Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.02 Кб
Скачать

Беттерді оралмалы материалдармен жабу

Тұсқағазбен желімдеу технологиялық процесі: түс және астына желімденетін қағаздарды дайындау; желімді әзірлеу; беттерді желімдеу және өңдеу; дайындалған бетке астыңғы қағазды желімдеу, оны өңдеу және ол кепкен соң тұсқағазды, жиектерді желімдеуден тұрады.

Алдымен әрленетін беттер дайындалады, сонан-соң тұсқағаздар желімденеді. Сонымен тұсқағаздың мынадай түрлері қолданылады: грунтталған, грунтталмаған, жуылатын (арнайы үлпек жасайтын кұраммен жабылған), түкті (өң жағы әр түрлі түкті материалдардың түгімен жабылған), металданған (жамылғы қабатына слюда немесе ме­талл ұнтағы енгізілген), қағаз және линкруст (пластмасса қабатымен әлде мастикамен қапталған қағаз негізіндегі оралмалы материал), мата әлде қағаз негізіндегі поливи-нилхлорид қабыршақтары, негізсіз поливинилхлорид қабыршақтары және өздері желімденетіндер.

Тұсқағаздарды пішу және іріктеп жинактауды арнайы цехтарда немесе шеберханаларда орындау керек. Домалақтап шығарылатын тұсқағаздың жиектерін кесу және оның ұзындығы бойынша кертік жасап қайта домалақтап орауды қағаз кесетін станоктар мен машиналар аркылы жүзеге асырады. Тұсқағаздың жиегін дағдыдағыдай бip жағынан кеседі. Өрнектелген және басқа тығыз желімдегенде қыспақ қысылатын тұсқағаздардың екі жағының да жиектері кеседі.

Беттерді дайындау

Тұсқағаздың қатты тұтас сылаққа, бетон және ағаш беттеріне немесе құрғақ сылаққа желімдейді, сонымен желімденетін бет тегіс, қатты және жарықсаңылаусыз болу керек. Беттегі және қуыстар мен жарықтарды тығындап бітейді және тегістейді, суда еритін бояу дақтары толығынан алынады, сосын бет ластанудан тазаланады.

Құрғақ сылактың түйіскен жерлерін, картон және басқа жатық материалдардан жасалған қаптауларды тығындап бітейді және ажарлайды, кепкеннен соң қағаз тілімдерімен желімдейді, кептіріп қайтадан ажарлайды. Желімдеуге арналған ағаш беттерді алдын ала суланған картонмен қаптайды. Кепкеннен кейін пайда болған жіктерді құрғақ сылактардікі сияқты бітеп тегістейді.

Дайындалған және кептірілген қабырға беттеріне (зауыд жағдайында ұқыпты тегістелген бетон панельдері мен желімдеуге дайын картон беті бар құрғақ сылақ табақта-рынан басқалары) желімдеп қағаз жапсырады. Қағаз кепкеннен кейін оның бетін пемзамен немесе ажарлау машинасымен тегістейді.

Тұсқағазды жапсырар алдында қабырға беттері желімденеді. Түкті және жуылатын тұсқағаздарымен әрлеген жағдайда беттерді майлы желім немесе синтез пасталарымен тығындап тегістейді (астына қосымша қағаз жапсырмайды).

Тұсқағаз жұмыстарын орындағанда бөлме температурасы 10°С төмен, ал желімденетін сылакталған беттің дымқылдылығы 8%, ағашбеттікі 12%-тен артык, болмау керек. Тұсқағазды желімдеу алдында жоғарғы жиек деңгейін белгілеу керек.

