
- •Портал музыки Фортепиано
- •37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
- •38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
- •2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Өмірбаяны:
- •Репертуары:
- •Шығармашылығы:
- •Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Асан Қайғы Сәбитұлы
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •1.Ұйымдастыру.
- •3.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
- • Қобызды ұлттық брендіге айналдыратын уақыт жетті
- •6 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Нұрпейісова Дина
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •III.Өмірбаяны:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Сабақтың мазмұны Құлагер
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •4.Жаңа білім игеру. Тақырыбы: тілепбергенұлы қазанғап
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 19.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 26.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 03.10.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •1 Саусақ басбармақ төмен тұрады
- •4 Саусақ басбармақ
- •VI.Сабақты қорытындылау:
- •VIII.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
Сөзі С. Тұрдалиев.
Отан жәйлі әңгімелеу, өлеңнің әнін үйрету.
5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.
7.Үйге тапсырма беру:
Үйден тақырыпты оқу.
4 ‘а’ сыныбы. Музыка. 14.09.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: Ұстазды ұлы тұтқан күйші – Төлеген Момбеков
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Сынып оқушыларына аталған тақырып жайлы
жан-жақты мысалдар арқылы түсініктер беру.
ә)дамытушылық: Сынып оқушыларының музыкалық білімін арттыру.
б)тәрбиелік: Сынып оқушыларын өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,музыкалық аспаптар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
1.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Төлеген Момбеков
1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам. Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады.Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері: Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…».Сугірдің шәкірті Төлеген Момбеков, Төкеңнің шәкірті Жаңғали Жүзбай, Жакеңнің Шәкірті мен ағайын) Өзім сүйетін «Салтанат» күйінің қалай шыққанын баяндайық. 1969 жылы Төкеңнің асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен артында қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: «Апама айтам» деп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші бір түрлі болып кетіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: «Қайтемін, жаным-ау» деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын «Салтанат» деп қояды. |
Хор поэмасы – оратория сияқты хор музыкасының бір жанры .Онда нақтылы оқиғаға байланысты алынған музыкалық бейне, ой қамтылады.
Хор музыкасы – хор ұжымына арналған шығарма.
Үйретілетін ән: «Айгөлек» әні Б.Байқадамов.
Сөзі Н.Баймұханбетов
5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.
7.Үйге тапсырма беру: Өзім сүйетін «Салтанат» күйінің қалай шыққанын баяндау.
4 ‘а’ сыныбы. Музыка. 21.09.2013 ж. Бекітемін:_________
Сабақтың тақырыбы: Ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Музыка аспабына үйрету сабағы білімгерлерге жеңіл музыка шығармаларын өздігінен талдап, үйреніп, оны орындап беруге дағдырландыруы керек..
ә)дамытушылық: Сынып оқушыларының музыкалық білімін арттыру.
б)тәрбиелік: Олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар,домбыра, нота.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың түрі: Қазіргі дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
1.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
б) Манарбек Ержанов
Ержанов
Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор.
Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері,
Біржан сал (және басқалары) сияқты
композиторлар - әншілердің
композиторлық-әншілік мектебін лайықты
тұрақты жалғастырушы болып табылады.
Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды
өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды.
Ержановтың көп қырлы таланты оның
әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса
ән мен күй шығарды. Халық арасында оның
“Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”,
“Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары
жақсы танымал.
Ержановтың
шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін
оның домбыраға арналған күйлері құрайды.
Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу”
және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік
өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі
мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге),
“Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан)
және т. б. опералардағы партияларды
шеберлікпен орындауынан көрінеді.
Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл
атындағы Мемлекеттік филормониясында
белсенді концерттік қызметімен
ерекшеленеді.
Манарбек Ержанов Қарағанды облысы Қарабұлақ деген жерде Қарқаралы маңында дүниеге келді. Атақты Қарқаралы … қазақ мәдениетінің ән мен күйінің пайғамбарлары «үйірімен үш тоғызы» Әміре мен Жүсіпбек, Естай мен Қали, Қосымжанды берген құнарлы топырақта Манарбектің тууы тегіннен тегін еместі. Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болатын. Әкесі қол өнерінің асқан шебері темірден түйме түйетін ісмер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған.
Манарбекті өнерге баулыған ұстазы атақты дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші еді. Болашақ арқа ән дәстүрінің майталман шебері Манарбек үшін ұлттық өнеріміздің аңызы болған Әміре Қашаубаевтың өнері биік бедел үлгі-өнеге болды. Әнші жастайынан-ақ Сары арқаның әншілік мектебінің қыры мен сырын бар құпыясын жетік меңгеріп Біржан салдың, Ақан серінің, Жарылғапбердінің, Естай мен Жаяу Мұсаның, Шашубайдың әндерін тамылжыта шырқады.
Манарбек Ержанов Қазақ драма театрының (1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934 ж.) – болашақ опера-балет театрының (1937 ж.) алғашқы әртісі болып ұлттық өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиевтермен бірге тұңғыштар тобында сахнаға шықты. Ғарифолла Құрманғалиев екеуі бірсыпыра ұлттық операларда рольдерді кезектесіп, бөлісіп ойнады. Екеуі де шебер, біріне-бірі сай, тең.
1936 жылы қазақ өнерінің Мәскеуде өткен Декадасына баратын бірінші тобында Манарбек те, Ғарифолла да болды. «Қыз Жібекпен» ашылатын Декада шымылдығында Шегенің ролін ойнауға екі жампоздың қайсысы шығатыны үлкен жауапты мәселеге жетті. Ақыры таңдау Манарбек Ержановқа түсті. Ақын Шеге бейнесін айқара ашып көрсететін көтеріңкі көңілдегі музыкалық беташарды Манарбектің өзі тауып қосқан еді. Кейін Е.Брусиловский осыны еске алып – «Мен көптен бері осы жерге бір халықтық әуенді таба алмай жүретін едім, оны
Манарбектің өзіне де айтқам. Манарбек бір түннің ішінде ертеңгі ойынға халықтың ақындық өнеріндегі осы бір жарқылдаған термені тауып келді» – деп есіне алған еді. Ахмет Жұбанов: - «спектакльден соң атақты академик-музыкатанушы әрі композитор Б.В.Асафьев «О, мынау әнші ғажап қой! Мәскеуге қазақтың кең даласының бар кереметін көшіріп әкелді-ғой» – деп шаттана сөйлеп Манарбектің қандай музыкалық мектеп бітіргендігін сұрады. Манарбекке берілген бұдан артық биік баға болмас, өйткені мұндай мақтауды кеңестік дәуірдің атақты музыка корифейінің өзі бергені ғажап еді» - деп жазды.
М.Ержановтың кеңестік қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесін үкімет жоғары бағалады. Оған Қазақ КСР-ң Халық әртісі құрметті атағы берілді, Қызыл жұлдыз және «Құрмет белгісі» ордендерімен, үкіметтің мақтау қағаздарымен марапатталды. Алайда оған берілген ең зор да үлкен атақ – ел құрметі, халқының махаббатымен зор сүйіспеншілігі, ұлы дарын заңғар әншіге деген ыстық ықласы оның әншілік азаматтық қасиетін асқақтата, сәулелендіре, арттыра түсері сөзсіз.
Сынып оқушыларына «Қазақстан ұландары» әні үйретіліп,вариация ұғымына түсініктер беріледі.
Варияция - музыкалық шығармада негізгі тақырыптың екпін, ырғақ. динамика арқылы түрлі өзгеріске ұшырап, құбылып отыруы. Ол латын тілінен аударғанда «өзгеру», «түрлендіру»,деген мағынаны білдіреді.
5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.