байланысты, тыңдаушының ықыласына байланысты, күйді өз қалауынша созып, немесе басқа күй әуендеріне қосып, көбейтіп, не қысқартып орындайтын. «Бізді бұзған сахна-деп айтатын күйші. Елге жақсы көрінеміз деп, бір күйге екінші күйді қосып жіберіп орындайтынмын. Сендерге айтатыным, орындаған күйге, басқа бір күйдің әуенін қоспай, бұзбай ойнаңдар»- деп өсиет қалдырған дейді шәкірті Ә. Жұмабекұлы. Халық орындаушылары сияқты Дәулет те ешбір музыкалық оқу орнынан дәріс алмаса да, табиғи дарын-қабілетінің арқасында өнер биігіне көтерілген таланттардың бірі.
Үйретілетін ән: «Мектебім аяулы мектебім» 5.Сабақты қорытындылау: : Дәулет Мықтыбаев түсінік айту.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалау.
7.Үйге тапсырма беру: түсінік айту. «Алғашқы қоңырау» жаттау
Пәні: Музыка. Сыныбы: 4-сынып.II тоқсан Сабақтың тақырыбы: Симфониялық оркестр қалай пайда болды?
Сабақтың мақсаты: 1. Музыкалық білім, сауатын жетілдіру, Симфониялық оркестр қалай пайда болды 2. Халық әнінің күрделі симфониялық музыкаларда дамуын түсіндіру, ырғақты сезіну, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білімділік: Эстетикалық ой-өрісін, сезімін ашу, білімін тереңдету. Ұлттық әнге деген құрметін арттыру. Тәрбиелік: Адамгершілік, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгерту. Көрнекілігі: Қазақ композиторларының портреттері, симфониялық оркестр суреттері. Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Тарих.
Жоспар: І.Психологиялық дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Қызығушылығын ояту. ІV. Мағынаны тану. V. Ой толғаныс. VІ. Үйге тапсырма. VІІ. Қорытынды.
Барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.-Сәлемдесу. -Сынып оқушыларын түгендеу. -Сабақтың мақсатын түсіндіру. -Тыныш, дұрыс отыруын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)
ІІ. Қызығушылығын ояту.-Қазақтың халық әндері қалай пайда болған? -Қандай ұлттық тойлары бар? -Сал-серілеріміз туралы не білеміз? -«Елім-ай қандай ән? - Қандай халық әндерін білесіңдер? ІV. Мағынаны тану. Өнер-халық тарихының шежіресі. Өнерде, өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертеді. Симфониялық оркестрдің пайда болуы 16-17 ғасырларға саяды. 18 ғасырдың аяғында симфониялық оркестрдің классикалық түрі қалыптасты. Оның 19 ғасырда қанат жаюы үлкен симфониялық оркестрдің пайда болуымен сипатталады. Оркестрдің дамуына Г.Берлиоз, Р.Вагнер, Р.Штраус, Г.Малер, П.И.Чайковский, Н.А.Римский-Корсаков, И.Ф.Стравинский елеулі үлес қосты.
Симфониялық оркестр — ішекті ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралғанды оркестр. Алғаш рет симфониялық оркестрдің осылай құрылу тәртібі 18 ғасырда Еуропада бой көрсетті. Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әр алуан жиырмадан астам музыка аспаптары (гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан, т.б.) құрайды. Сондай-ақ Симфониялық оркес құрамына арфа, ксилофон мен фортепьяно да қосылады. Композитор осы аспаптардың дауыс-үнін еркін, кеңінен пайдалана отырып, симфониялық оркестр құрамының орындауына лайықты музыкалық шығармасын жазады. Симфониялық оркестрлердің дамуына Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев,[Б.Жұманиязов, т.б. композиторлар елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанда 1958 жылы ұйымдастырылған ҚР-ның мемлекеттік симфониялық оркестр жұмыс істейді.
Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы.Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлтты өнері арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тірліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, халықтың ойын-сауықтар- барлығы да ән-күй аясында өтеді.
Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби, бейбіт, тыныш өмірді аңсап, желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді. Одан бергі Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан, сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы да басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет-тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.
М.И.Глинка-Орыстың ұлы классикалық музыкасының, өзіндік симфониялық, опералық мектептің негізін қалаушы композитор. Ол-«Иван Сусанин», «Руслан мен Людмила» атты операларының Испания сапарынан туған «Арагонская хота», Пушкин сөзіне жазылған 80-нен астам ромастардың, атақты «Вальс-фантазия», «Камаринская» сияқты симфониялық фантазиялардың авторы. Глинка шығармашылығы-орыстың кәсіби музыка өнерінің бастау көзі. Халық әні «Елім-ай» әндету, жаттау. V. Сергіту сәті. VІ. Ой толғаныс. «Қазақтың халық әндері» шағын әңгіме жазу. VІІ. Үйге тапсырма. -Тақырыпты оқып келу. - Өнер, тіл, еңбек жайында мақал-мәтелдер жазып келу .VІІІ. Қорытынды. Сабақты аяқтап, оқушыларды бағалау.
«Бекітемін» «келісемін» №87 мектеп директоры: директордың оқу ісі ж жөніндегі орынбасары __ ________ Г. Ерімбетова.
____________ 2013 ж Ашық сабақ:
Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар
Орындаушы: Ән әуез пәнінің мұғалімі: Бухарбаева Г. 22. 11. 2013ж.
Тақырыбы: Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар Мақсаты: а) Білімділік Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптармен таныстырып,европамен ұлттық аспаптардысалыстырмалы түрде көрсету. ә) Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін арттыру. б) Тәрбиелік: лирикалық аспаптарды ұлтымыздың мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. Сабақтың типі: аралас Әдісі: Суретті –түсіндірмелі, сұрақ – жауап. Тест жұмысы топқа бөлу Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, диск . Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу ә) түгелдеу. Б) Үй тапсырмасын қайталау өткен материалдарға шолу. ІІ. Жаңа сабақ Мұғалім:Сұрақ –жауаптар: Симфониялық оркестр қалай пайда болды? Оркестр неше топқа бөлінеді? Симфониялық оркестрге қандай инструменттер жатады? Суреттерді көрсете отырып талдау.
Мына дыбыстар жолдарында не айтылады? Оркестрдің құлақ келтіру дыбысын тыңдату. (оқушылар өз ойларын айтады.) жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Оркестр(грек. огсhestra – ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) – музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыкалық жанрларының(опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді. Оркестр аспаптық құрамына (біркелкі немесе аралас) және қолдануына (әскери, эстрадалық, т.б.) қарай топталады. Құрамына қарай оркестр: симфониялық (ішекті ысқылы, ағаш және мыстан жасалған үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, т.б.), ысқышты (тек қана ысқышты аспаптар),үрмелі (үрлеп ойнайтын және соқпалы аспаптар), бэнд (тек қана мыстан жасалған аспаптар), халықтық музыка аспаптар, камерон, джаз, т.б. түрлерге бөлінеді. Оркестрдің дыбыстарын тыңдатып ,қандай оркестр екенін айыру. Оралдың жастар симфониялық оркестрінің орындауын тыңдау.
