Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ КІНӘНІ МОЙЫНДАУ доп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

3. Кінәні мойындау туралы мәмілелер – Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу процессіне енгізілетін жаңа институт

3.1. Қазақстан ғалымдары мен тәжірибе саласында қызмет ететін заңгерлердің кінәні мойындау туралы мәмілені енгізу мәселесіне қатысты пікірлері.

Ғалымдар және Әділет органдарының практикалық қызметкерлері арасында Кінәні мойындау бойынша келісім институтына байланысты көзқарастары әр түрлі. Аталған институттың жақтаушылар да, сондай-ақ оған қарсы шығушылар да бар екенін атап өткен жөн.

Кінәні мойындау бойынша келісімнің кемшіліктері ретінде, ең алдымен, қылмыстық істі жүргізетін органдар мен лауазымды тұлғалардың «кез келген мақсатпен» кінәсін мойындатуға ұмтылысынан туындайтын айыпталушының өзіне жалған кінә тағу мүмкіндігінен байқалады. Демек, келісім жасаған кездегі кінәні жалған мойындау кінәсіз адамның сотталуына ғана әкелмейді, сонымен қоса кінәлі адамды жазасыз қалдырады. Сонымен бірге аталған институттың басқа да кемшіліктері бар, атап айтқанда, айыпталушы жасамаған қылмыстар үшін айыпты арту, ресми тергеу мәртебесін түсіру және т.б. Мысалы, П.Михайловтың пікірі бойынша, келісім институтын қылмыстық процеске енгізу идеясы азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына қайшы және біздің қоғамдағы жалпы құқық қағидаттарына сәйкес келмейді. Оның пайымдауы бойынша, Америка Құрама Штаттарындағы көптеген заңгерлер сот келісімдері әділ сот үшін масқара болып табылады деп санайды. Осындай келісімдер тек айыпталушы үшін ғана тиімді, себебі сотпен уағдаластыққа келген ол өзін көптеген жағдайларда кінәлі деп танбайды.

Бұл ретте, алқабилер қатысуымен болатын сотты болдырмау және аса ауыр қылмыс үшін жауапкершілікті алмас үшін оның ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өз кінәсін мойындауына айырбас ретінде сот қатаң емес үкім шығаруға, кейбір айыптарды алып тастауға немесе сотталушыға (айыпталушы) қандай да бір басқа жеңілдіктер жасауға келіседі [2]. Өз кезегінде, И.Петрухин АҚШ-та кінәні мойындау туралы келісім институты орынды болып көрінеді және олардың ұлттық танымына сәйкес келеді, себебі процесті оңтайландырады, сот жүйесін жеңілдетеді және өзін толық немесе жартылай кінәсіз деп санауға құқығы бар психикалық дені сау адамның ұстанымына құрметке негізделеді деп атап көрсетеді. Алайда, біздің менталитетіміз үшін «кінәні мойындау туралы келісім» ұғымы жат болып саналады. Қылмыстық сот төрелігіндегі келісім – бейморальды, абыройсыз құбылыс; қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға қабілетсіз, оның дәрменсіздігін растайтын, билікті әшкерелейтін сауда. Кінәні мойындау туралы келісім сыбайлас жемқорлықтың таралуына мүмкіндік туғызуы мүмкін. Олар сотқа дейін, соттың қатысуынсыз жасалады және аса ауыр айыптауға қатысты істі негізсіз тоқтатуға әкеледі. Адвокаттар прокурорлармен келісім жасайтын (пайдакүнемдік) саудагерлерге айналады. Әділ сот саудаға айналады [3]. Аталған пікірлерге қарама-қарсы кінәні мойындау туралы келісімді енгізу қажеттігін негіздейтін басқа авторлардың пікірлері мен көзқарастары бар [4].

Кінәні мойындау туралы келісімнің негізгі жетістіктері ретінде мынадай: жанжал жағдайларында тараптардың өшпенділігін жұмсартудың ең қысқа жолы; айыпталушының (айыпкердің) өз өтінішінде қылмысты жасағанын мойындау дайындығы мен ынтасын білдіру және жазаны өтеуді бастау; күрделі істер бойынша пайдалану үшін сот пен айыптау органдарының уақыты мен қаржысын үнемдеу; органдарды қылмыстық қудалаудың келешегі жоқ қылмыстар бойынша жаңа дәлелдер іздеу ауыртпалықтан босату және олардың күштерін ауыр қылмыстарды ашуға шоғырлаудыну, ал соттарды – істердің айтарлықтай санынан босату [5]. биліктің сот тармақтарының өкілдері кінәні мойындау туралы келісім институтының жағында. Мысалы, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Г.Ищанов сот рәсімдерінің оңтайландыру қажеттігі туындады және кінәні мойындау туралы келісім рәсімін енгізу идеясы ең тиімді келешегі бар деп санайды, оған сәйкес және қылмыстық іс бойынша айыпталушы (айыпкер) айыптаушы іс бойынша өзара тиімді шешімге келеді. Бұл ретте, сот келісімке әкелетін келіссөздерге қатыспайды, бірақ бұл шешімді соттың бекітуіне жатады [6].

