Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276 Кб
Скачать
☆

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Операциялық жүйенің ролі және қолданылуы.

  2. Операциялық жүйелер қандай белгілеріне қарай жіктеледі (классификацияланады)?

  3. Windows операциялық жүйесінің ролі мен қолданылуы қандай?

  4. Windows операциялық жүйесінің негізгі концептуальді жағдайларын көрсетіңіз.

  5. Көпесептілік түсінігін түсіндіріңіз және оның түрлерін көрсетіңіз.

  6. Графикалық қолданушы интерфейсінің ерекшелігі неде?

  7. Plag & Play технологиясының мәні неде?

  8. Windows-тағы объектілер нені білдіреді? Объектілермен жұмыс істеудің негізгі ережелерін көрсетіңіздер.

  9. Қосымша, құжат дегеніміз не?

  10. Терезе дегеніміз не? Терезелердің типтерін атаңыз. Тереземен жұмыс істеу ережелері қандай?

  11. Windows операциялық жүйесінде мәліметтер алмасу түсінігін қалай түсінесіз? Мәліметтер алмасу қалай жүргізіледі?

  12. Рабочий стол қандай мақсатта қолданылады?

  13. Проводник не үшін қолданылады?

  14. Қолданбалы стандарт программаларды атаңыз.

  15. Көмекші стандарт программаларды атаңыз.

  16. Мультимедиа программаларының қандай мүмкіндіктері бар?

  17. Жарлық пен белгі арасындағы ұқсастық пен айырмашылық қандай?

  18. Рабочий стол-ды басқарудың қандай элементінің көмегімен ашық терезелер мен папкалар арасында ауысуға болады? Қалай?

  19. Windows-тың қандай басқару элементі арқылы компьютерде қондырылған кез-келген қосымшаны алуға болады? Қалай?

  20. Қосымша дегеніміз не? Windows қосымшаларын жүктеудің тәсілдерін атаңыз.

  21. Контекстік меню дегеніміз не?

  22. Контекстік менюдегі пунктердің бірі қарайтылған шрифтпен белгіленген. Бұл нені білдіреді?

  23. Копировать в буфер және Удалить в буфер батырмаларының айырмашылығы неде?

  24. Копировать в буфер командасының орнына Удалить в буфер батырмасының әрекеті орындалса, не істеу керек?

  25. Windows Commander-дің қолданылуы.

  26. Файлды қарау қалай шақырылады?

  27. Windows Commander көмегімен каталогты қалай құруға болады?

  28. Таңдалған файл дискісіндегі алатын орынның көлемін қалай есептеуге болады?

Операциялық жүйе.

Операциялық жүйе — компьютерді басқаруға арналған, қолданушымен сұхбатты ұйымдастыратын және қолданбалы программалар пакетінің сұранысы бойынша ЭЕМ-мен өзара іс-әрекет жасайтын орталық программа.

Операциялық жүйенің атқаратын қызметтері: файлдарды көшіру, каталогтарды іздеу, бұзылған файлдарды жою, иілгіш дискеттерді қорғау және қатты дискіні басқару мен ондағы жұмысты ұйымдастыру.

IBM фирмасы жабдықтаған жүйелердің ішінде үш жүйені ерекше атауға болады, олар: МS DOS, OS/2, АІХ. Бұл операциялық жүйелер қолданушының талабына сәйкестендірілген.

4.1. МS DOS операциялық жүйесі.

MS DOS операциялық жүйесі екі командалар тобына бөлінеді:

  • Резиденттік (ішкі) командалар тобы;

  • Транзиттік (сыртқы) командалар тобы.

Резиденттік командалар тобы жедел жадыға пернетақтадан түсісімен бірден орындалады. Транзиттік командалардың орындалуы 2 кезеңнен тұрады: пернетақтадан енгізіліп, қатты дискіге жазылады, тек содан кейін орындалады.

Резиденттік команда өз кезегінде екіге бөлінеді: Каталогпен жұмыс істеу командалары және файлдармен жұмыс істеу командалары.

Каталогпен жұмыс істеу командалары:

MD <каталог аты> - жаңа каталог ашу;

RD < каталог аты > - бос каталогты жою;

DIR <каталог аты> - каталогтар тізімін қарап шығу

DIR/P – экрандық бетті парақтап қарау, тізбектегі файлдың барлық атрибуттарын көрсетеді.

DIR/W - терезе түрінде тығыз форматты түрде файлдың тек қана аттары тізбектеліп көрсетіледі. Файл атрибуттары көрсетілмейді.

CD- командасының атқаратын екі түрлі қызметі бар:

а) бір каталогтан басқа (жоғары деңгейдегіден келесі төменгі деңгейдегі) ішкі каталогқа ауысу;

б) кез келген төменгі деңгейдегі каталогтан түпкі каталогқа қайту.

Файлдармен жұмыс істеу командалары:

REN <файлдың ескі аты> <файлдың жаңа аты> - файлдың атын өзгерту командасы;

DEL <файл аты> - файлды жою командасы;

TIME - уақытты өзгерту командасы;

DATE - мерзімді өзгерту командасы;

COPY командасы - файлдарды бір орынан екінші орынға көшіруге, мәліметтерді пернетақтадан файлға енгізуге, мәліметтерді пернетақтадан бірден баспаға шығаруға және т.б мүмкіндіктерді туғызатын команда, мысалы:

COPY CON < файл аты >

COPY < файл аты > A:

C:\COPY a1.txt A: AINUR

С дискісіндегі а1.txt файлын иілгіш дискідегі AINUR каталогына көшіру.

Транзиттік командалар:

CLS – экранды тазалау. С:\ > CLS – С каталогы үшін берілген командасы.

FORMAT - қатты дискіні немесе иілгіш дискеттерді жаңа жұмыс аудандарына бөлу, яғни форматтау.

С:\ > FORMAT А:/ S

DISСCOPY - бір дискідегі барлық мәліметтерді басқа дискіге толығымен көшіру.

TREE - бұтақ тәріздес орналасқан каталогтардың тізімін қарап шығу мүмкіндігі.

ASSIGN - логикалық диск адрестерін тағайындау.

ATTRIB - файлды жазудан қорғау (“+R” көмегімен  READ оқу деген мағына береді, “-R” арқылы қорғауды алып тастауға болады).

Файл маскасы:

Файлдармен жұмыс істеген уақытта “*” және “?” белгілері пайдаланылады.

Диск жинақтағыштарының адрестері:

А, В – иілгіш дискет жинақтағышының адресі;

С, D, E, F - қатты диск жинақтағышының адресі

Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS, Windows95, Windows98, Windows2000, WindowsХР, WindowsNT, LINUX, OS/2, UNIX жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]