
- •Портал музыки Фортепиано
- •37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші
- •38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы
- •2.«Қазақстан ұландары» әні д. Көзмағанбетов.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Өмірбаяны:
- •Репертуары:
- •Шығармашылығы:
- •Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызшысы.
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Асан Қайғы Сәбитұлы
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •1.Ұйымдастыру.
- •3.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
- • Қобызды ұлттық брендіге айналдыратын уақыт жетті
- •6 Сыныбы. Музыка. 06.09.2013 ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Нұрпейісова Дина
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •III.Өмірбаяны:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 Сыныбы. Музыка.
- •Сабақтың мазмұны Құлагер
- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •4.Жаңа білім игеру. Тақырыбы: тілепбергенұлы қазанғап
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 19.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 26.09.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •6 ‘А’ сыныбы. Музыка. 03.10.2013 ж.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы:
- •1 Саусақ басбармақ төмен тұрады
- •4 Саусақ басбармақ
- •VI.Сабақты қорытындылау:
- •VIII.Үйге тапсырма беру:
- •7.Үйге тапсырма беру:
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбаев. «Домбырасыз сән қайда?»
Сабақтың мақсаты:Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын мақсатында және музыканы саналы түрде қабылдауға, мәнерлеу дыбысы арқылы музыканың даму ерекшелігін анықтауға.
Сабақтың міндеттері: а)білімділігі: Күй атасы – Құрманғазы туралы толық мағлұмат беру. ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән – күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту. б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін – өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы суреті, мақал – мәтелдер, психологиялық тренинг, слайдтар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу ІІІ. Жаңа сабақ Интер. тақтамен жұмыс. І. Психологиялық тренинг Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен таныстық? Сұрақтарға жауап беру? - Ән, күй, би, жыр - Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге. Өнер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз «Өнерлі бала-сүйкімді». Өнерліге – өріс кең. - Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын кім дейміз? - Әрине әнші, күйші, биші, жыршы. ІІ.«Сарыарқа» — Құрманғазының күйін тыңдау. - Балалар, бұл қандай күй? «Сарыарқа» күйі. Ал,күйді тыңдағанда көз алдарыңызға не елестеді? Сарыарқаның кең даласы мен оның сұлу да бай табиғаты,және күйші бұл күйде халықты бақытты ғұмыр кешуге шақырады.Ал ендеше күйді кім шығарған деп ойлайсыңдар? Иә, балалар, бұл күйдің авторы – қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев. Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы – Құрманғазы» туралы және «Домбырасыз сән қайда?» әнін өтеміз. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор. Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген, алғашқы ұстазы Ұзақ күйшіден тәлім-тәрбие алған. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Ақбай» т. б. күйлері бар. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық — әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
- Құрманғазының шәкірті кім? - Шәкірті – Дина Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», — дейді. Құрманғазы тек күйші емес, оның шәкірті атақты күйші апамыз Дина Нұрпейісқызы. Ал,балалар, Құрманғазы елге несімен танымал болды екен? Жұмбақтар шешу Ұзын мойын, Екі ішек. Қатар – қатар текпішек. Басып көрсең бір – бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)
Әрине, домбыра аспабының қасиеттілігін атайықшы Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді. Домбыра – шежірені білуді талап етеді Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады. Домбыра – иманды болуға жол ашады. Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді. Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды, демекші бүгін үйренетің әніміз «Домбырасыз сән қайда?» Ән айтар алдыңда дауыс жаттығуларын жасайық. Дауыс жатығуы: До, ре, ми, фа, соль, ля, си. До. Сергіту сәті: «Буги, буги» ритмикалық ән – би. «Домбырасыз сән қайда» Әнін жазған: И. Нүсіпбаев Сөзін жазған: Х. Талғаров Әннің авторы – әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен адам. Одан білім алған шәкірттерінің көбі музыканы өздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші, дирижер, композитор болды. И. Нүсіпбаев 150 – ден астам балалар әндерін жазды. Олар мектеп өмірі, еңбек, достық. «Жомарт өлке», «Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Май жыры», «Достық» т. б. әндерін балалр ерекше сүйіп орындайды. Әнді бірінші тыңдаймыз. Баян аспабымен айтамыз. - Әннің дыбыс мәнерін тыңдап көріңдер. - Ән не туралы айтылып тұр? Домбыра туралы қандай өлендер білеміз? Балалар мәнерлеп «Домбыра » туралы өлендер оқиды. Сергіту сәті: «Жұбыңды тап» (халық аспаптары салынған суреттердің жартысын тауып,артында жасырылған сұрақтарды табу арқылы жұптарын табады.) ІV. Бекіту: Балалар бүгін біз қандай күйшімен таныстық? Әрине Құрманғазы Сағырбайұлы. Дыбыс ұзақтығы арқылы есептер шығару Сабақты қорытындылаймыз: Сұрақ – жауап: 1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық? 2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз? 3. Қандай әнмен таныстық? 4. Әннің авторларын ата? 5. Әнді домбыра аспабымен айту. V. Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын. VІ. Үйге тапсырма: Құрманғазы туралы толық мағлұмат жазып келу. Әнді жаттап келу.
Портал музыки Фортепиано
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рояль
Фортепиано (итал. fortepіano, forte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы.[1] Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 11 ж. жасап шығарды. Фортепианоның екі түрі (рояль мен пианино) бар. Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар (Парижде) ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар (мысалы, Л. ван Бетховен, “Апассионата” сонатасы;Ф.Шуберт, “Фантазия”; Р.Шуман, “Симфониялық этюдтер”; Ф.Лист, “Кезбешілік жылдары”, т.б.) жазылды. Музыкалық орындаушылық өнерде үздік пианиношылар есімі белгілі. Олардың қатарында: Лист (Венгрия), Э.Г. Гилельс, А.Б. Гольденвейзер, К.Н. Игумно, Л.Н. Оборин, С.Т. Рихтер, В.Д.Ашкенази (Ресей), Ж.Әубәкірова, Г.Қадырбекова (Қазақстан), т.б. бар. [2]
Гитара - кең таралған 6 не 7 ішекті музыкалық аспап. Ішектері металл немесе нейлоннан жасалады. Жеке орындауда, әнді сүйемелдеуде және басқа аспаптармен бірге ансамбльдерде де қолданылады. Испанияда ІI ғ-дан бастап белгілі. 17 - 18 ғ-ларда Америка мен Еуропа елдеріне кең тарады. 19 ғ-да Ресейде 7 ішекті Гитараға сұраныс артты. Гитараның укулеле (шағын ғавай Гитарасы), цис-тра (алмұрт пішіндес португал Гитарасы), ағылшындық Гитара тәрізді түрлері кездеседі. Қазіргі музыкада (джаз бен эстрадада) электрогитаралар қолданылады. Қазақ композиторлары Қ.Есенов,Е.Белғозиев, әншілер И.Өнербаев, Г.Ақүрпекова, т.б. гитараның сүйемелдеуімен көптеген муз. шығармалар, әндер орындап жүр.[1]Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) мектебінің өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері.
Қазақ өнерінің бастауында үркердей аз ғана топ ішінен айрықша табиғи талант-дарынымен жарқырап көрінгендердің бірі қобызшы - Дәулет Мықтыбаев. Д. Мықтыбаев 1904 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген.
Ықыластың ең дарынды шәкіртінің бірі Тоқтамысұлы Әбікей қартайған шағында бойындағы ұлы мұра ұмыт болмас үшін қатты алаңдап, аяқ жетер төңіректен қобыз қадірін білетін өкше басар жас ұрпақ іздеген екен. Ол іздеген Қорғалжын жағасын жайлап отырған Әупіктің ауылынан табылады. Әупік – қазақтың әйгілі қобызшысы Д. Мықтыбаевтың әкесі- өнерге жақын және өзі от басында да қобыз тартқан адам.
Д. Мықтыбаев тоғыз жасқа келгенде қобызға қатты құмарланып жүргенін әкесі байқап, тәлім - тәрбие алсын деп, Ықыластың Түсіпбек деген баласына жібереді. Дәулет Түсіпбектің қолына келгенде Ықылас әлі тірі. Бірақ қолынан күші қайтып, қобыз шылмайды екен. Талай жыл жан серігі болған қара қобызын Ықылас: «Ашаршылықта ас болған, жаяушылықта ат болған аспабым еді»-деп маңдайына басып, өзінің Әбікей деген ең дарынды шәкіртіне тапсырған екен»- деп жазады И. Жақанов.
