- •«Қылмыстық процесстегі іс жүргізушіліĸ ĸелісімдер (мәмілелер институты) институты» Мазмұны
- •1. «Әділ сотпен жасалатын мәміле» құқықтық құбылыс ретінде:
- •2. Қылмыстық процесстегі іс жүргізушіліĸ ĸелісімдер (мәмілелер институты) институтыныӊ теориялық және тәжірибеліĸ аспеĸтілері 23
- •3. Кінәні мойындау туралы мәмілелер – Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу процессіне енгізілетін жаңа институт ...................................... 44
- •1. «Әділ сотпен жасалатын мәміле» құқықтық құбылыс ретінде: түсінігі, қалыптасуы және әлемдіĸ тәжірибе
- •1.1. Қылмыстық сот ѳндірісінде іс жүргізушіліĸ ĸелісімдерді пайдаланы негіздемесі
- •1.2. Қылмыстық процестегі ĸінәні мойындау туралы мәмленіӊ қылмыстық - ĸриминологиялық мәселелері
- •1.3. Шет елдерде қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ĸінәні мойындау туралы ĸелісімдер
- •2.1. Іс жүргізушіліĸ ĸелісімдерді жасаудыӊ қылмыстық - процессуалдық ереĸшеліĸтері
- •2. Қылмыстық процесстегі іс жүргізушіліĸ ĸелісімдер (мәмілелер институты) институтыныӊ теориялық және тәжірибеліĸ аспеĸтілері
- •2.2. Қылмыстық сот ѳндірісінде іс жүргізушіліĸ ĸелісімдерді енгізу негіздері
- •2.3. Қылмыстық іс жүргізу бойынша ĸелісім нысандары
- •3. Кінәні мойындау туралы мәмілелер – Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу процессіне енгізілетін жаңа институт
- •3.1. Қазақстан ғалымдары мен тәжірибе саласында қызмет ететін заңгерлердің кінәні мойындау туралы мәмілені енгізу мәселесіне қатысты пікірлері.
- •3.2. Кінәні мойындау туралы мәмілені қазақстандық қылмыстық процеске енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Нормативтіĸ- құқықтық аĸтілер:
- •Оқулықтар, монографиялар:
2. Қылмыстық процесстегі іс жүргізушіліĸ ĸелісімдер (мәмілелер институты) институтыныӊ теориялық және тәжірибеліĸ аспеĸтілері
2.1. Іс жүргізушіліĸ ĸелісімдерді жасаудыӊ қылмыстық - процессуалдық ереĸшеліĸтері
Қылмыс жасауда өз кінәсін мойындап, әлеуметтік өтемнің орнын толтыру туралы өтінішпен келген тұлға «іс жүргізу мәмілесін» жасауға құқылы. Айыпталушы прокурормен белгіленген сома депозитін аударған соң сот отырысы 15 күнге үзіліс жариялайды, бұдан кейін сот айыпталушымен толтырылған әлеуметтік өтем сомасын назарға алу керек пе, жоқ па соны шешетін болады. 2008 жылы мұндай "сот төрелігімен мәміле жасау» нормасы 1,7 мың адамға қолданылған болар еді. (6)
Осы айтылған жайттарға байланысты іс жүргізу мәмілелерін қолдану мәселелері бойынша БАҚ(СМИ) әртүрлі мағынада баға береді. Біреулері сот төрелігімен құжатты реттелген ынтымақтастық жөнінде мәмілеге келу қиянаттың жасалуына мүмкіндік бермейді, ал сотқа дейінгі келісімді жасағысы келетіндер оның кінәсін жеңілдетуге мүмкіндік екеніне мүдделі болады деп санайды. Оның үстіне ынтымақтастық жөнінде келісім сотқа дейін жасалатындықтан барлық ақпараттар егжей-тегжейлі бірнеше рет тексерілетін болады. Бұл жағдайда әрбір сөзге көтеріңкі назар аударылады. Мынаны еске ұстау керек, тергеу келісімді айыпталушылардың барлығымен бірдей жүргізе бермейді, тек қылмыс бетінің сәтті ашылуы үшін бағалы ақпаратты білетіндермен ғана жасалады . (7)
Тергеумен мәміле жасауға бел байлағандар үшін үкім жеңілдетілуі, ал жазасын өтеу мерзімі екі есеге қысқартылуы мүмкін. Жеңілдетуші жағдайларға: кінәлі болып келу, қылмысқа тергеу жүргізілуіне ықпал ету және оның өзге сыбайлас қатысушыларды әшкерелеуге белсенді көмек көрсетулер жатады. Егер бап өлім жазасын немесе өмір бойына бас бостандығына айыру туралы қаралса, жазалаудың бұл түрлеріне жеңілдіктер қолданылмайды. Дегенмен сотқа дейінгі келісімді жасаған адам өтірік айтып алдаса, ол ешқандай жеңілдіксіз заңның барлық қатаңдығы бойынша жазасын өтейтін болады.
