
- •Сылаққа беттерді дайындау
- •Сылақ ерітінділері мен мастикаларды дайындау және беру
- •Кәдімгі ерітінділермен сылақтау
- •Сыртқы беттерді табиғи таспен қаптау
- •Беттерді табақ материалдармен әрлеу
- •Беттерді тақтайшалармен қаптау
- •Беттерді май кұрамдарымен әрлеу. Майлап әрлеудің міндеті және түрлері
- •Майлау жұмыстары үшін бояу құрамдары
- •Әр түрлі кұрамдармен беттерді бояуға дайындау
- •Беттерді бояу
- •Майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •Беттерді оралмалы материалдармен жабу
- •Беттерді дайындау
Лекция №14. Әрлеу жабуларының міндеті және түрлері. Сылақ жабындарын жасау технологиясы. Арнайы сылақ жабындарын жағу технологиясы. Қазіргі заманғы материалдармен беттерді қаптау. Аспалы төбелерді жасау
Қарастырылатын сұрақтар:
Әрлеу жабуларының міндеті және түрлері
Сылақ міндеті және түрлері
Сәндік және арнайы сылақтармен әрлеу
Беттерді қаптау
Аспалы төбелер жасау
1. Әрлеу жабуларын жасау үймереттер мен ғимараттар тұрғызудың соңғы кезеңі болады. Олардың міндеті - үймеретке немесе ғимаратқа аякталған түр беру болады.
Әрлеудің техникалык міндеті ең алдымен түзілістердің қоршаған ортаның өзара байланысымен аныкталады. Әрлеу жабулары түзілістерді дымқылдану, коррозия, меха-никалық бүлдіру әсерлерінен қорғайды. Олар және де бөлмелердің акустикалық касиеттерін, олардың инсоляциясын, ауа алмасуын беруі мүмкін.
Жабудың пайдалану касиеттері негізінен адамның шаруашылық қызметінде анықталады. Сондықтан әрлеу жабулары механикалық әсерлерге тұрақты, санитарлық-гигиеналық тазалауға мүмкіндік беретін, уытты болмау және ұзақ уақыт өзінің алғашқы түрін сақтайтын болу керек.
Әрлеу жұмыстары технологиялық белгілері бойынша сылақ, қаптау, майлау, тұсқағаз, әйнек және еден салуға бөлінеді.
2. Сылақ - кұрылыс түзілістерін әдемілейтін және кейбір жағдайда арнайы міндет атқаратын олардың бетіндегі жасанды тастың қабаты.
Осы бет қабаты кұрылыс ерітінділерінен жасалған жағдайда сылақты «сулы» немесе тұтас деп атайды.
Табақ материалдарынан зауыдта жасалған сырткы әрлеу қабатын «құрғақ» сылақ деп атайды. Бұл бағыттың дамуы объект тұрғызудың еңбек шығындарын азайту үшін созымды материалдарды өңдеумен байланысты процестерді кұрылыс алаңынан зауыд жағдайына кешіру талабымен түсіндіріледі.
Тұтас сылақтың атқаратын міндеті, орындау сапасы, ерітінді байланыстырғыш түрі және қондыру технологиясы бойынша өзгешеленеді.
Кәдімгі сылақ. Мұндай жабу жалғыз-ақ мақсатпен - астыңғы негіздің ақауларын жасыруға жасалады. Осындай сылақтардың бетi тегіс және жатық болады.Дағдыдағыдай кәдімгі сылақ міндеті ic атқаратын жеке қабаттармен қондырылады.
Бүркеу — жабу мен әрленетін беттің тұтасуын қамтамасыз ететін сылақ жабуының бірінші қабаты. Сондықтан бүрку үшін көбінесе жылжымалы ерітінді (конус отыруы 9-14 см) қолданады. Бүрку қабатының калыңдығы әк және әк-гипс ерітіндісінде - 6 мм, цемент ерітіндісінде -5 мм аспайды. Бүрку беті тегістелмейді, кедір-бұдырлы болып калады.
Грунт - жабудың қажетті қалыңдығын жасайтын сылақ жабуының екінші қабаты. Егер әрленетін түзілістің ақаулары едәуір, ал сылақ сапасына қойылған талап жоғары болса сылақтың қажетті қалыңдығы үлкейеді және грунт бірнеше қабатпен қондырыладыы. Әр қабаттың қалыңдығын оның бетте қалқымайтын тұрақтылығын қамтамасыз ететін шартқа сүйене отырып алу керек: әк-гипс ерітінділерінде -7 мм-ге дейін және цемент ерітінділерінде - 5 мм-ге дейін. Әр келесі қабат алғашқы тегістеліп және қатқан соң қондырылады. Грунт үшін жылжымалылығы азырақ (конус отыруы 7-8 см) ерітінді қолданады.
