Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

5.2. Дискетті форматтау

Дербес ЭЕМ-де пластмас корпустағы диаметрі 3,5 дюйм магниттік дискет қолданылады. Оны «флоппи-диск» деп те атайды. Компьютерде дискетті қолданбас бұрын, оны алдын ала форматтап алған жөн. Дискіні форматтау барысында сақиналық жолдардан тұратын бөліктерге бөлінеді. Әр жол өлшемі 512 байттан тұратын секторларға бөлінеді. Сектор – берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлік өлшемі. Кластер – қатар орналасқан бірнеше секторлар тобы, оларда файлдың толық аты сақталады. Дискіде файлдың қай кластерден бастап жазылатыны FАТ деп аталатын арнайы кестеде белгіленеді.

FАТ – файлдарды орналастыру кестесі

Дискіні форматтау кезінде онда сақталынған файлдар толығымен жойылады.

Дискіні форматтау кезінде орындалатын іс-әрекеттер:

  • Форматталатын дискіні дискжетекке салыңыз;

  • Менің компьютерім терезесін ашыңыз;

  • Диск 3,5(А:) дискісіне тышқан көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын шертіңіз;

  • Жанама мәзірден Форматтау (Форматировать) командасын таңдаңыз:

  • Қажет жағдайда форматтау режимдерін орнатуға болатынын ескеріңіз;

  • Бастау (Начать) батырмасын басыңыз;

  • Егер дискіде файлдар сақталған болса, онда оларды жою керек пе? деген сауалға «Иә» батырмасын шертіңіз.

  • Форматтау аяқталғаннан кейін «Жабу» батырмасын басыңыз. Сіздің дискетіңіз форматталды.

Кез келген файлды, папканы компьтерден дискетке көшіру үшін файл немесе папка арқылы ашылған контекстік менюден көшіру пунктін таңдап, дискетті ашып бос орын арқылы ашылған контекстік менюден кірістіру (Вставить) пунктін таңдау қажет.

    1. Ole технологиясы

Windows- тың тағы бір ерекшелігі - Windows ортасында жұмыс істейтін түрлі қосымшалардың өзара әрекеттестігі. Мысалы, алмастыру буфері арқылы не өз терезесін пайдаланып бір қосымшаның берілгендерін екіншісіне ауыстыруға болады. OLE (Object Linking and Embedding – объектілерді байланыстыру және сіңдіру) – DDE технологиясының дамытылған түрі. Жұмыс тәсілі – берілгендерді (мәтін, суреттерді және т.б.) бір қосымшадан екінші қосымшаға жүктеп, объект дайындау. Оны алғашқы құжат құралдарымен өңдей беруге болады. Кірістіру – Файл командасы арқылы бір файл соңына екінші файлды кірістіру де мүмкін. Мұнда пайдаланылатын қосымшалар: OLE - сервер және OLE – клиент деп аталады. Сервер (дерек көзі) – негізгі, клиент (қабылдаушы) – объект дайындалатын қосымша. Мысалы, Windows – ты пайдаланып, суретті графикалық редактордан мәтіндік редакторға кірістіруге болады. Мұнда графикалық редактор сервер, ал мәтіндік редактор клиент қызметін атқарады. Бірақ, кез келген қосымша программа объект дайындай алмайды, кейбір қосымшаның тек сервер болып, объектіні дайындау мүмкіндігі жоқ болуы да мүмкін. Мысалы, Word 97 редакторы пайдаланатын Символдар программасы мен Формулалар редакторы тек серверлер.

5.4. Алмастыру буфері

Windows-тың Жетекші бумасында не қолданбалы программаларда таңдалған мәтіндік файл не сурет, график, диаграмма үзінділерін басқа орынға көшіру үшін жедел жадтың Алмасатыру буфері деп аталатын бөлімшесін пайдалануға болады (буфер – аралық, қалта).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]