Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лллл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

Өмірбаяны:

Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). 1942; Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысы туған.Қазақ ССР-інің халық артисі (1942 ж.) Бес-алты жасынан әншілік өнерге ден қойған. Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек Балғабайұлынан үйренген. Әншілер Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев шығармашылығымен танысады. Соларды өзіне ұстаз тұтады. 1920-22 жылдары Семейдегі "Ес аймақ" труппасының спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1922-30 жылдары Түрксиб темір жол құрылысы мен ет комбинатында жұмыс істеді, бірақ ән өнерінен қол үзбеді. 1931-35 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы драма театры), 1935-60 жылдары Қазақ Мемлекеттік филармониясында қызмет етті. 1960 жылдан "Қазақконцерттің" әнші – солисі. 1933-38 жылдары Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясынан Әлібектің, "Қыз Жібек" пен "Айман-Шолпан" операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын айтты. Драмалық спектакльдерде ойнаған. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942-43 ж.) концерттік бригаданың құрамында болып, Калинин майданы жауынгерлеріне мәдени қызмет көрсетті. Осы сапарында жауынгер-композитор Р.Елебаевтың "Жас қазақ" әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихаттады. 1967 жылдан Қазақ эстрадалық студиясында педагогтық қызметпен айналысты.

Репертуары:

Ж.Елебеков репертуары негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндерінен ("Ардақ", "Ағаш аяқ", "Айтбай", "Жамбас сипар", "Жиырма бес", "Қанатталды", "Құлагер", "Сегіз аяқ", "Сұржекей", т.б.) тұрады. Ол орындайтын әндерінен аса ұқыптылық, суреткерлік талғаммен қарайтын лирик әнші. Ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түседі, домбра сүймелімен образ жасайды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде (1936, 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында (1950, 1955), Моңғол Халық Республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968),. Ленин орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен және медальдарымен марапатталған. Ж.Елебековтың құрметіне Егіндібұлақ селосындағы музыкалық мектепке, көшеге оның есімі берілген. Қазақ әнінің ардағы Жүсіпбек Елебековтің 90 жылдығы тұсында Қарағандыда дүниеге келген халық әндері мен халық композиторларының әндерін орындаушы жас әншілердің облыстық байқауы өтті. Бүгінде аймаққа ғана емес, бүкіл елімізге кең танылды. Алғашқы байқаудан кейін, араға екі жыл салып өткізген Жүсіпбек Елебеков атындағы II облыстық байқау ән әлеміне бұрын танылмай келеген талай талантты таныстырды, өнер өлкесіне сәт сапар тілеп, биіктерге самғатты… Ал, 1994 жылы Ж.Елебеков атындағы I республикалық байқау өтті. «Хаулау»- Әні Жаяу Мұсанікі, орынд. Ж. Елебеков.

Музыкалық сауат: а) Аранжировка – әуенді хорға немесе басқа аспаптың орындауында ыңғайлап өңдеу, лайықтау.Франсуа тілінде «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді.

ә)Кульминация – музыкалық шығарманың шарықтау шнгі. Ол шығарманың оқиға желісініңк,шнйуін көрсетеді Латын тілінен аударғанда ол «шың» «шарықтау» деген мағынаны білдіреді.

Үйретілетін ән: «Айгөлек» әні Б.Байқадамов.

Сөзі Н.Баймұханбетов

5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау.

6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.

7.Үйге тапсырма беру: «Алғашқы ұстазым» жаттау

4 ‘а’ сыныбы. Музыка. 12.10.2013 ж. Бекітемін:_________

Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Оқушыларға қазақ халқының музыкасын таныстырып музыкалық білімдерін көтеру.

ә)дамытушылық: Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау,қабілеттерін дамыту.

б)тәрбиелік: Олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар. DVD(дискі)

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру

1.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.

3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.