
- •С.5. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық ситуациялық есептер терапиялық стоматологиядан
- •Алматы,2007 г
- •1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •1. Витальді экспирпациялау әдісі
- •4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы.
- •1. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. .Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. .Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •2.Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •3. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2.Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.5. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық ситуациялық есептер терапиялық стоматологиядан
Аударғандар; доц. Мезгилбаева Д.М.
Бакбаев Б.Б.
Мангытаева Б.Б.
Алматы,2007 г
Терапевтік стоматология. Ситуациялық есептер №1-201.
Есеп№1 Жасы 46-дағы ер адам 26 тісігің өзінен-өзі қатты ауыратынына және ауырудың самайға таралатынына әртүрлі әсерлерден ауыру сезімі қайта болып, ұзақ сақталатынына шағымданады.Тіс бұдан бұрын өз-өзінен ауық-ауық ауырып тұрған.
Қарап тексергенде – сауыт қуысы ашық, сүңгілеп байқағанда ауырады. Диагнозын нақтылаңыз;
1. ұлпаның толық жедел қабынуы
2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
4. ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Есеп№2 Жасы 46-дағы ер адам 46 тісінің өз-өзінен қатты қозып-қозып ауыратынына, түнде күшейіп құлағына таралатынына шағымданады. Тісте терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысымен байланыспайды, сүңгілеп байқағанда табаны қатты ауырады. Тістің электрқозғыштығы45 мк1. Диагнозын нақтылаңыз;
1. ұлпаның созылмалы жай қабынуы
2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
4. ұлпаның толық жедел қабынуы
5. ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Есеп№3. Жасы 29-ғы әйел 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратынына шағымданады. Тісінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысы ашық, ашылған ұлпа мүйізшесін сүңгілеп байқағанда ауырады және қанайды. Диагноз қойыңыз:
1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
3 . ұлпаның жартылай жедел қабынуы
4. ұлпаның созылмалы ЖАЙ қабынуы
5. ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Есеп№4 Жасы 20-дағы ер адамға 35 тісінде ұлпаның жартылай жедел қабынуы деген диагноз қойылды. Дені сау, тісжегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқан. Оңтайлы емдеу әдісін таңдаңыз.
1. консервативтік әдіс,
2. витальді экспирпациялау әдісі
3. девитальды ампутациялау
4. барлық аталған әдістер
Есеп№5. Жасы 16-дағы қызбалаға 36 тісінде ұлпаның созылмалы жай қабынуы деген диагноз
қойылды. Тістің электрқозғыштығы 35мк1. Тісжегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқан. Емделушінің бойында ешқандай ауруы жоқ, Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:
1. Витальді экспирпациялау әдісі
2. девитальды аралас әдіс
3.. девитальды ампутациялау әдіс
4.виталды экстирпациялау әдісі
5. консевативтік әдіс
Есеп№6. Шағымы: дымкәстік , әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, қызылиегінің қатты ауыруы, қанағыштығы, аузынан нашар иістің шығуы. Көргенде қатты қызырып, ісінген қызылиектің бүртіктерінің ұштары өліеттеніп, кір-сұр түсті қақпен жабылған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділері бар, сілекейі қою, созылған, аузынан нашар иіс шығады. Қанын тексергенде-лейкоцитоз, эритроциттердің шөгу жылдамдығы жоғарылаған (25мм/сағ.). Альвеола өсіндісінің рентгенсуретінде сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагнозын нақтылаңыз.
1. қызылиектің жедел катаралды қабынуы
2. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы
3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі
4. қызылиектің жаралана қабынуы
Есеп№7.Шағымы; қызылиегінің сыздап, кернеп ауыратындығы, тістерін таөалағанда, ас қабылдағанда қанайтыны. Анамнезінде бір жал бұрын қызылиегіне ем жүргізілген. Қарап тексергенде; қызылиегі жаппай көкшкл түстенген, қызарған және қаты ісінген аумақтар бар, сүңгімен тиіп кетсе қатты қанайды. Пародонталды қалталар жоқ. Сүйек тінінде де өзгеріс анықталмайды. Диагнозын нақтылаңыз;
1. қызылиектің жаралана қабынуы
2. қызылиектің жайыла өсе қабынуы
3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы
4. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі
5. қызылиектің жедел катаралды қабынуы.
