
- •1 Дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.
- •Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.
- •Ақпараттық жүйе туралы түсінік
- •3, 4 Дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
- •Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
- •Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері
- •Ақпараттық технологияларын жіктелуі
- •Басқару процесін автоматтандыру құралдары
- •Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері
- •Программалық жабдықтау типі бойынша
- •Қолданушылық интерфейс типі бойынша.
- •Ішінара өзара әрекеттесу әдісі бойынша.
- •Ақпараттық технологияны таңдау критерилері
- •Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері
- •5 Дәріс. Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері.
- •Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі.
- •Таптастыру жүйелері
- •Ақпараттық өнімдердің күрделендіруі
- •Сыйысушылық қамтамасыз етуі
- •Аралық буындардың жоюы
- •Жандантыру (Глобализация)
- •Конвергенция
- •Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Басқарудың ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Кеңсені автоматтандыру
- •Негізгі компоненттер:
- •Компьютерлік конференция және телеконференция
- •Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Эксперттік жүйенің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •10 Дәріс. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты Ақпаратты технологияны стандарттау жүйесі.
- •11 Дәріс. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі
- •Ақпараттық заңнама.
- •Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау.
- •Кіру рұхсаты шектеулі ақпараттарды сақтау.
- •Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.
- •Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.
- •12 Дәріс. Желілі технологиялардың сипаттамасы және тағайындау Компьютерлік желілердің мүмкіншіліктері
- •13 Дәріс. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы
- •14,15 Дәрістер. Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы Жергілікті есептеуіш желі
3.1. Дәрістер
1 Дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.
Ақпараттарды басқару және алмасу функциялары.
Әрбір қоғамда ақпаратты өңдеумен жұмыс жүргізуге тура келеді. Экономиканың дамуымен тұрғындарының санының өсіміне байланысты, өзара байланысты мәліметтердің көлемі өседі. Соңғы жылдары ақпараттың үлкен көлемі өндірісте, саудада, қаржылық және банктік салада бақыланады. Бұл нарықтық экономикаға өтуге байланысты болғанымен қатар, мәлімет өңдеудің ғылыми әдістерін қолдануға негізделген экономикалық объектілерді басқарудың жаңа әдісін өтуімен де байланысты. Экономикалық объектілерді меңгеруге негізделген ақпараттық ағымдарды қолдана отырып, бақылау, жоспарлау, есеп, талдау, объектілерді басқаруды сәтті жүргізуге болады.
Қазіргі заманғы экономика эффектік басқарусыз мүмкін емес,оның сәттілігі дамуының динамикасы мен әржақты факторларды ескеретін интегралданған шешімдердің қабылдануымен анықталады. Бүгінгі күрделі де тез өзгеретін әлемде көптеген альтернативтер басқарушылардың қолында болады, және адамдардың алдына бір мақсат қойып, оған жету үшін көптеген сұрақтарға жауап беру керек. Ол басқару объектісі толығымен меңгерілген уақытта ғана мүмкін болады.
Әрбір басқарылатын функция шын мәнінде бірнеше жалпы және өмірлік қажетті шешімдермен байланысты болады. Өнеркәсіп, фирма, сала және жалпы экономика жұмыстары сәтті болу үшін, бұл объектілер туралы толық ақпарат болуы керек және бұл ақпаратты басқару процесінде қолдану керек. Қолданылатын объект туралы ақпарат көлемі неғұрлым үлкен болса, қабылданған шешілдер соғұрлым сауатты, ал басқару соғұрлым күшті болады.
Басқару процессі,алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы арқылы бейнеленеді. Ғылыми менеджменттің қазіргі заманғы теориясы тұрғысынан, басқару процесі әртүрлі деңгейде қарастырылады.
Стратегиялық басқару-басқарылатын объетілердің даму бағыттары және ғаламдық мақсаты өңдеуге негізделген, перспективаға бағытталған басқару;
Оперативтік басқару-фирманың түрақты функциялануын қамтамасыз ететін және жақын арадағы (ай,квартал) оның даму потенциалын қүруға бағытталған басқару;
Ағымдағы басқару-ақпараттың тіркеуі, жинақталуы және анализіне негізделген басқару.
Басқарудың барлық деңгейлеріне бірнеше категориаларға бөлінетін әртүрлі функциялар кіреді: жоспарлау, ұиымдастыру, мотивация және бақылау. Бүл функциялар-үздіксіз, өзара байланста дамиды және процесстің басқару объетісі болып табылады. Бастапқы қойылған мақсаттар мен тапсырмалар өндірістің дамуын кеңейту арқылы өзгере алады.
Жоспарлау функциясы өнеркәсіптің мақсатына жету процессінде оның мүшелерінің міндеттерін айқындайды. Ұйымдастыру функциясы жоспарланған мақсаттарға жету үшін тапсырмалардың орындалу процессіндегі субъектілер арасындағы міндеттерді бөлуі мен қүрлымына негізделген.
Мотивация функциясына қажетті іс-әрекеттерді орындауға талпынс және бүкіл жүмысшылардың жүмыс міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс -әрекеттер кіреді.
Бақылау функциясы мақсатқа жету процессіндегі қателер мен мүмкін түзетулерді уақытында байқауды қамтамасыз етеді.
Басқару бақылауының мынадай түрлері бар:
стандартты орнату - бұл жүмыстың уақытында орындалуы және сапалылығының дәл анықталуы;
жетістіктерді өлшеу нәтижесі және оларды күтіммен салыстырғандағы болжау мәндері;
моделдердегі арифметикалық және логикалық қателерді шығаруға бағытталған іс-әрекеттер.
Жоғарыда айтылған функциялардың барлығы басқарушының шешім қабылдауын қамтамасыз етеді және олардың орындалуы үшін, бағытталған іс-әректтерді жүзеге асыру коммуникация немесе ақпарат алмасуды талап етеді.
Барлық бағандар арасындағы байланыс процестері шешім мен коммуникацияны қабылдау болып табылады, олар басқарылатын функциялардың үздіксіздігін және олардың басқару процесіндегі әсердің эффектілігін қамтамасыз етеді.
Шешім қабылдау – бұл басқарудағы басты компанент ,олар өзінде әдістерді таңдап, амалды жоспарлау, бақылау мен мотивацияны ұйымдастыруды іске асырады.
Шешім қабылдау көптеген ақпаратты ағымдарды өңдеуге болжайды және осы көптің ішінен алынған жалғыз белгілі проблеманың шешімі болып табылады.Ақпарат алмасу немесе коммуникация адамдар арасындағы құрылымдық типтегі қарым – қатнастарды сипаттайды. Бұл басқару функциясы коммуникацияның сапалығына тәуелді.
Сонымен шешім қабылдау мен ақпарат алмасу – басқарушының жұмысындағы негізгі мазмұны және негізгі мақсаты. Басқару қарастырылатын объект компоненттері мен ақпарат алмасумен байланысты. Ақпарат алмасудың сапалығы шешім қабылдаудың сапалылығын көтереді. Сондықтан ақпараттық технологияларды таңдағанда және өңдегенде коммуникацияға ерекше көңіл аударады.