Осы әңгімелерге сүйенсек, Д. Мықтыбаев Ықылас күйлерін Әбікей, Түсіпбектерден үйреніп ұстап қалған. Бірақ, өкінішке орай, осы кісілерді мазаламайын деп, Дәулет Ықыластың көп күйлерін ұстай алмай қалғанын да айтып кеткен де жөн көрдік. Көп күйлердің аттары сақталғанымен, орындайтын үлгісі, нотаға жазылғаны қалмаған, мысалы: «Бозторғай», «Қаншайым» сияқты күйлер.
И. Жақановтың сөзіне сүйене отырып, Түсіпбек Әупік ауылына бірнеше мәрте келіп Дәулетке өз білетін күйлерін үйретеді. Дәулет қобызға деген музыкалық қабілетінің арқасында Қорқыттың, Ықыластың күйлерінің көпшілігін аз уақыттың ішінде үйреніп, сол өңірдің белгілі қобызшысына айналады.
1930-шы жылдары халық музыкасы өркендеп даму жолына түсіп және де көптеген мәдени ошақтар құрыла бастаған кез еді. Сол жылдары Дәулет те Қали Байжанов сынды қазақ өнерінің саңлақтарымен бірге Қарағанды радио комитетіне жеке орындаушы, әртістік қызметке орналасады.
Осы кезден бастап Д. Мықтыбаев кәсіби жолға түсіп үлкен сахналарда өз өнерін көрсете бастады. 1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слёты жүргізілді. Сол слётке майталман домбырашылар: Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов, У. Қабиғожин, қобызшылар Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев та қатысып, жүлдегер атанады. Сол жылдан бастап Алматы мемлекеттік филармониясында жеке қобызда орындаушы ретінде жұмысқа қабылданды. Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, көптеген концерттерге қатысып, елдің ризашылығына бөленді.
1941 жылы Дәулет өз Отанын қорғау үшін майданға аттанып, ол жерде де өзінің сүйікті қара қобызын тастамады. «Қызыл армия» ансамблінің белді мүшесі болып, қобызбен жауынгерлердің көңілін көтеріп, Қобыздағы орындаушылық өнерін әрі қарай жалғастырды. 1945 жылы елге аман-есен оралып, Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы филармония мен Құрманғазы атындағы Ұлттық аспаптары оркестрінде еңбек етті. Сөйтіп, Кеңес армиясының жеңіске жетуіне Дәулет те қобыз өнері арқылы өз үлесін қосты десе артық болмайды. Қазақ радиосы қорына Д. Мықтыбаев Ықыластың көп күйлерін ; «Ерден», «Қазан», «Қамбар батыр», «Жолаушының қоңыр жолы», «Кертолғау», «Айрауықтың ащы күйі», «Шыңырау», Әбікедің «Жалғыз аяқ», «Көзбеннің Сарынын», «Қорқыт», «Аққу» күйлерін жаздырып қалдырды. Қобызшының осы еңбегі – қазақ аспапты орындаушылық өнерінің алтын қорына қосылған теңдесі жоқ құнды дүниелер.
Жоғарыда айтқандай, Дәулет әйгілі қобызшы Ықыластың баласы Түсіпбек тартқан күйлерін жылдам меңгеріп, сол өңірдің белгілі қобызшысына айналды. Сондықтан Дәулет Ықылас бабамыздың қалдырған күйлерін нақтылы түрде орындайды деуге болады. Дарынды қобызшы Ықыластың ғажайып қабілеттілік нәзік сезімінен туындалған шығармаларын шеберлікпен көрсете білді. Сонымен Ықылас шәкірттерінен үйренген ұлы қобызшының музыкалық мұрасын сақтап келген өнерпаздың бірі - Д. Мықтыбаев. Оның орындаушылық өнері тікелей Жаппастың өнерімен байланысы анықталады. Екеуінің орындаушылық ерекшеліктерін салыстыра келе екі асқан қобызшының орындаушылық айырмашылығын А. Жұбанов былай түсіндіріп жазады: - «Қобызды әңгіме еткенде, тек Жаппастың ойыны емес, Дәулеттің ойынын да айтпай кетуге болмайды». Ол – да шебер қобызшы. Бірақ Жаппас сияқты нота сауатын меңгермеген. Дәулеттің Жаппастан тағы бір айырмасы ол кей кезеңдерде қобызды қоя тұрып басқа кәсіп істеп кеткен мезгілдері де болды. Олардың репертуарлары да ұқсас болатын, бірақ ойнау техникалары бірдей емес. Дәулеттің дыбысы Жаппасқа қарағанда қомақтырақ, тереңірек, бірақ Жаппас музыкалық жағынан ілгерірек тұрған адам. Оның тез күйлер ойнағанда техникасы Дәулеттен жоғары. Ал, Дәулет созылмалы, шырқайтын күйлерге шебер келеді. Міне осы аталып отырған екі кісіден басқа, олардың шамасына келетін бүкіл республика көлемінде ешкім жоқ.
Сонымен аспаптық өнердің тың Ықыластың мұңды толғауларын, импровизациялығын жеткізген Дәулет болса, Ықыластың өзіндік қырларын, ішкі дүниесін аша білген Жаппас болды. Мысалы «Жез киіктің» ащы дыбыстарының жүрдек желдірмесін, қарқынын Жаппас сәтті келтірсе, Дәулет Мықтыбаев ескі сарын, ескі толғау стилінің шеберлігімен ерекшеленеді.
Халықтың дәстүрінде импровизациялау ең жоғары дәрежеге жеткен белгілі ұлы ғалым Ш. Уалиханов бұл феномен былай деді: «Склонность к поэзии, особенно к импровизации, отличает все кочевые расы... Влияние ли кочевой беззаботной жизни или постоянное созерцание всегда открытого звездного неба и беспредельных степей были причиною к поэтическому и умозрительному расположению духа этих степных кочевников- нам нет нужды знать».
Бұған күйшілердің өмірі мен өскен ортасы, табиғаты, әлеуметтік факторлар әсер етті. Сол себептен де Д. Мықтыбаев импровизацияның шебері болып қалыптасты. Оның орындауындағы күйді тыңдап отырғанда, бір күйдің әр түрлі әуенімен тартылғанын аңғаруға болады. Оның себебі күйдің синкреттілігінде-яғни, күй тек музыка ғана емес, ол кішігірім хикаялы шежіре. Дала жырауының еркіндігін шектеусіз қолдана білген Дәулет, қобыз музыкасының табиғи эстетикалық көрінісін керемет білген еркін импровизацияға терең бойлай беретін қас шебері. Импровизация халықтың дәстүрлі өнерінде ең жоғары дәрежеге жеткен. Осы себебтен оның орындауындағы күйлердің кез келген нұсқасын ілтипатпен қабылдаймыз.
«Жез киік» күйіне жеке тоқталсақ, оның сюжеті халықтың бостандық өмірін суреттейді. Аңшылардың ұғымы бойынша, жез киік жас нәрестенің аман-сау өсіру қамын ойлаған аңға ұқсас. Ол тау құздардың төбесінде еркін секіріп, шексіз кең даланың төсінде ойнақтайды, табиғат көркін тамашалайды, опасыз аңшылардың өткір көзінен аман сақтайтын, айналасына қоршаған өсімдікке ұқсас терісінің әсем бояуымен мақтанады.» Аңшылардың сенімінше ,жез киік күнге шағылысып, аңшыларға дұрыс көздетпейді. Сондықтан ол кең далада ұзақ өмір сүргендігі халық аузында аңызға айналған. Даланың көркемдігі мен бостандықтың бейнесіне айналған жез киік аңызды Дәулет Ықыластың баласы Түсіпбектен естіп бізге ойнап жеткізген». Күй дала табиғатының көрінісін толықтырып, байыта түседі.
