Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспекті СГП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

Дәрістің қысқаша мазмұны

Көлбеу қазбаларды өткен кезде жатық қазбаларды өткендегі шаралар кешенін қолданады. Бірақ, қазбаның көлбеулігіне байланысты бір неше ерекшеліктер бар.

Құлау бұрышы 10° асқанда темір жол астындағы шпалдарды 2/3 тереңдігіне арыққа орналастырады. Тау-кен массасы мен материалдарды жеткізу жұмыстары күрделінеді, қауіпсіздік ережелері қаталданады. Қазбалардың құлау бұрышы белгілі бұрыштан асқаннан кейін тау-кен массасын тиеу үшін арнайы тиеу машиналары қолданылады. Қазбаны үстінен астыға қарай жүргізген кезде суды насостармен сору қажеттілігі туындайды. Қазбаларды астынан үстіге қарай өкізген кезде кенжар маңында метан жиналып қалады, осы газды кетіру үшін күшейтілген желдету немесе дегазация қолданылуы тиіс. Көлбеу қазбаларын (оқпандар, штольнялар, көлбеулер) өту жұмыстарының алдында көлемі үлкен дайында жұмыстары жүргізіледі.

Басты және қосымша бремсбергтер метан бөлінуі бойынша шахты категориясы ІІ аспаса астынан үстіге қарай өткізіледі (бремсберг тәсілі), ІІІ категориялы немесе одан жоғары категориялы шахталарда үстінен астыға қарай өтіледі (көлбеу тәсілі).

Бремсбергті астынан үстіге қарай өту технологиясы комбайндық, бұрғылап аттыру және үлестірілген бола алады.

Комбайндық технология көмір поластының құлау бұрышы 10° асқанда шахтаның газ бойынша кезкелген категориясында қолданылады. Жыныстардың беріктігі 4 ақан жағдайда бремсбергтерді 1ПК-ЗР, 1ГПКС комбайндарымен жүргізеді, ал 6 асқанда — КП21, КСП-32, КСП-42 комбайндарымен.

Бұрғылап аттыру тәсілі газсыз немесе газ бойынша ІІ категориядан аспайтын шахталарда қолданылады. Бұрғылап аттыру жұмыстарының параметрлері штректі өткендегі формулалармен есептеледі. Шпурларды бұрғылау үшін электр қол бұрғылары немесе бұрғылау балғалары қолданылады. Құлау бұрышы 6° аспайтын қазбаларда тау-кен массасын тиеу үшін ППН және ППНБ типті тиеу машиналары қолданылады; құлау бұрышы 12° болғанда ПНБ типті машиналары қолданылады, ал 12° асқанда—СКУ-1, СКУ-КТ, СКВ-1 скрепер құрылғылары қолданылады.

Көлбеулерді астынан үстіге қарай комбайн немесе бұрғылап аттыру тәсілімен өтіледі. Шпурларды перфораторлармен, қол бұрғыларымен бұрғылайды. Қазбалардың құлау бұрышы 8° дейін болғанда бұрғылау қондырғыларын қолданады.

Қазбалардың құлау бұрышы 8° дейін болғанда жатық қазбаларда қолданылатын машиналар қолданыла алады. Құлау бұрышы аталған мәннен жоғары болғанда аталған машиналар арнайы құралдармен жабдықталады.

СӨЖ бақылау тапсырмалары (тақырып 8) [1,2]

1) тұрақты бекітпені тұрғызғандағы жұмыстарды механизирлеу құраладры

2) өткізу циклінің қосымша операциялары

3) таңдаулы әсерлі және роторлы жүргізу комбайндары

4) қазбаны комбайн тәсілімен өткен кездегі кенжар маңы көлігі.

5) жаңалау мен жөндеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады.

Дәріс 8

Тақырып 9 Ашық кеніштер құрылысындағы жұмыстардың құрамы мен сипаттамасы

Дәріс жоспары

1. Ашық кеніш құрылысының кезендері: дайындау, негізгі құрылыс және ликвидациялық (кенішті эксплуатацияға беру), олардың сипаттамасы

2. Кеніш құрылысының құрылымдық схемасы; кеніш алабыфн дайындау жұмыстарының мәні; кеніш маңы алабының құрылысы; құрылғыларды орнату; тау-кен капиталды және басқа жұмыстарды орындау.