Жамылғы - қондыру мақсаты әрленетін бетті бояуға дайындау болатын сылақ жабуының үшінші қабаты. Қабаттың жеткілікті қалыңдығы 2 мм болу керек, себебі бұл қабат кейде механикаланған ысқылауға ұшырайды, сондықтан жамылғы қабатының ерітіндісі біркелкі, жақсы араластырылған болуы және 1,2 мм артық толтырғыштары болмау керек.
Қазіргі уақытта жамылғы қабаты үшін «кұмсыз жамылғы» деп аталатын пасталар түрінің құрамдарын қолдану тенденциясы бар. Мұндай шешімнің мағынасы - сылақ бетін тікелей бояуға дайындап және бөлмелер әрлеудің еңбек өнімділігін бүтіндей 20-25%-ке көтеріп сылақтау және келесі тығындау процестерін бірлестіру.
Кәдімгі сылақ орындау сапасы бойынша жай - тұруға міндеттелмеген бөлмелер үшін (үй асты, қоймалар және т.б.), жақсартылған - азаматтық және өнеркәсіптік құрылысының үймереттері үшін, жоғары сапалы - қоғамдық және жеке жобалармен тұрғызатын үймереттерде.
Жай сылақ дағдыдағыдай жалпы қалыңдығы 12 мм-ге дейін ерітіндінің екі қабаты - бүрку және грунттан тұрады. Грунттың үстіңгі қабаты әрлеусіз тегістеледі.
Жақсартылған сылақ жалпы қалыңдығы 15 мм-ге дейін ерітіндінің үш қабаты - бүрку, грунт, жамылғыдан тұрады.
Жоғары сапалы сылақ жалпы қалыңдығы 20 мм-ге дейін ерітіндінің үш-төрт қабаты - бүрку, грунттың бір немесе бірнеше қабаты және жамылғыдан тұрады.
Сәндік сылақ. Сылақтың бұл түрі кәдімгі сылақтан жамылғы қабатының құрамымен және өңдеу тәсілімен ерекшеленеді. Сәндік сылағы үшін жамылғының өңделген қабатының қалыңдығы 5 мм болу керек. Жамылғы қабаты созымды немесе қатайған жағдайда өңделеді.
Жатық жамылғы қабаттарына ерітінді қондыру, тегістеу және оны майдалау үшін кәдімгі сылақтар орындауға қолданатын аспаптар қолданады. Жамылғы қабатын фактурлеп өңдеу үшін: қатайған немесе жартылай созымды жағдайдағы ерітіндіні тырнауға, шимайлауға - әр түрлі кескіш құралдар; бетті тіктеуге, созымды жағдайда бетке көрнекті сурет түйреуге - әр түрлі щеткалар мен резеңке біліктер, қашаулар, шапқылар қолданылады.
Арнайы сылақ. Мұндай жабудың нақты міндеті: жылылықты қорғау, дыбысты сіңіру, рентген сәулесінен қорғау, су айыруды орындау үшін қондырылады.
Жұмысты орындау барысында ерітінді құрамы мен жабу қалыңдығы жөніндегі жоба талаптарын сақтауға ерекше назар аудару керек. Әр түрлі арнайы сылақтарды қондырудың нақтылы технологиялық тәсілдері тиісті нұсқауларда көрсетіледі.
Сылау процесі беттерді дайындау (ою, тор немесе кереге шабақпен қаптау, өлшеу, маяктар орнату); жұмыс орнына ерітінді және оның құрастырушыларын тасымалдау; сылақ қабатын қондыру және тегістеу (бүрку және грунт); сәндік элементтерін орнату (карниздер, жақтаулар және т.б.); ойықтар мен бұрыштарды әрлеу; жамылғы қондыру және әрлеуден тұрады.
Қосалқы процестер жұмыс орнын дайындаудан, оны жиыстырудан және басқалардан тұрады.