Қазақстанда кәсіби халық аспаптар оркестрі 1934 жылы құрылды. Республикада: Халық аспаптар оркестрі, Симфония оркестрі,Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық және камерондық оркестрі, “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Қазақстан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Ұйғыр, Корей музыкалық комедия театрларының оркестрлері т.б бар.
Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембірі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты.
Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар.
Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.);ішекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончел, контрабас, қылқобыз т.б.) және шертпелі (арфа, гитара, балалайка, жетіген, дутар, домбыра; соқпалы (барабан литавра, ксилофон, дауылпаз дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.
Симфониялық оркестрдің пайда болуы 16-17 ғасырларға саяды. 18 ғасырдың аяғында симфониялық оркестрдің классикалық түрі қалыптасты. Оның 19 ғасырда қанат жаюы үлкен симфониялық оркестрдің пайда болуымен сипатталады. Оркестрдің дамуына Г.Берлиоз, Р.Вагнер, Р.Штраус, Г.Малер, П.И.Чайковский, Н.А.Римский-Корсаков, И.Ф.Стравинский елеулі үлес қосты.
Оркестрдің тамаша үлгісіне қазақтың ұлт аспаптар оркестрі, қазақтың симфониялық оркестрі жатады.
Симфониялық оркестрдің құрамына кіретін ішекті аспаптар :скрипка- төрт ішекті ысқышпен ойналатын аспап, Альт-скрипка тәрізді, қоныр дауысты аспап,виолончель- скрипкаға ұқсас, бірақ одан 2-3 есе үлкен төрт ішекті аспап, Контрабас- ішекті аспаптардың ішіндегі ең төменгі дауысты, көлемі жағынан үлкен, төрт ішекті аспап бар.Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы.Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады,сондай-ақ тенор қобыз , альт қобыз, қыл қобыз болып бұл да бірнеше түрге бөлінеді.
ІҮ.Музыка тыңдау: Оралдың жастар симфониялық оркестрінің орындауын . V. Үйретілетін ән: Опера әні « Гәкку» композитор: Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
Ұлттық аспапта өзге ұлттың музыкасын орындауға болады - Қандай аспаптардың дауысын естідіңдер? - Оркестрдің құрамы қандай?
VI Жаңа сабақты бекіту: тест жұмысы. Топқа бөлу
VІІ.
Үйге тапсырма. ішекті
– ыспалы аспаптар жәйлі реферат жазу
«Ән
сабағы» әнімен сабақты аяқтау.
VІІІ.
. Бағалау
2 . топ.
1. Белгілі бір тарихи тақырыпқа жазылған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарма. А) Симфония. Ә) Хор. Б) Оратория. 2.Евгений Брусиловский кім? А) Әнші. Ә) Композитор. Б) Жазушы. 3. Симфониялық оркестр орындайтын музыка. А) Симфониялық оркестр Ә) Вариация Б) Симфониялық музыка 4. Сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма. А) Балет. Ә) Опера. Б). Увертюра. 5. «Гәкку» әні кімдікі? а). Ыбырай ә)Мұхит б). Брусиловский. 6.Ысқыш аспабына қандай аспап жатады: а)домбыра ә)скрипка Б)саксафон. 6.Қазақ ысқыш аспабын ата а) баян. ә) қыл қобыз. б) дудар
7. Ысқыштар аспабы жөнінде түсінік айту. Шағын
« Гәкку» Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
2.топ. 1. Сопрано дегеніміз не? а) Әйелдің жіңішке дауысы ә) Ерлердің биік даусы. б). Әйелдің қоңыр даусы. 2. Қанша оркестрлер бар біз білетін? а)3 ә) 5 б) одан да көп 3. Сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма. А) Балет. Ә) Опера. Б). Увертюра. 4.Ысқыш аспабына қандай аспап жатады: а)барабан ә)виолончель Б)габой. 5.Қазақ ысқыш аспабын ата а)қобыз . ә) шаң қобыз. б) литавра.
6.Гәккү әні қай кинода айтылады? а) Абай . ә) Қыз жібек. б) Қандай басқа кино білесің?
7.Симфония жөнінде мағлұмат беру. Шағын.
« Гәкку» Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
Опера әні « Гәкку» комп: Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. Опера жөнінде мағлұмат беру.
Опера әні « Гәкку» комп: Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. Опера жөнінде мағлұмат беру.
Опера әні « Гәкку» комп: Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. Опера жөнінде мағлұмат беру.
Опера әні « Гәкку» комп: Евгений Брусиловский.
Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. Опера жөнінде мағлұмат беру.
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол алықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан,ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Сыбызғы тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т.б.) бар. Бұл аспап алғаш 1934ж. қазіргі Қазақтың мемлкеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады.[1][2]
XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мүның өзі сыбызғының сол кезде халық түрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. ЭтнографИ. Липаевтық да мәлімдеуі көңіл аударарлық.
«Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Үш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жүп-жүқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады».
Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бүл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғынын, әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тиховбылай деп мәлімдейді:
«Түркістанда он екі жыл тұрып сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...»
Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуына ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы.
XVIII ғасырдың екінші жартысында атақты ғалым И. Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында жазып қалдырыпты:
«Ол түтікті, қалмақтар цур, татарлар курай, ал Жайық қазақтары (бүл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын сыбызғы деп те атайды... Бүл аспаптың жіңішке үшында үш ойық бар, оларды музыкант бір қолының үш саусағымен кезек пе кезек ашып-жауып түрады, ал екінщі қолымен, қажет болған кезде түтіктін, төменгі жағындағы сопақша ойықты жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен тілге тигізеді. Мүндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады».
Бүл суреттеудің біз үшін бағалылығы сол, мүнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға болады дегені назар аударарлық, ейткені біз мүндай тәсіл сыбызғы ойнағанда қолданылатынын білеміз.
А. Гейнс сирек кездесетін қүбылысты — сыбызғының сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бүл жайында ол былай деп жазады:
«...Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен қүрып, сауық-сайран салумен өткізеді, мүндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап «джабьязгының» көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мүңды сазына рахаттана қүлақ түреді».
КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде қорабы бар екі сыбызғы сақтаулы. Олардын, бірін Шоқан Уәлиханов сыйға тартқан екен.
Семейдегі Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық музейінде инвентарлық № 415 кітапта былай делінген:
«Қазақтың флейтаға үқсас бүл музыкалық аспабы екі шағын ағаш науадан жасалынған, науалардың қуыс жақтары бір-біріне қаратылып, сыртынан қойдың немесе ешкінің өңешімен қапталған. Түтік төменгі ойыққа қарай жіңішкере түседі, төменгі үшында үш ойық бар».
Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақыт алмайды: тәжірибелі шебер 10—15 минутта жасап алады. Бүл үшін ұзындығы 500—700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстын, анық шығуына жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең үшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.
Аспапты қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Металдан жасалған сыбызғыны этнографтар 1860 жылдары-ақ тапқан.
Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс бюлып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтаған. Беттестірілген екі ағаш не темір шеңбермен немесе ағаштың қабығымен қүрсауланған. Қораптың бір жақ үшы былғары белбеу тағылған тығынмен жабылады. Өне бойы ат үстінде жүрген шақта сыртындағы мықты қабы нәзік аспапты сынып қалудан сақтаған.
