- •6. Адам генетикасының зерттеу әдістері: генеологиялық, егіздік, цитогенетикалық, биохимиялық, популяциялық әдістерді сипаттап, мысал келтіріңіз.
- •7. Ажыраудың статистикалық сипатын көрсетіңіз. Гендердің толық көрінбеуімен дифференциалды өлімге байланысты шағылыстыру кезіндегі ажырау қатынастарының ауытқу себебін дәлелдеңіз.
- •8. Айқасудың цитологиялық талдауын сызба түрінде дәлелдеңіз. Айқасулар. Интерференция, коинциденцияның бір бірінен айырмашылығын сипаттаңыз.
- •10.Аллельдер. Аллельдердің өзара әсерінің: толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, коодоминанттылық түрлерін сипаттап және салыстырмалы түрде айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
- •11.Аллельді емес гендердің өзара әсерінің типтеріне анықтама беріңіз. Комплементарлы және эпистазды гендердің өзара әсеріне келтіріңіз.
- •12.Анеуполиплоидтар: нуллисомиктер, моносомиктер, полисомиктер. Олардың бір-бірінен ерекшеліктерін мен себептерін көрсетіңіз.
- •18. Балалары а және в тобына, ал, шешесі ав қан тобына жатады. Осы балалардың әкесінің қан тобы қай топқа жатуы мүмкін? Барлық жанұя мүшелерінің генотиптерін анықтауға болады ма?
- •19. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауының цитологиялық негізін сипаттаңыз. Тұқым қуалаудың дискреттілігін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •24. Гендік мутацияға сипаттама беріңіз. Гендік мутацияның түрлерін және пайда болу механизмін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •25. Геномдық мутациялар және олардың жіктелуін көрсетіңіз. Полиплоидия, аллополиплоидия. Олардың практикада қолдану ерекшеліктерін атаңыз.
- •26. Гендердің плейотропты әсері. Пенетранттылық. Және экспрессивтіліктің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Модификаторлы гендерді сипаттаңыз.
- •27. Генетиканың негізгі міндеттері. Негізгі генетикалық ұғымдар, терминдер, символика. Шағылыстыру ережесін нақты мысалдармен көрсетіңіз.
- •28. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз. Генетика пәнінің зерттеу әдістері мен объектісі, басқа ғылымдармен байланысын, практикалық және теориялық маңызын көрсетіңіз.
- •38. Жынысты алдын-ала анықталу және жынысты анықтаудың хромосомалық типтерін көрсетіңіз және мысал келтіріңіз. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына мысал келтіріңіз.
- •40. Жынысты анықтаудың баланстық теориясының механизмін түсіндіріңіз. Жыныс хроматині. Гинандроморфизмнің пайда болу себебін көрсетіңіз.
- •41. Жынысты анықтауда сыртқы ортаның рөлін көрсетіңіз. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын ауруларды атап көрсетіңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •43. Кроссинговер. Хромосомалардың айқасуының генетикалық дәлелдемесін нақты мысалдармен келтіре отырып, дәлелдеңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •44. Кроссинговерге әсер етуші факторларды атап көрсетіңіз.
- •45. Көп аллельдiлiк және қан тобын анықтау генетикасын түсіндіріңіз. Көп аллельділікті мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.
- •51. Моно- және дигибридті будандастыру дегеніміз не? Моно- және дигибридті будандастыруға талдаушы будандастыру арқылы мысал келтіріп, салыстырыңыз.
- •52. Моногибридті шағылыстыру. Мендельдің моногибридті шағылыстыруды талдау барысында белгілердің негізгі тұқымқуалау заңдылықтарына нақты мысалдар арқылы Мендель заңдылықтарын дәлелдеңіз.
- •53. Митоз, мейоз кезеңдері. Мейоздың биологиялық маңызын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Митохондриялы тұқым қуалауға нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңіз.
- •55. Мутациялық өзгергіштік. Мутация типтерін нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.
- •56. Негізгі объект - дрозофиланың биологиясы, морфологиясы және көбеюіне анықтама беріңіз, сызба түрінде тәжірибеде қолданылатын мутантты линияларды сипаттаңыз.
