Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.02 Кб
Скачать

Кәдімгі ерітінділермен сылақтау

Бүрку және грунт қабаттарын қондыру ерітінді сорғыштары және ерітінді ағысын дискреттік бөлшектерге бөлетін ерітінді құбырының ұшындағы арнайы құрылғы-форсункаларды пайдаланып механикаланған тәсілмен орындалады. Ерітіндіні қолмен қондыру тек ауданы 5 м2 және кем бөлмелерде рұқсат етіледі.

Оператор ерітінді қондырар алдында ағыс ұзындығын және шырақты кейін толқып кетуі ең аз болатындай етіп орнатады. Ұзын шырақта ағысты бетке 70-90° бұрышпен, ал қысқа шырақта тек тік бұрышпен бағыттайды.

Қондырылған грунтты тегістеу сылақтың қажетті сапасына байланысты сылақ сауыты, жартылай үккішті немесе тегістеуішті пайдаланып қолмен орындалады. Бұрыштарды өңдеу де тақтайшалары тік бұрышпен бекітілген, екі тақтайшадан шегеленген арнайы фасонды жартылай үккіштерді пайдаланып қолмен орындалады. Жартылай үккіштер екі қабырғаның жанасатын жеріндегі ішкі бұрыштарды өңдеу үшін - ішкі бұрыштық және сыртқы бұрыштарды өңдеу үшін - сыртқы бұрыштықтарға бөлінеді. Бұлардың сүйір бұрыштары сынып қалмау үшін олардың алдын ала қырларын мұқалтады.

Төбе русталарын өңдеу деп жамылғы тақталары аралығындағы жіктерді бойлай диаметрі кішкентай жарты шеңбер (русталар) жасау операциясын атайды. Русталар тегістелгеназдап қана ұстасқан ерітінді бойынша арнайы рустау аспабымен жасалады. Русталар тура сызықты болу үшін олардың ұзындығы бөлме биіктігінен 10-15 см артығырақ төбеге қысып 2-3 рейкаларға бекітілген тегістеуіш бойынша немесе арнайы кергіш тіреулер арқылы туралап салады.

Жамылғы қабптын қондыру не жазық жартылай үккіштерді пайдаланып қолмен сылау тәсілімен, не ерітінді сорғыш және форсунка пайдаланып механикаланған тәсілмен жүзеге асырылады. Қабатты соңынан сапалы ысқылау үшін жамылғы ерітіндісінде ірілігі 1,2 мм артық толтырғыш түйршіктер болмау керек.

Ысқылау сылақ жабуының соңғы қабаты-жамылғыға жасалады. Ысқылау не беті киіз, полиуретан және т.с қолмен, не пневматикалық және бойлай қозғалыс ысқылаушы машиналар пайдаланып механикаланған тәсілмен орындалды.

3. Түсті сылақты сәулет элементтерінің шегінде үздіксіз қондырады. Әрленген бетті шамамен бір тәулікпен кейін судың шашырап таралған ағысымен жуып тазартады. Жууды таза су аққанша атқарады. Жуу нәтижесінде цемент тозаңы кетеді ұнтақтан оның көрсетілген фактурасы бойынша айқын бет пайда болады.

Үгіндіні грунтқа қондыру үшін ауа немесе механикалық үгінді лақтырғыштар қолданады. Түсті ерітіндінің консистенциясы сылақ грунтындай болу керек.

Сграффито сылағы деп грунттан және екі немесе артығырақ жамылғы қабатында силуэттік сурет тырнап салынған сәндік түсті сылақты атайды. Сграффито сылағы үшін дәл кәдімгі түсті әк-құмды сылақтың, бірақ сапасы жоғары материалдарын пайдаланады.

Сграффито сылағының ең маңызды компоненттері - әк қамыры, таза кварц құмы, пигменттер, цемент. Сграффитоны тек сылақтың үстіңгі қабаттарын тырнау жолымен емес және трафарет-үлгі бойынша созымды сылақ ерітіндісін қондырумен де орындауға болады.

Дайындалған бетке барлық беттерді сылақтауға арналған ерітіндіден грунт қондырылады. Грунт тырналанадыжәне біраз ұстаған соң, жамылғы қабатын қондырар су бүркіледі. Жамылғы қабатын лақтырып немесе сылап жағады, сосын қуыстар болдырмау үшін әр қондырылған ерітінді қабаты жақсы тегістеліп тығыздалады. Сграффито түсті сылақтың үстінгі әрлеу қабаты барлыық үймереттің немесе әрленетін бөлменің ішіндегі қабырғаның сылақ жамылғы қабатымен бір жазықтықта болу керек. Грунтқа қондыратын бірінші түсті қабат 5 мм-ден жұқарақ болу керек, келесі қабаттар 1-2 мм болуы мүмкін, сондықтан оларды бетке кейде жартылай үккіш орнына мәрмәр ұнтағы қосылған сұйық ерітіндіні бояу жаққышпен қондырады. Түсті жамылғы қабаты 2-4 сағ. Қатайған соң сграффито сылағын тырнап жасауға кіріседі, бұл үшін әр түрлі формалы құрал-саймандар қолданады. Болашақ суреттердің нұсқасын трафареттер арқылы жасайды. Барлық бетті тырнаған соң бояу жаққышпен сыпырады немесе щеткамен тазалайды.