Жекелеген авторлар құқық қорғау органдары тергеу ісімен бірлесіп қызмет істеуге тілек білдірушілердің көптеп келетіндерін күтпейтіндігін айтады. «Мұндай бірлесіп ынтмақтасып әрекет етуге тілек білдірушілердің ағылып келуі болмайды. Дегенмен бірақ абайлап, ақырындап бұл институт біздің елде де айналымға кіретін болады ", — дейді сеніммен "Антимафия" Қорының вице-президент Вячеслав Красюков.(8)
Еуропа Одағының адам құқықтары жөніндегі комиссары Томас Хаммарбергтің баяндамасында Грузияда сот төрелігімен іс жүргізу мәмілесінің енгізілуіне байланысты адам құқықтарының жағдайлары жөнінде сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күресуде бұл сәтті механизм екендігі айтылады. «Оның маңызды артықшылығы қылмысты істердің жылдам өндірісімен соттардың, прокурорлар мен адвокаттардың қызмет-әрекеттерінің артық жүктерін жеңілдетуімен тұжырымдалады немесе қылмыстық үдеріске іс жүргізу мәмілесін енгізсе, айыпталушылардың көпшілігі кінәларын мойындаса, жаза бәрібір қолданылады, ал адвокаттар өзінің қорғалатын адамының ақтау үкімін алуына қамқорлық жасайтынын түсінетіндіктен оларға жазалаудың ең төменгі түріне қол жеткізу мақсатында прокурормен іс жүргізу мәмілесін жасауға кеңес береді немесе бірнеше факторлардың жиынтығы, әсіресе айыптаушы үкімдердің өте жоғары көрсеткіштері, қатаң жазалау саясаттары және сот төрелігін жүзеге асыруға қатысты тұрғын халықтың тарапынан сенімнің төмендеуі шын мәнісінде айыпталушыға, тіпті ол кінәлі болмаған күннің өзінде, мүмкін кінәсін мойындағанның өзінде сот төрелігі жүйесінің құлдырауын тудыратындай оған ықпал етуі мүмкін». Бұл жолдардың авторы іс жүргізу мәмілелері бойынша келіссөздер жүргізу үдерістерінде(процесс) «ақпараттың барлығын және оның арам ниетпен пайдалануы мүмкін екендігінен» прокурорларға жүктелетін рөлге қатысты істерде оларды сақ болуға шақырады . (9)
Академик Баймаханов М.Т. (ҚР УПК жобасының сарапшысы)мұндай мәмілеге бару мүмкіндігіне, ҚР УПК-ның жаңа жобасына бұл норманы эксперимент ретінде енгізуге «айыпталушылармен, күдіктілермен, сезіктілермен, сотталушылармен келісушіліктерге, мәмілелер және олардың арасында келісімдер жасау сияқты қылмыстық іс жүргізу мәселелерінің шешімдерін қолдану туралы ұсыныстарға сақтықпен, тіпті сыни көзқараспен қарау керек» екендігін ескертеді. Егер бұрын тергеушілер және іс үдерісіне басқа да қатысушылар қылмыс жасаған айыпталушының (күдіктінің, сотталушының) кінәсін дәлелдеуге қажет айғақтарды жинау үшін қиын да, ауыр жолдармен жүруді басынан өткеріп, асқан дәлдікпен терлеп-тепшіп керек дәлеледер мен дәйекті деректерді іздеп, жинап жүріп қиналып тапса, ал «американдық әдіске» сәйкес қылмыстың бетін ашарда олар «беттің арын белбеуге түйіп» және келісімнің шынайы бет-пердесін бүркемелеп, қарама-қайшылықты