Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Квал.ситуац.есепрер3.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.36 Кб
Скачать

4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

5. периодонттың созылмалы қабынуы.

Есеп№31. Жасы 30-дағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштерден және ас шайнағанда ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде ; 37тістің шайнау бетінде ұлпа маңындағы дентин деңгейінде тісжегі қуысы бар, сүңгілеп байқағанда табаны аздап ауырады, қағып тексергенде ауыру сезімі жоқ. Диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы тексеру әдісін қолдануға болады ;

1. қарап тексеру

2. қағып тексеру

3. кіреукені тікелей бояу әдісі

4. тістің электр қозғыштығын анықтау

5. сипап тексеру

Есеп№32. Жасы 18-дегі жігіт дәрігер-стоматологқа көрінуге келді. Қарап тексергенде 22 тістің мойын бөлігінде ерінжақ бетінде ақ бор түсті дақ анықталды, сүңгілеп байқағанда беті аздап кедір-бұдырлау, бірақ сүңгі еркін жылжиды. Диагнозды нақтылау үшін қажет қосалқы тексеру әдісін атаңыз;

2. қағып тексеру

3. сипап тексеру

4. кіреукені тікелей бояу әдісі

5. температуралық тітіркендіргіштерге реакциясын анықтау

Есеп№33. Емделуге келген адам тісінің суықтан ауыратынына, бірақ ауыруының тез басылатынына шағымданады. Қарап тексергенде; 36 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. ас қалдықтарымен толы. Қуыстың қабырғаларында аз мөлшерде қаттылау және пигменттелген дентин бар. Сүңгілеп байқағанда табаны ауырмайды, қағып тексергенде де ауыру сезімі жоқ. Суыққа тез басылатын ауыру сезімі пайда болады. Диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы тексеру әдісін қолдануға болады;

1. рентгенографиялық әдіс

2. тістің электр қозғыштығын анықтау

3. кіреукені тікелей бояу әдісі

4.трансиллюминациялық әдіс

Есеп№34. Жасы 40-тағы ер адам стоматологқа тістеріннің жағдайын тексертуге келді, ешқандай шағым айтпайды. .Қарап көргенде; 37 тістің шайнау бетінде орта тереңдікте

тісжегі қуысы анықталады. Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі байқалады, қағып тексергенде ауыру сезімі жоқ. Суық әсерге тез басылатын ауыру сезімі бар. Диагноз қойыңыз;

1. жоғарғы тісжегі,

2. орта тісжегі

3. терең тісжегі

4. периодонтың созылмалы қабынуы

5. сынаға ұқсас ақау.

Есеп№35. Жасы 32-дегі ер адам тісінің тәттіден және қышқыл әсерінен ауырып, тітіркендіргіштің әсері тоқтағаннан кейін ауыру тез басылатынына шағымданады. Қарап көргенде: 27 тістің бетінде жүлге (фиссура) аймағында жабынды дентин деңгейінде тісжегі қуысы бар, сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі байқалады, қағып тексергенде ауырмайды. Диагноз қойыңыз;

1. жоғарғы тісжегі,

2. орта тісжегі

3. баяу дамыған терең тісжегі

4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы.

Есеп№36. Жасы 46-дағы ер адам тілінің түрінің өзгергендігіне, дәм сезуінің төмендегеніне шағымданады. Сұрастыра келгенде шылымды көп тартатыны анықталды. Қарап тексергенде ; тілінің үстінде (түбір бөлігіне жақын) жіп тәрізді бүртіктері ұзарған (4мм-ге дейін) және қара түске боялған. Тілді сипап байқағанда консистенциясы жұмсақ, бөгде құрылым байқалмайды. Сіздің алғашқы диагнозңыз қандай:

1. қатпарлы тіл

2. қара түкті тіл

3. тілдің түлей қабынуы

4. екіншілік мерез

5. жүре дамыған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС-СПИД)

Есеп№37. Жасы 45-тегі ер адам 26-тісінің өз-өзінен қатты ауыратынына және самай бағытында таралатынына, ыстық пен суықтан ауыру сезімі қайта қозып, ұзақ басылмайтынына шағымданады. Ертеректе тісі ауық-ауық ауырып мазалаған, қарап көргенде сауыт қуысы ашық, сүңгілеп тексергенде қатты ауырады, қағып тексергенде аздап ауырады. сіздің қоятын диагнозыңыз қандай;

1. ұлпаның толық жедел қабынуы

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі.