Тұсқағаздармен әрлеу. Оралмалы әрлеу материалдарын жапсыру үшін КМЦ, «Бустилат» және сирегірек басқа желімдер қолданылады. Тұсқағазды терезе еңісінен немесе терезесі бар қабырғаның бұрышынан бастап жапсырады. Тұсқағазды басқыштары кең сатыдан желімдейді. Желімделген тұсқағазды екі, сосын төрт қабатпен бүктейді. Жоғарғы ең шетін қабырғаға қысып жиек қалпын төмен өлшеп түсірілген белгі бойынша тексереді, сосын оның жоғарғы жағын, ұзынан, содан кейін жан-жағына тегістейді. Бұл үшін щеткалар пайдалану ке­рек. Осындай жүйемен жиектердің тіктігін және суреттердің дәл келуін тексеріп басқа ендерді де жапсыра­ды. Түйіскен жер көрінбеу үшін ен жиектерін жарыққа қаратып жапсыру керек. Үстіңгі жиектер барлық қабырғалардың тұсқағаздары желімделген соң жапсырылады.

Түкті тұсқғазбен беттерді қыспақ етіп жапсырады. Желім құрамын 15-20 мин аралықпен 2 рет қондырады, осы уакыт ішінде тұсқағаз дымқылданып ісінеді. Желімдеу барысында түкті бүлдіріп алмау үшін тұсқағазды бip бағытта тегістеп сипалау керек.

Линкруст бетке суға ерітілген бустилатпен екі рет желімделген соң жапсырылады. Жазғанда алдыңғы бетін бүлдіріп алмау үшін желімдеу алдында линкрустың жайылмаған оралмасын 5-10 мин ішінде ыстық жұқа (50-60°С) салып қояды, сонан кейін оны жаяды және дымқылды жағдайда 6-10 сағ. (ісінгенге дейін) ұстап отырады. Осыдан кейін ендерге кесіп суреттерге іріктейді. Линкруст табақтарын қыспақтап жапсырады. Линкрустың жоғарғы жиектерін бұрандалы немесе жай шегелермен бекітіп, ағаш тақтайшалармен, пластмасса немесе металл бөлшектерімен жабады. Линкруст толық кепкен соң кенерлер мен сақтаулар орнатылады.

Мата негізіндегі поливинилхлорид қабыршақтармен беттерді әрлеу мына жүйелілікпен жасалады: қабырға бетіне бустилат немесе ПВА эмульсиясының ерітіндісін жағып, 20 мин ұстайды, қабыршақтарды асыра басып не­месе қыспақтап жапсырады. Асыра басып жапсырғанда енін астына қаратып, ендерді бірінің үстіне бipiн салады,сосын біркелкі желім кұрамын жағады. Қабыршақ 10-15 мин өткеннен кейін жапсырылады. Бұл үшін ендерді қабырғаның жоғарғы жағында белгіленген сызыққа тиістіре жақындатады, бетіне қысады, сосын қалақшамен еннің ортасынан шеттеріне және үстінен төмен қарай тегістейді. Тұсқағазды қыспақтап жапсырганда ендердің жиектерін желімдейді, ал 24 сағ. кейін олардың ұштасқан жерін тура кесіп алып тастайды, сосын оның жиектерін көтеріп желімдейді, қыспақтап қабырғаға жапсырады.

Тұсқағаз жұмыстарын қабылдағанда ендердің түстері дұрыс таңдалуына, қиғаштану, тыржық, көпіршіктер болмауына ерекше назар аудару керек және тұсқағаз бетінде дақтар болмау керек. Кенерелер мен жақтаулардың жиектерін тұсқағазбен желімдеуге болмайды. Көршілес ендердің жапсарындағы сурет элементтерін 1,5 мм-ден ар­тық жылжытуға болмайды.

Әдебиеттер:

  1. Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің технологиясы: Оқулық.-Алматы, 2002-300с.

  2. Хамзин С.К., Әбішев А.К. Құрылыс процестерінің технологиясы: Жоғарғы оқу орындарының құрылыс мамандығындағы студенттерге арналған оқулық.-Алматы: Баспа, 1997.-384б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әрлеу жабуларының міндеті неде?

  2. Әрлеу жабуларының қандай түрлерін білесіз?

  3. Сылақтың міндеті және түрлерін атаңыз

  4. Арнайы сылақтар қалай әрленеді?

  5. Беттерді қаптаудың реті

  6. Аспалы төбелер қалай жасалады?