Бұл күндері сыбызғышыны тек Шығыс Қазақстан облысынан ғана кездестіруге болады. Сыбызғы Қазақстанның Батыс аудандарында ертерек жоғалған, онда белгілі сыбызғышыларды 1930 жылдары ғана көруге болатын еді. Бүдан байқайтынымыз, біздің ғасырымыздың басында-ақ бүл өңірде сыбызғы жоғалып біткен.Монғолиядағы қазақтардың ішінде күні бүгін де сыбызғы ойнайтындары көп көрінеді.
Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі.
Сыбызғының диатоникалық дыбыс қүрылысы түтіктің үзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады.
Сыбызғыда ойналатын күйлер аспаптын, диапазоны мен техникалық мүмкіндіктеріне тығыз байланысты болады. Күйлер негізінен әуезді. Әдетте қысқа фраза әр түрлі нүсқада бірнеше рет қайталанып отырады.
Төменгі регистрдің дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си нотасы, бірінші октаваға до-диез, ре-диез нотасы.
Орта регистрдің дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си; екінші октаваның до-диез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасы.
Жоғарғы регистрдің дыбыс қатары: екінші октаваның ля, си; үшінші октаванын, до-диез, ре-диез нотасы.
Аталған аспаптың, яғни сыбызғының негізгі дыбыстары мен дыбыс қатары әр түрлі болып келетіні оның ішкі құрылысына байланысты болады. Сыбызғының регистрі неғүрлым төмен болса, соғүрлым жоғары регистрдің дыбыстарын алу жеңіл келеді де, ал төменгі регистр соғұрлым баяу естіледі. Және керісінше,регистрі неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жоғарғы дыбыстарды алу қиындайды, ал төменгі регистрі күштірек естіледі. Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген үш ойығы бар сыбызғының дыбыс қатары мынадай: бірінші октаванық до, ре, ми, фа-диез нотасы.
Халық музыканттары үрлеу күшін өзгерту арқылы көп дыбыс шығара алған. Дыбыстардың жүйесін зерттей келе біздің көзіміз мынаған жетті: сыбызғыда ойнаушы халық шеберлері бұл дыбыс қатарын таңдауы өте орынды екен, өйткені осы арқылы дыбыстың тиімді жүйесіне қол жетеді.
Батыс Қазақстандағы төрт ойықты сыбызғының дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си, бірінші октаванын, до-диез, ре-диез, фа ноталары болады.
Шығыс Қазақстан облысынан бізге жеткен күйлер көбінесе әнге үқсас. Батыс Қазақстанның сыбызғыда ойналатын күйлері формасының күрделілігімен, диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді және аспаптық күйге жақынырақ болып келеді.
Халық музыканты бүл аспапта ойнау кезінде кейде төменгі регистрде бурдон сияқты болып естілетін дыбыс шығара алған. Сонда өзгеше тембр пайда болады.
Домбыра мен қылқобыз секілді халық ішінде жиылмалы сыбызғы да кездескен. Иесі Ысқақ Уәлиев болған нақ осындай сыбызғы жайында . А. Жүбановтың«Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады.
Сыбызғышылар өзгеше тәсіл қолданған, яғни түтіктің төменгі ойығын алақанымен немесе саусақтың жұмсақ етімен басып түрған, сондықтан аспаптың көлемі орындаушының қолының үзындығымен де байланысты болған. Төменгі бірінші ойықты оң қолдық бас бармағымен басқан, екінші және үшінші ойықтары сол қолдың сүқ саусағымен және шынашақпен басылған. Түтіктегі төртінші ойық оның сыртқы жағынан ойылған және сол қолдың бас бармағымен жабыдады. Кейбір орындаушылар аспапты сол қолына алып ойнайтын болған, ондай шақта ойықтардың саусағымен жабылатыны тиісінше өзгереді.
Бүйірінде ойықтары жоқ түтікпен үрлеу арқылы бірнеше обертонды дыбыстарды шығаруға боладьь Түтік ұзын әрі жуан болған сайын обертонды дыбыстары көбірек болады. Үзындығы 720 мм, жерде диаметрі 175 мм түтікті үрлегенде мынадай дыбыстар шығады: октаваның ля, бірінші октаваның ля, екінші октаваның ми, ля, үшінші октаваның до-диез, ми ноталары.
Бүдан басқа, төменгі ойығын саусақпен жауып түру арқылы түтіктен тағы бірнеше обертонды дыбыс алуға болады. Бүйірлік ойықтар пайда болғанға дейін қолданылған бүл ескі тәсілді сыбызғышылар күні бүгін де қолданады.
Бұл дыбыс қатары қарапайым әуенді ойнауға мүмкіндік береді.
Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың қүрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды.
1934 жылы Қүрманғазы атындағы оркестрдің құрамына Халық орындаушыларының Бірінші бүкіл Қазақстандық слетіне қатысқан музыканттар алынды. Қазақстанның түрлі аудандарынан, орындаушылық дәстүрлері әр қилы, музыкалық білімдері жоқ және өзгелермен қосылып ойнап көрмеген музыканттардан оркестр коллективін үйымдастыру жас жетекші А. Жұбановқа оңай бола қойған жоқ. Оның үстіне аспаптар да ансамбльмен орындауға икемделмеген болатын. Сыбызғыда Ысқақ Уәлиев ойнады. Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Ысқақтың репертуарына мына күйлер енді: «Қара жорға», «Қоңыр», «Шонай», «Мүңды к,ыз», «Сансызбай» және басқалар. Талантты музыкант Ысқақ өзі де күй шығарған. Олар: «Толқын» және «Кербез».
Сыбызғыны оркестрлік аспап ретінде пайдаланған шақта музыкант бүл аспаптың тым қара дүрсінділігі салдарынан көп қиыншылыққа кездескенін айту керек. Ал бұл шақта домбыра мен қобыз оркестрге қосылған соң-ақ тез дамып, жетіле түсті. Олардың техникалық мүмкіндік- тері өскен сайын оркестрдің репертуары да күрделілене берді. Осының бәрі сыбызғыны қайта жетілдіріп жасауды талап етті.
Осы кезеңде сыбызғыны жетілдіруде алғашқы қадамдар жасалынады. Белгілі музыка шебері И. Романенко бұл аспапты оркестрде ойнау үшін жетілдіру ісімен айналысты. Бүл мақсатқа жету үшін ең әуелі сыбызғының оркестр репертуарына сәйкес болуын қарастыру керек болды. Бірақ оркестрдің бүрауы ол кезде әлі белгіленіп болған жоқ еді. Оркестрдің жалпы даусын күшейту үшін алдымен домбыраның жалпы даусын күшейту қажет болды. Домбыраның әуелгі кездегі бүрауы кіші октава- ның ми мен үлкен октаваның си ноталары болған еді. Біршама кейін ол жартылай тонға, одан кейінірек соль-ре-ге (бір жарым тонға) көтерілді.1944 жылы Қазақ радио-комитеті жанынан халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылды, онда домбыралардың бүраулары кіші октаваның ля-ми болып келтірілді. Бірақ іс жүзінде бүл бұрау жарамсыз болып шықты, себебі халық күйлері өзінің жұмсақ қоңыржай әуенінен айрылып қалатын болды, оркестрдің даусы тым ащы шықты.
