Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Genetika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477.29 Кб
Скачать

51. Моно- және дигибридті будандастыру дегеніміз не? Моно- және дигибридті будандастыруға талдаушы будандастыру арқылы мысал келтіріп, салыстырыңыз.

Қарама-қарсы бiр жұп белгiлерi бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридтi деп айтады. Мысалы Мендель тәжірибелерi үшiн альтернативтi жетi белгiлерi бойынша ажыратылатын бұршақтың әртүрлi сорттарын тандап алды: тұқымы сары немесе жасыл, тұқымы тегiс немесе бұдыр, тұқым қабығы сұр немесе ақ, бойы биiк немесе аласа т.б.

Дигибридтiк будандастыруларды бiр-бiрiне тәуелсiз екi моногибридтi будандастыру деп қарауға да болады. Әрбiр моногибридтiк будандастыруда доминантты белгiлерi бар дарабастардың пайда болу мүмкiндiгi 3/4 бөлiгiне, рецессивтi белгiлерi бар дарабастардың пайда болу мүмкiндiгi 1/4 бөлiгiне тең болса, онда екi белгiнiң бiр мезгiлде пайда болу ықтималдылығы төмендегi көбейтiндiлерге тең болады:

сырты тегiс сары дән 3/4 х 3/4 = 9/16,

сырты тегiс жасыл дән 3/4 х 1/4 = 3/16,

сырты бұдыр сары дән 3/4 х 1/4 = 3/16,

сырты бұдыр жасыл дән 1/4 х 1/4 = 1/16.

Бұл алынған сандар Пеннет торындағы 9 : 3 : 3 : 1 қатынасына сәйкес келедi және белгiлердiң фенотип бойынша ажырауын көрсетедi. Мендельдiң тәжiрибесiнде F2-дегi 556 тұқым фенотип бойынша осылай ажырады.

Сонымен гибридтердiң екiншi ұрпағы F2 фенотиптерi бойынша 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында, ал генотиптерi бойынша 1:2:1:2:4:2:1:2:1 қатынасында ажырайды. Бұл ажырауды Пеннет торынан көруге де болады. Генотиптiк ажырауды математикалық әдiспен де есептеп шығаруға болады. Ол үшiн дигибридтi ажырауды бiр-бiрiне тәуелсiз екi моногибридтi ажыраулар көбейтiндiсi ретiнде қарастыру керек: (1АА : 2Аа :1аа) х (1ВВ : 2Вв : 1вв). Сонда генотиптерi бойынша ажырау 1ААВВ : 2ААВв : 1ААвв :2АаВВ : 4АаВв : 2Аавв :1ааВВ : 2ааВв :1аавв болып шығады.

Дигибридты будандастырулардың нәтижесiнен жалпы мынадай қорытынды шығады: бiр-бiрiне тәуелсiз ажырау гендердiң екi жұбында да жүредi, осыған байланысты екi жұп гендерi бойынша гетерозиготалы организм бiрдей сандық қатынаста гаметалардың төрт сортын түзедi, оның екеуiндегi гендер үйлесiмi бастапқы ата-аналарындағы сияқты болады да, ал қалған екеуiндегi гендер керi үйлеседi (рекомбинациялық) болады. Мендель ашқан, кейiннен сан алуан организмдермен жүргiзiлген тәжiрибелерде дәлелденген осы заңдылық тәуелсiз тұқым қуалау немесе тәуелсiз комбинациялану заңы деп аталады.

52. Моногибридті шағылыстыру. Мендельдің моногибридті шағылыстыруды талдау барысында белгілердің негізгі тұқымқуалау заңдылықтарына нақты мысалдар арқылы Мендель заңдылықтарын дәлелдеңіз.

Альтернативтi немесе қарама-қарсы бiр жұп белгiлерi бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридтi деп айтады. Мысалы Мендель тәжірибелерi үшiн альтернативтi жетi белгiлерi бойынша ажыратылатын бұршақтың әртүрлi сорттарын тандап алды: тұқымы сары немесе жасыл. будандасудан алынған F1 гибридтерiнде альтернативтi жұп белгiнiң тек бiреуi ғана көрiнiс бередi. Мұндай белгiнi Мендель доминантты деп атады. Ол жұп белгiлердiң iшiнен: тұқымның сары түсi жасыл түске қарағанда доминанттылық көрсететiнiн байқады. Бiрiншi гибрид ұрпақта көрiнбеген белгiлердi Мендель рецессивтi белгiлер деп атады. Тұқым қуалауға талдау жасағанда бiрiншi гибрид ұрпақ бiрдей пiшiндi, бiр типтес болғандықтан бұл құбылыс Мендельдiң бiрiншi заңы немесе бiрiншi ұрпақ гибридтерiнiң бiркелкiлiк заңы деп аталады. Бұл заңды доминанттылық ережесi деп те атайды. Бұл барлық өсiмдiктерге, жануарларға, адамға да тән жалпы кұбылыс. бiрiншi гибрид ұрпағы F1 өздiгiнен тозаңданса, онда олардың екiншi F2 ұрпағында атасының да, анасының да белгiлерi көрiнетiн болады. Мысалы, бұршақтың сары(А) және жасыл(а) тұқым жарнақтары бар түрлерiн будандастырудан алынған бiрiншi ұрпақтың түсi сары(Аа) болады. Ал осы F1 гибридтерiн өздiгiнен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары және жасыл тұқымдары бар өсiмдiктер пайда болады. Яғни бiрiншi будан ұрпақта көрiнбеген белгiлер (жасыл түс) екiншi ұрпақта көрiнедi. Доминантты және рецессивтi белгiлер F2 ұрпағында белгiлi бiр сандық ара қатынаста болады. Мендельдiң тәжiрибесiнде F1-де алынған Аа-258 өсiмдiктiң өздiгiнен тозандануынан F2-де 8023 тұқым алынды. Осы тұқымдардың ¾(1АА, 2Аа) бөлiгi (яғни 6022 ) сары ал, (аа)1/4 бөлiгi (яғни 2001) жасыл түстi болып шыққан. Сонымен F2-де алынған доминантты және рецессивтi белгiлерi бар тұқымдардың сандық арақатынасы 3:1 болды. Бiр жұп белгiлердiң осындай арақатынаста ажырауы Мендельдiң екiншi заңы немесе ажырау заңы деп аталады. Жүргiзген зерттеулерiне талдау жасаудың негiзiнде Мендель қорытынды жасады: рецессивтi бастамалар (задатки) гетерозиготалы организмде жоғалмайды, өзгерiске ұшырамайды және көбею кезiнде дәл сондай рецессивтi бастамалармен кездескен кезде, яғни келесi ұрпақтарда қайтадан көрiнедi. Мендельдiң бұршақпен жүргiзген тәжiрибелерiнен байқалған доминанттылық құбылысын толық доминанттылық . Егер F1-дегi гибридтердiң белгiлерi ата және аналық формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта болса оны толымсыз доминанттылық деп атайды. Қызыл гүлдi өсiмдiктердi (АА) ақ гүлдi өсiмдiктермен (аа) будандастырғанда F1-де генотиптерi гетерозиготалы (Аа) гүлдерi қызғылт түстi ұрпақ алынған. Реципрокты будандастыру деп доминантты және рецессивтi белгiсi бар организмдерi аналық ретiнде де, аталық ретiнде де пайдалануды айтады.Мыс:АА х аа - тура, ал аа х АА - керi будандастыру. қайыра бұдандастыру немесе беккросс деп – (Аа хАА; Аа х аа). Талдаушы будандастыру деп - (Аа х аа)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]