Есеп№8. Шағымы; Қызылиегінің ауық-ауық қанайтындығы. Қарап тексергенде; қызылиек бүртіктері және қызылиек жиегі қызыл-көкшіл түсті, пастозданған. Пародонталдық қалталар жоқ. Рентгенсуретте сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагнозын нақтылаңыз;
1. қызылиектің жаралана қабынуы
2. қызылиектің жайыла өсе қабынуы
3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы
4. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі
5. қызылиектің жедел катаралды қабынуы.
Есеп№9. Төмендегі клиникалық белгілер қандай ауруға тән; Шағымы; қызылиегінің тістерін тазалағанда, ас қабылдағанда қанайтындығы және қызылиегінің түсінің және пішінінің өзгергендігі. Қарап тексергенде ; қызылиегі қызыл-қошқыл түсті, бүртіктері тіс сауыты ұзындығының 1/3 дейін жауып тұр, қызылиек жиегі қалыңдаған, сүңгі тиіп кетсе оңай және ұзақ қанайды. Рентгенсуретте сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагнозын нақтылаңыз;
1. қызылиектің жаралана қабынуы
2. қызылиектің шектелген жедел катаралды қабынуы
3. қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі
4. қызылиектің жайыла жедел катаралды қабынуы.
Есеп№10. Жасы 56-дағы әйел адам. Тістерінің арасында саңылау пайда болғанына, тістерінің қозғалмалылығына, қызылиек аймағындағы біртүрлі ыңғайсыздық сезімге., қызылиегінің қанғыштығына шағымданады. Қарап тексергенде ; тістерде көп мөлшерде тіс шөгінділері бар, қызылиегі көкшіл-қызыл түсті, сүңгі тиіп кетсе оңай қанайды. Қызылиек бүртіктері кейбір тістер аймағында семген, біраз тістердің түбірлері 1/3 - 1/ 2 ұзындығына жалаңаштанған, кейбір тістердің қозғалмалылығы 1-2 дәрежелі. Пародонт қалталарының тереңдігі 5 мм. . Бұл белгілер қандай ауруға тән;
1. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі
2. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі
3. қызылиектің созылмалы өсе қабынуының өршуі
4. қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі
5. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі
Есеп№11. Емделуші адам қызылиегінің сыздап және солқылдап ауыратынына, тістерін тазалағанда қанағыштығының күшейе түсетініне, аузынан нашар иіс шығатынына шағымданады. Қарап тексепгенде; қызылиеек жиегі және бүртіктері қатты қызарып, ісінген, консистенциясы борпылдақ, сүңгі тиіп кетсе қатты қанайды. Кейбір тістердің төңірегінде тереңдігі 3 мм пародонталдық қалталар бар, іштерінде іріңді жалқық жиналған. Тістер беттеріне қатты шөгінділер жиналған. Бұл көрніс қандай ауруға тән;
1. пародонттың созылмалы жайыла қабынуының өршуі, орта дәрежесі
2. қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі
3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі
4. пародонттың созылмалы жайыла қабынуының өршуі, жеңіл түрі.
Есеп№12. Төмендегі клиникалық көрніс қандай ауруға тән; Емделуші адам қызылиегінің ауық-ауық тістерін тазалаған кезде қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде; жоғарғы алдыңғы және үлкен азу тістер аймағында қызылиек бүртіктері мен жиегі көкшіл-қызыл түстенген және аздап домбыққан, беті теп-тегіс және жылтырлау. Альвеола өсіндісінің рентгенсуретінде тісаралық қалқан сүйек ұштарындағы тығыз сүйек қабаты сорылған, кемік сүйекте остеопароздану (кеуектену) белгілері байқалады:
1. қызылиектің шектелген катаралды қабынуы
2. пародонттың созылмалы жайыла қабынуының өршуі.
3. пародонтоз,жеңіл дәрежесі
4. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі
5. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы
Есеп№13. Жасы 27-дегі ер адам езуінде ұзақ жазылмайтын тілік мазалайтынына шағымданады. Шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде: сол жақ езуінде көп ауыра қоймайтын тілік бар, табаны шеміршек тәрізді қаттылау. Екі ұртының кілегейлі қабығы беттерінде домалақ пішінді, диаметрі 0,7-1,0см. беті ылғалданған, төңірегінен көтеріңкі орналасқан, ақшыл-сұр түсті түйіншектер (папулалар) орналасқан, консистенциясы қаттылау. Диагнозын нақтылаңыз;
1. стрептококктық езу тіліктері
2. Таппейнер лейкоплакиясы.