- •57. Пластидті тұқымқуалау мен өзгергіштік типтері. Цитоплазмалық аналық алдын-ала жобалауы. Олардың практикадағы маңызын сипаттаңыз.
- •62. Полимерлі гендердің өзара әсерін түсіндіріңіз және мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. Кумулятивті және кумулятивті емес полимерияны мысалмен фенотиптік ажырау қатынасының айырмашылығын көрсетіңіз.
- •63. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтаудағы Харди-Вайнберг заңының маңызын түсіндіріп, мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •64. Популяцияның қалыптасудағы эволюциялық факторлары: гендер дрейфі, миграция, сұрыпталу, мутацияның популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіне әсерін көрсетіңіз.
- •65. Популяциядағы аурудың кездесуі I адамға шаққанда 400 адам болып келеді. Популяциядағы ауру тасымалдаушылардың пайызын және әртүрлі генотиптердін жиілігін анықтаңыз.
- •66. Өзгергіштік және оның заңдылықтары. Өзгергіштікті жіктеуді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •68. Өсімдік және жануарлар селекциясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап көрсетіңіз және сипаттаңыз.
- •70. Сорт туралы ұғым. Сорттарды шығару. Сортты өзгерту және тазарту. Гибрид, гибридті тегі мен сорт туралы ұғым. Гетерозис, практикада қолданудың ерекшелігін сипаттаңыз.
- •71. Селекция ғылым ретінде, оның міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Жалпылама және жекелей сұрыптау. Жаңа сорттар шығару үшін будандастырудың маңызын мысал арқылы дәлелдеңіз.
- •72. Табиғи (спонтанды) және жасанды (индукциялық) мутациялардың сипаттаңыз. Генеративті және соматикалық мутациялар. Модификация және норма реакциясына мысал келтіріңіз.
- •73. Талдаушы және қайыра шағылыстыру арасындағы айырмашылықты нақты мысалдармен көрсетіңіз және оның генетикалық талдаудағы маңызын дәлелдеңіз.
- •74. Тең емес кроссинговердің пайда болу себебін көрсетіңіз. Соматикалық және мейоздық кроссинговер және олардың айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •75. Тіркесе тұқым қуалау құбылысы және оны талдау әдісі. Тіркесу тобы және хромосомалар тіркесу тобын анықтауына мысал келтіріңіз.
- •76. Тіркесу топтарын анықтау. Гендерді локализациялау. Хромосомалардың генетикалық қатарына анықтама беріңіз және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының қағидаларын атаңыз.
- •77. Төменде талдаушы будандастырудан алынған нәтижелер берілген.
- •78. Түн аруы өсімдігінің гүлдері қызыл түсті өсімдіктерін өзара будандастырудан қызыл түсті, ал ақ түрлерін өзара будандастырудан ақ
- •79. Тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы және оларды емдеудің маңызын көрсетіңіз. Медицина-генетикалық кеңес беруді қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •80. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және материалдық негіздерін сипаттаңыз. Хромосомалардың саны мен құрылысына
- •85. Хромосомалардың бірінші және екінші реттік ажырамауын сипаттаңыз. Дрозофиладағы ақ және қызыл көзділік белгілері бойынша хромосомалардың дұрыс ажырамауына мысал келтіріңіз.
- •86. Химиялық және радиациялық мутацияны сипаттаңыз. Осы мутация түрлерін практикада қолданудың маңыздылығы мен зияндылығын көрсетіңіз.
- •87. Ядродан тыс тұқым қуалау дегеніміз не? Пластидті және митохондриялық тұқым қуалаудың ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттаңыз.
26. Гендердің плейотропты әсері. Пенетранттылық. Және экспрессивтіліктің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Модификаторлы гендерді сипаттаңыз.
Плейотропия – полимерияға қарсы яғни 1 геннің бірнеше белгіге 1 мезгілде әсер етуі.
Организмдердiң жеке дамуы барысында кейбiр гендердiң бiр емес бiрнеше белгiнiң дамуына әсерiн тигiзетiнi анықталды. Табиғатта кең таралған бұл құбылыс гендердiң плейотропиялық әсерi деп аталады.