Сылаққа беттерді дайындау
Беттерді дайындау екі мақсатты шешу үшін орындалады: біріншіден, бетте қажетті кедір-бұдырлық жасау, шаң және әр түрлі ластанудан тазалау жолымен оның сылақ жабуымен берік ұстасуын қамтамасыз ету; екіншіден, сылақ ерітіндісінің артық шығынына, еңбек өнімділігін төмендетуге және сылақ жұмыстарының құнын көтеруге келтіретін тіктіктен және жазықтылықтан бет мөлшерден тыс ауыткуын жою.
Сылақтауға жататын кірпіш, бетон және басқа беттерді тозаңнан, батпақтан, майлы және битум дақтарынан ұқыпты тазалау керек. Кедір-бұдырлығы аз беттерді (мысалы, бетон) тілумен, кертумен өңдейді. Жіктері толтырылып қаланған кірпіш қабырғаларды сылақтағанда алдын ала жіктерді 10-15 мм тереңдікке тырнап із салады немесе олардың бетін тегіс кертіп түсіреді, сосын шаңды кетіреді.
Бетті дайындау жұмыстарын механикаланған құралдарды қолданып орындаған жөн. Сонымен жіктерді керту және шабу үшін әр түрлі ауыстырмалы ұштықтары бар электр шой балғалар қолданылады. Беттерді кедір-бұдырлықтан, қаспақтан, шығыңқы жерлерден тазарту үшін электр ажарлау машиналарын пайдаланады. Үлкен беттерді тазалау үшін құм сорғалатқыш аспаптар қолданады.
Беттерді өлшеу сылақ жабуы бетінің өң жағын нүктелі (таңбалармен) белгілерін анықтау үшін орындалады. Бұл операция қолмен жасалады (7.3-сурет), қабырғаны бау мен тіктеуішті пайдаланып өлшеген ыңғайлы. Бұл үшін лузга мен төбеден 30-40 см аралықта қабырғаның бұрышына сылақтың қалыңдығына тең 1 шегені қағады, сосын осы шегенің бүркеншігінен еденге дейін тіктеуіш түсіреді және бүркеніші бауға тиер-тимес етіп 2 шегені қағады. Дәл осындай 3 және 4 шегені қағып қабырғаның қарама-қарсы бұрышын өлшейді. Сонан-соң қабырға бетінің тегістігі тексеріледі. Бұл үшін бауды 1-ден 4-ке, 2-ден 3-ке, 1-ден 3-ке, 2 шегеден 4 шегеге тартады. Бау қабырғаға жанаспау керек, ондай болмаса дөңестікті шауып тастауға тура келеді, онда 1,2, 2, және 4 шегелерді суырып алады және оларды дөңес жерлерде сылақтың әдеттегі қалыңдығы қалатындай етіп орнатады. Сосын 1 және 3, 2 және 4 шегелер аралықтарына бау бойынша 5, 6,7, және 8 аралық шегелер қағылады.
Өлшеуді және белгілейтін шегелерді орнатуды түзеткіш және деңгей өлшегіні көмегімен де жүзеге асыруға болады.
Маяктар орнату грунттың соңғы қабаты тегістелетін сылақ танатын бетте ұзындық бағыттағыштар жасау үшін орындалады. Маяктар ерітіндіден немесе инвентарлы металл және ағаштан жасалған болуы мүмкін.
Практикада не таңбалар бойынша «жағу» әдісімен, не арнайы тегістеуіш көмегімен дайындалатын ерітінді маяктар ең жиі қолданылады.
Таңбалар бойынша маяктар жағу үшін төбе биіктігінен 10-15 см қысқа тегістеуіш пайдаланылады. Тік бойынша таңбалар аралығына тез ұстасатын ерітінді қондырылады. Сосын таңбаларды тіреу беттері ретінде пайдаланып, тегістеуішпен ерітіндінің тіктілімі немесе маяк жағылады.
Ерітінді маяктарын арнайы тегістеуішпен жасау бірталай жеңіл және тезірек. Тегістеуіштер қатарлы және бұрыштық болуы мүмкін. Арнайы тегістеуіштер қолдану мәні мынада: олар келешек сылақ қабатын белгілейтін жағдайға «құрғақтай» орнатылып қойылады, сосын тегістеуіш пен қабырғаның аралығына белгілі бір тәсілмен ерітінді қондырылады.
Инвентарлы маяктар еңбек шығындарын кеміту мақсатымен қолданылады және қабырғаларға әр түрлі қысқаштар көмегімен бекітіледі. Жұмыс аяқталған соң инвертарлы маяк алынады, ал қалған тілім сылақтанады.