3. Қызыл жалпақ теміреткі
4. кандидоздық езу тілігі (кандидоздық ауыздық)
Есеп№14. Жасы 69-дағы ер адам төменгі ернінде ұзақ жазылмайтын жара бар екеніне шағымданады. Ертеректе бұл жара төменгі еріннің басқа аймағында пайда болып жазылған. Қарап тексергенде; төменгі ерін жиегінің жабынды эпителий қабаты жұқарған, құрғақ, оң жақ езуге жақын және орта бөлігінде белгілі пішінсіз екі эрозия ошағы анықталды, біреуінің ені -7мм, екіншісінікі 6мм. Сипап байқағанда аздап ауырады,, аздап қанайды, табаны жұмсақ. Диагнозын нақтылайды;
1. лейкоплакия, эрозиялы-жаралы.
2. еріннің обыралды абразивті қабынуы немесе Манганотти хейлиті
3. еріннің актиндік қабынуы
4. қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі
5. қызыл жегі
Есеп№15. Жасы 40 шамасындағы әйел тілінің ауыратынына, сөйлегенде және ас қабылдағанда ауыруының күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде; тілдің үстінде ені 1,0см шамасында жиектері су шайған жағаға ұқсас жара анықталды, табаны тегіс емес, түйіршектенген және сорғыш түсті қақпен жабылған. Аймақтың лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда ауырады. болжамды диагноз қойыңыз;
1. беріштенген шанкр
2. обыр жарасы
3. туберкулез жарасы.
4. трофикалық жарасы.
5. декубиталдық жара
Есеп№16. Жасы 20 –дағы науқас төменгі ернінің құрғап , түлейтініне шағымданады, Қарап тексергенде ; төменгі ернінің кілегейлі қабатында Клейн белдеуіне жақын ұсақ сілекей бездерінің шығарушы түтіктерінің ауыздары кеңейген, біраз тосып байқағанда олардан бөлінген сұйық тамшыларға айналып жылтырайды. (таңғы шық симптомы)
Ағашқы диагнозын қойыңыз;
1. еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы
2. еріннің экземтозды қабынуы
3. еріннің іріңді гландулярлы қабынуы.
4.еріннің жапырақтана гландулярлы қабынуы
5. еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы
Есеп№17.Жасы 27-дегі ер адам сол жақ езуінде ұзақ жазылмайтын тілік бар екендігіне шағымданады. Шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде: сол жақ езуінде аздап суланған тілік анықталды, сипап тексергенде ауырмайды, табаны қаттылау. Екі жақ ұртының кілегейлі қабығында ені 0,5-0,7см топтаса орналасқан папулалар анықталды, беттері ылғалданып көтеріле бастаған ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған. тілдің үстінде де папулалар орналасқан және жіп тәрізді бүртіктер семіп, ойдыойдым шабылған шабындық бетін еске түсіретін аймақтар («симптом скошенного луга») . Алдыңғы таңдай имегінің кілегейлі қабығы ашақ-қызыл түстенген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған. Диагнозын нақтылаңыз;
1. стрептококктық езу тілігі
2. Таппейнер лейкоплакиясы.
3. Қызыл жалпақ теміреткі
4. кандидоздық езу тілігі (кандидоздық ауыздық)
5. екіншілік мерез.
Есеп№18. Жасы 40-тағы әйел адам тілінің ауыратынына, сөйлегенде, с қабылдағанда ауыру сезімінің күшеиетіндігіне шағымданып келді. Сұрастыра келгенде, соңғы жарты жылда бойын әлсіздік билегенін, жиі терлейтінінің, аздап дене қызуы көтерілетінін, салмағын жоғалтып, арықтай бастағанын айтады. Қарап тексергенде; тілінің үстінде аса терең емес, жиегі су шайқаған жарға ұқсас, табаны тегіс емес түйіршектелген, беті сарғыш түсті қақпен жабылған, аумағы 0,7-1,2см жара анықталады. Консистенциясы жұмсақ, сипағанда қатты ауырады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда ауырады. Бұл көрніс қандай ауруға тән;
1. мерез жарасы
2. обыр жарасы
3. туберкулез жарасы.