«Жез киік» күйін Г. Омарова D-dur тональностіне нотаға түсірген. Орташа екпінді қарқынмен ойналады. Осы орындаған «Жез киік» күйінде Дәулет күй иірімдері мен сарын ортақтығын стильдік бір тұтастығын көрсете білді. Ойнау барысында ол орындаған күйде тұрақты әуендік формулалар, жалпы иірімдер молынан кезігеді. Әуендік иірімдер мазмұны мен ырғақтық өлшемі жағынан белгілі бір жүйеге түскенімен, осы орындаған күйде олар жаңаша өрнектеліп, құбылып халықтың аңыз-әңгімесін ашып көрсете білген. Бұл күйді белгілі аспапшы ля-ішегінде саусақтың тырнағымен, ал, ре ішегінде тырнақ пен еттің екі ортасымен орындайтын. Сондықтан күйдің дыбысы ерекше обертондық, флажолетто шығару әдісімен ойналып көрсетіледі.
Дәулет тек қана дәстүрлі күйлермен шектелмей, басқа да халық ақындарының күйлерін жақсы тыңдап, өз репертуарына еңгізіп, халықтың алдына өзіне тән мәнерімен орындай білді. Ол талантты күйші ғана емес, сахнаның санаулы шеберлерінің бірі болды. Мамандардың пікірі бойынша, күйшілердің ішінде ол өзіндік музыкалық тілінің әсерлілігімен, оралымды үнімен ерекше дараланатын.
Дәулеттің шәкірттерінің айтуы бойынша, ол күйлерді орындаған кезде, өзінің көңіл күйіне байланысты, тыңдаушының ықыласына байланысты, күйді өз қалауынша созып, немесе басқа күй әуендеріне қосып, көбейтіп, не қысқартып орындайтын. «Бізді бұзған сахна-деп айтатын күйші. Елге жақсы көрінеміз деп, бір күйге екінші күйді қосып жіберіп орындайтынмын. Сендерге айтатыным, орындаған күйге, басқа бір күйдің әуенін қоспай, бұзбай ойнаңдар»- деп өсиет қалдырған дейді шәкірті Ә. Жұмабекұлы.
Халық орындаушылары сияқты Дәулет те ешбір музыкалық оқу орнынан дәріс алмаса да, табиғи дарын-қабілетінің арқасында өнер биігіне көтерілген таланттардың бірі. Оның орындаушылық өнері, қазақ күйлерінің қорына қосылған елеулі үлес болып табылады.
«Дәулет бойында қазақтың ғасырлар бойы қобыз тарту дәстүрі кәсіби түрде қалыптасқан. Оның қолында қобыз аспабының ораласу деңгейі, ысқыш ұстауы, қобыздан үн шығаратын сол қолдың (аппликатурасы) саусақтарының дыбыс шығарудағы реті қазақ даласындағы қобыз мектебінің кәсіби үлгісі. Сондықтан Д. Мықтыбаевтың қазақ өнеріндегі алатын орны, оның ұлы дәстүрді біздің заманымызға өзгертпей жеткізіп, қобызды өзінен кейінгі ұрпаққа үйретіп кетуінде» - деп жазады Дәулеттің шәкірті, белгілі ұстаз, профессор Базархан Қосбасаров.
Дәулет Мықтыбаев өз ізін кинофильмде де қалдырды. 1960 жылдары «Құлагер» атты кинофильмде бақсының ролін ойнаса, «Қыз-Жібек» киносында ол Нұрғиса Тілендиевпен қосылып Ықыластың «Аққу» күйін орындап, фильмнің ерекше бояуын келтірді. Осы атап кеткен кинофильмдер қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналды деуге болады.
1970 жылдан бастап Д. Мықтыбаев Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда, Жаппас Қаламбаев бастаған ұстаздық ісін жалғастырып, дәстүрлі қылқобыз сыныбы бойынша шәкірттерді тәрбиелеуге де белсенді үлес қосты. Ол күй орындаушыларды дайындауда үлкен жетістіктерге жеткен. Қазақтың бай дәстүрлеріне негізделген тәлімгерлік еңбегі қобыз окыту репертуарын айтарлықтай кеңейтті. Дәулет пен Жаппастың ұстаздық және орындаушы ретінде жасаған еңбектері қобыз өнерінің дамуына кәсіби мамандар қалыптасуына, жалпы ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ықыластың көзін көрген Ашай, Әбікей, Сүгір сияқты қобызшы-домбы-рашылардан тікелей тәлім алған белгілі қобызшылар Мықтыбаев Дәулет пен Қаламбаев Жаппас. Үлкен музыкант-күйшінің көзін көрген және тәлім- тәрбие алған, олардың ізін суытпай, қобыздың дәстүрін әрі қарай жалғастырушылар: Үмбетбаев Сматай, Балғаева Фатима, Кәлембаева Меруерт, Қосбасаров Базархан, Жұмабеков Әбдіманап, Молдакәрімова Ғалия т. б. сияқты тума талант және кәсіби білімі бар ұстаздардың қобыз өнерінің жаңа даму белесіне көтерілуіне жемісті еңбек етуде.
Сан – алуан оқиғаларды басынан кешірген еліміздің халық таланттары-ақындар мен жыраулар, әншілер мен күйшілер халық көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен күйінішін ғажайып ән мен күй арқылы толғаған. Аттары аталмаған орындаушылар, уақыт құрдымына ізі сіңіп, жоғалып кеткен күйлер қаншама деңіз. Ал біздің заманымызға жеткен күйлердің кейбірінің бітім-болмысы, бояу-өрнегі қаз –қалпында сақталмағаны анық. Қобыз күйлерін бүгінгі күнге жеткізіп, халық арасына таратып, күй табаққа жаздырған қобызшылар Ж. Қаламбаев пен Д. Мықтыбаев осы өнердің өркендеуіне теңдесі жоқ зор үлес қосты»-деп «Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалінің салтанатты ашылуында И.Тасмағамбетовтың айтқан сөзі.
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол алықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан,ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Сыбызғы тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т.б.) бар. Бұл аспап алғаш 1934ж. қазіргі Қазақтың мемлкеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады.[1][2]
XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мүның өзі сыбызғының сол кезде халық түрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. ЭтнографИ. Липаевтық да мәлімдеуі көңіл аударарлық.
«Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Үш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жүп-жүқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады».
Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бүл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғынын, әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тиховбылай деп мәлімдейді:
«Түркістанда он екі жыл тұрып сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...»
Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуына ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы.
XVIII ғасырдың екінші жартысында атақты ғалым И. Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында жазып қалдырыпты:
«Ол түтікті, қалмақтар цур, татарлар курай, ал Жайық қазақтары (бүл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын сыбызғы деп те атайды... Бүл аспаптың жіңішке үшында үш ойық бар, оларды музыкант бір қолының үш саусағымен кезек пе кезек ашып-жауып түрады, ал екінщі қолымен, қажет болған кезде түтіктін, төменгі жағындағы сопақша ойықты жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен тілге тигізеді. Мүндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады».
Бүл суреттеудің біз үшін бағалылығы сол, мүнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға болады дегені назар аударарлық, ейткені біз мүндай тәсіл сыбызғы ойнағанда қолданылатынын білеміз.
А. Гейнс сирек кездесетін қүбылысты — сыбызғының сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бүл жайында ол былай деп жазады:
«...Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен қүрып, сауық-сайран салумен өткізеді, мүндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап «джабьязгының» көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мүңды сазына рахаттана қүлақ түреді».
КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде қорабы бар екі сыбызғы сақтаулы. Олардын, бірін Шоқан Уәлиханов сыйға тартқан екен.
Семейдегі Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық музейінде инвентарлық № 415 кітапта былай делінген:
«Қазақтың флейтаға үқсас бүл музыкалық аспабы екі шағын ағаш науадан жасалынған, науалардың қуыс жақтары бір-біріне қаратылып, сыртынан қойдың немесе ешкінің өңешімен қапталған. Түтік төменгі ойыққа қарай жіңішкере түседі, төменгі үшында үш ойық бар».
Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақыт алмайды: тәжірибелі шебер 10—15 минутта жасап алады. Бүл үшін ұзындығы 500—700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстын, анық шығуына жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең үшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.
Аспапты қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Металдан жасалған сыбызғыны этнографтар 1860 жылдары-ақ тапқан.
Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс бюлып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтаған. Беттестірілген екі ағаш не темір шеңбермен немесе ағаштың қабығымен қүрсауланған. Қораптың бір жақ үшы былғары белбеу тағылған тығынмен жабылады. Өне бойы ат үстінде жүрген шақта сыртындағы мықты қабы нәзік аспапты сынып қалудан сақтаған.
