Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.02 Кб
Скачать

Сылақ ерітінділері мен мастикаларды дайындау және беру

Ең көп таралған кәдімгі сылақтар үшін цемент, әк, гипс, балшық және күрделі (екі байланыстырғышпен) ерітінділер қолданады.

Сәндік сылақтарын жасағанда толтырғыш ретінде табиғи немесе жасанды тасты ұсатумен алынатын үгінді және ерітіндіге қажетті түс беру үшін пигменттер пайдаланады.

Жай және күрделі ерітінділердің құрамы жобамен белгіленеді.

Ауаның дымқылдығы жоғары бөлмелерді (ванна бөлмелері, моншалар, су алабтары және т.б.) минералды үгілген қосымшалары бар цемент және цемент-әк ерітінділер қолданады. Әдеттегі ауа дымқылдығы бар (60%) бөлмелердің тас беттерін - әк, ағаш беттерді әк-гипс немесе әк-балшық ерітінділермен сылақтайды. Сыртқы қабырғаларды сылақтау цемент-әк ерітінділерімен атқарылады.

Бүрку және грунттау үшін қолданатын кәдімгі сылақ ерітінділерінде ірілігі 3 мм-ге дейін - құм, ал жамылғы қабаты үшін ерітінділерде ұсақ құмды пайдаланады. Ерітінділер негізінде зауыдтарда, ал кейбір ерекше жағдайларда оъектідегі ерітінді тораптарында дайындалады. Ерітінділер дайындау үшін оларды қабылдаудан бастап жұмыс орнына дейін беретін әр түрлі операциялар орындайтын механизмдер жинағымен жабдықталған сылақ агрегаттары мен станцияларын пайдаланған өте тиімді.

Арнайы сылақтар үшін ерітінділер қоспасын әр түрлі қосымшалар енгізіп дайындайды: су өткізбейтін сылақтар ерітінділеріне - сұйық әйнек, церезит және т.с; рентгеннен қорғаныш сылақтар ерітінділеріне - барий құмы (толтырғыш), тозаңы; акустикалық сылақ ерітінділеріне - ірілігі 3-5 мм құм және жеңіл кеуекті материалдардан (пемза, шлак, перлит, керамзиттен) дайындалған.

Барлық сәндік ерітінділері (терразит қоспалары, тас қоспалары, полимерцемент құрамдары және т.б.) және арнайы сылақтар үшін де көбінесе құрылыс алаңында дайындалады.

Мастикаларды гипс картонды табақтарды бекіту үшін пайдаланады. Ең көп таралған гипс-желімді, гипс-үгінді-желімді, көбік-гипс және көбік-күл-гипс мастикалары болады.

Ерітінділерді объектіде дайындау үшін барынша зауыдтан әкелінген құрғақ ерітінділер қоспасын пайдаланады. Құрғақ ерітінділер қоспасы – байланыстырғыш заттардың, құрғатылған толтырғыштардың, ерітінділердің сапасын арттыратын қосымшалардың және минералдық бояулардың қоспалары. Толтырғыштар ретінде мөлшері 5 мм-ге дейін жуылған, шаңнан тазартылған табиғи немесе ұсатылған құмдарды пайдаланады. Арнайы құрғақ қоспалар үшін жеңіл толтырғыштар: вермикулит, көбік полистирол және т.б. қолданады.

Coңғы жылдардың шетел және отандық тәжірибесі көрсеткендей сылақ жұмыстарын атқарғанда құрғақ ерітінділер қоспасын пайдалану экономикалық болашағы мына технологиялық схема бойынша анықталып отыр: құрғақ қоспаны зауыдта әзірлеу - қоспаны құрылыс алаңына тасымалдау - сумен араластыру - ерітіндіні бетке қондыру.

Құрғақ гипс қоспаларының ерітінділерін дайындайтын және қондыратын сылақ машинасының ерекшелігі: үздіксіз жұмыс тәртібі және екі жүйелі операцияларды - ерітінділерді дайындау және тасымалдауды - бip техноло­гиялық циклге біріктipy.

Машина жұмысының принципі құрғақ қоспаны үздіксіз дозалап бүнкерден араластырғыш камераға беруден тұрады, онда мөлшерленген су беру аркылы үздіксіз ерітінді) дайындалады, сосын ол винтті сорғышпен жұмыс орнына беріледі.