4.трофикалық жара
5. декубиталдық (ойылған) жара
Есеп№19. Тісі ауыррып келген науқастың 36 тісін емдеу үшін ультракайнның ертіндісімен мандибулярлық жансыздандыру жасалынды. Инъекция жасағаннан 2-3 минөт өткенде
науқас өзін жаман сезіне бастады. Алғашында тері түсі қызарып, кейіннен бозара бастады, дауысы шықпай қалды, демалуы қиындап, тамыр соғысы жиілеп жіп тәріздес болды, көз қарашықтары кеңейді, есінен айырылған жоқ. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай;
1. есінен тану ( обморок)
2. коллапс (жедел тамыр жетіспеушілігі)
3. анафилаксиялық шок
4. аурудан болған шоқ
5. стенокардия ұстамасы.
Есеп№20. Жасы ұлғайған әйел 26 тіс ұлпасының созылмалы фиброзды қабынуымен емделіп жүр. Дәрігер-стоматолог уақытша пломбаны алған кезде дәрігерден емдеуді тоқтатуын өтінді. Дене жағдайын амалсыздан өзгертіп, алға еңкейді. Демалуы қиындап шулы бола бастады. Сіздің болжымды диагнзыңыз;
1. есінен тану ( обморок
2. демікпенің ұстамасы (присуп бронхиальный астмы)
3. стенокардия ұстамасы. (приступ стенлкардии)
4. миокард инфаркті
5. анафилаксиялық еспен тану
Есеп№21. Жасы 20-дағы жігіт тісі қатты ауырып стоматологқа келген. Дәрігер тісіндегіқуысты егеп-тазалау үшін бормашинаны іске қосты. Сол кезде жігіттің өңі бозарып, құлақтары бозғылт түстенді, мұрны қусырылып. мұрын-ерін ұшбұрышы аймақтары да бозғылттанды. Екі-үш минөттен кейін науқас есінен айырывлды. Тамыр соғысы әлсіз , реттілігі сақталған. Болжамды диагнозыңыз қандай:
1. стенокардия ұстамасы. (приступ стенлкардии)
2. коллапс (жедел тамыр жетіспеушілігі
3. есінен тану ( обморок
4. қатты ауырудан болған естен тану
5. миокард инфаркт
Есеп№22. Жасы 18 –дегі қыз бала тісін емдетуге келгенде, бормәшинеден қорқатынын айтты. Орта тісжегі бар тісті егеп-тазалай бастағанда қыз дәрігерді итеріп жіберіп, көзін алартып дәрігердің сұрақтарына жауап бермеді. Тері түсі өзгерген жоқ, дем алуы жиіледі, тамыр соғысы жиі, толығуы қанағаттанарлық. Диагноз қойыңыз.
1. стенокардия ұстамасы. (приступ стенлкардии
2. миокард инфаркті
3. демікпенің ұстамасы
4. анафилаксиялық шок
5. истерия (есірік)
Есеп№23. Науқас адам ауыз кілегей қабығының біртүрлі өзгеріске ұшырағанына шағымданады. Қарап тексергенде: аздап қызаып ісінген екі ұртының кілегейлі қабық бетінде ұсақ түйіншектер (папулалар) ақ-сұр түсті әртүрлі өрнек жасап (доғаға, бұтаға, сақинаға ұқсас) орналасқан, төңірегіндегі тіндерден азғана биіктеу. Диагноз қойыңыз:
1. қызыл жалпақ теміреткі, жалқықтана-қызарған түрі
2. лейкоплакия, жазық түрі
3. қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератозды түрі
4. қызыл жегі
5. созылмалы гиперпластикалы ауыз кандидозы.