Бұл күндері сыбызғышыны тек Шығыс Қазақстан облысынан ғана кездестіруге болады. Сыбызғы Қазақстанның Батыс аудандарында ертерек жоғалған, онда белгілі сыбызғышыларды 1930 жылдары ғана көруге болатын еді. Бүдан байқайтынымыз, біздің ғасырымыздың басында-ақ бүл өңірде сыбызғы жоғалып біткен.Монғолиядағы қазақтардың ішінде күні бүгін де сыбызғы ойнайтындары көп көрінеді.
Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі.
Сыбызғының диатоникалық дыбыс қүрылысы түтіктің үзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады.
Сыбызғыда ойналатын күйлер аспаптын, диапазоны мен техникалық мүмкіндіктеріне тығыз байланысты болады. Күйлер негізінен әуезді. Әдетте қысқа фраза әр түрлі нүсқада бірнеше рет қайталанып отырады.
Төменгі регистрдің дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си нотасы, бірінші октаваға до-диез, ре-диез нотасы.
Орта регистрдің дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си; екінші октаваның до-диез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасы.
Жоғарғы регистрдің дыбыс қатары: екінші октаваның ля, си; үшінші октаванын, до-диез, ре-диез нотасы.
Аталған аспаптың, яғни сыбызғының негізгі дыбыстары мен дыбыс қатары әр түрлі болып келетіні оның ішкі құрылысына байланысты болады. Сыбызғының регистрі неғүрлым төмен болса, соғүрлым жоғары регистрдің дыбыстарын алу жеңіл келеді де, ал төменгі регистр соғұрлым баяу естіледі. Және керісінше,регистрі неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жоғарғы дыбыстарды алу қиындайды, ал төменгі регистрі күштірек естіледі. Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген үш ойығы бар сыбызғының дыбыс қатары мынадай: бірінші октаванық до, ре, ми, фа-диез нотасы.
Халық музыканттары үрлеу күшін өзгерту арқылы көп дыбыс шығара алған. Дыбыстардың жүйесін зерттей келе біздің көзіміз мынаған жетті: сыбызғыда ойнаушы халық шеберлері бұл дыбыс қатарын таңдауы өте орынды екен, өйткені осы арқылы дыбыстың тиімді жүйесіне қол жетеді.
Батыс Қазақстандағы төрт ойықты сыбызғының дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си, бірінші октаванын, до-диез, ре-диез, фа ноталары болады.
Шығыс Қазақстан облысынан бізге жеткен күйлер көбінесе әнге үқсас. Батыс Қазақстанның сыбызғыда ойналатын күйлері формасының күрделілігімен, диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді және аспаптық күйге жақынырақ болып келеді.
Халық музыканты бүл аспапта ойнау кезінде кейде төменгі регистрде бурдон сияқты болып естілетін дыбыс шығара алған. Сонда өзгеше тембр пайда болады.
Домбыра мен қылқобыз секілді халық ішінде жиылмалы сыбызғы да кездескен. Иесі Ысқақ Уәлиев болған нақ осындай сыбызғы жайында . А. Жүбановтың«Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады.
Сыбызғышылар өзгеше тәсіл қолданған, яғни түтіктің төменгі ойығын алақанымен немесе саусақтың жұмсақ етімен басып түрған, сондықтан аспаптың көлемі орындаушының қолының үзындығымен де байланысты болған. Төменгі бірінші ойықты оң қолдық бас бармағымен басқан, екінші және үшінші ойықтары сол қолдың сүқ саусағымен және шынашақпен басылған. Түтіктегі төртінші ойық оның сыртқы жағынан ойылған және сол қолдың бас бармағымен жабыдады. Кейбір орындаушылар аспапты сол қолына алып ойнайтын болған, ондай шақта ойықтардың саусағымен жабылатыны тиісінше өзгереді.
Бүйірінде ойықтары жоқ түтікпен үрлеу арқылы бірнеше обертонды дыбыстарды шығаруға боладьь Түтік ұзын әрі жуан болған сайын обертонды дыбыстары көбірек болады. Үзындығы 720 мм, жерде диаметрі 175 мм түтікті үрлегенде мынадай дыбыстар шығады: октаваның ля, бірінші октаваның ля, екінші октаваның ми, ля, үшінші октаваның до-диез, ми ноталары.
Бүдан басқа, төменгі ойығын саусақпен жауып түру арқылы түтіктен тағы бірнеше обертонды дыбыс алуға болады. Бүйірлік ойықтар пайда болғанға дейін қолданылған бүл ескі тәсілді сыбызғышылар күні бүгін де қолданады.
Бұл дыбыс қатары қарапайым әуенді ойнауға мүмкіндік береді.
Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың қүрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды.
1934 жылы Қүрманғазы атындағы оркестрдің құрамына Халық орындаушыларының Бірінші бүкіл Қазақстандық слетіне қатысқан музыканттар алынды. Қазақстанның түрлі аудандарынан, орындаушылық дәстүрлері әр қилы, музыкалық білімдері жоқ және өзгелермен қосылып ойнап көрмеген музыканттардан оркестр коллективін үйымдастыру жас жетекші А. Жұбановқа оңай бола қойған жоқ. Оның үстіне аспаптар да ансамбльмен орындауға икемделмеген болатын. Сыбызғыда Ысқақ Уәлиев ойнады. Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Ысқақтың репертуарына мына күйлер енді: «Қара жорға», «Қоңыр», «Шонай», «Мүңды к,ыз», «Сансызбай» және басқалар. Талантты музыкант Ысқақ өзі де күй шығарған. Олар: «Толқын» және «Кербез».
Сыбызғыны оркестрлік аспап ретінде пайдаланған шақта музыкант бүл аспаптың тым қара дүрсінділігі салдарынан көп қиыншылыққа кездескенін айту керек. Ал бұл шақта домбыра мен қобыз оркестрге қосылған соң-ақ тез дамып, жетіле түсті. Олардың техникалық мүмкіндік- тері өскен сайын оркестрдің репертуары да күрделілене берді. Осының бәрі сыбызғыны қайта жетілдіріп жасауды талап етті.
Осы кезеңде сыбызғыны жетілдіруде алғашқы қадамдар жасалынады. Белгілі музыка шебері И. Романенко бұл аспапты оркестрде ойнау үшін жетілдіру ісімен айналысты. Бүл мақсатқа жету үшін ең әуелі сыбызғының оркестр репертуарына сәйкес болуын қарастыру керек болды. Бірақ оркестрдің бүрауы ол кезде әлі белгіленіп болған жоқ еді. Оркестрдің жалпы даусын күшейту үшін алдымен домбыраның жалпы даусын күшейту қажет болды. Домбыраның әуелгі кездегі бүрауы кіші октава- ның ми мен үлкен октаваның си ноталары болған еді. Біршама кейін ол жартылай тонға, одан кейінірек соль-ре-ге (бір жарым тонға) көтерілді.1944 жылы Қазақ радио-комитеті жанынан халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылды, онда домбыралардың бүраулары кіші октаваның ля-ми болып келтірілді. Бірақ іс жүзінде бүл бұрау жарамсыз болып шықты, себебі халық күйлері өзінің жұмсақ қоңыржай әуенінен айрылып қалатын болды, оркестрдің даусы тым ащы шықты.
Әуелгі кезде сыбызғыны оркестрде пайдаланғанда тек халық күйлерінде қолданды. Ал Қазақстан композиторлары шығармаларының партитурасына келгенде іс қиынға айналдьі. Ы. Уәлиев негізінен қурайдан жасалған сыбызғымен ойнаған-ды. Ол сыбызғыны жай ғана тыңдай отырып күйге келтіретін. И. Романенко оған ағаштан бірнеше сыбызғы жасап берген еді, алайда олар қазір ені жерде жоқ. Бұл шебердің 1936 жылы металдан бес ойықты етіп жасалған бір сыбызғысы бүл күнде Москвада М. Глинка атындағы музыкалық мәдениеттің орталық музейінде сақтаулы.