Әуелгі кезде сыбызғыны оркестрде пайдаланғанда тек халық күйлерінде қолданды. Ал Қазақстан композиторлары шығармаларының партитурасына келгенде іс қиынға айналдьі. Ы. Уәлиев негізінен қурайдан жасалған сыбызғымен ойнаған-ды. Ол сыбызғыны жай ғана тыңдай отырып күйге келтіретін. И. Романенко оған ағаштан бірнеше сыбызғы жасап берген еді, алайда олар қазір ені жерде жоқ. Бұл шебердің 1936 жылы металдан бес ойықты етіп жасалған бір сыбызғысы бүл күнде Москвада М. Глинка атындағы музыкалық мәдениеттің орталық музейінде сақтаулы.
1939 жылы бес ойықты етіп жасалған тағы бір сыбызғы Алматыда Орталық мемлекеттік музейде сақтаулы тұр. Бүл аспап өзінің үнімен 1936 жылғы жасалған нұсқаға келеді. Бүйірдегі ойықтардың диаметрі—10 мм. Ол сыбызғының дыбыс қатарын анықтағанымызда былай болып шықты. Кіші октаваның ля, си, бірінші октаванық до-диез, ре, ми, соль ноталары.
Төмендегі регистрдің өзгеше тембрі бар, бірақ үні тым баяу шығады. Бірінші октаваның ре мен соль дыбыстарынан басқасы таза естіледі. Сыбызғының даусы ортаңғы регистрде күштірек шығады. Тембрі жүмсақ. Жоғарғы ноталар үшінші октаваның ми, фа, соль ноталары ащы дауыс шығара бастайды.
Сөйтіп, бес ойықты сыбызғының дыбыс қатары мынандай: Аспапты жаңғыртып қайта жасағанда ойықтары, дыбыс қатары неғүрлым жүйелі болып келетіндей етіп орналастыру қажет. Зерттеу барысында төрт ойығы бар сыбызғыда дыбыстардың мынадай жүйесі белгілі болды: кіші октаваның ля, си; бірінші октаваның до-диез, ре, ре-диез ноталары.
Аспаптардың қолда бар нүсқаларын зерттей отырып, біз төмендегідей қорытындыға келдік, 1939 жылға дейін сыбызғы оркестрде ойнау үшін жеткілікті түрде жетілдірілмеген.
Ысқақ Уәлиев 1941 жылы майданға аттанғанда өзімен бірге мыстан жасалған сыбызғыны ала кеткендігі белгілі. Бірақ ол сыбызғы туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ.
Қүрманғазы атындағы консерваторияда 1945 жылы қазақтың халық аспаптары факультеті ашылғаннан кейін Ахмет Қуанүлы Жүбанов сыбызғы класын ашпақшы болған. Алайда сыбызғышы маманнын, жоқ болуына байланысты іс нәтиже көрсетпеді. 1961 жылы оқытушылыққа халық сыбызғышысы О. Қожабергенов шақырылады, ол кісі өз өнеріне студенттерді 2 жыл бойы үйретеді.
Сыбызғы ойнауды үйренудің анағүрлым күрделі процестерінің бірі одан майда қоңыр әрі ашық дыбыс шығара білу. Ойнаған кезінде түтіктің кең жағындағы тесігін үстіңгі тіске тигізеді. Жоғарғы ерін ауаны сыртқа шығармай тісті жауып түрады. Тілдің үшын түтікке тигізгенде онымен жоғарғы тістердіц арасында сәл саңылау болуы қарастырылады. Осы саңлауға келген ауа толқыны түтіктің шет-шетіне соғылады да қайта серпіле отырып дыбысқа айналады. Егер ойықтын, диаметрі 13—20 мм төңірегінде болса дыбыс оңай шығады. Неғүрлым қолайлы диаметрі — 17-18 мм.
Дыбыстың асқақ естілуі ауа толқынының күшіне байланысты, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы шарт. Егер ойналатын ойықты жартылай ашық ұстаса дыбыс жарты тонға көтеріледі.
Ағаш сыбызғыны көптеп жасап шығару үшін көлемі жағынан стандартты түтіктерді көптеп өндіретін өндіріс орны қажет. Ойықтардың белгілі бір бірыңғай жүйесін жасап шығару сонда ғана мүмкін болмақ.
Қурайдан сыбызғыны көптен жасап шығару бір есептен мүмкін емес, өйткені қурай сыбызғының ішкі қуысы біркелкі болып келмейді ғой. Мұндай жағдайда түйықтан шығудың бір жолы жез түтіктен сыбызғы жасау.
Біз нақ осындай түтіктен бірнеше сыбызғы жасап тексеріп көрген едік. Олардың үзындығы —503 мм, ішкі диаметрі —13,6 мм болып келген бірінен екінші октаваның ми-бемоль дыбысы алынды. Оны 49 мм-ге кішірейткенде дыбыс күшейіп, екінші октаваның фа нотасына дейін көтеріледі. Осы тәжірибенің нәтижесінде көлемі әлгіндей түтіктердегі ойықтардың ара қашықтығы қандай болуға тиісті екені анықталды.
Түтіктен дыбыс шығаруда сыбызғының бүйіріндегі ойықтар диаметрінің ролі айрықша. Сыбызғыда жеңіл ойнау, дыбыстын, тазалығы, тембрдің жағымдылығы көбінесе осыған байланысты. Алғаш рет тәжірибе жүргізілгенде ойықтардың диаметрі 5 мм болғанды. Бүл жағдайда орта регистрден дыбыс алу қиынға соқты, ал жоғарғы регистрде дыбыс мүлде өшіп қалды. Ойықтың диаметрі кіші болған сайын ауа тасқынын күштірек беру қажет. Ал мүның өзі ерін аппараты бүлшық еттерінің ширығуын, туғызады, тембрді күрт қатайтып жібереді, дыбыстың таза болуын бүзады. Кейбір дыбыстар шықпай қалатыдықтан шапшаң келетін пассаждарды орындау мүмкін емес. Егер ойықтың диаметрі 7 мм-ге дейін кеңейтілсе ойнау жеңілдейді, тембр жұмсарады, демді қатты-қаттышығарудың қажеті болмай қалады. Бұдан әрі ойықтардың диаметрі 11 мм-ге дейін кеңейтілді. Сонда жоғарғы регистрдегі дыбыс жүмсақ естілді, аспап дем шығарудағы сәл-пәл өзгерістердін, өзіие де ыңғай білдіріп ырыққа көніп отырды. Жүргізілген тәжірибелер сыбызғыда шебер ойнау оның ойықтарының көлеміне байланысты болатынына көз жеткізді.
Аспапты күйге келтіруді орта регистрден бастаған жөн. Сонда жоғарғы регистрдің дыбысы интонациялық жағынан біршама жоғары шығатын болады, ал төменгі регистрдікі төменірек болады. Бүл регистрлердің тазалығы ерінді қимылдату арқылы реттеледі. Күйге келтірудің бүл әдісі барлық регистрлерде де интонацияның тазалығына қол жеткізеді.