қадамдарға баруға тура келетін мәміле жасудың шүбәлі жолында тұрады және қылмыстық жазаны қисынсыз ерікті азайту есебінен қылмыскер тергеуге, тергеушіге және сотқа өзінің сыбайластарын, тоналған немесе ұрланған мүліктерді жасырған орнын, сонымен бірге көмілген мәйіттердің жатқан жерін және қылмысқа қатысты өзге де айғақтарды көрсетіп, оларға маңызды деректерді хабарлайды, жасалған қылмысық істердің техникасы мен бүге-шігесі туралы айтып беріп, оларды іс бағытына жетелейді. Моральдық- адамгершілік өлшемдер көзқарастары тұрғысында мұндай тәсіл шүбәлі, тіпті күпіршілік (қорлаушылық) болып көрінгенімен, тіпті ең аз ауқымдағы пайдалы нәтижелерге қол жеткізу үшін мұндай мәмілелерді жасауға баруға болады және эксперимент ретінде ҚР УПК-ның жаңа жобасының нормасына енгізу қажет.
Сонымен қатар ол былайша да түйіндейді: «Толық моральдық-адамгершілік құлдырау жағдайында заманауи қазақстандық қоғамның «американдық жаңалықты» пайдалануы оның шексіз жазасыздығымен үйлескен, ештемеге бой бермейтін қылмыстың тізгінсіз тайраңдауына әкеліп соғуы да мүмкін».(10)
УПК жобасының ынтымақтастықтуралы іс жүргізу келісімін қарастыратын жекелеген баптарында нақты емес бірқатар заңдық қателер орын алған, іс мәнісі келесідегідей. УПК жобасының 7 бабының 52 тармағында іс жүргізу келісімне мынадай түсінік беріледі: «Келісім — прокурормен күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының арасындағы қылмыстық істің кез-келген сатысында немесе сотталушы адаммен аталмыш Кодексте қаралған тәртіппен негіз бойынша жасалған келісім». Бұл анықтамада күдіктімен(айыпталушы) және жәбірленушінің арасындағы келісімі тергеуші мен прокурордың бітістіруі кезінде заңмен қаралатын дықтан бірақ іс жүргізу келісімінің қатысушыларының бірі ретінде жәбірле нуші көрсетілмеген. Жәбірленуші күдікті мен (айыпталушымен) прокурор дың арасында жасалған келісімге егер тергеу жәбірленушінің келісіміне қарамастан оған (жәбірленушіге) келтірілген зияндағы айыптаулардың кейбір бөлігін алып тастауға уәде берсе, қарсылық білдіруге құқылы. Аталмыш ережеде қылмысты істе жасалған қылмыстың түріне қарамастан жәбірленуші — жеке тұлға, дербес кәсіпкер (бизнесмен), мемлекеттік қызметкер немесе мемлекеттік мекеме, кәсіпорын болуы мүмкін болатындықтан қылмыстық іске міндетті түрде айыпталушы және жәбірленуші қатысатындығын, айыптау және қорғау болатындығын ескеру қажет.
Осы жайттар айтылған УПК жобасының 52 тармақ, 7 бабына байланысты жобаға келесідегідей редакция жасау ұсынылады: «Іс жүргізу келісімі—прокурор мен күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының арасындағы қылмыстық істің кез-келген сатысында немесе сотталушы адаммен, немесе жәбірленушімен аталмыш Кодексте қаралған тәртіппен негіз бойынша жасалған келісім».