Есеп№24. Жасы 42. дегі ер адам, мамандығы геолог, дәрігерге көрінуге келгендегі шағымы: еріндерінің құрғақтығы, күиіп-қызып және түлеп мазалайтындығы. Қарап тексергенде еріндердің кілегей қабығы аздап қызарған, еріндер жиегі де қызарып құрғаған, беттері ұсақ қабыршықтармен жабылған, ұсақ тіліктер де кездеседі. Сіздің дииагнозыңыз қандай;
1. еріннің экземалы қабынуы
2. еріннің ауа-райы әсерінен қабынуы
3. еріннің түлей қабынуы, жалқықты түрі
4.еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы
5. еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы
Есеп№25. Жасы 55-тегі ер адам таңдайына томпайған бөрткен шығып, ас қабылдауға кедергі жасайтынына шағымданады. Қарап тексергенде – қатты тңдайда шарға ұқсас ені 0,8см. іші қанға толы сулы бөрткен (пузырь-күлбіреуік) бар, басып байқағанда оңай жарылып, эрозия ошағы пайда болды. Никольский симптомы теріс. Бұл қандай синдром және қандай ауруға тән;
1. ауыздың қайталамалы афтозды қабыну
2. тұрпайы күлбіреуік
3. созылмалы лейкоз
4. гипертония ауруы (жоғарғы қан қысымы)
5.көптүрлі жалқықтана қызару.
Есеп№26. Жасы 60-тағы әйел адам стоматологқа көрінуге келгенде тілінің шаншып-шаншып және қызыл бұрыш сепкендей күйіп ауыратынына шағымданды. Бұл сезімдер ас қабылдағанда басылады, ал түнге қарай күшейеді. Қарап көргенде, ауыз кілегейлі қабаты бозғылт-қызғылт түсті, жақсы ылғалданған. тілінің үсті аздап өңезденген, жіп тәрізді бүртіктері кему нәтижесінде төмендеген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай;
1. тілдің түлей қабынуы
2. В тобындағы витаминдер жетіспеушілігі
3. жазық лейкоплакия
4. глоссалгия
5. ауыздың созылмалы гиперпластикалы кандидозы.
Есеп№27. Жасы 60-тағы емделуші стоматологқа тістеріне протез қою алдында ауыз ішін сауықтыру мақсатында келді. Сұрастыра келгенде 7 жылдан бері қант диабетімен (сусамырмен) сырқат екені анықталды. Қарап тексергенде, оң жақ азу тістер сырты аймағындағы кілегейлі қабықта аумағы 1,5-0,9см. тереңдеу ойық жара (язва) анықталды, жиектері тегіс емес, беті ақшыл-сұр түсті өліетті қақпен жабылған, төңірегінде айқын қабыну реакциясы байқалмайды, сипап байқағанда шамалы ауру сезімі бар, сілекейі қою. Ауыз кілегейлі қабығы бозғылттауа, аузынан нашар иіс шығады. диагноз қойыңыз;
1. мерез жарасы
2. ауыз кілегейлі қабығының өліеттеніп-жаралана қабынуы (Венсан стоматиті)
3. обыр жарасы
4. трофикалық жара
5. декубиталдық жара (ойылу жарасы)
Есеп№28. Науқасқа «Ернінің қарапайым гландулярлы қабынуы» деген диагноз қойылды. бұл ауруға қандай симптом тән;
1. «көбелек» симтомы
2. «сүңгі» симптомы
3. «алма желесі» симптомы
4. «таңғы шық» симптомы
Есеп№29. Жасы 35-тегі әйел еріндерінің ұлғайып, крнеуіне, бетінің домбығуына шағымданады. Емделушінің қызылиегінен тіс шөгінділерін алып, пародонталдық қалталарды жуып-шайғаннан кейін «метрогил Дента-»-дан бастырма (аппликат) қойылған. Қарап көргенде: екі ерні домбығу нәтижесінде қалыңдаған. Сіздің дииагнозыңыз қандай;
1. макрохейлит
2. ангионеврозды Квинке домбықпасы.
3. гематом1.
4. еріннің жапырақтана қабынуы
5. Мелькерсон-розенталь синдромы.
Есеп№30. Жасы 22-дегі емделуші тісінің ыстықтан және суықтан қатты ауырып тез басылатынына шағымданады. Қарап көргенде 37 тісінің артқы бетінде терең тісжегі қуысы бар, іші жұмсарған дентинге толы. Сүңгілеп көргенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. Суыққа тез басылатын ауыру сезімі бар. қандай диагноз қоясыз;
1. орта тісжегі
2. терең тісжегі (жедел дамыған)
3.баяу дамыған терең тісжегі