Егер түтіктің төменгі тесігін алақанмен немесе ортаңғы саусақпен жауып ойнаса, онда бүйірдегі ойықтарға бас бармақ қана қалатын болғандықтан біраз қиыншылықтар туары сезсіз. Тәжірибе жүргізіп көру үшін түтіктін, төменгі тесігі жабық етіп жасалынды. Мүндай жағдайда бүйірдегі төменгі ойығы түтіктін, төменгі тесіктің ролін атқарады. Айырмашылық мынада ғана, бүйірдегі бұл ойықты жабу төменгі түтіктің тесігін жабудан гөрі әлдеқайда оңай. Жабық түтіктің үзындығын таңдағанда бүйірдегі төменгі ойықты ашып-жапқан кезде аспаптың дыбыс қатарын байытатын обертонды дыбыстар пайда болуын қарастыру керек. Мысалы, егер түтіктегі бірінші ойықты_ кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ми дыбысы алынады, яғни, ля-дан жоғары квинта пайда болады.
Бұрынырақта сыбызғыда орындалған көптеген күйлер «шертпе» мәнінде тартатын домбырашылардың репертуарында сақталып қалғанын көреміз. Мүны сол орындаушылардын, өз аузынан естідік. Әдетте сыбызғышы мұндай күйлерді тек домбырамен ғана тартылатын күйлерден оп-оңай ажыратады. Сыбызғымен орындалатын күйлер өте әуезді, диапазоны шағын болып келеді. Халық ішінде сыбызғының күйлерін домбырамен қосылып орындаған. Бүлайша қосылып орындағанда домбыраны сыбызғыда тартылатын күйдің ыңғайына келтіріп бүрауын өзгертеді. Бұл ретте көбінесе домбыраны квинтаға келтірген жөн.
1967 жылы Таулы Алтай автономиялы облысының Ңосағаш ауданьіндағы қазақтардың арасында болып, халық музыкасы мен музыкалық аспаптарын жинағанымызда Монғол Халық Республикасының Баянүлгі аймағынан осында келіп концерт қойып жүрген қазақ артистерін кездестірдік. Олардың халық аспаптары оркестрі домбырашылар, қобызшылар, сондай-ақ сыбызғышылардан қүралған екен. Біз сыбызғышы К,алек Қумақаев пен домбырашы Ахмет Ыбыраевтың қосылып тартқан дуэтін алғаш рет осында еетідік. Олар орындаған халық күйлері: «Кербез қыз», «Фатима», «Бөкен жарғақ» және А. Ыбыраевтың «Ой толқыны». Ертеде сыбызғышы Ы. Уәлиев пен қылқобызшы Д. Мықтыбаевтың қосылып тартқаны белгілі. Олардың репертуарында қазақтың халық әндері «Saypern», «Ахау Бикем» және басқалар бар.
Біз сыбызғыны зерттеп үйреніп алған соң осы ансамбльдік ойынды қайта жарыққа шығаруға тырыстық. Кейін біз сыбызғы мен шаңқобызды, сыбызғы мен жетігенді, сыбызғы мен қылқобызды біріктірдік. Ендігі мақсатымыз жаңа дуэт жасау. Яғни: сыбызғы-шертер, сыбызғы-қамыс сырнай, сыбызғы-үскірікті қосып көру. Барлық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, орындаушылық өнерінің жаңадан қызғылықты формаларын табуға болады, тембрлерін өзгеше түрде келістіре үштастыруға да болады.
Тынысты дүрыс меңгеру, тербеліс, үрлеу тәсілі жағынан сыбызғы өзге үрлеп тартылатын аспаптарға, әсіресе флейтаға, ұқсастау. Айырмашылық негізінен дыбыс алу әдісінде ғана. Егер флейташы ауа толқынын ернімен бағыттаса, ал сыбызғышы тілімен бағыттайды.
Кейбір сыбызғышылар діріл-теобелісті ерінді қимылдата отырып туғызады. Диафрагма арқылы діріл туғызу сыбызғыда оң-ай. Мұндайда ойнаушының аузының бір бөлегі ашық қалғанымен ауа толқыны айдалаға кетпейді, өйткені ойнаушы ауаны қажетті мөлшерден асырмай бел- гілі бір бағытқа туралап шығарады. Сыбызғыда бір но- тәның ұзақ дыбыстауы шамамен флейтадағыдай.
Үрлеп тартылатын аспаптарда бір нотаны үзіп қайталау үш түрлі әдіспен жүзеге асырылды, яғни: тыныспен, тілмен және форшлагтармен.
Жоғарыда айтылғандай көп уақыт үмыт болып, тоқтап қалғаннан кейін ақыры әр түрлі музыкалық аспапта қосылып ойнау дәстүрі қайта өмірге келді. Бұл жолы Д. Мықтыбаев пен осы кітаптың авторы дуэт қүрады. Бүрынғыдағыдан бір өзгешелігі, біз күйлерді тартып үйрене бастадық. Алғаш 1970 жылы Алмат ыоблысына гастрольдық сапарға шыққанымызда Ықыластың «Қамбар батыр» күйін орындаған едік. Кейінірек Ықыластың және бір күйін «Кер толғауды» дуэтке салдық. Тембрі, әуені, ойнау тәсілі, дыбыстың күші жағынан сыбызғы мен қылқобыз жақсы үйлесім табады. Оларда орындалатын күйлердіқ сипаттары жағынан бір-біріне үндес болып келуі де осы екі аспапты ойдағыдай дуэтке қосуға жағдай жасайды.
Сыбызғы мен шаңқобыздың дуэті де жарасымды. Бұрын мүндай дуэттің болған-болмағаны жайында біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Бүл екі аспаптың үнін үйлестіру тіптен оңайға да түспеді. Шаңқобыз, сыбызғыда ойналатын мелодияның регистріне қарай күйге келтірілуі тиіс. Қосылып ойнағанда сыбызғы жетекші ролін атқарады да, шаңқобыз сүйемелдеу қызметін атқарады. Әсіресе, ырғағы ашық-айқын күйлер мен әндер бүл дуэтке жақсы келеді.
Профессор А. Жүбановтың айтуына қарағанда, сыбызғышы Ысқақ Уәлиев оркестрде түтігі кіші октаваның сибемольіне келтірген және дыбыс қатары минорлық болған сыбызғымен ойнаған көрінеді. Біз тәжірибеде көз жеткізу үшін нақ осылайша күйге келтірілген сыбызғы жасадық. Аспаптың қүлақ күйін әр түрлі тонда тексеріп көргеннен кейін халық күйлерін оркестрде орындау үшін бұдан қолайлысы жоқ екен деп таптық.
Сонымен қатар оркестрде негізгі тонын кіші октаваның фа дыбысына келтіруге болады.
