Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.02 Кб
Скачать

Сыртқы беттерді табиғи таспен қаптау

Сыртқы қаптау құрылысын екі жолмен жүзеге асыруға болады: констуктивтік элементтерді даярлаушы кәсіпорнында даярлап құрылыс алаңында тек жинақтау және тікелей құрылыс алаңында орындау.

Панельдерді, телондарды, импосттарды және т.б. дайындау барысында қаптау тәсілі әрлеу жұмыстарының осы түрін ауа райы жағдайларына байланыссыз орындауға, технологиялық тасқынды ұйымдастыруға және әрлеу сапасын тиімді бақылауға мүмкіншілік береді.

Зауыд жағдайында мәрмәр, доломит , әк тас, ұлутас және т.б. тақталарын формаға бет жағын төмен қаратып төсейді. Тақталар үсті бойынша аралық ерітінді қабатын жайып төсейді, сосын кәдімгі бетон қоспасын салып, оны тығыздайды. Қалыпталған элементті жылылық өңдеуге салады.

Конструктивті элементтердің беттерін әрлеуді тікелей құрылыс алаңында қаптау тақталары мен қапталатын бет аралығына құрылыс ерітіндісін толтырып та, толтырмай да жүзеге асыруға болады.

Қаптауды бірінші тәсілмен орындағанда жұмыс өндірісі барысында қалаудың көлденең қатарлар арасына арнайы ілмектер орнатуды ескереді. Ілмектер арқылы ілгектер бекітілген тік шыбықтар енгізіледі.

Тақталар ерітіндімен немесе құрғақтай орнатылады, сонан-соң (жіктерін бітеген соң) қабырға мен қаптау аралығына жылжымалылығы 9-10 см маркасы 300-ден төмен емес созымды цемент –құмды ерітіндісін құяды. Қабырға мен тақталар аралығындағы қажетті саңылау кергіш сыналар орнатумен қамтамасыз етіледі. Тастан жасалған тақталар аралығындағы жіктер айнадай фактурада - 1,5 мм тегістелгенде -5 мм және «жартас» фактурасында 10 мм-ден аспау керек.

Қаптауды екінші тәсілмен жасағанда дайын қабырғада перфораторлармен тесіктер бұрғыланады және оларды шаңнан ауамен үрлеп тазартады. Кейін тесіктерге тот баспайтын құрыштан жасалған бекіткіштер қондырады және тез ұстасатын құраммен тұтастырылады. Қаптау тақталарды бекіткіштерге іліп қояды.

Қаптау қаралаған тәсілдердің қайсысымен орындалса да тас тақталарын орнату бұрыштардан, ойықтардан және пилястрлерден басталады, сосын белгіленген қатарлар бойынша қабырға алаңы қапталады.

Беттерді табақ материалдармен әрлеу

Беттерді табақ материалдармен қаптау алдында табақтарды дайындау және өндеу жүргізіледі: сорттау, белгілеу, кесу және дайындамаларды жеке бөлмелерге іріктеу. Та-бақтар тікелей түзілістерге, түзілістерге бекітілген маяктарға, ағаш тақтайшаларға және қанқаларға бекітіледі.

Пластмасса табақтары мастикалармен желімденеді және тот баспайтын бұрандалы шегелермен бұрап бекітіледі немесе шегеленеді. Табақ материалдарын бекіту үшін ағаштан, пластмассадан немесе алюминийден жасалған арнайы төсеніш қолданады.

Беттерді тақтайшалармен қаптау

Үймереттердің қабырғасын қаптау үшін негізінде глазурьланған, әйнек, керамика және синтез тақтайшалары қолданылады.

Глазурьланған, әйнек және керамика тақтайшалармен бетон, кірпіш және гипс-бетонды беттер қапталады. Тақтайшалар цемент-құмды ерітіндісімен немесе полимер-цемент мастикасымен бекітіледі. Гипс-бетонды беттерге тақтайшаларды тек полимер-цемент мастикасымен бекітеді.

Қабырға беттерін тақтайшалармен қаптау алдында ерітінді қаспақтарынан, майлы дақтардан және басқа ластанудан тазалайды. Ішкі қаптауды бау бойынша және әр түрлі үлгілер көмегімен орындайды.

