Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.02 Кб
Скачать

Беттерді май кұрамдарымен әрлеу. Майлап әрлеудің міндеті және түрлері

Майлау жұмыстары үймереттер мен ғимараттар құрылысының аяқталатын кезеңінде жүргізіледі және олардың беттеріне әр түрлі бояу құрамдарын қондырулан тұрады. Бояу эстетикалық мақсаттан басқа материалды шіруден және коррозияданқорғайды және санитарлық-тазалық жағдайларды жақсартады.

Бояу күрделілік дәрежесі және орындау сапасы бойынша жай, жақсартылған және жоғары сапалы болуы мүмкін.

Бояу қолданатын құрам түрі бойынша әк, желімді, казеиндік, силикат, эмульсиялы, майлы, эмальдан және т.б. болады.

Беттерді бояу орны және оларды пайдалану жағдайы бойынша ішкі және сыртқыға бөлінеді.

Майлау құрамдарымен бояу кешенді технологиялық процесіне кіретіндер: бояу құрамдарын дайындау, беттерді әзірлеу және өңдеу, беттерді майлап бояу.

Майлау жұмыстары үшін бояу құрамдары

Бояу құрамы кепкенде боялған бетте айқын түсті қабыршақ жасайтын пигменттер, бірлестіретін заттар және басқа қосымша материалдардың қоспасы болып табылады.

Қосымша құрамдарға грунтовка, жапсырма, тығындау жатады. Грунтовка - пигмент және бірлестіретін заттан тұратын майлау құрамы. Грунтовканы кеуекті беттерге сіңдіру және бояу құрамын оларға біркелкі сорғызу үшін қондырады. Тығындау және жапсырма құрамдарын бояу құрамдары сияқты бірлестіргішпен әзірлейді, бірақ толтырғыштар мөлшері көп болады. Тығындаулар боялатын бетті тегістеу, ал жапсырма пасталары жеке ақауларды, ойлы-қырлылықты, жарықтарды бекіту үшін арналады. Пигмент органикалық немесе минералды текті түрлі түсті жұқа тартылған құрғақ ұнтақ болып табылады. Ол суда, майда және органикалық еріткіштерде ерімеуі тиіс.

Біріктіргіш затты боялған бетте кепкеннен кейін жақсы жабысатын қабыршақ жасау керек. Олар суға ерігіш және ерігіш емес болады.

Сулы бірлестіргіштерге жататындар: әк,цемент,ерігіш әйнек, мал шикізаттарынан жасалатын желім (сүйектен, шелден жасалған, казеиндік), өсімдік желім (бидай және картоп крахмалы) және синтез желімі.

Сусыз біріктіргіштерге жататындар: табиғи (өсімдік майдан жасалған), жартылай табиғи және жасанды олифа және полимер шайырлары.

Бояу құрамдары да біріктіргіш заттың түріне байланысты сулы және сусызға бөлінеді.

Сулыларға: әк, желімді, силикат, су эмульсиялы және басқа бояулар, ал сусыздарға: майлы бояулар, эмальдар, лактар жатады.

Әр түрлі кұрамдармен беттерді бояуға дайындау

Майлау жұмыстары қаптау және сылақ жұмыстарын қоса алғанда және еден жасауды (үстіңгі бетін) қоспағанда тек барлық жалпы құрылыстық жұмыстар аяқталған соң ғана басталу керек. Боялатын беттер майлау жұмыстары басталуға дейін тазалану немесе жуылу, ал терезе және есік жақтаулары әйнектелу керек. Сонымен бояу алдында сылақ немесе бетон дымқылдығы 8%-тен, ал ағаш беттердікі 12%-тен аспау керек.

Сылақталған беттер ерітінді қаспақтарынан, босаң ұсталып тұрған ұнтақтардан және ысу іздерінен ұқыпты тазарту керек. Әдетте бұл үшін ағаш қайрақтар (кесілген шөрке) немесе құмдақ тастар пайдаланады. Металл беттерін тоттан, қабыршақтан және басқа ластанудан тазалайды. Жұмыс көлемі едәуір болған жағдайда тазалауды құм шапшытатын аспаптармен, ал аз болса электрщеткалармен немесе ажарлау машинкаларымен жүргізіледі. Бұрын сырланған беттерді бояуға тек ескі бояудан және тығындауда ұқыпты тазаланған соң ғана рұқсат етіледі. Майлы бояуды дәнекерлейтін лампымен күйдіргеннен кейін немесе еріткіш жібіген соң болат қалақшалармен немесе қырғыштармен кетіреді. Ағаш беттерді ұқыпты кептіреді, бұтақтарын, шайырларын кесіп алады, ал кесіп алған жерлерді құрғақ ағашпен немесе тығындағышпен бітеп тастайды, сонан соң барлық бетті қабықшамен ажарлайды.

Бетті бояуға дайындау сырлауға әзір жатық бет жасауға саяды.

Тазалаудан кейін бетті олифамен жаппай грунттайды, сосын жарым-жартылай тегістеу, тығындау және ажарлау жүргізіледі.

Бетті жай бояуға өңдеу тек грунттау операциясынан тұрады. Бар ақауларды өңдеу үшін тығындап түзетеді, кейін бетті ажарлайды.

Бетті жақсартылған бояуға өңдеу беттерді грунттау, жарықтарды сөгу, жарым-жартылай жағу және жағылған жерлерді ажарлау және бет негізіне жақсырақ жабысу үшін екінші грунттау операциялары жатады.

Бетті жоғары сапалы бояу құрамына жақсартылған бо­яуға көрсетілген процестерден басқа ажарлап екі рет жап­пай тегістеу және әр қабатты қондырған соң шаңды кетіру операциялары кіреді. Тығындаудың жалпы қалыңдығы 15 мм-ден аспау керек.

Бетті тығындап тегістеу қол және механикаланған тәсілдермен атқарылады. Қол тәсілінде қоспа пастасын бетке қолмен қондырып, қалақшамен тегістейді. Бұл үшін бет материалдары, өлшемдері және келбетіне байланысты әр түрлі өлшемді және конструкциялы болат, резеңке және ағаш қалақшалар пайдаланылады. Механикаланған тәсілді қолданғанда қоспа пастасынауа бүріккішімен неме­се механикаланған қалақша көмегімен қысым арқылы берумен қондырады. Ауамен тозаңдату үшін бүріккіш-пистолет немесе компрессор, айдамалау бак және тығындау қабатын қондыратын құрықтан тұратын қалақша қондырғысын қолданады. Қондырылған тығындау қабатын жартылай үккіш-қалақшамен немесе резеңке ұштығы бар қалақшамен тегістейді.