ҚР ҚІК - нің 7-ші бабындағы бекітуде «Жәбірленушінің қатысуымен іс жүргізілетін келісім» ұғымы — ара қатынастардың, түсіністіктің және оны қылмыстық іс үдерісінде дұрыс қолданудың конституциялық мәніне ие. Заманауи(қазіргі) жағдайда қылмыстық соттық өндірісті жүзеге асыруда жәбірленушілердің құқығын қорғау алдыңғы дәрежеде болуы керек.
ҚІК жобасының 614 бабында жасалған іс жүргізу келісімінің шеңберінде қылмыстық істерге тергеу жүргізіледі: а) «жасалған шағын, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыстар бойынша сезіктінің, күдікпенен(айыпталған) айыпталушының кінәсін мойындауы туралы мәміле нысанында»;
б) «аса ауыр қылмыстар жасаған қылмысты топтармен, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыс жасаған басқа да тұлғалармен жасалған барлық санаттағы қылмыстарды ашу және тергеу жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі нысанда».
Біздің көзқарасымызша, ҚІК жобасының 1 бөлім, б тармағы 614 бабының редакциясын «басқа тұлғалармен жасалған», сондай-ақ «аса ауыр қылмыс жасалған барлық санаттар бойынша» деген жолдар түсіну мәні бойынша экстремистік және террористік қылмыстар ұғымын қамтитындықтан ерекшелі сөз тіркестерін өзгерту керек. Экстремистік және террористік қылмыстардың барлығы бірдей қоғамдық қауіпсіздік түрлеріне және дәрежесіне байланысты ерекше ауыр болып саналмайды. Осындай байламдар бойынша ҚІК жобасының 2 б. 623-шы бабында айтылған (ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі бойынша прокурордың және соттың әрекеттері) «ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің міндетіне қатысты егер қылмысқа жүргізілген тергеу қорытындылары бойынша күдіктіге ( айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға) ықпал ету кезінде аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаны, қылмысты топ құрамындағы қылмыс, сонымен бірге экстремистік және террористік қылмыстар әшкереленсе, оларға қатысты күдіктінің ісінің жіктелімі туралы қаулы шығарылса және/немесе қамауға алу түрінде ізін кесу шарасы қолданылса немесе айыптау үкімі қаулыланса, онда ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің шарттарын орындалуына прокурор шара қабылдайды». «Сонымен бірге экстремистік және террористік қылмыстар» деген сөз тіркестерін УПК жобасының 2 б. 623 бабының тұрлаусыз ұстанымынан алып тастау қажет, яғни оларды аса ауыр қылмыстар жасаған топтар қатарында атамау керек. Күдіктінің немесе айыпталушының әрекеттерін жіктей отырып тергеуші, прокурор және сот аталмыш топтың қандай қылмыстары аса ауыр болып танылатындығын және қылмысқа қатысушылардың қайсысымен мәміле жасау керектігін олардың өздері шешеді. Сондықтан да экстремистік және террористік қсекілді жекелеген қылмыстарды аса ауыр қылмыстар қатарынан бөліп қараудың қажеті жоқ. Аса ауыр қылмыстарға коммерциялық және мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда жауапты қызметпен айналысатын тұлғалармен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар жатқызылады. Осыған орай сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша іс жүргізу келісімін аса ірі көлемдегі тонаушылық- ұрлықты ұйымдастырушыларды, ақша қаражаттарының, мүліктердің және т.б. сақталған орнын анықтау үшін бұл қылмыстың екінші дәрежелі қатысушыларымен мәміле жасау керек. Біздің пікірімізше, ҚІК жобасының 1-ші бөлім, 615-ші бап, 1) тармағының мына жайлар айтылған редакциясына өзгертулер енгізу керек: «Іс жүргізу келісімін жасауға еріктілікпен тілек білдірушілер бар.» Бұл арада іс жүргізу келісімін жасауға еріктілікпен тілек білдіруші күдікті ме, әлде келісім жасауға ерікті ынталы жәбірленуіші ме, кім екені түсініксіз. Тұлғаның артында айыпталушы тұрғандығын пайымдауға тура келеді. 615-шы баптың 1-бөл. 2-ші тармағында) күдікке (айыптауға) және жасалған қылмыстағы дәлелдемелер ісі бойынша орын алып, оларға келтірілген зиянның сипаты мен көлеміне қарсы дау айтпайтын тұлғаның кім екендігін? нақтылау қажет болады.