4. ұлпаның созылмалы шіри қабынуы.

5. ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Есеп№38. Жасы 46-дағы ер адам төменгі оң жағында өз-өзінен қатты ауыру сезімінің пайда болатынына, оң жақ құлағына таралатынына түн кезіне қатты күшейіп мазалайтынына шағымданады.. Қарап көргенде 46 тісінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысымен жалғасып жатыр, сүңгілеп тексергенеде қатты ауырады. Электрқозғыштығы 45мк1. Диагноз қойыңыз;

1. ұлпаның созылмалы жай қабынуы

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі.

4. ұлпаның толық жедел қабынуы.

5. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Есеп№39. Жасы 20-дағы жігітке 35 тісінде «ұлпаның жартылай жедел қабынуы » деген диагноз қойылды. Дені сау, аллергиялық реакциялар байқалмаған.. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз;

1. консервативтік

2. виталды экстирпациялау әдісі

3. виталды ампутациялау әдісі

4. девиталды ампутациялау әдісі

5. барлық аталған әдістер.

Есеп№40. Жасы 29-дағы әйел 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратынына шағымданады. Тісінде тіс сауытымен жалғасқан терең тісжегі қуысы бар, ашылған ұлпа мүйізшесін сүңгілеп байқағанда қатты ауырады, ұлпа аздап қанайды, тістің электрқозғыштығы 40 мк1. Диагноз қойыңыз;

1. ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

2. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

3. ұлпаның жартылай жедел қабынуы.

4. ұлпаның созылмалы жай қабынуы.

5. ұлпаның созылмалы өсе қабынуы.

Есеп№41.Жасы 18-дегі қыз балаға 36 тісінде ұлпаның созылмалы жай қабынуы деген диагноз қойылды. Дені сау, тістің электрқозғыштығы -35мк1. Тісжегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқан. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз;

1. девиталды экстирпациялау әдісі

2. девиталды аралас әдіс

3. девиталды ампутациялау әдісі

4. виталды экстирпациялау әдісі

5. консервативті әдіс

Есеп№42. Төменгі клиникалық белгілерге сүйене отырып диагноз қойыңыз;

тісінде қуыс пайда болып, ас қалдықтары жиналатынына шағымданады. тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқан, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды, тіс төңірегіндегі қызылиек өзгермеген. Тістің рентген суретінде- түбірұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген.

1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

2. ұлпаның конкрементті қабынуы

3. периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

4. периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

Есеп№43. Жасы 25-тегі емделуші бұзылған тісінен нашар иіс шығатынына шағымданады; Сұрастыра келгенде тісі ертеректе қатты ауырған, қазіргі кезде тісі ыстықтан ұзақ сыздап ауырады:

Қарап тексергенде; 26 тістің сауытының түсі өзгерген, шайнау бетіндегі тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысып жатыр, беткейлеп сүңгілегенде ауырмайды, терең сүңгілегенде ауыру сезімі бар. тістің электрқозғыштығы -80 мк1. Бұл клиникалық белгілер қандай ауруға тән;

1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуына

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуына

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуына

4. периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

5. периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

Есеп№44. Емделуші жоғарғы алдыңғы тістерінің химиялық тітіркендіргіштерлен ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде ; 11, 21 тістердің ерін жақ беттерінде параллелі орналасқан экваторына жақын аймақта сопақ пішінде ені 0,5см., аса терең емес екі ошақ бар, табаны және қабырғалары жылтыр, сүңгілеп байқағанда ауырмайды. Диагноз қойыңыз;

1. сынаға ұқсас ақау

2. жоғарғы тісжегі

3. орта тісжегі

4. кіреуке эрозиясы

5. тістер флюорозы.

