Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Genetika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477.29 Кб
Скачать

62. Полимерлі гендердің өзара әсерін түсіндіріңіз және мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. Кумулятивті және кумулятивті емес полимерияны мысалмен фенотиптік ажырау қатынасының айырмашылығын көрсетіңіз.

Полимерлi гендер бiрiгiп бiр ғана белгiнi анықтайтындықтан, оларды бiркелкi әрiптермен белгiлейдi, ал әр түрлi аллельдер жұбын сандар көрсетедi. Сонымен қандай да болсын бiр белгiнiң көрiнуiне (қалыптасуына) бiрiгiп әсер ететiн аллельдi емес гендердi полимерлi гендер деп атайды, ал ондай гендердiң өзара әрекеттесуiн полимерия дейдi. Полимерия көбiнесе сандық белгiлерге әсер етедi. Ондай белгiлерге фенотиптiк кластарға дәл бөлiп жiктеуге болмайтын, тек өлшеу, санау, талдау арқылы ғана баға беруге болатын белгiлiр (биiктiк, масса, өсу жылдамдығы, өсiмталдығы т.б.) жатады. Мысалы, құрамына екi жұп доминантты гендер енетiн зиготаны – А1А1А2А2, дигетерозиготаны - А1а1А2а2, ал сол гендер бойынша рецессивтi форманы а1а1а2а2 деп белгiлейдi. Полимерияға мысал ретiнде жұмыршақ (тұмар шөп) жемiсi (бұршаққын) пiшiнiнiң тұқым қуалауын қарастыруға болады. Бұл бұршаққындар үшбұрышты (А1А1А2А2 )немесе сопақша(а1а1а2а2) болады. Үш бұрышты бұршаққынның пайда болуын анықтайтын генотипi өсiмдiктерiн сопақша бұршаққынның пайда болуын анықтайтын генотипi а1а1а2а2 өсiмдiктерiмен будандастырса, F2-де үшбұрышты және сопақша бұршаққындар 15:1 қатынасында түзiледi (15/16 А1--- және --А2- : 1/16 а1а1а2а2). 15:1 қатынасындай болып ажырау бiрыңғай әсер ететiн екi геннiң (А1А2) болатындығымен түсiндiрiледi. Сонда барлық генотиптер: А12-, А12а2, а1а1А2- бiркелкi фенотиптiк сипатта - үшбұрышты бұршаққынды болады. Полимерлi гендердiң мұндай әрекетiн кумулятивтiк емес полимерия деп атайды.

Полимерлi гендердiң өзара әрекеттесуiне мысал ретiнде бидай дәндерi бояуының тұқым қуалауын алуға болады.

Тұқым қабығындағы қызыл бояу дәндердiң ақ бояуына доминанттылық етедi. Кейбiр будандастырудағы комбинацияларынан моногибридтi будандастыру сияқты, F2-де 3 қызыл дәндi өсiмдiкке 1 ақ дәндi өсiмдiктен келедi. Будандастырудың басқа комбинацияларында F2-де әр 15 қызыл дәндi өсiмдiктерге 1ақ дән қатынасында ажырайды. Бидайда қою-қызыл дәндерi бар өсiмдiктермен қатар ашық-қызыл және қызғылт дәндерi бар өсiмдiктер де болады. Дәндер бояуындағы мұндай айырмашылық аллельдi емес екi жұп полимерлi гендердiң кумулятивтiк немесе аддитивтiк әсерлерiнiң нәтижесi. Мұнда дәндер қабығындағы қызыл пигменттiң мөлшерi тиiстi өсiмдiктер генотиптерiндегi доминантты полимерлi гендердiң санына тәуелдi болады. Доминантты гендерi бар дәндердiң түсi қою-қызылдан ашық қызылға дейiнгi реңде өзгерiп отырады.

Егер қызыл бояудың доминантты гендерiн А1 және А2 деп, ал олардың рецессивтi аллельдерiн а1 және а2 деп белгiлесек, онда 1/16 қою-қызыл дәндерi бар өсiмдiктердi А1А1А2А2 (төрт доминатты аллельдерi бар), 4/16 жәй қызыл дәндерi бар өсiмдiктердi А1А1А2а2 және А1а1А2А2 (үш доминантты аллельдерi бар), 6/16 ашық қызыл дәндерi бар өсiмдiктердi А1а1А2а2, А1А1а2а2 т.с.с. (екi доминантты аллельдерi бар), 4/16 қызғылт дәндерi бар өсiмдiктердi А1а1а2а2 немесе а1а1А2а2 (бiр доминантты аллельдерi бар), ақырында 1/16 ақ дәндерi бар өсiмдiктердi а1а1а2а2 (таза рецессивтi) деп белгiлеуге болады. Доминантты А1 немесе А2 гендерi бар барлық генотиптер қою қызыл мен ақтың аралығындағы әртүрлi түстердi анықтайды. Жоғарыда көрсетiлген бес генотиптi кластардың жиiлiк мөлшерлерi F2-дегi ажырау 1+4+6+4+1=16. Бұл бидай дәнi бояуының өзгергiштiгi генотиптегi аллельдер санына байланысты екендiгiн көрсетедi. Өздiгiнен тозаңданған F2 өсiмдiктерiнен алынған дәндердiң генотиптерiн тексеру осы болжаулардың дұрыстығын дәлелдедi.

Доминантты полимерлi гендер жинақталғанда олардың көрiнулерi де толыға түседi. Мұндай гендер кумулятивтi нәтиже көрсетедi, сондықтан әрекеттесудiң бұл типiн кумулятивтiк полимерия деп атайды.

1908 жылы Швед генетигi Г.Нильсон-Эле бидай дәнi эндоспермiнiң бояуын анықтайтын, бiркелкi әсер ететiн гендер тiзбегiн сипаттады. Сонда дән бояуының қоюлана түсуi тригибридтi будандастыру кезiндегi әртүрлi гендердiң доминантты аллельдерiнiң санына пропорционалды болып шығады. F2-де генотипi А1А1А2А2А3А3 болып келген дәндердiң қою қызыл түсiнен бастап мүлдем бояуы жоқ а1а1а2а2а3а3-ке дейiнгi аралықтағылардың барлығы да көрiнiс бередi. F2-дегi ажырау кезiнде осы екi шеткi типтердiң ортасында 1:6:15:20:15:6:1=64 ара қатынасындай аралық варианттардың болатындығы байқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]