
- •Портал музыки Фортепиано
- •37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
- •38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
- •2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Өмірбаяны:
- •Репертуары:
- •Шығармашылығы:
- •Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Асан Қайғы Сәбитұлы
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •1.Ұйымдастыру.
- •3.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
- • Қобызды ұлттық брендіге айналдыратын уақыт жетті
- •6 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Нұрпейісова Дина
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •III.Өмірбаяны:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Сабақтың мазмұны Құлагер
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •4.Жаңа білім игеру. Тақырыбы: тілепбергенұлы қазанғап
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 19.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 26.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 03.10.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •1 Саусақ басбармақ төмен тұрады
- •4 Саусақ басбармақ
- •VI.Сабақты қорытындылау:
- •VIII.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
6 Сыныбы. Музыка.
Сабақтың тақырыбы : Қайран нарын.
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: а) оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Махамбет бабамыздың өмірімен, шығармашылығымен, ақындық, термешілік өнерімен таныстыру; ә) оқушыларды қазақтың ақындық шығармашылық өнеріне тартып, оқушы білімін тереңдету.
б)Тәрбиелік:Қазақ халқының әдеби-музыкалық мұрасын құрметтейтін, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін азамат тәрбиелеу. Махамбет ерлігі арқылы балаларды патриоттыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру
в)Дамытушылық: Оқушылардың тыңдаушылық, орындаушылық, ойлау қабілетін дамыту. Жыр-термеге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, үйрету, топтастыру, интерактивті тақта
Сабақтың көрнекілігі. суреті, күйтаспа
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірліктерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырма берілді?
III.Өмірбаяны:
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді. Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды. Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады.
Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы «Қайран Нарын» күйі
Ә.Еспаев «Ел қорғауға әзірміз» әні орындау
Махамбет Өтемісұлы кім?
ақын жыршы ( 1803-1846)жж батыр сазгер күйші
ІV. Махамбеттің қандай күйлерін білесіңдер?
Күйлері: «Қайран Нарын», «Өкініш», «Жұмыр қылыш» т.б.
«Қайран Нарын» күйі не туралы еді?
«Қайран Нарын» күйі елден қашықта жүргенде туған жерін сағынып шығарған күйі
.Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Махамбет Өтемісұлы Ресей отаршылдығының барша ауырлық-тауқыметін басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Отаршылдық саясат — сол кездегі ел билеушілері қазақ халқына озбырлық көрсетті , олардың жерлерін тартып алды, халық аш-жалаңаш қалды. Сондықтан да 1836-1837 жылдары әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілген кезде оларға дем беруші Махамбет болды. Ол Исатай батырмен екеуі азаттықтың туын қолдаса көтеріп шықты. Осындай жорықта жүрген кезінде Махамбет ел шетінде ауылының қарасын көріп, түтінін сезіп жүрсе де, көрісе алмағанына налып, елін сағынып шығарған күйі еді. Күйден үзінді тыңдалады. Қалай орындалды? «Қайран Нарын» күйі –ызалы, зарлы, мұңды орындалады. Міне, балалар біздер Махамбет атамыздың елін қорғаған батыр екенін, оның композитор болғандығын, оның күйшілік қырынан танып білдік. Ол сонымен қатар ақын, жыршы да болғандығын біз жоғары сыныпта әдебиет, тарих сабағынан оқып білетін боламыз. Бізде Махамбет бабамыз секілді елімізді, жерімізді қорғайтын азамат боламыз ба, балалар?
Сендер қалай үлес қосар едіңдер?
Біздер Отанымызды сүйіп, сабағымызды жақсы оқимыз, білімді адам боламыз.
Жарайсыңдар балалар. Олай болса, бәріміз қосылып «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындап жіберейікші
Сонымен, балалар өзінің күйлерімен, жалынды жырларымен елінің болашағы үшін күрескен Махамбет
Өтемісұлы артына өшпес мол мұра қалдырды.( Махамбет пен Исатайға арналған ескерткіш, драма театр бар)
Тыңдалатын күй: Әсем қоңыр
Үйретілетін ән: Үш бақытым әні:Ж. Еңсепов. Сөзі:М.Мақатаев.
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екіншісі бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кейде – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай,Арқа, Алатауға!!!
Отан жәйлі мақал – мәтелдер айту.
V. Үйге тапсырма Тақырыпты оқып келу. Қорытынды.Оқушыларды бағалау
Музыка 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: көйшінің өзіндік мұратын таныту, көйлерін таныту, жатқа білу, көйлерінің тақырыбы мен идеясын ашу;
2) дамытушылық: оқушының дүниетанымын кеңейту, ойлау шеберлігін, тыңдау мәдениетін жетілдіру, ой ұшқырлығына баулу, өз бетімен жұмыс жасай алуға, күй үйренуге дағдыландыру;
3) тәрбиелік: Домбыраны қадірлеп, қастерлеуге, қамқорлық жасауға, эстетикалық тәрбие беру арқылы музыка өнері секілді көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың типі: қалыпты, аралас, дәстүрлі сабақ
жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: ой қозғар, сұрақ-жауап, талдау, ой сергіту .
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, интерактивті тақта, оқушының жұмыс дәптері т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Күй
атасы, сазгер, асқан дүлдүл домбырашы,
қазақтың аспаптық музыкасының (күйдің)
классигі XIX ғасырдың 23 жылдары (1823 ж)
қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы
ауданындағы Жиделі деген жерде дүниеге
келген. Әкесі Сағырбай кіші жүздегі
Қызылқұрт руынаҚұрманғазы жастайынан
домбырашылығымен көзге түседі. Оның
күйшілік өнердегі алғашқы ұстазы, бүкіл
Қазақстанға танымал болған Ұзақ күйші
болды.