Есеп№45. Жасы 35-тегі ер адам стоматологиялық емханаға жалпылай әлсіздігіне, дене қызуының көтерілгеніне, екі тізе терісіне, қолдардың сырт жақ терісіне, қызыл түсті бөрткендер шығып қышитынына, ауыз ішіне де бөрткендер шығып ауырып, ас қабылдаудың , сөйлеудің қиындығына шағымданады. Қарап тексергенде, аталған тері аймақтарында ені 1см-ге жуық домалақ пішінді қызыл-қошқыл түсті дақтар топтаса және жайыла орналасқан, орта бөліктерінде кішкентай қанды қабықшалар орналасқан. ауыз іші кілегей қабығы қатты қызырып ісінген (көбінесе екі ерін және ұрттар аймағында), көлемді эрозиялы ошақтар бар, беттері ақшыл-сары түсті қақпен жабылған. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай;

1. жүйелі қызыл жегі

2. көптүрлі жалқықты эритема

3. ауыздың қайталамалы афталы қабынуы

4. қайталамалы терең тыртықтанатын афталары

5.Бехчет синдромы .

Есеп№46. Жасы 40-тағы әйел адам тілінің үстінде ауыратын жараға ұқсас құрылым пайда болғанына, ас қабылдағанда қатты ауыратынына шағымданады. Сұрастыра келгенде: соңғы жарты жыл бойын әлсіздік билеген, жиі терлейді, дене температурасы 37-37,50 С көтеріліп тұрады, арықтай бастаған. қарап тексергенде; тілдің үстінде орта бөлігіне таяу ені 1,0см.-дей аса терең емес жара анықтылды, жиектері тегіс емес, табаны кедір-бұдырлы, сары қақпен жабылған,консистенциясы жұмсақ, ауырғыш. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Сіздің болжамды диагнозыңыз;

1. берішті шанкр

2. оьыр жарасы

3. туберкулез жарасы

4. трофикалық жара

5. ойылу жарасы (декубиталды жара)

Есеп№47. Жасы 27-дегі жігіт сол жақ езуінде пайда болған тіліктің ұзақ уақыт жазалмағанына шағымданады.,ауыз кілегейлі қабығында ыңғайсыздық сезеді. қарап көргенде ; тілінің екі жақ бүйір беттерінде беті эрозияланған домалақ , сопақ пішінді папулалар тізіле орналасқан, табандары қаттылау, сипап байқағанда ауырмайды. алдыңғы таңдай имегінің кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, аздап мыс түстенген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы. бірақ ауырмайды;

1. стрептококкты езулік (заеда)

2. Таппейнер лейкоплакиясы

3. қызыл жалпақ теміреткі

4. кандидозды езулік

5. қатты шанкр

Есеп№48.Жас жігіт кілегей қабығының өзгергендігіне шағымданады өзін бірнеше айдан бері аурумын деп санайды. Қарап тексергенде; тілінің бүйір бетінде ірі эрозиялы папулалар көрінеді, пальпация ауырмайды. негізінде тығыз инфильтрат бар. Алдыңғы таңдай ілмегі –қызарған. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы. бірақ ауырмайды;

1. қызыл жалпақ теміреткі

2. екіншілік мерез

3. лейкоплакия

4. ауыздың қайталамалы афталы қабынуы

5. Сеттон афталары.

Есеп№49. Жасы 35-тегі емделуші тісінде ыңғайсыздық және кернеу сезімі мазалайтынына шағымданады. Тісі бұдан 3 жыл бұрын тіс тісжегімен емделген. Ауық-ауық қызылиегі ісініп, тістің түбірұшы деңгейінде жыланкөз пайда болады. Қарап тексергенде:35 тістің түсі өзгерген, артқы бетінде шайнау бетін ала пломбы тұр. Тістің түбірұшы

проекциясы тұсында қызылиек аздап қызыл-көкшілденген, вазопорез симптомы анықталады. Тістің рентген суретінде түбірұшы аймағында ені 5-6 см. жиегі тегіс емес қара көлеңкелі ошақ бар. Бұл клиникалық көрніс қандай ауруға тән:

1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуына

2. ұлпаның созылмалы жай қабынуына

3. периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуына

4. периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына

5. түбір кистасына

Есеп№50. Ер адам ауыз ішін сауықтыру үшін стоматологқа көрінді. Қарап көргенде 36 тісінде терең тісэжегі қуысы бар, сауыт қуысы жабық, табаны қаттылау және пигменттелген (қара-қоңыр түсті). Сүңгілеп байқағанда аздап ауырады. Суыққа тез басылатын ауыру сезімі пайда болады. Сіздің диагнозыңыз қандай: