Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Genetika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477.29 Кб
Скачать

12.Анеуполиплоидтар: нуллисомиктер, моносомиктер, полисомиктер. Олардың бір-бірінен ерекшеліктерін мен себептерін көрсетіңіз.

Анеуплоидия н/е гетерополиплоидия – хромосомалардың гаплоидтты жиынтыққа еселенбей, тек жекелеген хромосомалар санының өзгеруіне байлн болатын геном. мут.

Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбындарындағы жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңдылығын зерттеу барысында байқады.

Ол аналық шыбындардың сомалық клеткасынан ХХУ хромосомаларды (сонда У артық) ал аталықтарынан ХО яғни У-гі жоқ хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофила шыбындарының кейбір белгілерінің (қанаты, көзі т.б.) кемістікке ұшырайтындығы анықталды. Сонда бір хромосомасы артық жыныс клеткасы қалыпты гаплоидты гаметамен ұрықтанғанда , хромосом жиынтығы 2n+1 немесе трисомик зигота түзіледі. Ал егер гаметада бір хромосома кем болып келсе, ұрықтану нәтижесінде моносомик яғни 2n-1 зигота пайда болады. Адам баласында және жануарларда артық хромосоманың болуы олардың өсіп дамуының өзгеруіне немесе тіпті өлімге әкеп соғады.

Моносомик хром жиынт. 2п-1

Нуллисомик 2п-2

Трисомик 2п+1 ХХУ

Тетрасомик 2п+2 ХХХУ

Дисомик қалыпты 42 21

13.Анасының қаны А тобына, ал, әкесінікі В тобына жатады. Балалары ата-анасының бірінің қан тобын алуы мүмкін бе? Осы отбасында туылған балалардың қан топтары қандай болуы мүмкін?

Жауабы: 1) JAJO x JBJO; 2) JAJA x JBJB ; 3) JAJO x JBJB ; 4) JAJA x JBJO ;

14.Асқабақ жемісінің ақ және жасыл түрлерін тозаңдандырғанда, F1-дегі өсімдіктердің түсі ақ, ал, F2-дегі өсімдіктердің 86 ақ, 39 сары және 42 жасыл түске ажыраған. F2-де алынған сары және ақ жемісті өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда алынған өсімдіктердің ½ ақ, 3/8 сары және 1/8 жасыл түсті болған. Белгі қалай тұқым қуалайды? Тозаңдандыру нәтижесін түсіндіріңіздер және өсімдіктердің генотипін анықтау керек.

Жауабы: ААВВ х аавв Ғ1-АаВв ақ, Ғ2 9:3:4

15. Асқабақ жемісінің ақ түсі (W) сары (w) түске, ал пішінінің диск тәріздісі (D) шар (d) пішініне басымдылық көрсетеді. Асқабақ өсімдігінің жеміс түсі ақ, диск тәрізді формасын сары, жемісі шар тәрізді формасымен будандастырғанда, 35 ақ диск тәрізді; 32 ақ шар тәрізді; 38 сары диск тәрізді; 34 сары шар тәрізді жемістер берген. Ажырау нәтижесін түсіндіріңіз?

Жауабы: АаВв*аавв Ф 1:1:1:1 Белгілердің тәуелсіз ажырау талдаушы буд арқылы тексергенде

16. Асқабақтың ақ дискі тәрізді өсімдігін ақ, шар тәрізді өсімдігімен будандастырғанда: 3/8 ақ дискі тәрізді, 3/8 ақ шар тәрізді, 1/8 сары дискі тәрізді және 1/8 сары шар тәрізді жемістер алынған. Бастапқы өсімдіктер мен ұрпақтарының генотиптерін табыңыздар? Егер, F1–де алынған жемісі ақ дискі тәрізді асқабақты сары шар тәрізді формасымен будандастырса, қандай өсімдіктер алынады?

Жауабы: АаВв х Аавв, F1 3-ақ.д, 3-ақ.ш, 1-с.д, 1-с.ш.

17. Аталық және аналық гетерогаметалы болған кездегі белгілердің тұқым қуалауы дегеніміз не және реципрокты будандастыруды қолдана отырып, нақты мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

Аталық жыныс гетерогаметалы болғанда жыныспен тiркескен белгiлердiң тұқым қуалауы. Жабайы дрозофиланың көзi әдетте қызыл болады. Лаборатория жағдайында өсiрiлетiн линиялардың бiреуiнiң көзi ақ түстi. Гомозиготалы қызыл көздi аналықтарын ақ көздi аталықтармен шағылыстырудан алынған бiрiншi ұрпақтың аналықтары да, аталықтары да қызыл көздi болады. Демек, қызыл көздiлiк ақ көздiлiкке доминанттылық көрсетедi. F2-дегi аналықтардың бәрi қызыл көздi болады да, ажырау тек аталықтарында ғана болады: аталықтарының жартысы қызыл көздi, жартысы ақ көздi болып ажырайды. Бұл жағдай, әрине, Мендель заңдылықтарынан өзгеше. Орайлас шағылыстыру жүргiзiлсе бұл айырмашылық онан да арта түседi.

