Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ КІНӘНІ МОЙЫНДАУ доп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.05 Кб
Скачать

1. «Әділ сотпен жасалатын мәміле» құқықтық құбылыс ретінде: түсінігі, қалыптасуы және әлемдіĸ тәжірибе

1.1. Қылмыстық сот ѳндірісінде іс жүргізушіліĸ ĸелісімдерді пайдаланы негіздемесі

2015 жылы адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған Қазақстанның жаңа «Қылмыстық iс жүргiзу» Кодексi күшіне енеді. ҚІК Жобасы айыпталушыны жәбірленушімен бірге қорғалатын айыптаумен қылмыстық iс жүргiзу мәмілесі туралы айтылатын «іс жүргізу келісімі» деген ұғымды білдіреді. ҚР ҚІК жобасына енгізілген бұл жаңалық құқық қорғау органдарын ынтымақтастыққа тарту жолымен ұйымдасқан топтар мен қылмыстық қауымдастықта тұрған тұлғаларға қылмыстық жазасын қысқарту шартымен және оларға мемлекеттік қорғау шараларын қолданумен қылмыстың ұйымдасқан нысанына қарсы іс-қимылдар жасауға бағытталған.

ҚІК жобасына сәйкес іс жүргізу келісімі «Қылмыстық iс жүргiзу» Кодексi тәртібі және негізінде прокурор мен күдіктінің, айыпталушы немесе сотталушының қылмыстық істерінің кез-келген сатысында жасалуы мүмкін. Бұл мәміле айыпталушы мен жәбірленушінің арасында жасалуы да мүмкін. Мәміле сотпен айыпталушыға тағылған жазаға және анықталған зиян көлеміне орай келісімде жасалуға тиісті. Мәміле жасалғаннан соң тергеу немесе сот ісін қарау тоқтатылады. Іс жүргізу келісімі егер айыпталушы шағын, орташа, ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс істегенде жасалады. Мәміле сот үкімінің қаулысын шығару үшін соттың кеңесу бөлмесіне кеткеніне дейінгі сотқа дейін және сот ісін қараудың кез-келген сатысында жасалуы мүмкін.

Прокурормен мәміле жасау жазаны жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қылмыстық үдеріске (процесс) мәміленің екі нысаны енгізіледі: кінәсін мойындау және ынтымақтастық туралы... Алдыңғысы жәбірленушіге келтірілген зиянның өтелуіне арналған, ол бірақ аса ауыр қылмыстық әрекеттерге қолданылмайды. Екінші мәміле ұйымдасқан қылмыспен, экстремизммен, терроризммен байланысты аса ауыр қылмыстарды ашуға бағытталған (ҚІК жобасының 63 және 64 тараудың 13 бөлімі). (1)

Кінәсін мойындау туралы келісім (ағылшынша Ріеа Ъагдаіп) — айыпталушымен және айыпталушының қорғаушысымен рұқсат етілген көп реттерде айыпталушының (сотталушымен) ауыр қылмыста өз кінәсін мойындауына айырбас ретінде айыптаушы іс барысын жан-жақты тексеріп, шындықты толығырақ ашатын, сонымен бірге анағұрлым аса ауыр қылмыс жасалған айыптауды қолдаудан бас тарта отырып, айыпталушыны қорғалатын айыптаулармен жасалатын заңды жазбаша мәміле. (2) Іс жүргізу мәмілесінің классикалық түрінде прокурор айырбас түрінде талап етілетін жазаны жеңілдетуге немесе айыптау қорытындысының тармақтарына өзгеріс енгізуге болатын шеңберде кей жағдайда екеуін де қоса айыптау мен қорғаудың арасындағы келісімшарт (жазбаша немесе ауызша) жасау ретінде айқындауға болатын айыпталушымен ол кінәсін мойындаған жағдайда сотта куәгерлік айғақтардың тыңдалуынсыз және сотқа қандай да бір айғақтарды алға тартпастан айыпталушымен келісімге келе алады. Іс жүргізу мәмілесінің қорытындылау бастамасы прокуратура тарапынан, сондай-ақ айыпталушы ның тарапынан да болуы мүмкін. Прокуратура мен қорғаудың арасында мұндай келісімге қол жеткізілген соң іс жүргізу келісімі жасалған мәміленің ерікті екендігіне көз жеткізу үшін және мұндай мәміленің барлық заңдық салдарларын айыпталушының түсінуі үшін міндетті түрде соттың бекітуіне жатады. Іс жүргізу мәмілесі сотпен автоматты түрде бекітілмейтін дігін атап кету керек, алынып тасталуы мүмкін, бұлай болған жағдайда сот іс жүргізу мәмілесінде қарастырылған жазаның басқа түрін қолдануға құқылы, бірақ мұндай жағдайлар тым сирек кездесетіндіктен сот мұндай мәмілелерді бекітеді. (3)

Сотқа дейінгі ынтымақтастық туралы келісім —көрсетілген тараптар қылмыстық құқық бұзған тұлғаның мойындауынан соң оның әрекетіне байланысты сезікті немесе айыпталушының жауапкершілік шарттарына келісетін айыптаушы мен қоғаушының арасындағы келісім. Кінәсін мойындап, қылмыстың беті ашуға және оны тергеуге, қылмыс жасауға қатысқан басқа тұлғаларды әшкерелеп, олардың ізіне түсуге, қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүліктерді іздестіруге белсенді ықпал ету үшін өзі келіп, ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісім жасалғанда ауырлататын мән-жайлар орын алмаса, тағайындалған жазаның мерзімі мен мөлшері ең жоғары деңгейдегі мерзімнің жартысынан немесе «Қылмыстық Кодексте» қаралған аталмыш қылмыс үшін жазалаудың анағұрлым қатаң түрінің мөлшерінен аспауы керек. Заң есі ауысып, не істегенін білмеген жағдайда немесе қылмыс жасаған соң психикалық ауруға душар болған кәмелетке жас толмаған қылмыс жасаған тұлғалармен іс жүргізу келісіміне тыйым салынады. Іс жүргізу келісімі жасалған жағдайда айыпталушы немесе сотталушы адам жәбірленушіге келтірілген материалдық немесе моральдық зиянның өтеуін толтырудан босатылмайды. Іс жүргізу келісімі жәбірленушіден азаматтық талап арызын ұсыну құқығынан айырмайды (ҚІК б.3., 616 бап).