Сыбызғыны жасау процесін баяндай кетелік. Ұзындығы—797 мм, жуан жақ ұшынық диаметрі—17 мм, жіңішке жақ үшының, диаметрі—11 мм, ішкі қуысы тазартылған қурайды алып, оның жуан жақ үшын сүйірледік. Сонда түтіктің негізгі дыбысы кіші октаваның соль дыбысы болып шықты. Қүлан күйін си-бемольға дейін көтеру үшін түтікті жіқішке жағынан 121 мм қысқарту жәнетөрт ойық жасау қажет болды. Ойықтардың ара қашықтығын тәжірибе жүргізіп барып анықтадық.
Негізгі дыбысы — кіші октаваның ля дыбысы болып келетінін, бүрынғыларына қарағанда, бүл сыбызғы төменгі регистрде күштірек және жоғары регистрде анығырақ дыбыс береді. Аспаптың диапазоны кіші терцияға ұлғайтылды. Ойнаған кезде түтіктің үшы тіске тигеннен қайрылып қалуы мүмкін, ал енді мүны болдырмау үшін түтіктің үшына мүштік кигізіп қойған жөн.
Оркестрде негізгі тондары әр түрлі бірнеше сыбызғыны пайдалануға болады.
Егер сыбызғының бүйіріне бес ойық ойылатын болса, онда бесінші ойықты бірінші мен екіншінің аралығына жасау керек, сонда бірнеше қосымша дыбыс алынатын болады. Бес ойықты түтік орта және жоғарғы регистрлерде дыбысты хроматикалық түрғыда жүйелеп шығарады. Алты ойығы бар түтік тек *'орта регистрден ғана хроматикалық, дыбыс қатарын туғызады. Алтыншы ойық бірінші ойықтан төменірек жасалмақшы.
Сыбызғының төменгі регистрінен бастап хроматикалық дыбыс қатарын алу үшін, он бір ойық керек, ол үшін клапандар болуы шарт. Осылайша бүл аспаптың оркестрдегі техникалық мүмкіншіліктерін кеңейтуге әбден болады.[3]
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата –бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б.Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 –ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды. Б.Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөлді: үрлемелі ұрмалы сілкімел іысқышты ішекті шертпелі тілшікті
Бүгінгі сабағымызда ұрмалы, сілкімелі аспаптарға тоқталамыз. Ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, дауылпаз, тұяқтас. Сілкімелі аспаптар: асатаяқ, қоңырау Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.
.Ертеде ұрмалы аспаптарды әскери ұрыстарда, аңға шыққанда, халықты бір орталыққа жинағанда белгі беру үшін пайдаланса, бақсы-балгерлер, малшылар мен бақташылар да өз мақсаттарына қолданған.
Дабыл -бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабылды ұрып ойналатын аспап деп қазақ ауыз әдебиетінде көп қолданған. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.
Даңғыра –бір жағы көн терімен қапталып ішкі қуысына әр түрлі сылдырмақ, қоңырау ілінген. Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрі бар: қазандауылпаз, нардауылпаз. Мысалы: қазандауылпаз қазан тәрізді шұңғыл. шанақты, үш бұрышты. Мұның бетіне малдың терісін кері салған да, күн көзіне кептірген.
Асатаяқ – тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңырау – қоңырау алты қоңырауы бар, сілкіп ойнайтын музыкалық аспаптың жетілдірген түрі. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыстың ауқымын түрлендіріп отыруға болады. Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына үш –төрт күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады.
Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспаптар тек қана мұражайда сақтаулы ғана емес, музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.
Домбыра – қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі.Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді.Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады.
Қылқобыз – әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші-балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі – прима қобыз.
Сазсырнай – саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.
Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.
Жетіген-шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. ХХ ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып,қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданаған-оның әуені аң аулауға шыққанда немесе алыс жораққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.
Сыбызғы- үрмелі көне аспап; Қурайдан, ағаштан, күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.
Шаңқобыз – темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз – ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.
Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.
Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.
Аспаптардың суреттерін көрсетіп, құрылысын айту.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.
Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.
Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.
К Оразалиева, өнертану ғылымының кандидаты, доцент
Мәдениетіміздің жарқын көрінісінің бірі – төлтума қобыз дәстүрі. Қобыздың көнелігі мен жетекші аспап ретінде алдымен ауызға алынатындығы және оның қасиетін жан-жақты суреттейтін көптеген археологиялық қазба жұмыстары мен жазба мұраларында айқын көрініс тапқан. Мұндай байырғы қыл қобыз сияқты синкреттік аспаптар көптеген түркітілдес Орта Азия, Сібір, Кавказ және Шығыс халықтарында сақталған. Ал, ішекті, ыспалы аспаптардың Отаны – Орта Азия, еуропалық скрипка аспабы қыл қобыздан бастау алған деген пікір бар.
Еліміз қобыз аспабы мен қобыз өнерін Қорқыт есімімен байланыстырады. «Қорқыт Ата энциклопедиялық» жинағына сілтеме жасасақ, қобызды аспап ретінде пайдаланып, ойнау дәстүрін Қорқыт өмірге әкелген екен. Жалпы, қобыз өнері бақсы-шамандардың ажырамас аспабына айналған, ал, бақсылық өнер Ортаазиялық көшпенді елдердің ең байырғы дін қалыбы (формасы) болғаны хақ. Төлтума қобыз дәстүрі синкреттік түрде бақсылардың ем-дом беру, жырау, ақын және музыкант сияқты қызметтерінде қалыптасқан. Қорқыт музыкасын да көшпенді елде ғасырлар бойы сақтап келген бақсы-жыраулар еді. Олардың істеген кәсібі, әдеті, дағдысы – музыканы жан-тәнімен сүюі. Бақсылар, ақын-жыраулар Қорқыттың қобызына қосып, сарын айтатын, қобызбен боздатып күй тартатын. Сондықтан, ерте заманда қазақ бақсылары, отандық ғалым Ә.Марғұланның пайымдауы бойынша: өзінің білімімен керемет ой иесі атанған, олар жәй адамнан анағұрлым биік тұрған. Олар – әрі ақын, әрі сазгер, әрі сәуегей, оның үстіне, емші. Елдің көбі ақын бола алмайтыны сияқты, қазақтың бәрі бірдей бақсы бола алмаған.