Терразит сылағы. Терразит ерітіндісін қоспалардан зауыдта дайындайды, сосын оларды құрылыс алаңында сулайды. Терразиттің құрғақ қоспаларының құрамына: портландцемент, ұлпа әк, мәрмәр ұнтағы, түсті үгінді, слюда, пигменттер кіреді. Мұндай сылақта грунтты әк-цемент ерітіндісінен орындайды, ал сәндік қабатының жабуы жаңа төселген грунт бойынша жасалады. Терразит қабаты кәдімгі сылақ сияқты ысылады, ал 3-4 сағ. Өткен соң бетті шеге щеткасымен немесе циклеймен тазалайды және бірнеше сағат бойы мезгіл-мезгіл сулап отырады.

Терразит сылагғында жамылғы кабатының қалыңдығы тас үгіндісінің iрілігіне байланысты 5-12 см аралығында болады.

Тас сылағы тас шабатын құралмен сәндік қабатының қатқан цемент тасын өңдеумен жасалады. Әрлеу қабаты екі мезгілде орындалады. Басында алдын ала суланған грунтқа бүрку, сосын ол қатқан соң жамылғы қабаты қондырылады. Тас сылағы кескіш, шапқы және т.с. пайдаланып қолмен атқарылады. Тегіс тастан істелгендей ету үшін сылаққа кескіш немесе шапқы қағылады және осы саймандардың бүйірінен соғып сылақтың кесектерін шағып алады. Әрлеу қабатының қалыңдығы 30-40 мм болу керек.

Сылақты гранит және мәрмәрден істелгендей етіп мынадай жүйелілікпен орындайды: дайындалған бетке 2-3 мм қабатпен консистенциясы қаймақ тәрізді цемент ертіндісін қондырады, оның үстіне сәндік қабаты жасалады. Ірілігі 2-5 мм үгінді граниттен немесе мәрмәрден істелген болуы мүмкін. Қондырылған құрамды ерітіндіге арнайы қалақпен басып енгізеді, біраз уақыт өткен соң бетті бүріккішті қолданып сумен жуады, сосын 2-3 күннен кейін 5-10%-тік тұз қышқылы ерітіндісімен өңдейді.

Сылақтың арнайы түрлері. Рентгеннен қорғайтын сылақ жобамен тағайындалады. Рентген сәулеленуінен айыратын материал ретінде қолданатын барит ерітіндісі қоршау түзілістерінің қорғасын айыруын алмастыруға мүмкіндік береді. Әдетте үзіліс жасамай бет ауданын тегіс сылақтайды. Барит сылағының қабат қалыңдығы 30 мм-ден кем болмау керек.

Бетон немесе ағаш беттерін металл торы бойынша сылақтайды және сылақ қалыңдығы 4-6 мм қабатпен қондырылады. Ерітіндінің әр қабаты жартылай үккішпен, ал соңғы қабаты 1,5-2 тәуліктен кейін қабықшамен тегістеледі. Сонан-соң бояумен әрленеді немесе глазурьланған тақтайшалармен қапталады.

Акустикалық сылақ дайындалған бетке 10% әк қамыры қосылған құрамы 1/3,5-1/4 (цемент, құм) цемент-құм ерітіндісінен грунт жасау арқылы орындалады. Аздап ұстасқан грунтқа құрамында цемент, ұсатылған пемза, құрылыс гипсі және су бар акустикалық сылақтан ерітінділер қондырылады. Сылақтың қалыңдығы 25-30 мм қабатпен дағдылы әдістермен жасалады және қондырылған қабат жартылай үккішпен тегістеледі.

Су өткізбейтін сылақ құрылым түзілістерін судан қорғау үшін қолданады. Сылақ ерітіндісі алдын ала натрий алюминий немесе хлорлы темір қосылған құрғақ цемент-құм қоспасын сумен еріту арқылы дайындалады.

4. Қаптау түрлері. Қаптау - әрлеудің ең берік және сәндік түрі. Ол түзілістерді қоршаған ортаның әсерінен сенімді қорғайды. Әр түрлі және әр суреттер, оюлар және басқа сәндік композициялар алуға болады.

Қаптау ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Қаптау жұмыстарын орындау үшін толып жатқан табиғи текті және жасанды әрлеу материалдары пайдалынылады.

Қабырғалардың сыртқы қаптауын гранит, мәрмәр, габбро, әк тас, туфтан жасалған қаптауыш тақталардан , керамика тақталары мен тақтайшаларынан, тот баспайтын құрыш және алюминий панельдерінен орындайды.

Ішкі қаптауды жасау үшін глазурьлы, керамика, полистироль, әйнек тақтайшалары, бет кірпіш, асбоцемент табақтар, ағаш-талшықты және ағаш – жоңқалы қаптайтынтақталар, қағаз-қабатты пластиктар пайдаланады.

Қаптау жасау бойынша кешенді технологиялық процеске кіретіндер: қаптайтын тақталарды сорттау және дайындау; ерітінділер, желімдейтін құрамдар мен мастикаларға әзірлік жасау; бекіту элементтерін дайындау; өлшеу, маяктар немесе қатарлағыш жасау; қапталатын бетті белгілеу және онда бекітетін элементтерді орнату үшін тесіктер бұрғылау; тақталарды және қаптаудың бөлшектерін орнату.