Сол кездегі дәстүрге орай
Құрманғазы ұстазымен бірге ел аралап,
домбырашылық өнер сайысына түсіп,
жұртшылық назарына ілігеді. Жас домбырашы
Бөкей Ордасының атақты күйшілері
Байжұма, Баламайсаң, Байбақты, Соқыр
Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп,
шеберлігін шыңдай түседі. Олардан тәлім
алып өскен Құрманғазы қазақ халқының
ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының
күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік
жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы
іспетті. Күйші шығармашылығындағы
өзекті мәселелер - халықтың азаттығы
мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында
ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы
бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше
назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске
өзінің алғашқы туындыларының бірі
"Кішкентай" күйін арнаған. Одан
кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік",
"Түрмеден қашқан", "Адай"
күйлерінде ол халықтың азаттықты
көксеген арманын, әділетсіздікке
қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара
қақтығысын білдіреді. Құрманғазы
туындыларында қоғам мен адамның
арақатынасындағы айрықша
әлеуметтік-психологиялық жағдайлар
бейнеленеді. Оның "Аман бол, шешем,
аман бол", "Қайран шешем", "Ертең
кетем", "Бұқтым-бұқтым" деген
күйлерінде адам даусының ырғағы айқын
берілген.
Құрманғазының ойнақы,
мерекелік көңіл күйді білдіретін би
ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын",
"Әсем") де бар.
Ел билеуші үстем
тап өкілдерінің «ұры», «қарақшы» деген
жаласымен сан рет ұсталып, Орал, Орынбор
түрмелеріне қамалған Құрманғазы кейбір
ауызша деректерге қарағанда, Иркутск
түрмесіне де түскен. Қуғын-сүргін мен
сергелдеңге түскен күйші халықтың
тәуелсіздік пен бостандық туралы терең
ой-толғамын бейнелеген "Алатау"
және "Сарыарқа" күйлерін дүниеге
келтірген.
"Байжұма", "Бозқоңыр"
туындылары да Құрманғазының асқан
өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы
өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің
ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін
паш етті. "Итог" атты күйінде күйші
ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын
айқын бейнелейді.
Кұрманғазы өз
дәуірінің бірқатар озық адамдарымен
де таныс болған. 1860 жылдары Дәулеткереймен
кездесіп, бірімен-бірі күйлер алмасып,
жиі-жиі домбыра тартысына түседі.
Талай
қуғын-сүргінді басынан өткерген
Құрманғазы 1880 жылдардың аяғында Астрахан
маңындағы Сахма елдімекеніне біржола
қоныстанып, өзінің төңірегіне Дина
Нұрпейісова, Ерғали Есжанов, Мәмен
Сүлейменов сияқты шәкірттерін жинады.
Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала,
Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай,
Шора сынды домбыра тарту шеберлері
Құрманғазыны ұстаз тұтқан. Кейіннен
атақты күйші 1896 жылы Алтынжарда Сахма
селосында дүниеден озды.
Құрманғазы
күйлері Қазақстан сазгерлерінің
шығармашылығынан кең орын алды. Республика
сазгерлері күйшінің күйлерін,
үлкенді-кішілі шығармаларында пайдаланды.
Би де қойылды, спектакльдер де, кинофильмдер
де, хор музыкасы болып та пайдаланды.
Ә.
Тәжібаев хорға арналған "Көбік
шашқан", "Қайран шешем" күйлеріне
сөз жазса, композиторлар Е. Брусиловский,
А. Зильбер, Ғ. Жұбанова, Л. Хамиди, М.
Қойшыбаевтар өздерінің симфониялары
мен операларында күйшінің шығармаларын
кеңінен пайдаланды.
Көптеген оқу
орындарының, музыкалық ұжымдардың,
аудандардың, көшелердің аттары Құрманғазы
есімімен аталады.
Тыңдалатын ән: «Мұғалима»
Үйретілетін ән: «Қоңырау»
1.Бірінші қыркүйек күні мен,
Аңқыған жұпары гүлімен
Келіпем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Қ – сы: Сылдырла,сыңғырла тағы да,
Шақыра білімнің бағына,
Қоңырау әсем саз әдемі,
Қоңырау әсем саз әдемі.
2.Қоңырау сыңғыры асыға
Үн қосқан қиядан асуға,
«Білім ал еңбекет, жас ұлан
Өоле, - деп, - биік шың басына».
3.«Бол енді білімді ақылды,
Сүйеді ел мықтыны, батылды»
Дегендей алғашқы қоңырау
Алысқа, алысқа шақырды.
4.Жұлдызша жайнайды төсімде
Қызықты күнім де, кешім де.
Алғашқы қоңырау дауысы
Қалады мәңгілік есімде.
Музыка сауаты: Аккордтар мен дыбыс үндестігі
Аккорд дегеніміз бір уақытта естілетін, өзара белгілі тәртіппен орналасқан үш немесе одан да көп дыбыстардың үндік үйлесімі. Аккорд итальян тілінде «үйлестіру, үндестіру» деген мағына береді.
Үш дыбыстан тұратын аккордты үшдыбыстық деп атайды.Мұндағы дыбыстар терция интервалы бойынша орналасады.
Үшдыбыстық аккордтар құрылымдылық ерекшелігіне қарай, яғни терциялардың
Тондық өлшемімен орналасу тәртібіне байланысты үлкен (мажорлық), кіші (минорлық), үлкейтілген және кішірейтілген деп төрт түрге бөлінеді.
Үшдыбысты интервалдық құрылым аккордтың аты мен белгіленуін қатар өрсетеді
Үлкен және кіші үшдыбыстықтар жағымды естіліп, консонанстық үндестік құрса, қалған аккордтардың барлығыжағымсыз диссонанстық үндестіктерге жатады.
5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.