3. Көрсетілген кезендердегі орындалатын жұмыстардың құрамы, көлемі және орындалу реті, олардың сыртқы факторларға тәуелділігі.

4. Монтаж жұмыстарының түрі, көлемі және орындау технологиясы. Кенішті эксплуатацияға беру кезінде тау-кен жұмыстарына қойылатын талаптар.

5. Тау-кен құрылыс жұмыстарының технологиясы мен механизациясы. Құрылыс кезендерінде әр түрлі құралдар кешендерін қолдану ерекшеліктері. Күрделі гидрогеологиялық жағдайларда тау-кен құрылыс жұмыстарын жүргізу әдістері мен технологиясы.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Кеніш құрылысы келесі кезендерден тұрады: дайындау, негізгі құрылыс, ликвидация (кенішті эксплуатацияға беру).

Дайындау кезенінде құрылысты басқару ұйымдастырылады және қажетті материалдармен, құралдармен жабдықтау жүргізіледі.

Негізгі кезенде: тау-кен қазбалары өткізіледі; белгілі көлемдже ашы жұмыстары орындалады; өндірістік ғимараттар мен құрылыстар салынады; тұрмыс және комуналдық міндет атқаратын объектілер салынады; дренаждық және құрғату қазбалары өтіледі; негізгі құралдарды, тасымалдау және технологиялық орнатады.

Кенішті эксплуатацияға беру кезенінде: салынған ғимараттарды тексеріп қабылдау жұмыстары жүргізіледі; шала істелінген жұмыстар жөнделеді; уақытша ғимараттар мен құрылыстарды бұзады; кенішті эксплуатацияға беру ұйымдастырылады.

Тау-кен капиталды жұмыстарға жатады: капиталды, тілме, дренажды және су кетіру траншеяларын өту; кенішті қолдануға беру деңгейіне сәйкес кемерлерді жасау және жер асты дренаж қазбаларын салу.

Әр кенішке жер алабы бөлінеді (тау-кен бұру), осы алабтың шегінде жобаға сәйкес дайындау шаралары жүргізіледі.

Кеніш алабының жер бетін дайындау құрамына келесі жұмыстар кіреді: табиғи және жасанды кедергілерді алу; негізгі техникалық құрылыстар мен объектілеріне жол тарту, сонымен қатар кенішті сумен қамтамасыз ету.

Кеніш пен разрез құрылысы техникалық жобада жасалған күнтізбнелік графикке сәйкес жүргізіледі.

Өндірістік мекемелер құрылысының күнтізбелік графиігн тұрғызудың бір неше әдістері бар. Жиі келесі формалар қолданылады: сызықты график; құрылысты ағымды ұйымдастыру циклограммасы; жүйелік график.

Кеніш құрылысының ырғағы тау-кен тасымалдау құралдарын жеткізуге және монтаж жұмыстарының графиігн орындауға тығыз байланысты. Кеніш құрылысы кезінде келесі монтаж жұмыстары орындалады:

1) экскаваторларды, бұрғылау қондырғыларын және басқа тау-кен құралдарын жинау және орнату;

2) ЛЭП орнату, трансформатор подстанциясын монтаждау, тұтыну және тарату құрылғыларын орнату;

3) темір жолдардың төсеу және баластты салу, контакт желісін тарту, ОБҚ құралдарын монтаждау;

4) скиптік көтергіштерді, үгіту құрылғыларын, конвейерлерді, қабылдау және қайта тиеу құрылғыларын үйлестірілген көлік қолданғандағы жинақтау;

5) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды монтаждау;

6) жарықтандыру аппаратурасын орнатып монтаждау;

Кеніш алабын ашу деп капиталды қазбаларды және ену траншеяларын өтуді айтады. Кеніш алабын қазып алуға дайындау деп кемерлерді жасауды қамтамасыз ететін тілме траншеяларын салу айтады.

Капиталды траншеялардың пішіндері тұйық, тұзақты, спиральді және үлестірілген болып бөлінеді. Трасса пішінін таңдағанда пайдалы қазбалардың жатуын, жер беті рельефін, кенішін алабының өлшемдерін және кеніш көлігінің түрін ескереді. Тұйық трасса түрі темір жол көлігін қолданғанда қабылданады, тұзақты – автокөлік қолданғанда.