1939 жылы бес ойықты етіп жасалған тағы бір сыбызғы Алматыда Орталық мемлекеттік музейде сақтаулы тұр. Бүл аспап өзінің үнімен 1936 жылғы жасалған нұсқаға келеді. Бүйірдегі ойықтардың диаметрі—10 мм. Ол сыбызғының дыбыс қатарын анықтағанымызда былай болып шықты. Кіші октаваның ля, си, бірінші октаванық до-диез, ре, ми, соль ноталары.
Төмендегі регистрдің өзгеше тембрі бар, бірақ үні тым баяу шығады. Бірінші октаваның ре мен соль дыбыстарынан басқасы таза естіледі. Сыбызғының даусы ортаңғы регистрде күштірек шығады. Тембрі жүмсақ. Жоғарғы ноталар үшінші октаваның ми, фа, соль ноталары ащы дауыс шығара бастайды.
Сөйтіп, бес ойықты сыбызғының дыбыс қатары мынандай: Аспапты жаңғыртып қайта жасағанда ойықтары, дыбыс қатары неғүрлым жүйелі болып келетіндей етіп орналастыру қажет. Зерттеу барысында төрт ойығы бар сыбызғыда дыбыстардың мынадай жүйесі белгілі болды: кіші октаваның ля, си; бірінші октаваның до-диез, ре, ре-диез ноталары.
Аспаптардың қолда бар нүсқаларын зерттей отырып, біз төмендегідей қорытындыға келдік, 1939 жылға дейін сыбызғы оркестрде ойнау үшін жеткілікті түрде жетілдірілмеген.
Ысқақ Уәлиев 1941 жылы майданға аттанғанда өзімен бірге мыстан жасалған сыбызғыны ала кеткендігі белгілі. Бірақ ол сыбызғы туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ.
Қүрманғазы атындағы консерваторияда 1945 жылы қазақтың халық аспаптары факультеті ашылғаннан кейін Ахмет Қуанүлы Жүбанов сыбызғы класын ашпақшы болған. Алайда сыбызғышы маманнын, жоқ болуына байланысты іс нәтиже көрсетпеді. 1961 жылы оқытушылыққа халық сыбызғышысы О. Қожабергенов шақырылады, ол кісі өз өнеріне студенттерді 2 жыл бойы үйретеді.
Сыбызғы ойнауды үйренудің анағүрлым күрделі процестерінің бірі одан майда қоңыр әрі ашық дыбыс шығара білу. Ойнаған кезінде түтіктің кең жағындағы тесігін үстіңгі тіске тигізеді. Жоғарғы ерін ауаны сыртқа шығармай тісті жауып түрады. Тілдің үшын түтікке тигізгенде онымен жоғарғы тістердіц арасында сәл саңылау болуы қарастырылады. Осы саңлауға келген ауа толқыны түтіктің шет-шетіне соғылады да қайта серпіле отырып дыбысқа айналады. Егер ойықтын, диаметрі 13—20 мм төңірегінде болса дыбыс оңай шығады. Неғүрлым қолайлы диаметрі — 17-18 мм.
Дыбыстың асқақ естілуі ауа толқынының күшіне байланысты, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы шарт. Егер ойналатын ойықты жартылай ашық ұстаса дыбыс жарты тонға көтеріледі.
Ағаш сыбызғыны көптеп жасап шығару үшін көлемі жағынан стандартты түтіктерді көптеп өндіретін өндіріс орны қажет. Ойықтардың белгілі бір бірыңғай жүйесін жасап шығару сонда ғана мүмкін болмақ.
Қурайдан сыбызғыны көптен жасап шығару бір есептен мүмкін емес, өйткені қурай сыбызғының ішкі қуысы біркелкі болып келмейді ғой. Мұндай жағдайда түйықтан шығудың бір жолы жез түтіктен сыбызғы жасау.
Біз нақ осындай түтіктен бірнеше сыбызғы жасап тексеріп көрген едік. Олардың үзындығы —503 мм, ішкі диаметрі —13,6 мм болып келген бірінен екінші октаваның ми-бемоль дыбысы алынды. Оны 49 мм-ге кішірейткенде дыбыс күшейіп, екінші октаваның фа нотасына дейін көтеріледі. Осы тәжірибенің нәтижесінде көлемі әлгіндей түтіктердегі ойықтардың ара қашықтығы қандай болуға тиісті екені анықталды.
Түтіктен дыбыс шығаруда сыбызғының бүйіріндегі ойықтар диаметрінің ролі айрықша. Сыбызғыда жеңіл ойнау, дыбыстын, тазалығы, тембрдің жағымдылығы көбінесе осыған байланысты. Алғаш рет тәжірибе жүргізілгенде ойықтардың диаметрі 5 мм болғанды. Бүл жағдайда орта регистрден дыбыс алу қиынға соқты, ал жоғарғы регистрде дыбыс мүлде өшіп қалды. Ойықтың диаметрі кіші болған сайын ауа тасқынын күштірек беру қажет. Ал мүның өзі ерін аппараты бүлшық еттерінің ширығуын, туғызады, тембрді күрт қатайтып жібереді, дыбыстың таза болуын бүзады. Кейбір дыбыстар шықпай қалатыдықтан шапшаң келетін пассаждарды орындау мүмкін емес. Егер ойықтың диаметрі 7 мм-ге дейін кеңейтілсе ойнау жеңілдейді, тембр жұмсарады, демді қатты-қаттышығарудың қажеті болмай қалады. Бұдан әрі ойықтардың диаметрі 11 мм-ге дейін кеңейтілді. Сонда жоғарғы регистрдегі дыбыс жүмсақ естілді, аспап дем шығарудағы сәл-пәл өзгерістердін, өзіие де ыңғай білдіріп ырыққа көніп отырды. Жүргізілген тәжірибелер сыбызғыда шебер ойнау оның ойықтарының көлеміне байланысты болатынына көз жеткізді.
Аспапты күйге келтіруді орта регистрден бастаған жөн. Сонда жоғарғы регистрдің дыбысы интонациялық жағынан біршама жоғары шығатын болады, ал төменгі регистрдікі төменірек болады. Бүл регистрлердің тазалығы ерінді қимылдату арқылы реттеледі. Күйге келтірудің бүл әдісі барлық регистрлерде де интонацияның тазалығына қол жеткізеді.
Егер түтіктің төменгі тесігін алақанмен немесе ортаңғы саусақпен жауып ойнаса, онда бүйірдегі ойықтарға бас бармақ қана қалатын болғандықтан біраз қиыншылықтар туары сезсіз. Тәжірибе жүргізіп көру үшін түтіктін, төменгі тесігі жабық етіп жасалынды. Мүндай жағдайда бүйірдегі төменгі ойығы түтіктін, төменгі тесіктің ролін атқарады. Айырмашылық мынада ғана, бүйірдегі бұл ойықты жабу төменгі түтіктің тесігін жабудан гөрі әлдеқайда оңай. Жабық түтіктің үзындығын таңдағанда бүйірдегі төменгі ойықты ашып-жапқан кезде аспаптың дыбыс қатарын байытатын обертонды дыбыстар пайда болуын қарастыру керек. Мысалы, егер түтіктегі бірінші ойықты_ кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ми дыбысы алынады, яғни, ля-дан жоғары квинта пайда болады.
Бұрынырақта сыбызғыда орындалған көптеген күйлер «шертпе» мәнінде тартатын домбырашылардың репертуарында сақталып қалғанын көреміз. Мүны сол орындаушылардын, өз аузынан естідік. Әдетте сыбызғышы мұндай күйлерді тек домбырамен ғана тартылатын күйлерден оп-оңай ажыратады. Сыбызғымен орындалатын күйлер өте әуезді, диапазоны шағын болып келеді. Халық ішінде сыбызғының күйлерін домбырамен қосылып орындаған. Бүлайша қосылып орындағанда домбыраны сыбызғыда тартылатын күйдің ыңғайына келтіріп бүрауын өзгертеді. Бұл ретте көбінесе домбыраны квинтаға келтірген жөн.
1967 жылы Таулы Алтай автономиялы облысының Ңосағаш ауданьіндағы қазақтардың арасында болып, халық музыкасы мен музыкалық аспаптарын жинағанымызда Монғол Халық Республикасының Баянүлгі аймағынан осында келіп концерт қойып жүрген қазақ артистерін кездестірдік. Олардың халық аспаптары оркестрі домбырашылар, қобызшылар, сондай-ақ сыбызғышылардан қүралған екен. Біз сыбызғышы К,алек Қумақаев пен домбырашы Ахмет Ыбыраевтың қосылып тартқан дуэтін алғаш рет осында еетідік. Олар орындаған халық күйлері: «Кербез қыз», «Фатима», «Бөкен жарғақ» және А. Ыбыраевтың «Ой толқыны». Ертеде сыбызғышы Ы. Уәлиев пен қылқобызшы Д. Мықтыбаевтың қосылып тартқаны белгілі. Олардың репертуарында қазақтың халық әндері «Saypern», «Ахау Бикем» және басқалар бар.
Біз сыбызғыны зерттеп үйреніп алған соң осы ансамбльдік ойынды қайта жарыққа шығаруға тырыстық. Кейін біз сыбызғы мен шаңқобызды, сыбызғы мен жетігенді, сыбызғы мен қылқобызды біріктірдік. Ендігі мақсатымыз жаңа дуэт жасау. Яғни: сыбызғы-шертер, сыбызғы-қамыс сырнай, сыбызғы-үскірікті қосып көру. Барлық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, орындаушылық өнерінің жаңадан қызғылықты формаларын табуға болады, тембрлерін өзгеше түрде келістіре үштастыруға да болады.
Тынысты дүрыс меңгеру, тербеліс, үрлеу тәсілі жағынан сыбызғы өзге үрлеп тартылатын аспаптарға, әсіресе флейтаға, ұқсастау. Айырмашылық негізінен дыбыс алу әдісінде ғана. Егер флейташы ауа толқынын ернімен бағыттаса, ал сыбызғышы тілімен бағыттайды.
Кейбір сыбызғышылар діріл-теобелісті ерінді қимылдата отырып туғызады. Диафрагма арқылы діріл туғызу сыбызғыда оң-ай. Мұндайда ойнаушының аузының бір бөлегі ашық қалғанымен ауа толқыны айдалаға кетпейді, өйткені ойнаушы ауаны қажетті мөлшерден асырмай бел- гілі бір бағытқа туралап шығарады. Сыбызғыда бір но- тәның ұзақ дыбыстауы шамамен флейтадағыдай.
Үрлеп тартылатын аспаптарда бір нотаны үзіп қайталау үш түрлі әдіспен жүзеге асырылды, яғни: тыныспен, тілмен және форшлагтармен.
Жоғарыда айтылғандай көп уақыт үмыт болып, тоқтап қалғаннан кейін ақыры әр түрлі музыкалық аспапта қосылып ойнау дәстүрі қайта өмірге келді. Бұл жолы Д. Мықтыбаев пен осы кітаптың авторы дуэт қүрады. Бүрынғыдағыдан бір өзгешелігі, біз күйлерді тартып үйрене бастадық. Алғаш 1970 жылы Алмат ыоблысына гастрольдық сапарға шыққанымызда Ықыластың «Қамбар батыр» күйін орындаған едік. Кейінірек Ықыластың және бір күйін «Кер толғауды» дуэтке салдық. Тембрі, әуені, ойнау тәсілі, дыбыстың күші жағынан сыбызғы мен қылқобыз жақсы үйлесім табады. Оларда орындалатын күйлердіқ сипаттары жағынан бір-біріне үндес болып келуі де осы екі аспапты ойдағыдай дуэтке қосуға жағдай жасайды.
Сыбызғы мен шаңқобыздың дуэті де жарасымды. Бұрын мүндай дуэттің болған-болмағаны жайында біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Бүл екі аспаптың үнін үйлестіру тіптен оңайға да түспеді. Шаңқобыз, сыбызғыда ойналатын мелодияның регистріне қарай күйге келтірілуі тиіс. Қосылып ойнағанда сыбызғы жетекші ролін атқарады да, шаңқобыз сүйемелдеу қызметін атқарады. Әсіресе, ырғағы ашық-айқын күйлер мен әндер бүл дуэтке жақсы келеді.
Профессор А. Жүбановтың айтуына қарағанда, сыбызғышы Ысқақ Уәлиев оркестрде түтігі кіші октаваның сибемольіне келтірген және дыбыс қатары минорлық болған сыбызғымен ойнаған көрінеді. Біз тәжірибеде көз жеткізу үшін нақ осылайша күйге келтірілген сыбызғы жасадық. Аспаптың қүлақ күйін әр түрлі тонда тексеріп көргеннен кейін халық күйлерін оркестрде орындау үшін бұдан қолайлысы жоқ екен деп таптық.
Сонымен қатар оркестрде негізгі тонын кіші октаваның фа дыбысына келтіруге болады.
Сыбызғыны жасау процесін баяндай кетелік. Ұзындығы—797 мм, жуан жақ ұшынық диаметрі—17 мм, жіңішке жақ үшының, диаметрі—11 мм, ішкі қуысы тазартылған қурайды алып, оның жуан жақ үшын сүйірледік. Сонда түтіктің негізгі дыбысы кіші октаваның соль дыбысы болып шықты. Қүлан күйін си-бемольға дейін көтеру үшін түтікті жіқішке жағынан 121 мм қысқарту жәнетөрт ойық жасау қажет болды. Ойықтардың ара қашықтығын тәжірибе жүргізіп барып анықтадық.
Негізгі дыбысы — кіші октаваның ля дыбысы болып келетінін, бүрынғыларына қарағанда, бүл сыбызғы төменгі регистрде күштірек және жоғары регистрде анығырақ дыбыс береді. Аспаптың диапазоны кіші терцияға ұлғайтылды. Ойнаған кезде түтіктің үшы тіске тигеннен қайрылып қалуы мүмкін, ал енді мүны болдырмау үшін түтіктің үшына мүштік кигізіп қойған жөн.
Оркестрде негізгі тондары әр түрлі бірнеше сыбызғыны пайдалануға болады.
Егер сыбызғының бүйіріне бес ойық ойылатын болса, онда бесінші ойықты бірінші мен екіншінің аралығына жасау керек, сонда бірнеше қосымша дыбыс алынатын болады. Бес ойықты түтік орта және жоғарғы регистрлерде дыбысты хроматикалық түрғыда жүйелеп шығарады. Алты ойығы бар түтік тек *'орта регистрден ғана хроматикалық, дыбыс қатарын туғызады. Алтыншы ойық бірінші ойықтан төменірек жасалмақшы.
Сыбызғының төменгі регистрінен бастап хроматикалық дыбыс қатарын алу үшін, он бір ойық керек, ол үшін клапандар болуы шарт. Осылайша бүл аспаптың оркестрдегі техникалық мүмкіншіліктерін кеңейтуге әбден болады.[3]
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата –бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б.Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 –ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды. Б.Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөлді: үрлемелі ұрмалы сілкімел іысқышты ішекті шертпелі тілшікті
Бүгінгі сабағымызда ұрмалы, сілкімелі аспаптарға тоқталамыз. Ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, дауылпаз, тұяқтас. Сілкімелі аспаптар: асатаяқ, қоңырау Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.
.Ертеде ұрмалы аспаптарды әскери ұрыстарда, аңға шыққанда, халықты бір орталыққа жинағанда белгі беру үшін пайдаланса, бақсы-балгерлер, малшылар мен бақташылар да өз мақсаттарына қолданған.
Дабыл -бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабылды ұрып ойналатын аспап деп қазақ ауыз әдебиетінде көп қолданған. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.
Даңғыра –бір жағы көн терімен қапталып ішкі қуысына әр түрлі сылдырмақ, қоңырау ілінген. Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрі бар: қазандауылпаз, нардауылпаз. Мысалы: қазандауылпаз қазан тәрізді шұңғыл. шанақты, үш бұрышты. Мұның бетіне малдың терісін кері салған да, күн көзіне кептірген.
Асатаяқ – тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңырау – қоңырау алты қоңырауы бар, сілкіп ойнайтын музыкалық аспаптың жетілдірген түрі. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыстың ауқымын түрлендіріп отыруға болады. Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына үш –төрт күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады.
Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспаптар тек қана мұражайда сақтаулы ғана емес, музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.
Домбыра – қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі.Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді.Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады.
Қылқобыз – әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші-балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі – прима қобыз.
Сазсырнай – саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.
Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.
Жетіген-шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. ХХ ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып,қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданаған-оның әуені аң аулауға шыққанда немесе алыс жораққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.
