Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ДИПЛОМ ДУМАН

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
18.9 Кб
Скачать

1 Техникалық- экономикалық негіздеме

Қала тұрғындары контингентінің, автомобиль паркінің артуы, көлік құралдарының жүрісінің көбеюі ЖКО алдын алу және қозғалыстың жоғары жылдамдықтарын бірге қамтамасыз етумен байланысты қалаға ойланатын мәселе тудырып отыр.Әр түрлі елдерде ғалымдар көлік ағындарын ұйымдастыруда бірдей әдістерді қолданбайды, өйткені бұл мәселені әмбебапты түрде шешу мүмкіндігі жоқ.Қала салушылар өздерінің күштерін қалаларда, қала айналысында және халықаралық автомагитральдармен қосылған жерлерде үзіліссіз қозғалысты магистральды көшелер мен қаланың жоғары жылдамдықты жолдар жүйесін көлік құралдары қозғалыстарының шиеленістік бағыттарында екінші жаңа көшелер салу, көпірлер, жол торабы мен транзиттік автомат қозғалыстарын айналып жүретін автомагистральдарын салуға жұмсайды. Жол қиылыстарында, алаңдарда және қала жолдардың бұрылыстарында жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бағытталған аралшықтар мен бағдаршамдардың ретке келтіруді қою ұсынылды. Алаңдар мен қиылыстардың пішіні, қозғалыстың түрі мен көлеміне байланысты олардың формалары мен мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында автомобиль көлігі маңызды роль атқарады. Автомобиль көлігі біріншіден, халық шаруашылығында зор еңбектенуді қажет ететін салаларының бірі болып табылады, екіншіден, энергетика ресурстарын көп шығындайды, үшіншіден, көп қаржы қоры мен салымын қажетсінеді.

Автомобильдендіру мемлекет экономикасына орасан зор әсер етуімен қатар, адамдар үшін қолайлықты және жабдықталғандықты жасауымен қатар, бірқатар жағымсыз құбылыстарды: адам құрбандықтарын, жол-көлік апаттары (ЖКА) нәтижесінде болатын орасан зор материалдық зиянды, қаланың ауалық бассейіндерінің газдануын, көшелердің тұрған автомобильдермен үйіліп бөгеттелуін, сондай-ақ көліктік іркілістердің және қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуін тудыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта еліміздегі жалпы пайдаланымдағы 91 мың шақырым автомобиль жолының үштен біріне жуығы қанағаттанғысыз жағдайда, оның 11 мыңға жуық шақырымы республикалық маңыздағы жолдар. Жол апаттарының артып кетуіне жолдардың сапалық жағдайы да кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заң талаптарына сәйкес үкіметке автомобиль жолдарын жобалау, жөндеу, қалыпқа келтіру жөніндегі нормативтік және жобалық-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту жөніндегі шаралар қабылдау тапсырылған [1]. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында жергілікті әкімдерге орта мерзімді өңірлік бағдарламалар әзірлеу керектігі де айтылған.

Қиылыстарда автомобильдердің топталып қалулары және жиі аялдаулар, қаланың ауалық бассейнінің отынның толық жанбай қалған заттарымен жоғары ластануының себептері болып табылады. Қала халқы әрдайым көліктік шуылға және жанар-жағар майлардан шығарылған газдарға душар болады. Қозғалыс шараларын және қозғалысты ұйымдастыруды іске асыру кезінде ерекше рөл техникалық құралдарды: жол белгілерін және жол таңбаларын, бағдаршамдық реттеуді, жол қоршауларын және бағыттағыш құрылғыларды енгізуге беріледі.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер алға қойылды:

- жолдың берілген учаскесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату;

- көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу;

- көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының қозғалысын тәртіпке келтіру;

- қақтығысу нүктелерінің санын азайту.

Қала қозғалысының өсуіне қарай қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын, жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыру мәселесі бірінші орынға қойылады.

Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және меншікті көліктерді пайдалануға қолайлықты қалыптастыру үшін, көше-жол желісін жетілдіруден басқа қозғалысты бақылау және басқару бойынша іс-шаралар ұйымдастыру қажет.

    1. Қаланың қысқаша сипаттамасы

Заманауи қалаларда тез және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін сәулет – жоспарлау және ұйымдастыру шараларды қолдануын талап етеді.

Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2 құрайды. Тұрғыны 1,35 млн. адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан келеді (2009). Қала үлкен аумақта орналасқан, өйткені оның ерекше құрылыс ошағына байланысты. Қарағанды ірі көмір шахталарының ауданында орналасқан. Қарағанды қаласы Саран, Шахтинск, Шахан, Абай сияқты қалалармен қатынас жолдары арқылы байланысқан. Сонымен қатар, қаланың өзінде бір-бірінен алыс орналасқан аудандары бар және сол аудандармен көлік жолдары арқылы байланыстырылған. Сондай бөліктерге қаланың орталығы, Майқұдық, Сұрыптау, Оңтүстік-Шығыс, Пришахтинск, Михайловка кіреді. Қаланың тағы бір ерекшелігі қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыстың дамуы.

Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі – 6071,3 км құрайды (облыстық маңызды – 3549 км және аудандық маңызды - 2522,3 км), оның ішінде: асфальтты бетонды жабындысы бар – 555 км, қара тас кесекті жабындысы бар – 2318 км, тас жол – 3076,3 км және топырақты жабындысы бар – 122 км. Облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарында 124 көпір (6838,5 п/м) және 3440 дана (52214,6 п/метр) су ағызғыш құбырлар бар Облыс 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. Оның Октябрь ауданы болса, екіншісі Казыбек би ауданы болып табылады.