Траншеяларды өту тәсілдері келесіге байланысты бөлінеді:

көлік түріне және тасымлдау құраладарының кенжарға байланысты орналасуына;

экскаваторлар түріне және кенжарға байланысты орналасуына;

траншеяны өткен кезде тау-кен массасын алу кезегіне.

Траншеяларды өткен кезде теміржол және автомобиль көліктері кеңінен қолданылады.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 9)[1, 4, 18]

1. Ашық тау-кен жұмыстарының түрі мен кезендері.

2. Жер бетін дайындаған кезде қандай жұмыстар орындалады

3. Тау-кен капиталды және эксплуатациялық жұмыстарының құрамына не кіреді

4. Іріленген құрылыс графитерінде не анықталады

5. Кеніш алабының жер бетін дайындағанда қандай жұмыстар орындалады

6. Кеніштер құрылысындағы негізгі монтаж жұмыстары.

7. Капиталды және тілме траншеяларын өту технологиялық схемалары

Дәріс 9

Тақырып 10 Ашық тау – кен мекемелрі құрылысының технологиясы

Дәрістің мақсаты – тау –кен қазба орындарын ашуда тиімді тәсілдерді оқып үйрену, тау –кен жұмыстарының технологиясы мен механизациясы, карьердің күнтізбелік жоспарын құру.

Дәрістің мақсаты

1. Карерьлік алаңның ашу жұмыстары

2. Тау –кен жұмыстарының механизациясы мен технологиясы

3. Құрылыстың күнтізбелік жоспары

4. Карьерді пайдалануға ендіру жұмыстары

Дәрістің қысқаша мазмұны

Карьерлік алаңды ашу деп капитальді тау – кен қазбаларын жүргізгенде орындалады, яғни ену траншейлерінің көмегімен, ол карьердің жұмыс көкжиегін сыртқа шығуына мүмкіндік береді. Карьерлік алаңды қайыра жұмыс істеуіне дайындық жұмыстары қима траншейлерінің құрылысымен байланысты болып келеді, ол көлбеуліктің пайда болуымен ұласады.

Тау – кен капитальді жұмыстарының пайдалы кен орындарын ашуда аз мөлшерде болуы құрылыстың аз мерзімге созылуына сәйкесті болады, ол траншейлердің жату орнын қабылдайды және карьерлік көкжиектің алғаш енуіне мүмкіндік береді. Бұл процесс пайдалы қазбаның сыртқа жақын орналасуына байланысты болады.

Ортаңғы бөліктегі бірінші кезекті учаскенің ашу жұмыстары ашу жұмыстарының үлкен фронтын жүзеге асырады және соның арқасында жұмыс процессіне көп мөлшерде эксковаторлардың қолдануына мүмкіндік береді.

Тереңдетілу жұмыстарының жылдамдығы мына факторларға байланысты:

1. эксковаторлық блоктың ірілігіне, ол темір жол көлігі қолданысында 350-500м. – ден аспауы қажет, ал автомобильді көлікте 120 – 150 м. болуы шарт;

2. көлбеуліктің биіктігіне;

3. жұмыс алаңының өлшемдеріне;

4. эксковатордың өнімділігіне;

Темір жол көлігін қолданғанда тереңдетілудің максималды жылдамдығы 7 – 10 м/жыл, ал автомобильді көлікте 15 м/жыл болады.

ЭРГ – 1600 роторлы эксковатордың және үздіксіз қозғалудың машина кешендері көмегімен қолданылған жұмыс көкжиегінің мүмкін боларлық схемасына мысал.

Дайындау:

  1. науаны орнату үшін 25 м тереңдікте қима траншейы ұңғылау жұмыстары;

  2. конвейерлік көтерілу үшін 18­ градус та көлбеу траншеяйлерін ұңғылау жұмыстары;

  3. Эксковатордың жұмыс істеуі үшін алаң дайындау;

Жұмыс көкжиегін дайындау үшін тау –кен құрылғысының үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндіктері қолданылады, ол қозғалыс биіктігінің 10 – 13 м болуы және ә роторлы эксковатордан құралуы керектігі қарастырылады.. Сонымен қатар өздігінен жүретін шынжырлы тиегіштің ұзындығы 60 м – ден болуы керек. Жүктеу жұмыстары екі эксковатордан бір магистральді науа көмегімен жүзеге асады.