Қаптау бау бойынша екі тәсілмен орындалады: тік және көлденең баумен және қатарлағыш пен бау бойынша .

Басында болашақ қаптаудың бұрыштарында 3-4см аралықпен тақтайшалардан маяктар орнатылады. Маяк тақтайшаларын желімдейтін қабатшаның қажетті қалыңдығынесепке алып тіктеуіш және деңгей өлшеуіш бойынша бір жазықтыққа қондырады. Маяктардан жоғары және төмен тік баулар бекітілетін шегелер қағады. Көлденең бауды тік баулауға қатар (параллельді) тартылатын жіптерге бекітеді.

Екінші жағдайда көлденең бауды инвентарлы қатарлағыштарға бекітеді, оларды маяктарға қондырып еден мен төбеге тіреп (керіп) бекітеді. Әр қатардың шеткі тақтайшаларын тік баулар бойынша орнатады. Ерітіндіні немесе мастиканы тақтайшалардың тазаланған сырт жағына қондырады. Сонымен тақтайшаларға ерітінді қондыру алдында олардың сырт жағын сулайды. Тақтайшаны жағылған қабатшамен бетке қысады және алдыңғы қондырылғандармен және баумен тегістеп отырғызады.

Жұмыстың еңбек сыйымдылығын азайту үшін әр түрлі үлгілер, қатарлағыш-рейкалар пайдаланған жөн. Қабырғаларды үлгілер көмегімен қаптау тік қатарлармен барлық биіктікке жасалу керек, сосын үлгі алынып аралықтар толтырылады. Орнатылған қатарлар үлгілер ретінде пайдаланылады. Жұмыс төменнен жоғары қарай жүргізіледі (7.7.-сурет).

Синтездік (поливинилхлорлы) тақтайшаларды қаптау алдында бөлме температурасында 2 тәулік бойы ұстайды. Тақтайшаларды қабырға бетіне қабат қалыңдығы 0,5 мм тісті қалақшамен қондыратын кумарононайритті мастикасымен (КН-2 әлде КН-3) желімдейді. Мастика жағылған бетті ұстайды. Ұстау уақыты қабырға материалына және қоршаған ортаның температурасына байланысты. Мастиканың екінші қабаты бірінші кепкен соң 3-5 сағ. кейін қондырылады. Онан әрі тақтайшалардың сырт жағына қалыңдығы 0,2 мм мастика жағылады және 15-20 мин ұстағаннан кейін қабырғаға тығыз қысып және резеңкелі жапсырмасы бар ағаш балғамен барлық ауданы бойынша қағып жапсырады.

5. Аспалы төбелердің міндеті - үйдің ішкі көрінісі тиісті сәулеттік түр, акустикалық қолайлылық беру және күш алатын жамылғы мен төбе түзілістері аралығында әр түрлі инженерлік жүйелер ұстауды қамтамасыз ету.

Акустикалық «Акмигран» тақтайшалардан жасалған төбелерді екі тавр түріндегі алюминий бағыттағыштар арқылы бекітеді. Бағыттағыштар ды бекіткен соң фриз тақтайшаларын тіреу үшін қабырғалар мен бағаналарға металл қума бөлшектерін орнатады.

Тақтайшаларды жинақтау алдында өлшемдері, фактура, түсі бойынша сорттайды.

Тақтайшаларды алюминий профильдерінің сөрелеріне кертпелерімен кіргізеді, сөйтіп біртіндеп кезекпен жылжытып, бағыттағыштар аралығындағы барлық қатар толтырылады. Тақтайшалар өзара пластмассалық шпонтілік көмегімен қосылады.

«Акмигран» тақтайшаларынан жасалған төбе көлденеңінен дәлме-дәл, бір түсті болу керек. Бойлай және көлденең жіктері тура келу керек. Дайын төбені су эмульсиясы, синтездік бояулармен сырлауға болады.

Акустикалық төбелері және қабырғалар әрлеуі акустикалық тақтайлардан, ішкі жағы матамен желімделген құрғақ гипс сылағының тесілген тақталарынан орындалуы мүмкін. Тақтайшалар ағаш қаңқаға шегелеп бекітіледі. Тақталар қаптаудан кейін су эмульсиясы бояуымен сырланады.