Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Genetika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477.29 Кб
Скачать

70. Сорт туралы ұғым. Сорттарды шығару. Сортты өзгерту және тазарту. Гибрид, гибридті тегі мен сорт туралы ұғым. Гетерозис, практикада қолданудың ерекшелігін сипаттаңыз.

Агрономия ғылымының дамуына байланысты адамның өсiмдiкке әсер ету қабiлетi өсiп келедi. Мәдени өсiмдiктердiң әр түрлi сорттары шығарылады. Сорт дегенiмiз- өзiне тән белгiлерi мен қасиеттерi бар бiртектес өсiмдiктердiң тобы. Егiн шаруашылығында дәндi дақылдар мен көкөнiстiк өсiмдiктер негiзiнен тұқымдары арқылы өндiрiледi. Бұл жағдайда сорттың белгiлерi мен қасиеттерi сақталып отырады. Жемiс-жидек өсiмдiктерiн өсiру шаруашылығында сорт деп айқын байқалатын белгiлерi (бөрiкбасының пiшiнi, жемiсiнiң үлкендiгi, түсi, дәмi, т.б.) мен қасиеттерi (түсiмдiлiгi, ұзақ өмiр сүруi, суыққа төзiмдiлiгi, әртүрлi зиянкес жәндiктер мен ауруларға төзiмдiлiгi, т.б.) бар вегетативтiк жолмен көбейетiн өсiмдiктi айтады. Тұқымнан өсiрiлген жемiс- жидектi өсiмдiктер, аналық өсiмдiктiң қасиетiн қайталамайды. Сортты ұзақ жылдар бойы әр түрлi жағдайда өсiру (олардың көпшiлiгi жүздеген ылдар бойы өсiрiледi) жаңа белгiлер мен қасиеттердiң пайда болуына әкелiп соқтырады. Бiр сорттан оның бiрнеше түрi шығады. Егер өсiмдiктiң белгiлерi мен қасиеттерiнiң аналық өсiмдiктен айырмашылығы көп болса, жеке сорт ретiнде бөлiп шығарады.

Өсiмдiктiң сорттарын шығарудың жаңа жолдары мен тәсiлдерiн ойлап табумен селекция ғылымы (латынша «селекцио» – таңдау, сұрыптау) айналысады. Селекционерлер адамға қажеттi қасиеттерi мол (өнiмдiлiгi жоғары, ауруға көп шалдықпайтын, әр түрлi ортада өсуге бейiмделгiш) жаңа сорттарды шығарумен шұғылданады.

Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп атайды. Осының нәтижесінде алынатын ұрпақты гибридтер дейді. Гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бұл өте қиын будандастыру әдісінің негізгі міндеті — адамның материалдық мәдениетіне жануарлардың бағалы жабайы және жартылай жабайы формаларын енгізу. Гибридтеу — тіршілікті зерттеу ғылымдарында қолдану шеңбері кең тәсіл. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын, ұрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Гибридтердің ұрпақ беру немесе бермеу қабілетіне қарай гибридтеуді былайша бөледі: шаруашылыққа пайдаланылатын жануарларды (мысалы, қашырдың шығарылуы) шығаратын және жануарлардың жаңа тұқымдары мен түрлерін шығару үшін пайдаланылатын гибридтеу. Осыған байланысты жануарларды гибридтеудің мынадай төрт түрі бар: өнеркәсіптік, сіңіре, тұқым түзуші және түзетуші (кірістіре) гибридтеу. Бұлардың ішіндегі кең таралғандары - өнеркәсіптік (пайдаланушы) гибридтеу және тұқым түзуші гибридтеу.

Гетерозис кезінде ата-анасымен салыстырғанда буданның тіршілік қабілеті артып, мол өнім береді. Бірақ бұл қасиет кейінгі ұрпақтарында біртіндеп төмендеп өше бастайды. Гетерозис құбылысын өсімдіктер және жануарлар селекциясында жиі қолданады. Бұл құбылысты ең алғаш 1914 жылы Америка ғалымы В. Шелл жүгері өсімдігінен байқайды. В. Шеллдің тәжірибесі бойынша, жүгері өсімдігі гетерозисті буданының бірінші ұрпағының өнімі екінші ұрпағының өніміне қарағанда — 35%-ға, үшінші ұрпағында 50%-ға төмендегенін көрсеткен. Гетерозистің швед ғалымы А. Густафсон анықтағандай, өсімдіктерде бірнеше түрі бар. Олар жыныстық гетерозис — жыныс органдарының жақсы дамуына байланысты тұқым мен жемістің өнімі артады. Денелік гетерозис —вегетативті органдарының іріленуі. Бейімделгіш гетерозис — будан өсімдіктердің ортаға бейімделіп тіршілік қабілетінің артуынан туады. Гетерозис ірі қара малдарда жиі кездеседі. Мысалы, ірі қара малдың Герефорт және Шортгорн тұқымдарын будандастырғанда, будандардың еті мол және өте жоғары сапалы болған. Ал қазақтың Ақ бас сиырын Санта-гертруда тұқымымен будандастырғанда, будан ұрпақтары етті болады. Бір өркешті түйені (нарды) екі өркешті түйемен будандастырғанда, сондай-ақжылқы мен есекті будандастырғанда, ұрпақтарында гетерозис құбылысы байқалады. Қашар — екі түрге жататын жылқы мен есекті шағылыстыру нәтижесінде алынған ұрпақ, бермейтін будан. Күші жағынан ата- анасынан бірнеше есе артық болады. Гетерозигота құбылысының табиғаты, оның молекулалық сыры әлі толық анықталған жоқ. Әр түрге және туысқа жататын организмдердің будандасуын әріден будандастыру дейді. Мұндай шағылыстырудың мақсаты — бір түрге жататын дараларды будандастыруда беріле алмайтын белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалауын зерттеу. Өсімдіктердің мәдени сортымен жабайы түрін будандастыру арқылы сапалы будан алуға болады. Мысалы, қарабидай мен бидайдың бидай мен эгилопс деп атайтын жабайы астың тұқымдастың будандары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]