Сыбызғы- үрмелі көне аспап; Қурайдан, ағаштан, күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.
Шаңқобыз – темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз – ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.
Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.
Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.
Аспаптардың суреттерін көрсетіп, құрылысын айту.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.
Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.
Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.
К Оразалиева, өнертану ғылымының кандидаты, доцент
Мәдениетіміздің жарқын көрінісінің бірі – төлтума қобыз дәстүрі. Қобыздың көнелігі мен жетекші аспап ретінде алдымен ауызға алынатындығы және оның қасиетін жан-жақты суреттейтін көптеген археологиялық қазба жұмыстары мен жазба мұраларында айқын көрініс тапқан. Мұндай байырғы қыл қобыз сияқты синкреттік аспаптар көптеген түркітілдес Орта Азия, Сібір, Кавказ және Шығыс халықтарында сақталған. Ал, ішекті, ыспалы аспаптардың Отаны – Орта Азия, еуропалық скрипка аспабы қыл қобыздан бастау алған деген пікір бар.
Еліміз қобыз аспабы мен қобыз өнерін Қорқыт есімімен байланыстырады. «Қорқыт Ата энциклопедиялық» жинағына сілтеме жасасақ, қобызды аспап ретінде пайдаланып, ойнау дәстүрін Қорқыт өмірге әкелген екен. Жалпы, қобыз өнері бақсы-шамандардың ажырамас аспабына айналған, ал, бақсылық өнер Ортаазиялық көшпенді елдердің ең байырғы дін қалыбы (формасы) болғаны хақ. Төлтума қобыз дәстүрі синкреттік түрде бақсылардың ем-дом беру, жырау, ақын және музыкант сияқты қызметтерінде қалыптасқан. Қорқыт музыкасын да көшпенді елде ғасырлар бойы сақтап келген бақсы-жыраулар еді. Олардың істеген кәсібі, әдеті, дағдысы – музыканы жан-тәнімен сүюі. Бақсылар, ақын-жыраулар Қорқыттың қобызына қосып, сарын айтатын, қобызбен боздатып күй тартатын. Сондықтан, ерте заманда қазақ бақсылары, отандық ғалым Ә.Марғұланның пайымдауы бойынша: өзінің білімімен керемет ой иесі атанған, олар жәй адамнан анағұрлым биік тұрған. Олар – әрі ақын, әрі сазгер, әрі сәуегей, оның үстіне, емші. Елдің көбі ақын бола алмайтыны сияқты, қазақтың бәрі бірдей бақсы бола алмаған.
Мысалы, Ықыластың жеті атасына дейін шебер қобызшылар болғаны тарихтан белгілі. Ықылас Дүкенұлының шығармашылығында аңыздар мен жаңа тақырыптар, сюжеттер игеріле бастаған. Мұнда ойнау барысында алуан түрлі иірімдер қосылып, ойнау әдістері жаңартылып, көне аспап жаңа деңгейге көтерілді. Өкінішке орай, XІX ғасырда Қазақстанда әр салада жүргізілген алуан түрлі жаңа бастамалар өзінің кері әсерін бақсы-шамандардың өнері мен қобызға тигізген. Әртүрлі ауруды емдейтін, қобыз аспабынсыз жүрмейтін бақсылық процесс сол кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде XX ғасырдың басында бақсылық өнер мен қобызда тартылатын шағын сарындар мен күйлер жойылып кете жаздап, Қорқыт пен Ықыластың (1843-1916) санаулы ғана шығармалары біздің дәуірге жеткен. 30-шы жылдардың ортасында көрнекті тұлға, академик, музыкатанушы А.Жұбановтың басшылығымен мәдениетімізде басталған өзгерістерге байланысты, санаулы күйшілерді жинауға мүмкіндіктер туды. Осындай іс-шаралар арқылы елдің түкпір-түкпірінен жиналған музыка шеберлері, аспапшылар өз өнерлерін қалың жұртқа таныстырып, Қорқыт пен Ықылас Дүкенұлының бай күйлерін біздің уақытқа жеткізді. Осы салада қобыз дәстүрін мұқият сақтап келген санаулы қобызшыларымыз Ж.Қаламбаев (1909-1969) пен Д.Мықтыбаевтың (1905-1976) еңбектері орасан зор. Осы уақытқа дейін олар қыл қобызда ойнаудың әдіс-тәсілдерін, техникалық мүмкіндіктерін күрделендіре дамытып келді. Сөйтіп, ұмытылып кете жаздаған қыл қобыз өнері өз жалғасын 60-шы жылдары тапты. Сол жылдары белгілі композитор, халық әртісі Е.Рахмадиевтың басшылығымен Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда қыл қобыз сыныбы ашылды. Дәстүрлі аспап қайта жаңғыртылып, даму жолына түсті. Нота сауатын білмесе де, Ж.Қаламбаев пен Д.Мықтыбаев консерваторияға шақырылып, қобызда ойнау дәстүрін жалғастырып, шәкірттер тәрбиелей бастады. Бертінде оркестрге халық күйлерінен басқа, отандық композиторлар арнайы шығармалар жаза бастады. Атап айтсақ, М.Қойшыбаевтың «Жастар», «Аққу», «Советтік Қазақстан», «Құрманғазы», «Туған өлке» поэмалары мен «Қызыл құм» атты музыкалық суреттемелер, С.Мұхамеджановтың «Дауыл», «Шаттық отаны», Н.Тілендиевтың «Бостандық таңы», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Еңбек қуанышы», «Алтын дән», «Қайрат», М.Маңғытаевтың «Концерттік күйі», К.Күмісбековтың «Қорқыт туралы аңыз», «Фараби сазы», «Ықылас туралы аңыз», «Дала сыры», «Кербезім» атты поэмалары үлкен монументальдық шығармаларға айналды. Сондай-ақ, Е.Рахмадиевтың «Дайрабай», «Құдаша-думан», Т.Қажығалиевтың «Қыз қуу» сияқты симфониялық шығармалары мен күйлері дүниеге келіп, репертуарлар молайды. Қазіргі уақытта көптеген оқу орындарында, музыка колледждерінде, консерватория мен музыка академиясында қобыз сыныптары ашылып, шәкірттер тәрбие алуда. Халықтың және кәсіби музыканттардың арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Еліміз егемендік алғалы халық бұрынғы-кейінгі бағдарына байыпты қарай бастады. Ұмыт бола бастаған тарихи мұраларды жаңғыртуға бет бұрды. Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында музыка өнері құнды деректермен толықтырылды. Болашақ ұрпаққа атадан қалған мұраны жеткізуге мүмкіндіктер туды
ІІІ. Музыка тыңдау: Арал аудандық «Қазанғап» атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында композитор Шабельский –Шаргородскийдің «Той бастар» күйі тыңдалады.
Ұлттық аспапта өзге ұлттың музыкасын орындауға болады - Қандай аспаптардың дауысын естідіңдер? - Оркестрдің құрамы қандай?
