Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Genetika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477.29 Кб
Скачать

24. Гендік мутацияға сипаттама беріңіз. Гендік мутацияның түрлерін және пайда болу механизмін сызба түрінде көрсетіңіз.

Мутацияның мұндай түрі жекелеген гендерде болады және жиі кездеседі. Организмнің көптеген морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық белгі – қасиеттерінің өзгеруі осыған байланысты болады.

Белгінің өзгеру бағытына қарай гендік мутацияның бес түрін ажыратады: гиперморфты - өзінің бақылауымен синтезделетін заттар мөлшерінің артуы есебінен ген қызметінің күшшейуі, гиперморфты жабайы типтің аллелі арқылы бақыланатын биохимиялық өнімдер мөлшерінің азаюы есебінен ген қызметінің әлсіреуі; неоморфты – жабайы типтің генінің бақылауымен синтезделетін өнімнен өзгеше заттардың түзілуін кодтайтын мутантты аллельдің пайда болуы; антиаморфты – жабайы типті аллельдің қызметіне қарама – қарсы.

Гендік мутация организмнің белгілерін көбінесе шамалы ғана өзгертетіндіктен оны «шағын» мутацияға жатқызады. Ол табиғи жағдайда түрлердің эволюциялық тұрғыда икемді болуына мүмкіндік туғызады және селекциялық жұмыста өсімдіктердің жаңа сортын, жануарлардың тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын алу үшін қажетті материал ретінде пайдаланылады.

Гендік мутацияның негізінен екі түрін ажыратады: азотты негіздердің орын ауыстыруына және бір азотты негіздің ДНК құрамынан түсіп қалуына немесе үстеме келіп қосылуына байланысты болатын мутациялар. Мұндай өзгерістерді нүктелік мутация деп те атайды. Олар мынандай жолдармен жүреді:

1. Бір пуриннің екіншісімен немесе бір пиримидиннің басқа біреурімен ауыстырылуы. Мұны транзиция деп атайды.

А Г, Т Ц

2. Пуринді пиримидинге немесе керісінше алмастыру. Оны трансверсия деп атайды.

А Т, А Ц, Г Ц, Г Т

Гендік мутация көріну сипатына қарай: доминантты, жартылай доминантты, рецессивті.

Гендік мутация өзгеру сипатына қарай: Гипоморфты-белгінің көрінуі жабайы типк корінуі ұқсас (Нормал) бірақ көрінуі әлсіз; Аморфты-белгілер жойылып кеткен секілді көрінуі; Антиморфты-жабайы типтін Ф қарама-қарсы бағытта өзгертеді; Неоморфты-мутанттың Ф жабайы типтерден өзгеше; Гиперморфты-бұл мутанттарда биохим өнім саны бірден артады.

25. Геномдық мутациялар және олардың жіктелуін көрсетіңіз. Полиплоидия, аллополиплоидия. Олардың практикада қолдану ерекшеліктерін атаңыз.

Геномдық мутация дегеніміз клеткадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты организмнің белгілері мен қасиеттерінде пайда болатын өзгеріштікті айтады. Геном дегеніміздің өзі гаплоидты хромосомадағы болатын гендердің жиынтығы. Енді осы геномдық мутацияның пайда болу жолын қарастырайық. Хромосом санының тұрақтылығын және оның ұрпақтан – ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін, клетканың бөліну механизмдері митоз бен мейоз екендігі белгілі.

Бірақ кейбір жағдайда бұл механизмдер бұзылады да, хромосома саны өзгерген клеткалар пайда болады. Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе жеке хромосомалалар санының көбеюіне не азаюына байланысты болады. Хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбейетін организмдерді полиплоидты, ал еселенбей көбейсе анеуплоидты немесе гетероплоидты деп атайды.

Полиплоидия. Полиплоидты организмдер хромосом санының еселену дәрежесіне қарай 3п - триплоидты, 4п - тетраплоидты, 5п - пентаплоидты болып бөлінеді.

Полиплоидия организмнің түрлі белгілерінің өзгеруіне себеп болады. Сондықтан ол эволюция мен селекция үшін тұқым қуалайтын өзгергіштіктің маңызды бір қайнар көзі болып есептеледі. Мысалы, селекционер В.С.Федоров шығарған қара бидайдың тетраплоидты формасын алсақ, диплоидты формасына қарағанда сабағы мықты, дәні ірі және салмақты болып өзгерген бұл әрине шаруашылық маңызы жағынан тиімді өзгеріс. Полиплоидияның өзінің екі түрі бар олар автополиплоидия және аллополиплоидия, деп аталады. Егер геномды А деп белгілесек, автодиплоид АА, ал автотриплоид ААА болады.

Анеуплоидия. Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосом санының гаплоидты жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады.

Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбындарындағы жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңдылығын зерттеу барысында байқады.

Ол аналық шыбындардың сомалық клеткасынан ХХУ хромосомаларды (сонда У артық) ал аталықтарынан ХО яғни У-гі жоқ хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофила шыбындарының кейбір белгілерінің (қанаты, көзі т.б.) кемістікке ұшырайтындығы анықталды. Сонда бір хромосомасы артық жыныс клеткасы қалыпты гаплоидты гаметамен ұрықтанғанда , хромосом жиынтығы 2n+1 немесе трисомик зигота түзіледі. Ал егер гаметада бір хромосома кем болып келсе, ұрықтану нәтижесінде моносомик яғни 2n-1 зигота пайда болады. Адам баласында және жануарларда артық хромосоманың болуы олардың өсіп дамуының өзгеруіне немесе тіпті өлімге әкеп соғады.

Моносомик хром жиынт. 2п-1

Нуллисомик 2п-2

Трисомик 2п+1 ХХУ

Тетрасомик 2п+2 ХХХУ

Дисомик қалыпты 42 21

Мысалы, адамда жыныстық хромосомалардың немесе аутосомалардың артық болуы күрделі аномалиялар туғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]