Плейотропияға мысалдар келтiрейiк: сабақтары қызыл өсiмдiктердiң гүлдерi қызыл, ал сабақтары көк өсiмдiктердiң гүлдерi көбiнесе ақ түстi болады. Қоғыр (шөмiшгүл) өсiмдiгiнде (Aquilegia vulgaris) болатын бiр ғана ген, оның бiрнеше белгiлерiнiң - гүлiнiң қызыл түсiн, жапырағының екi жағының да боялуын, тұқым қабығының түссiздiгiн, эндосперманың қоңыр болып дамуларын анықтайды. Дрозофиланың ақ көздiлiгiн анықтайтын рецессивтiк ген, оның кейбiр iшкi органдарының пiшiнiне, өсiмталдығының кемуiне, өмiр сүру ұзақтығының қысқаруына т.б. әсерiн тигiзедi.
Плейотропты құбылыстарда белгiлердiң толық коррелятивтi байланысы байқалады. Егер ген организмде пайдалы да, зиянды да белгiлердiң бiр мезгiлде түзiлуiн қамтамасыз ететiн болса, онда ол организмнiң құнды белгiлерiн пайдалануға әрекеттенген селекционерлердiң жұмысын қиындата түседi.
Пенетранттылық – геннің фенотиптегі көріну мүмкіндігі. Пенетранттылық даралардағы геннің белгі н/е қасиеті пайыз түрінде.
Экспрессивті – геннің белгіге әсер ету деңгейі. Экспрессивтілік нақты геннің әсерінен көрінетін бөлігінің орташа мәнімен өлшенеді
27. Генетиканың негізгі міндеттері. Негізгі генетикалық ұғымдар, терминдер, символика. Шағылыстыру ережесін нақты мысалдармен көрсетіңіз.
Генетиканың міндеті: геннің өзгеру механизмін зерттеу, хромосома гендерінің репродукциясын зерттеу, организмдегі әртүрлі белгілер мен қасиеттердің түзілу процестерін бақылау, тірі организмдегі генетикалық ақпараттың конструкциялау әдісін өңдеу, әртүрлі тұқымқуалаушылық аурулардың алдын алу және күресу, өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігін арттыру. Генетикада көп колданылатын ұғымдардың қатарына "белгi", "қасиет" деген ұғымдар жатады. Р (лат. Рarent - ата-ана) ата-аналық организм. Х-будандастыру. Аналық жынысты ♀ (Шолпан айнасы) белгiсiмен, аталық жынысты ♂ (Марс қалқаны және найзасы) белгiсiмен белгiлейдi. F- гибрид. Альтернативтi белгiлерi бар екi организмдi будандастырудан алынған ұрпақты гибридтiк (будандық) ұрпақ деп, ал оның жекелеген дарабастарын - гибрид (немесе будан) деп атайды. Хромосоманың белгiлi бiр бөлiгiнде орналасқан, тұқым қуалайтын белгi - қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бiрлiгi ген деп аталады. Ген – белгі. Альтернативтi жұп белгiлердi анықтаушы жұп гендердi аллеломорфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысының өзiн аллеломорфизм немесе аллелизм деп айтады. Әр ген екi түрлi жағдайда болады және олар бiр жұп түзедi, ал ол жұптың әр мүшесi аллель деп аталынады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативтi жұп белгiлердi латын алфавитiнiң әрiптерiмен көрсетудi ұсынды. Мысалы, А және а, В және в тағы сол сияқты. Аллельдi гендер гомологты хромосомалардың ұқсас бөлiмiнде орналасады, ал олардың орналасатын орнын локус деп атайды. Гомологты жұп хромосоманы параллель қос сызық ( ═ ) арқылы көрсеткен кезде, онда орналасқан аллельдi гендердi бiрiнiң астына бiрiн жазу керек, ал оларды хромосомасыз көрсеткенде АА, Аа және аа делiнiп жазылады.Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы зигота деп аталатыны белгiлi. Егер зигота бiрдей аллельдерi бар жыныс клеткаларының қосылуынан түзiлсе, ондай зиготаны гомозигота деп, ал әртүрлi аллельдерi бар екi жыныс клеткасының қосылуынан түзiлсе, оны гетерозигота деп атайды.
