Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276 Кб
Скачать
☆

5. Windows операциялық жүйесі

WINDOWS ОЖ кең ауқымды мүмкіндікті, күрделі ақпараттық жүйе. Бұл ОЖ-нің ең негізгі артықшылығы – бір уақытта бірнеше программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сол себепті ОЖ - көп функционалды, көп терезелі. WINDOWS ОЖ-де файлды импорттауға, экспорттауға болады. Буферде бір уақытта 12 файл сақтауға болады.

5.1. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады. Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әр түрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орын ала береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтары. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аумағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

  • толық экранды Терезе, яғни экранды толығымен алып тұрады;

  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранының белгілі бір бөлігін алып тұрады;

  • шартбелгі түріндегі, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып тұрады.

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс столында мәліметтер салынған бумалар, жарлықтар, қоржын, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін. Windows ортасында жұмыс столының рөлін - дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалар терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан. Шартбелгі (Icon)- бұл экран бетінде қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Од дисплей экранындағы програманы, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Экранда мынандай шартбелгілер кездеседі: қосымша (қолданбалы) програмалар шартбелгісі, белгілі бір топтар шартбелгісі, функциялар шартбелгісі.

Жұмыс столының суретін өзгерту үшін жұмыс столына тышқанның оң жақ батырмасын шерту  Жанама меню  Қасиет Жұмыс столы ;

Жарлық (Shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің мазмұнын көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан програмаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т.б.

Жарлықты құру үшін жұмыс столына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп контекстік менюден Құру Жарлық командаларын орындау;

Бума (Folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, програмалық топ - жеке программаларға арналған контейнерлер, т.с.с.

Бума құру үшін жұмыс столына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп контекстік менюден Құру Бума командаларын орындау; Бума атын өзгерту үшін файлға тышқанның оң жақ батырмасын шерту, жанама менюден қайта ат беру (переименовать) командасы таңдалады.

Құжат – бұл қолданбалы программа көмегімен өңделетін кез келген файл ; Кез-келген ақпараттың дискіде жазылуы файл болып табылады. Құжатты баспаға шығару командасы: Файл Печать ОК.

Файл дегеніміз- атау берілген кез келген ұзындықтағы байттар тізбегі.

Операциялық жүйенің файлдармен, каталогтармен жұмыс ұйымдастыруы файлдар жүйесі деп аталады. Файл префиксі дегеніміз файл жүйесі бойынша оған өту маршруты. Іздеу маршруты көрсетіліп жазылған файл атын оның толық аты немесе толық адресі деп атайды. Толық атаудың мысалы С:\ВАSІС\qbasic.exe. Мұндағы С: дискінің ВАSІС үшін бірінші деңгейлі каталог екенін білдіреді. «\» файлды каталогтардан іздеу маршрутын (жол бағытын) көрсететін символ. ВАSІС – ішкі каталог, qbasic – файл аты, .exe – файл кеңейтілуі болып табылады.

Қоржын (Себет – Корзина) – бұл дискілердегі жойылатын мәліметпен жұмыс істейтін жүйелік бума; Жойылған файл қоржынға түседі. Файлды қайта қалпына келтіру үшін қоржындағы файлды тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контексті менюден Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдау арқылы орындалады. Қоржынды ашып, Файл – Қоржынды тазалау (Файл – Очистить корзину) командасын беру арқылы оны тазалап қоюға болады.

Сілтеу (Проводник) программасы файлдарды басқаруға, қосалқы программаларды жүктеуге, құжаттарды ашу тәрізді мүмкіндіктерге жағдай жасап, дербес компьютердің барлық мазмұнын көру мүмкіндігін туғызады. Дискілер мен бумаларды жеке-жеке терезелерде қарап, ашпас үшін, бұл режим олардың бірінен екіншісіне бір ғана терезеде жылжып, ауысып отыру мүмкіндігін береді. «Сілтеудің» сол жақ аймағында дискі мен бумалардың тізімі, ал оң жағында (екпінді күйдегі) объектінің мазмұны көрсетіледі.

