Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

Буферге көшіру тәсілі

1. Файлды не үзіндіні таңдау.

Редактордың Түзету (Правка) мәзірін ашып, Көшіру не Кесіп алу пунктін таңдау (Копировать не Вырезать). Бұл командалардың ерекшеліктері мынада: Көшіру көшірілген үзіндіні (не файлды) бұрынғы орнында да қалдырады, яғни тек көшірмесін алады, ал Кесіп алу көшірілген үзіндіні өшіріп кетеді

Экранда көрінген кез келген көріністі растрлық сурет ретінде буферге көшіру мүмкін (Растр – сурет салу үшін пайдаланылатын таңбалар. Олар әдетте пиксельдерден - майда нүктелерден не тік төртбұрыштардан тұрады). Ол үшін PRINT SCREEN пернесін басса болғаны. Практикада көбінесе белсендірілген (екпінді) ішкі терезенің көрінісі буферге көшіріледі. Ол үшін берілетін команда: ALT + PRINT SCREEN.

Буферден кірістіру тәсілі

  1. Құжат бөлімін экранға шығарып, үзінді кірістірілетін орын басына курсорды орналастыру.

  2. Түзету (Правка) мәзірін ашып, Кірістіру (Вставка) пунктін таңдау командаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, Word терезесіндегі Пуск түймесінің суретін мәтін арасына кірістіру үшін PRINT SCREEN пернесін басыңыз да Пуск  Программа  Стандартты  МS РАІNT программасын жүктеңіз. Правка  Вставить командасын таңдасаңыз, буфердегі терезе сурет түрінде шығады. Белгілеу (Выделение) аспабы арқылы Пуск түймесінің суретін белгілеп алып, Түзету  Көшіру ((Правка Копировать) командасын таңдап, Word терезесіндегі мәтін арасының қажетті орнына курсорды қойып, ТүзетуКірістіру (Правка  Вставка) командасын берген мезетте Пуск түймесінің суреті кірістіріледі.

Ескерту. Буферге екінші мәлімет көшірілген кезде алғашқысы жойылып кетеді.

5.5. Архивтеуші программалар

Windows-та файлдарды, бумаларды, дискілерді қысу (архивтеу) үшін түрлі қысу программалары бар. Қазіргі кезде WinRar, Win Zip қысу программалары қолданыста. Мысалы, ПГК-МИН бумасын дискетке көшіргенде симай қалды делік. Оны дискетке сиғызу үшін архивтеп, сосын көшіру кекрек.

WinRar арқылы файлды архивтеу

1. Файлды немесе буманы таңдап, жанама мәзір ашу. Мысалы бумасын архивтеу үшін жанама мәзірді шақыру.

2. Көрінген мәзірден Add to “ПГК-МИН.rar” пунктін шерту.

3. Буманың аты өзгерместен архивтеліп түріне енеді де, таңдалған буманың маңына орналасады.

Архивті ашу

1. Архивтелген буманы таңдап, жанама мәзірді ашу.

2. Мәзірден Extract to ПГК-МИН\ пунктін таңдау.

3. Архивтелген буманың аты өзгерместен бейархивтеліп түріне енеді де, таңдалған архивтелген буманың маңына орналасады.

6 Дәріс. ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР

Құрылғыларды бір-бірімен байланыстыратын жүйелер мен сигналдарды, пайдаланушы адам мен компьютердің қарым-қатынасын, техникалық, программалық құралдар жиынтығын және техникалық өзара келісімдерді интерфейс деп атайды. (inter- өзара, face-бет).

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалық жабдықтардың көмегімен шешіледі.

Программалық жабдықтар - ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі, олар сервистік программалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер т.б.) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді (2-сурет), олар:

1) жүйелік программалық жабдықтар;

2) қолданбалы программалар пакеті.

Программалық жабдықтар

Қолданбалы

Жүйелік

2-сурет. Программалық жабдықтар тобы

Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.

Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]