ҚІК жобасының 615-шы бабының 2-бөл. 1-ші тармағында) кінәсін мойындау туралы іс жүргізу мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімі жасалуға тиісті емес делінген кінәсін мойындау туралы іс жүргізу мәмілесі нысанын жасау үшін бірегей түсіну шарттары айтылмаған:
-«жиынтық қылмыстарға қатысты: олардың тым құрығында біреуіне осы бап және аталмыш Кодекстің 614-ші бабында қаралған талаптарға сәйкес келмесе ...»
2-ші бөлімнің 1) тармағының ережелерінің барлығы бірдей сот төрелігімен мәміле жасауға тыйым салмайтындықтан 615-шы баптың 2-бөлімінің бұл тармағы нақтылауды талап етеді.
ҚІК-ның 615-шы бабының 2-бөл. 2-ші тармағы) кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізудің келісім үдерісіне топ тұлғаларымен жасалған қылмыс бойынша күдіктілердің, айыпталушы лардың тым құрығанда біреуі іс жүргізуге келісім жасауға қарсы болса, келісім жасалмайды деп айтылған жолдар да бірегей түсіндіруді талап етеді. 615-шы баптың 2-бөл. 2-ші тармағының)ережелері іс жүргізудің келісімдері ұғымының маңызын жоққа шығаруға алып келеді, тура осы топтық қылмыс жасаудың күдіктісі сот төрелігімен ынтымақтасып әрекет етуге ерікті ынта білдіретін іс жүргізу келісімдеріндегі бір тұлға болып табылады, ал күдіктімен мәмілеге келудің мақсаты— қылмысты жедел және толық ашу, оның қатысушыларының (сыбайластардың) барлығын қылмыстық жауапкершілкке тарту болып табылады. Осы баяндалған жайттарға байланысты УПК жобасының 615-шы бабына байланысты (кінәсін мойындау туралы іс жүргізу мәміле нысанындағы іс жүргізудің келісім жасау шарттары) келесідегі редакцияны былайша мазмұндау ұсынылады: кінәсін мойындау туралы іс жүргізу мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасау егер келесідегі шарттар бар болған жағдайда күдіктімен (айыпталушы) жасалуы мүмкін:
- іс жүргізу келісіміне еркімен мүдделі болған жағдайда;
-кінәсін мойнына алып, күдікке (айыптауға) және жасалған қылмыстағы дәлелдемелер ісі бойынша орын алып, оларға келтірілген зиянның сипаты мен көлеміне қарсы дау айтпайтын;
- топ тұлғаларымен жасалған қылмыс бойынша айыпталушылардың тым құрығанда біреуі іс жүргізуге келісім жасауға қарсы болмаған жағдайда;
-жәбірленуші іс жүргізуге келісім жасауға қарсы болмаса.
Кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімінің жасалуы мына жағдайларда мүмкін емес:
-жиынтық қылмыстарға қатыстысы: олардың тым құрығында біреуіне осы бап және аталмыш Кодекстің 614-ші бабында қаралған талаптарға сәйкес келмесе, тым құрығанда жәбірленушілердің біреуі іс жүргізу келісімін жасауға қарсы болса.
ҚІК жобасының 620-шы бабының 3-бөлімінде қате бар: онда ынтмақтастық туралы іс жүргізу келісімін сот тергеуі басталғанға дейін, яғни үкімнің орындалу сатысына дейін қолдайтын өтініш жасау туралы айтылған. Біздің көзқарасымызша, үкімнің орындалу сатысында емес, үкім заңды күшіне енгенге дейін емес ынтмақтастық туралы іс жүргізу келісімі жөніндегі өтініш сотқа дейінгі тергеудің бастапқы кезінде, яғни сотта мәлімденуі мүмкін.