«Сілтеуді» ашудың үш түрі бар:

1) «Іске қосу» менюін ашу және «Программа» менюінде «Сілтеу» пунктін таңдау;

2) «Менің компьютерім» бумасын ашу, С: дискісінде шерту - ерекшелеу мақсатымен, «Файл», «Сілтеу» пунктілерін таңдау;

3) Тышқан көрсеткішін Пуск - ті тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік менюден «Сілтеу» пунктін таңдау.

«Менің компьютерім» бумасы белгілі бір буманың немесе дискінің мазмұнын қарап шығуға ыңғайлы. «Менің компьютерім» - де қабатынан екі рет шертсе, экранда жаңа терезеде компьютерге жүктелген дискілер аты шығады, одан басқа келесі элементтер де болуы мүмкін:

• Басқару панелі (Панель управления);

• Компакт-дискінің мазмұнын қарау;

• Дербес компьютерге қызмет көрсету жұмысын жобалау және бақылау;

• Принтерді баптау;

• Компьютерді модемнің көмегімен жалпы желіге жалғау.

«Жұмыс столына» немесе басқа бір бумаға файл мен буманы ауыстыру әрекетінің бірнеше түрлері бар:

1. Көшірілетін файлды (каталогты) ерекшелеп қойып:

• файлды көшіру үшін «Түзету» менюіндегі «Көшіру» командасын, ал басқа орынға ауыстыру үшін «Қиып алу» командасын таңдау керек. Файлды немесе буманы орналастыратын каталогты (бумада) екі рет шертіңіз.

• «Түзету (правка)» менюінде «Кірістіру (вставитъ)» командасын таңдау.

2. Файлға немесе каталогқа курсорды орналастырып, қажетті объектіні экран бойынша тышқанның сол жақ батырмасын басып, жібермей ұстау арқылы басқа қажетті орынға ауыстыруға болады. Егер объектіні көшіру қажет болса, яғни файл (каталог) ескі орнында қалып, ал жаңа орында оның көшірмесін алу үшін тышқан батырмасымен бірге <Ctrl> пернесін басып тұру қажет, әрекет аяқталғаннан кейін екеуін бір уақытта босату керек.

3. Объектіні тышқанның оң жақ батырмасымен басу арқылы жаңа орынға ауыстырып, содан кейін пайда болған жанама (контекстік) менюден:

• Орнын ауыстыру;

• Көшірме алу;

• Жарлық құру әрекеттерінің бірін нақты түрде көрсетуге болады. Файлды немесе буманы басқа дискіге ауыстыру кезінде:

• объектіні басқа дискіге ауыстырғанда, оның көшірмесі алынады;

• тышқан батырмасымен бірге < Shift > пернесін қоса басу арқылы объектіні жылжытып, орнын ауыстыруға болады;

• объектіні курсордың көмегімен ерекшелеп алып, менюдің «Файл» пунктінде «Жіберу» командасын таңдау қажет;

• объектіні курсордың көмегімен ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Контекстік менюден «Жіберу» пунктін таңдап, «Адресат», «А: — дискісі», «Менің құжаттарым» (Мои документы) варианттарының бірін таңдау қажет.

Мәтін бөлігін іздеу және алмастыру. Бұл үшін «Түзету», «Табу» командасын таңдау қажет. Пайда болған «Табу және алмастыру» (Найти и заменить) сұхбат терезесінің «Табу» өрісінде қажетті мәтін үзіндісін теріп алып, «Әрі қарай табу» (Найти далее) батырмасын басу керек. Егер мәтін үзіндісі табылса, ол экранда «Табу және алмастыру» терезесінен тысқары пайда болады. Қажет болған жағдайда үзіндіні іздеу мен алмастыруды ары қарай жалғастыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]