Мысалы, Ықыластың жеті атасына дейін шебер қобызшылар болғаны тарихтан белгілі. Ықылас Дүкенұлының шығармашылығында аңыздар мен жаңа тақырыптар, сюжеттер игеріле бастаған. Мұнда ойнау барысында алуан түрлі иірімдер қосылып, ойнау әдістері жаңартылып, көне аспап жаңа деңгейге көтерілді. Өкінішке орай, XІX ғасырда Қазақстанда әр салада жүргізілген алуан түрлі жаңа бастамалар өзінің кері әсерін бақсы-шамандардың өнері мен қобызға тигізген. Әртүрлі ауруды емдейтін, қобыз аспабынсыз жүрмейтін бақсылық процесс сол кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде XX ғасырдың басында бақсылық өнер мен қобызда тартылатын шағын сарындар мен күйлер жойылып кете жаздап, Қорқыт пен Ықыластың (1843-1916) санаулы ғана шығармалары біздің дәуірге жеткен. 30-шы жылдардың ортасында көрнекті тұлға, академик, музыкатанушы А.Жұбановтың басшылығымен мәдениетімізде басталған өзгерістерге байланысты, санаулы күйшілерді жинауға мүмкіндіктер туды. Осындай іс-шаралар арқылы елдің түкпір-түкпірінен жиналған музыка шеберлері, аспапшылар өз өнерлерін қалың жұртқа таныстырып, Қорқыт пен Ықылас Дүкенұлының бай күйлерін біздің уақытқа жеткізді. Осы салада қобыз дәстүрін мұқият сақтап келген санаулы қобызшыларымыз Ж.Қаламбаев (1909-1969) пен Д.Мықтыбаевтың (1905-1976) еңбектері орасан зор. Осы уақытқа дейін олар қыл қобызда ойнаудың әдіс-тәсілдерін, техникалық мүмкіндіктерін күрделендіре дамытып келді. Сөйтіп, ұмытылып кете жаздаған қыл қобыз өнері өз жалғасын 60-шы жылдары тапты. Сол жылдары белгілі композитор, халық әртісі Е.Рахмадиевтың басшылығымен Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда қыл қобыз сыныбы ашылды. Дәстүрлі аспап қайта жаңғыртылып, даму жолына түсті. Нота сауатын білмесе де, Ж.Қаламбаев пен Д.Мықтыбаев консерваторияға шақырылып, қобызда ойнау дәстүрін жалғастырып, шәкірттер тәрбиелей бастады. Бертінде оркестрге халық күйлерінен басқа, отандық композиторлар арнайы шығармалар жаза бастады. Атап айтсақ, М.Қойшыбаевтың «Жастар», «Аққу», «Советтік Қазақстан», «Құрманғазы», «Туған өлке» поэмалары мен «Қызыл құм» атты музыкалық суреттемелер, С.Мұхамеджановтың «Дауыл», «Шаттық отаны», Н.Тілендиевтың «Бостандық таңы», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Еңбек қуанышы», «Алтын дән», «Қайрат», М.Маңғытаевтың «Концерттік күйі», К.Күмісбековтың «Қорқыт туралы аңыз», «Фараби сазы», «Ықылас туралы аңыз», «Дала сыры», «Кербезім» атты поэмалары үлкен монументальдық шығармаларға айналды. Сондай-ақ, Е.Рахмадиевтың «Дайрабай», «Құдаша-думан», Т.Қажығалиевтың «Қыз қуу» сияқты симфониялық шығармалары мен күйлері дүниеге келіп, репертуарлар молайды. Қазіргі уақытта көптеген оқу орындарында, музыка колледждерінде, консерватория мен музыка академиясында қобыз сыныптары ашылып, шәкірттер тәрбие алуда. Халықтың және кәсіби музыканттардың арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Еліміз егемендік алғалы халық бұрынғы-кейінгі бағдарына байыпты қарай бастады. Ұмыт бола бастаған тарихи мұраларды жаңғыртуға бет бұрды. Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында музыка өнері құнды деректермен толықтырылды. Болашақ ұрпаққа атадан қалған мұраны жеткізуге мүмкіндіктер туды
ІІІ. Музыка тыңдау: Арал аудандық «Қазанғап» атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында композитор Шабельский –Шаргородскийдің «Той бастар» күйі тыңдалады.
Ұлттық аспапта өзге ұлттың музыкасын орындауға болады - Қандай аспаптардың дауысын естідіңдер? - Оркестрдің құрамы қандай?
Ноталардың астында сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер қазіргі үйренетін әніміздің тақырыбы шығады.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыкасы Мақсаты: Оқушыларға қазақтың халық музыкасының қалыптасуын, халықтың ой –арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру . Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Нақыл сөзі: Өнегелі өнер –ұрпаққа мұра Әдіс –тәсіл: көрнекі баяндау, сұрақ –жауап, ой –бөлісу, талдау Жұмыс түрлері: оқулықпен жұмыс, суретпен жұмыс, шығармашылық жұмыс Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, музыкалық аспаптар т.б. Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Мұғалім сұрағы Аспаптар ойналуына, тартылуына орай қалай жіктеледі? Жауап: Ішекті, шертіп ойналатын аспаптар Ысқышпен орындалатын аспап Ұрып ойналатын ұрмалы, соқпалы аспаптар Сілкіп ойналатын аспаптар Үрлеп ойналатын аспаптар Сым тілшелі аспап Мұғалім сұрағы: Енді жіктелуіне байланысты аспаптарды толық айтып шығалық. Оқушылар жауабы: Ішекті, шертіп ойналатын аспаптарды ата: (домбыра, шертер, жетіген) Ысқышпен орындалатын аспап: (қобыз, қылқобыз, нарқобыз) Ұрып ойналатын соқпалы, ұрмалы аспаптар: (дабыл, даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, кепшік, дудыға) Сілкіп ойналатын аспаптар: (асатаяқ, шың, сылдырмақты қамышы, қоңырау, тұяқтас, шартылдақ, сақпан) Үрлеп тартылатын аспаптар: (сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқырауық, керней мүйіз сырнай, ұран) Сым тілшелі аспап: (шаңқобыз) Қосымша сұрақтар: а) қобыз аспабын ойлап тапқан күйші кім? ә) Қ.Мырзалінің домбыра туралы айтқан сөзі? б) Тиек орнына асық қойылған қай аспап? ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақтың халық музыкасы Жоспар: Халық музыкасы –халық өмірі Халық музыкасын тудырушылар а) Аңыз күй «Асқақ құлан» Кетбұға ә) Тарихи ән –күйлер. Х/ә «Елім -ай», Құрманғазы «Кішкентай» б) Тұрмыс –салт –әндері мен күйлері в) Шығармашылық жұмыс 3) Қорытынды І. Халық музыкасы –халық өмірі. Мұғалім сөзі: Расында да, халық музыкасы халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды.Ән –күй арқылы әдет –ғұрып, салт –дәстүр ұрпақтан –ұрпаққа жетті. Көшпелі халқымыз ән –күйді, рухани мәдениетке азық ете білді. Халықтың қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады. Әр халық композиторы –белгілі бір дәуір, ғасырдың перзенті. Демек, олар өз уақытында қалың көпшілік қауымға белгілі болған тарихи тұлғалар, өзі өмір сүрген кезеңнің жыршысы. ІІ. Халық музыкасын тудырушылар –өз елінің жанашыр жаршылары. Халықтың музыкалық мұрасы әншілік және аспаптық деп екі бағытта жіктелді. Музыка әлем мәдениеті тарихында, әр түрлі тарихи кезеңдерде әрқандай міндеттерді атқарғаны белгілі. Аңыз күйлер тақырып жағынан сан салалы болып келеді. Көптеген күйлер жаугершілік заман хикаяларын, тұрмыс –салт көріністерін, хайуанаттар өмірін, кең қоныс, жер –су жайын баяндайды. Кейбірде адамның өмірі мен өлімі жайлы да философиялық ой толғанысы да негізделеді. Мысалы: «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы туралы аңызды еске мына суреттеме арқылы еске түсірсек: (оқушылар «Ақсақ құлан» туралы аңызды суреттемеге қарап әңгімелеп береді) Мультфильм «Ақсақ құлан» соңғы ханға естірту бөлімі көрсетіледі. ІІІ. Қазақтың тарихи ән –күйлері Қазақтың тарихи ән – күйлері қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларға байланысты туған. Мысалы: 1723 жылы басталып, ұзаққа созылған Жоңғар шапқыншылығының «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ауыр кезеңінде шыққан халық әні «Елім -ай» еді. «Елім -ай» әнінде сол бір аласапыран заманда әке баласынан, бала анасынан, аға –қарындасынан, іні –ағасынан дегендей бір –бірінен айырылған ащы зары, елінен, туған жерінен айырылған туған жандардың сағыныш мұңы суреттеледі. «Елім -ай» әнін орындау Мұғалім сұрағы: Ән қалай орындалады. Әнде қайырма бар ма? Ән тақырыбы мен музыкасы үндесе ме? Ән кімдікі? Енді тарихи күйге тоқталамыз. Соның ішінде Құрманғазының көптеген күйлері бар. Соның бірі Құрманғазының «Кішкентай» күйі қалай шыққан еді. Расында Құрманғазының «Кішкентай» күйі, Батыс Қазақстан өңірінде, Жәңгір ханның билік етуі тұсында Ресей патшалығының әділетсіз үстемдігіне қарсы 1836-1838 жылдар аралығында Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі оқиғаларына арналғандығы. Құрманғазының «Кішкентай» күйін тыңдау. IV. Тұрмыс –салт –дәстүрге байланысты әндері мен күйлері. V. Шығармашылық жұмыс. Өнер туралы мақал –мәтелдерден жарыс өткізіледі. VІ. Бекіту сұрақтары. Салт –дәстүрге байланысты қандай әндер білеміз? «Елім -ай» әні мен «Кішкентай» күйі қандай ән мен күйге жатады? Қазақ музыка өнерінің дамуына үлес қосқан қандай композиторларды білесің? VІІ. Бағалау. К.Қуатбаевтың «Ән сабағы» әнімен сабақты аяқтау. VІІІ. Үйге тапсырма. «Елім –ай» әні мен «Кішкентай» күйінің шығу тарихы. Ән
Еркеғали Рахмадиевтің ерекше қасиеттерінің біріне аспаптық үн табиғатын терең сезінуі жатады. Бұл қасиеті өзгеше білінеді. Композитор симфония жазған жоқ. Ертеректе жазылған симфониялық поэмалары негізгі шығармаларға жатпайды. Оның шығармашылығының көрсеткіштеріне симфониялық күйлері жатады, Тек осы туындыларында оның аспаптық табиғатын байқауға болады. Композитор домбыра күйлерін симфониялық оркестрдің үні арқылы жаңа жағынан таныта білді. Кішкентай кезінен домбырада ойнаған композитор, екі ішекті қарапайым аспапқа арналып жазылған музыканың мәнерлігін, көркемдігін, әсемдігін керемет білген. Ол қазақ күйлерінің рухани бай тереңдігі еуропалық жанрларға сыймайтындығын сезінді. Алайда, жауап өздігінен келді – күй материалдарын басқа жанрларда тек қолдана ғана қоймай, жаңадан күй шығару керек. Еркеғали Рахмадиев Қазақстан композиторларының ішідегі әйгілі халық күйлерінің авторлық нұсқаларын шығарған бірінші композитор болды. Осылайша,оның шығармашылығында ерекше оркестрлік күйлердің бірнеше түрлері пайда болды: «Дайрабай», «Құдаша-Думан», «Орытпа», «Серпер». Рахмадиевтің жаңашылдығы келесіде болды: композитор «дәстүрлі күйді күй жанрында көрсетті ». Рахмадиев күйі концерттік орындалуға арналған симфониялық шығарма болып өзгертілді. Өзінің «симфониялық күй» деген атауында да дәстүрлі домбыралық пьесаға автордың өзіндік көзқарасы мен ойы көрініп тұр. Оның мәні – әртүрлі мәдениеттерге жататын жанрлардың жақындасуы: жазбаша және ауызша, батыс және шығыс. Бұл идея өте жемісті болды, және де бірінші күй өзінше аса жетілген болып шықты. Ол, симфония тәріздес аспаптық дамудың нақ логикасы бар музыка болып табылды. Және срншалықты нақ логикасы тек симфониялық процесспен ғана ассоциациялар тудырады. Сөйтіп, күй симфоонизмі туралы ой пайда болды. Бұл ойды ең бірінші болып Асафьев айтқан-ды. «Әндердің де, аспаптық импровизациялардың (домбырада – А.Б.) да құрылысында симфонимялық дамудың көптеген мүмкіндіктері қалыптасықан...» . Еркеғали Рахмадиев күйді өзіндік жанр ретінде бөле отырып, бастапқы материалдың органикасын бұзған жоқ. Алайда, музыка домбыралық пьесаның бай үндік табиғатын барынша көрсетті. Бастапқы екідауыстылық симфониялық оркестр құралдарың көмегімен көпдауыстылыққа өтті. Бұл шығарманың оркестрлік нұсқасының арқасында бүкіл регистрлерді және барлық жоғарылықтағы дыбыстарды бір уақытта қолдануға кең мүмкіндіктер пайда болды. Осы негізде халық күйінің авторизацияланған нұсқасы құрылды. Композитор оны пьесаны өзіндің «оркестрге арналған интермеццо» ретінде үлкен симфониялық оркестрдің құрамына арнап жазған. Оның музыкасы көптеген оркестрдің тутти ретінде берілген керемет сололарыне толы. Рахмадиев фактуралық-тақырыптық гомофондық бөлу принципін көптеп қолданған, олрады сололық және фондық деп бөлген. Нағыз күй табиғатын соншалықты терең түсінген Рахмадиев ритм сферасына көп көңіл бөледі. Оның музыкасында халық пьесасының қайталанбастығын білдіретін ритмикалық түрлердің «концентрациясы» (советтік музыкатанушылықта кеңінен таралған термин) байқалады. Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларының симфониялық нұсқаларының негізіне айналған халық күйлері, әртүрлі стильдерге жатады. Мысалы, әйгілі «Дайрабай» - Шығыс қазақстанның музыкалық дәстүрінің үлгісі. Күй, оны шығарған композитордың атымен аталған. Дайрабай 19 ғасырда өмір сүрген және үлкен физиологиялық күшімен белгілі болған. Дайрабай колониалдық жүйеге қарсы күрескер ретінде атағы шыққан, және бірнеше рет түрмеге жабылған. Күйдің симфониялық нұсқасын шығара отырып Еркеғали Рахмадиев «бас буын» материалына сүйенген.
5 сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: Айтыс өнері,айтыс түрлері
Сабақтың мақсаты: Айтыс өнерін терең танытып, жаңа ақпарат бере отырып музыкалық танымдарын кеңейту, оның өмірмен байланысын, эстетикалық, рухани байлығын және музыкалық маңыздылығын түсіндіру арқылы қазақ музыкасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: : музыкалық аспаптар. DVD(дискі)
Пәнаралық байланыс: тарих Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі.
Сабақтың кезеңдік мақсаттары:
1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.