Мысалы, егер дрозофиланың ақ көздi аналықтарын қызыл көздi аталықтарымен шағылыстырса, F1-дiң өзiнде-ақ ажырау байқалады: аналықтарының бәрi әкелерiнiкi сияқты қызыл көздi, аталықтарының бәрi шешелерi сияқты ақ көздi болып шығады. Белгiлердiң осылайша ұрпақтарына берiлуiн айқас немесе крисс-кросс тұқым қуалау деп атайды. F2-де аналықтарының да, аталықтарының да жартысы қызыл көздi, жартысы ақ көздi болады.

Дрозофиладағы қызыл көздiлiк пен ақ көздiлiктiң осылайша тұқым қуалауы былайша түсiндiрiледi: көздiң ақ түсiн анықтайтын рецессивтi ген w (ағылшынның white-ақ деген сөзiнiң бiрiншi әрпi) және көздiң қызыл түсiн анықтайтын оның доминантты аллелi (w+) Х - хромосомада орналасқан, ал У-хромосомада оған тиiстi ешқандай гендер болмайды, сондықтан көздiң бояуына әсер етпейдi. Генотипi осындай организмдi гемизигота деп атайды.

Тура шағылыстыруда аналық өзiнiң Х-хромосомасымен бiрге қызыл көздiлiктi анықтайтын w+ генiн F1-дегi аталықтарына бередi, нәтижесiнде олар қызыл көздi болады. Ақ көздi аталық өзiнiң Х-хромосомасымен бiрге рецессивтi w генiн, ал аналық қызыл көздiлiктi анықтайтын доминантты w+ генi бар екiншi Х-хромосоманы бередi, нәтижесiнде w+ генiнiң доминантты қасиетiне байланысты аналық ұрпақтың бәрi қызыл көздi болады.

Керi шағылыстыруда F1-дегi аналықтары әкесiнен қызыл көздiлiктi анықтайтын доминантты аллелi бар Х-хромосомасын, ал анасынан ақ көздiлiктi анықтайтын рецессивтi аллелi бар екiншi Х-хромосомасын алады да, қызыл көздi болады. F1-дегi аталықтары анасынан ақ көздiлiктi анықтайтын рецессивтi аллелi бар жалғыз Х-хромосоманы, ал аталықтан ұқсас гендерi жоқ У-хромосоманы алады, сонда жалғыз Х-хромосомадағы рецессивтi ген ақ көздiлiктi анықтайтындықтан аталық ұрпақтар тегiс ақ көздi болады.

Аталық жыныстары гетерогаметалы болып келетiн дрозофилада және басқа да организмдерде жыныспен тiркескен көптеген гендер дәл осылай тұқым қуалайды. Осындай гендердiң бiр қатары адамда да белгiлi. Адамда болатын ондай рецессивтi гендерге, мысалы, дальтонизм (қызыл-жасылды ажырата алмау), гемофилия (қанның ұйымауы) гендерi жатады. Адамда аталық жыныстары гетерогаметалы болғандықтан, ол гендер тек ер адамдарда ғана кездеседi, олармен тек ер адамдар ғана ауырады. Әйелдер гомогаметалы болғандықтан, бұл аурулармен ауырмайды, олар тек сол гендердiң гетерозиготалы тасымалдаушысы ғана болады. Мысалы, гемофилиямен ауырғандар көбiнесе жас кезiнде өледi, сондықтан гемофилик - еркектер бiрен-саран болмаса, тұқым қалдырмайды. Ауру ұрпақтан ұрпаққа гетерозиготалы әйелдер арқылы берiледi.

Аналық жыныс гетерогаметалы болғанда жыныспен тiркескен белгiлердiң тұқым қуалауы

Аналықтары гетерогаметалы болатын бiрқатар жануарлар белгiлi (құстар, көбелектер т.б.). Бұл жағдайда жыныспен тiркесе тұқым қуалаудың бiраз ерекшелiгi болады. Тауықтың плимутрок және кейбiр тұқымдарының қауырсындары көлденең-жолақты болғандықтан оларға тән шұбар түс бередi, ол түс тұтас қара немесе жирен қауырсындарға доминанттылық көрсетедi. Көлденең жолақ түстi анықтайтын В генi және тұтас қара түстi анықтайтын оның рецессивтi в аллелi Z-хромосомада орналасқан. Қара тауық гомозиготалы шұбар әтешпен будандасқанда F1-де шұбар ұрпақ бередi, ал F2-де барлық қораздар және тауықтардың жартысы шұбар, ал жартысы қара болып шығады. Орайлас шағылыстырғанда, яғни шұбар тауықты қара әтешпен шағылыстырса, F1-дiң өзiнде-ақ ажырау байқалады. Тауықтардың бәрi қара, ал әтештердiң бәрi шұбар болады. F2-де тауықтардың да, әтештердiң де жартысы шұбар, ал жартысы қара түстi болады. Z-хромосомада орналасқан гендер анықтайтын тауықтардың кейбiр басқа белгiлерi де осылайша тұқым қуалайды.

Реципрокты буддоминт жя/е рец белгілері бар дараларды аталық ретінде и анлық ретінде буд. Мыс: АА х аа; аа х АА;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]