Котлованды өңдеу жұмыстары төрт қабатты, яғни 10 м – ден бүкіл ұзындығы бойынша жүргізіледі.

Қүрделі гидрогеологиялық шарттарға байланысты болатын карьер құрылысы негізінде сыртқы капитальді траншейлардың жұмсақ және сулы жыныстарда келесі схема қолданылады.

Траншейлерді ұңғылау автокөлік қолданғанда ЭКГ – 4, ЭКГ – 5, / ЭКГ – 8 және ЭШ – 6/60 және ЭШ – 10/60 механикалық күректермен жүзеге асырылады. Бұл кезде драглайдар дренажды арқауларда және механикалық күрекшелердің автокөлікке жүктеудің көмегімен жүзеге асырылады. Механикалық күрекшелер автокөліктің ұйқасуымен траншейлердің құрғатылған қабаттарын өңдеуге көмектеседі.

Соколовсий карьерінде өтілген траншейлерді қолдану барысында ЭШ – 14/75 драглайны қолданады және бұл құрылымдық схема құрылыс жұмыстарын 1,5 – 2 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Капитальді траншейлердің сулы жыныстарда жүргізілуі келесі нәтиженің шығуына жол берді:

Дренажды арқауларды жүргізгенде ЭШ – 14/40 және ЭШ – 6/60 драгландарын қолданғанда көкжиекті құрғату кезінде қоолданады, және борпылдақ жыныстарға тау – кен-көліктік құрылғылар үшін қажет шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Карьерлердің құрылысы мен қима жұмыстары техникалық жобада бекітілген құрылыстың күнтізбелік жоспары көмегімен жүзеге асырылады.

Күнтізбелік жұмыстардың құрастыру үшін:

құрылыстың белгілі бір нақта шарттарына сай жобалаудың тапсырмалық анализі жүргізіледі;

жұмыстың номенклатурасын құрайды;

бүкіл жұмыстардың көлемін есептейді, қажетті еңбек шығындарын есепке ала отырып және негізіг құрылыстық машиналардың, сонымен қатар механизмдердің қажетті машиносмен санын есептейді;

жеке жұмыстардың уақыт ұзақтыған анықтайды және оларды сәйкесінше байланыстырады;

Карьерді пайдалануға беру кешеннің бастамалық құрылысының аяқталуымен болуы керек, ол жобада анықталу қажет, және тау – кен жұмыстарының басталуына, сонымен қатар тауарлық өнімнің жоспарланған көлемде берілуі керек. Тау – кен-құрылыстық жұмыстары көлемі ішіне бірқатар іс - әрекеттер кешені кіреді, ол Тау –кен жұмыстары негізінде карьердің құрылысының басталуы мен пайдаланушылық мерзімге берілуіне дейін анықталады.

Карьерді пайдалануға тапсырғанда тау – кен жұмыстарының негізі осындай болуы керек:

пайдалы қазбалардың көлбеулігінде жатқан қажетті және мөлшерлеме фронт жұмыстарының болуы, ол қажетті өндірудің эксковаторлардың жұмысын қадағалайды;

ашу көлбеулігіндегі қажетті және мөлшерлеме фронт жұмыстарының болуы, ол ашу жұмыстары үшін эксковаторлардың және басқа құрылғылардың дұрыс бағытта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

пайдалы қазбаның жобаға сәйкес ашылуға тиісті және дайындық қорларының болуы;

көліктік жолдар мен көкжиекке жету үшін қазындыларды дайындау, стансалардың жобалық жолдық дамуы, жоғары бөліктегі, яғни жер үстіндегі разъездер мен қосалқы жұмыстарды жасау;

Карьерді пайдалануға бергенге дейін құрғату мен дренаж жұмыстары аяқталуы керек.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 10) [4,7,18]

  1. Жазық және көлбеу жазылымдардың ашу схемасы

  2. Траншей ұңғылауының схемасы

  3. Капитальді траншейлардің сулы жыныстарды ұңғылау ерекшеліктері

  4. Зілзаламен күресу

  5. Күнтізбелік жоспардың жасау реті