Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Genetika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477.29 Кб
Скачать

54. Митохондриялы тұқым қуалауға нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңіз.

Митохондриялар пластидтер сияқты жартылай автономды органеллалар болып табылады және олар бактериялар мен көкжасыл балдырлардан басқа барлық клеткаларда кездеседі. Митохондрия - клетканың тыныс алуы кезінде энергия бөліп шығаратын органоид. Митохондриялық геномдардың көпшілігі тұйық сақиналы, жоғары спиральды дуплексті ДНҚ түрінде болады. Олар көбінесе ұқсас функцияларды кодтайды. Бірқатар организмдердің митохондрияларында, соның ішінде кейбір саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың геномы сызықша түрде болады. Митохондриялық геном Мендельдік (ядролық) геномдармен салыстырғандағы басты айырмашылығы: олар бөлінбейді және қайтадан бірікпейді. Оның орнына ол анадан қызына көшіріледі немесе клондалады. Мутацияларды санамағанда, қазіргі аналық ұрпақтардағы генетикалық ауруы немесе кездейсоқ SNP (бір нуклеотидтің полиморфизмі) осыдан 300-400 жыл бұрынғылармен бірдей.

Митохондриялардағы ядродан тыс тұқым қуалау

Митохондриялық геномда 37 ген бар (13-і белоктар үшін (көппептиды), 22-сі РНҚ тасымалы үшін (tRNA) және біреуі үлкен, біреуі кішкентай рибосомалық РНҚ бірліктері үшін). Олардың біраз бөлігі АТФ-тың түзілуіне және реттелуіне қатысады.

55. Мутациялық өзгергіштік. Мутация типтерін нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.

Мутация деп хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның пайда болуы жөне қалыптасуы мутагенез деп аталады. Ал тұқым қуалайтын өзгерістерді тудыратын факторларды мутаген деп атайды. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды. Олардың пайда болуы бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі процесс. "Мутация" деген терминді 1901 жылы Голландия генетигі Гуго де Фриз "Мутациялық теория" деген еңбегінде енгізді.

Жалпы мутацияны эволюциялық процестің алғашқы материалдық негізі деп есептеген жөн. Мутациялық өзгергіштіктің барлық түрлері тірі организмдерге тән. Организмдердің ерекшеліктеріне: фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай мутациялар: морфологиялық, физиологиялық, гендік, хромосомалық жөне геномдық болып бөлінеді.

Морфологиялық мутацияларға өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінің тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі жатады. Мысалы, өсімдіктердің бойының биіктігі, гүлдер мен гүл шоғырлары түсінің, жапырак тақтасы мен жемістерінің, сондай-ақ тұқым түрлерінің өзгеруін айтады. Жануарларда: терісінің түсі, аяғының қысқалығы, кауырсынның болмауы. Жәндіктерде: денесінің, көзінің түсінің өзгеруі, қанатының мөлшері мен пішінінің езгеруі.

Физиологиялық мутацияларға есімдіктер мен жануарлардың өнімділігінің төмендеуі немесе артуы, сонымен қатар олардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, (суык, ыстыққа) ауруға төзімсіздігі мен тезімділігін көрсететін қасиеттері жатады. Физиологиялық мутацияларға летальді және сублетальді мутациялар кіреді.

Мутациялық өзгергіштік 2-ге б/і.

Секірмелі (спонт) - сыртқы ортаның н/е қалыпты физиоло, биохим процес/ң өзгеруі нәт. өздігінен п.б. мут.

Индкуциялық (жасанды) - радиоактивті сәулелер, хим. заттар н/е темп әсер ету нәт. п.б. мут.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]