Ноталардың астында сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер қазіргі үйренетін әніміздің тақырыбы шығады.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыкасы Мақсаты: Оқушыларға қазақтың халық музыкасының қалыптасуын, халықтың ой –арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру . Тәрбиелк: Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Нақыл сөзі: Өнегелі өнер –ұрпаққа мұра Әдіс –тәсіл: ән айту , сұрақ –жауап, ой –бөлісу, талдау Көрнекілігі: , үнтаспа, музыкалық аспаптар т.б. Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Мұғалім сұрағы Аспаптар ойналуына, тартылуына орай қалай жіктеледі? Ішекті, шертіп ойналатылады . Мұғалім сұрағы: Ішекті, шертіп ойналатын аспаптарды ата: (домбыра, шертер, жетіген) Ысқышпен орындалатын аспап: (қобыз, қылқобыз, нарқобыз) Ұрып ойналатын соқпалы, ұрмалы аспаптар: (дабыл, даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, кепшік, дудыға) Сілкіп ойналатын аспаптар: (асатаяқ, шың, сылдырмақты қамышы, қоңырау, тұяқтас, шартылдақ, сақпан) Үрлеп тартылатын аспаптар: (сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқырауық, керней мүйіз сырнай, ұран) Сым тілшелі аспап: (шаңқобыз) Қосымша сұрақтар: а) қобыз аспабын ойлап тапқан күйші кім? ә) Қ.Мырзалінің домбыра туралы айтқан сөзі? б) Тиек орнына асық қойылған қай аспап? ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақтың халық музыкасы Жоспар: Халық музыкасы –халық өмірі Халық музыкасын тудырушылар 3) Қорытынды І. Халық музыкасы –халық өмірі. Мұғалім сөзі: Расында да, халық музыкасы халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды.Ән –күй арқылы әдет –ғұрып, салт –дәстүр ұрпақтан –ұрпаққа жетті. Көшпелі халқымыз ән –күйді, рухани мәдениетке азық ете білді. Халықтың қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады. Әр халық композиторы –белгілі бір дәуір, ғасырдың перзенті. Демек, олар өз уақытында қалың көпшілік қауымға белгілі болған тарихи тұлғалар, өзі өмір сүрген кезеңнің жыршысы. ІІ. Халық музыкасын тудырушылар –өз елінің жанашыр жаршылары. Халықтың музыкалық мұрасы әншілік және аспаптық деп екі бағытта жіктелді. Музыка әлем мәдениеті тарихында, әр түрлі тарихи кезеңдерде әрқандай міндеттерді атқарғаны белгілі. Аңыз күйлер тақырып жағынан сан салалы болып келеді. Көптеген күйлер жаугершілік заман хикаяларын, тұрмыс –салт көріністерін, хайуанаттар өмірін, кең қоныс, жер –су жайын баяндайды. Кейбірде адамның өмірі мен өлімі жайлы да философиялық ой толғанысы да негізделеді. Мысалы: «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы туралы аңызды еске мына суреттеме арқылы еске түсірсек: (оқушылар «Ақсақ құлан» туралы аңызды суреттемеге қарап әңгімелеп береді) Мультфильм «Ақсақ құлан» соңғы ханға естірту бөлімі көрсетіледі. ІІІ. Қазақтың тарихи ән –күйлері Қазақтың тарихи ән – күйлері қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларға байланысты туған. Мысалы: 1723 жылы басталып, ұзаққа созылған Жоңғар шапқыншылығының «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ауыр кезеңінде шыққан халық әні «Елім -ай» еді. «Елім -ай» әнінде сол бір аласапыран заманда әке баласынан, бала анасынан, аға –қарындасынан, іні –ағасынан дегендей бір –бірінен айырылған ащы зары, елінен, туған жерінен айырылған туған жандардың сағыныш мұңы суреттеледі. «Елім -ай» әнін орындау Мұғалім сұрағы: Ән қалай орындалады. Әнде қайырма бар ма? Ән тақырыбы мен музыкасы үндесе ме? Ән кімдікі? Енді тарихи күйге тоқталамыз. Соның ішінде Құрманғазының көптеген күйлері бар. Соның бірі Құрманғазының «Кішкентай» күйі қалай шыққан еді. Расында Құрманғазының «Кішкентай» күйі, Батыс Қазақстан өңірінде, Жәңгір ханның билік етуі тұсында Ресей патшалығының әділетсіз үстемдігіне қарсы 1836-1838 жылдар аралығында Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі оқиғаларына арналғандығы. Құрманғазының «Кішкентай» күйін тыңдау. IV. Тұрмыс –салт –дәстүрге байланысты әндері мен күйлері. V. Шығармашылық жұмыс. Өнер туралы мақал –мәтелдерден жарыс өткізіледі. VІ. Бекіту сұрақтары. Салт –дәстүрге байланысты қандай әндер білеміз? «Елім -ай» әні мен «Кішкентай» күйі қандай ән мен күйге жатады? Қазақ музыка өнерінің дамуына үлес қосқан қандай композиторларды білесің? VІІ. Бағалау. К.Қуатбаевтың «Ән сабағы» әнімен сабақты аяқтау. VІІІ. Үйге тапсырма. «Елім –ай» әні мен «Кішкентай» күйінің шығу тарихы. Ән
Еркеғали Рахмадиевтің ерекше қасиеттерінің біріне аспаптық үн табиғатын терең сезінуі жатады. Бұл қасиеті өзгеше білінеді. Композитор симфония жазған жоқ. Ертеректе жазылған симфониялық поэмалары негізгі шығармаларға жатпайды. Оның шығармашылығының көрсеткіштеріне симфониялық күйлері жатады, Тек осы туындыларында оның аспаптық табиғатын байқауға болады. Композитор домбыра күйлерін симфониялық оркестрдің үні арқылы жаңа жағынан таныта білді. Кішкентай кезінен домбырада ойнаған композитор, екі ішекті қарапайым аспапқа арналып жазылған музыканың мәнерлігін, көркемдігін, әсемдігін керемет білген. Ол қазақ күйлерінің рухани бай тереңдігі еуропалық жанрларға сыймайтындығын сезінді. Алайда, жауап өздігінен келді – күй материалдарын басқа жанрларда тек қолдана ғана қоймай, жаңадан күй шығару керек. Еркеғали Рахмадиев Қазақстан композиторларының ішідегі әйгілі халық күйлерінің авторлық нұсқаларын шығарған бірінші композитор болды. Осылайша,оның шығармашылығында ерекше оркестрлік күйлердің бірнеше түрлері пайда болды: «Дайрабай», «Құдаша-Думан», «Орытпа», «Серпер». Рахмадиевтің жаңашылдығы келесіде болды: композитор «дәстүрлі күйді күй жанрында көрсетті ». Рахмадиев күйі концерттік орындалуға арналған симфониялық шығарма болып өзгертілді. Өзінің «симфониялық күй» деген атауында да дәстүрлі домбыралық пьесаға автордың өзіндік көзқарасы мен ойы көрініп тұр. Оның мәні – әртүрлі мәдениеттерге жататын жанрлардың жақындасуы: жазбаша және ауызша, батыс және шығыс. Бұл идея өте жемісті болды, және де бірінші күй өзінше аса жетілген болып шықты. Ол, симфония тәріздес аспаптық дамудың нақ логикасы бар музыка болып табылды. Және срншалықты нақ логикасы тек симфониялық процесспен ғана ассоциациялар тудырады. Сөйтіп, күй симфоонизмі туралы ой пайда болды. Бұл ойды ең бірінші болып Асафьев айтқан-ды. «Әндердің де, аспаптық импровизациялардың (домбырада – А.Б.) да құрылысында симфонимялық дамудың көптеген мүмкіндіктері қалыптасықан...» . Еркеғали Рахмадиев күйді өзіндік жанр ретінде бөле отырып, бастапқы материалдың органикасын бұзған жоқ. Алайда, музыка домбыралық пьесаның бай үндік табиғатын барынша көрсетті. Бастапқы екідауыстылық симфониялық оркестр құралдарың көмегімен көпдауыстылыққа өтті. Бұл шығарманың оркестрлік нұсқасының арқасында бүкіл регистрлерді және барлық жоғарылықтағы дыбыстарды бір уақытта қолдануға кең мүмкіндіктер пайда болды. Осы негізде халық күйінің авторизацияланған нұсқасы құрылды. Композитор оны пьесаны өзіндің «оркестрге арналған интермеццо» ретінде үлкен симфониялық оркестрдің құрамына арнап жазған. Оның музыкасы көптеген оркестрдің тутти ретінде берілген керемет сололарыне толы. Рахмадиев фактуралық-тақырыптық гомофондық бөлу принципін көптеп қолданған, олрады сололық және фондық деп бөлген. Нағыз күй табиғатын соншалықты терең түсінген Рахмадиев ритм сферасына көп көңіл бөледі. Оның музыкасында халық пьесасының қайталанбастығын білдіретін ритмикалық түрлердің «концентрациясы» (советтік музыкатанушылықта кеңінен таралған термин) байқалады. Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларының симфониялық нұсқаларының негізіне айналған халық күйлері, әртүрлі стильдерге жатады. Мысалы, әйгілі «Дайрабай» - Шығыс қазақстанның музыкалық дәстүрінің үлгісі. Күй, оны шығарған композитордың атымен аталған. Дайрабай 19 ғасырда өмір сүрген және үлкен физиологиялық күшімен белгілі болған. Дайрабай колониалдық жүйеге қарсы күрескер ретінде атағы шыққан, және бірнеше рет түрмеге жабылған. Күйдің симфониялық нұсқасын шығара отырып Еркеғали Рахмадиев «бас буын» материалына сүйенген.