Қазақстан заңгерлерінің пікірлеріне сәйкес қазақстандық қылмыстық іс жүргізуге «кінәні мойындау туралы келісім» интитутын енгізу мұқият тыңғылықтауды және де осындай келісім жасаудың оңтайлы құқықтық тетіктерін айқындауды талап етеді. Осыған байланысты, жалпы заңжобасының ережелеріне наразылық білдірмей және ҚР Парламентінде заңжобасын қарау нәтижелерін алдын ала шешпей-ақ зерттеліп отырған проблеманың жеке аспектілері бойынша өз пікірімізді айтсақ орынды болады деп пайымдаймыз. Ең алдымен, тағылған айып көлемі жасалған қылмысқа тікелей байланысты екенін атап өту қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тағылған айып көлемін түзете алмайды. Айып жасалған қылмысқа сәйкес қатаң тәртіпте тағылады. Олай болмаған жағдайда біз жасалған қылмыс фактілерін бұрмалауға тап боламыз.

Тіпті, айыпталушыға тағылған айып көлемін талқылау құқығын беру негізсіз саудаласу әкеп соқтырады. Қылмыстық істі жүргізуші органмен оның ынтымақтасуы үшін айыпталушымен саудаласу біздің ойымызша, жалпы алғанда тергеу органдарының беделін түсіреді. Осыған байланысты, біз тек тағылған айыппен келісу туралы ғана сөз қозғай аламыз деп пайымдаймыз. Тағылған айыппен келісу туралы келісім жасау сот ісін қарауды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар он күндік мерзімде анықтау іс жүргізу жолымен алдын ала тергеуді де жеңілдетуді білдіреді. Сонымен бірге, орташа ауырлықтағы қылмыстар, сондай-ақ егер олар жеке адамға қарсы бағытталмаған ауыр және аса ауыр қылмыстар жөнінде істер бойынша он күндік мерзімде сапалы анықтау жүргізуде істі әділ қарауды қиындатады және іс жүзінде мүмкін емес екенін ескеру қажет. Алдын ала тергеуді осындай жеңілдету тергеу нәтижелеріне және алынған дәлелдердің әділдігіне теріс әсер етеді, сондай-ақ айыпталушының тағылған айыппен келісу туралы өтінішті өз еркімен тілек білдіргеніне күмән туғызатыны анық. Сонымен бірге, айыпталушының келісім жасаудан бас тарту құқығының сақталатынын ескеру қажет. Айыпталушы келісім жасаудан бас тартқан жағдайда сот ісін қарау әдеттегі рәсім бойынша жүргізілетіні анық. Өз кезегінде, сот ісін қараудың әдеттегі рәсімі жасалған қылмыстың барлық жағдайлары мен іс бойынша жиналған дәлелдерді зерттеуді талап етеді. Алайда, тергеу анықтау түрінде жүргізілгендіктен ол бойынша алдын ала тергеу міндетті емес болып табылатындықтан және жасалған қылмыстың барлық жағдайлары толық көлемде зерттелмегеніне байланысты сот дәлелдің жеткіліксіздігіне байланысты қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберуі мүмкін. Әсіресе, дәлелдерді уақтылы жинамау олардың жоғалуына әкелетіні сөзсіз. Баяндалғандар сот ісін жүргізуді жеңілдету, біздің қарастырып отырған жағдайда, яғни тағылған айыппен келісу туралы келісім жасау сотқа дейінгі іс жүргізуге еш уақытта қатысты болмау қажет деп пайымдауға мүмкіндік береді. Біздің сот ісін жүргізу процесінде кінәні мойындау туралы келісім жасауға кедергі келтіретін жағдайлардың бірі ретінде жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасау болып табылады. Осыдан келіп, жеке адамға қиянат жасамайтын басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша келісімдер жалпы мүмкін. Салыстыру үшін, Ресей Федерациясында кінәні мойындау туралы келісім жасау кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстр бойынша мүмкін екенін айтуға болады. Соның арасында, заң шығарушы келісім жасауға кедергі ретінде жеке адамға қарсы жасалған қылмыстың ауырлығын анықтағанда қылмыс субъектісінің жеке психофизикалық қабілетін де ескеру қажет деп пайымдаймыз. Мұнда, қылмыстың кәмелетке толмаған субъектілері туралы сөз болып тұрғаны сөзсіз. Олар дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өзінің қорғану құқығын жүзеге асыра алмайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы аталған адам санаттарымен келісім жасау өзіне жалған кінә тағу элементінің жоқтығына және олардың әрекеттері ерікті және саналы сипатта болғандығына күмән туғызатыны анық. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 52 және 54 тараулары кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша, сондай-ақ есі кіресілі-шығасылы адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша іс жүргізудің ерекше тәртібін қарастырады.

Тіпті, ҚР ҚІЖК 288-бабының 1-тармағында егер оларды кәмелетке толмағандар немесе өзiнiң дене немесе психикалық кемшiлiктерiне байланысты өзiн қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi екені анық көретілген. Баяндалғандар, тағылған айыппен келісу туралы келісім қылмыстың кәмелетке толмаған субъектілерімен және өзiнiң дене немесе психикалық кемшiлiктерiне байланысты өзiн қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдармен жасалмау қажет деп пайымдауға мүмкіндік береді.