Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
919.55 Кб
Скачать

3. Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кешендік ұғым болып табылады. Ол кәсіпорын потенциалды және нақты қаржылық мүмкіндіктері көрінетін көрсеткіштер жүйесімен түсіндіріледі. Қаржылық жағдай ішкі және сыртқы факторлар жиынтығының әсерімен жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін бағалауға оның шаруашылық қызметіне талдау жүргізу қажет. Талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы қаржылық процестің даму тенденциясын бағалау және анықтау. Қаржылық талдау келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

  1. Қаржылық қатынастық партнермен және күтетін табыстылықтың тәуекелділігі қандай?

  2. Қалай тәуекелділік және табыстылық перспективада өзгереді?

  3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға негізгі бағыттыр қандай?

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға қажетті ақпарат есеп беруде, аудиторлық қорытындыларда, оперативті бухгалтерлік есепте және басқа көздерде мазмұндалған.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесілерді қосады:

  • Кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) талдау;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайының жалпы бағасы;

  • Кәсіпорынның ликвидтілігінің және төлемқабілеттілігін талдау;

  • Қаражат көзі құрылымының және оның пайдаланылуының талдауы;

  • Айналым қаражатының айналымдылығын талдау;

  • Меншікті пайдалану тиімділігін талдау;

  • Өзін-өзі қаржыландыру деңгейін талдау;

  • Кәсіпорын қаржылық жағдайының баға жиынтығы.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің негізгі формалары:

  • Бухгалтерлік баланс, № 2 форма «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру»;

  • Бухгалтерлік баланс, № 3 форма «Ақша-қаражаттарының козғалысы туралы есеп беру»;

  • Кәсіпорынның ағымдық есеп беруі.

Кәсіпорын балансы капитал көзін және оның араласуын көрсететін біріккен кестені кезегінде ұсынады. Баланс кестесінің сол жағында фирманың активтері орналасқан, яғни кәсіпорын иеленетін және шаруашылық қызметке белсенді араласатын материалды-ақшалай қаражаттар. Баланстың оң жағықажетті капиталдың қаражаттар алдың әр түрлі көздерін қосатын пассивтер. «Баланс» сөзінің өзі француз тілінен аударғанда тепе-теңдік деген мағына береді. Берілген жағдайда баланс актив пен пассивтің тепе-теңдігін көрсетеді. Яғни кәсіпорынның пайдаланатын қаражаттары оларды алудың ақшалай көзіне тең болуы керек.

Баланс активіне 3 негізгі бөліктер кіреді: айналымдылық емес активтер, айналымдылық активтер және шығындар. Айналымдылық қаражаттарды басқаша ағымдағы активтер деп айтады. Олар жыл ішінде қолма-қолдыққа (немесе айналымданады) айналады деп айтылады. Айналым қаражатының негізгі екі бөлігіақша-қаражаттар және материалды-тауарлы босалқылар. Негізгі қаражаттар немесе есептелінген активтер, көптеген уақыттардан кейін айналымға енеді, яғни кәсіпорынға неғұрлым ұзақ уақытта қызмет етеді. Материалды емес активтер патент, лицензия, сол сияқты «кәсіпорын бағасы» болып аталатын – «гудвиллдер», яғни сату-сатып алудың құралы бола алатын кәсіпорынның сауда маркасының беделі құнынан жинақталады.

Пассивтер кәсіпорынның өзінің кредиторларының алдындағы міндеттемелерді және кәсіпорын меншікті (акционерлік) капиталын қосады. Міндеттемелер өз кезегінде жыл ішінде төленетін ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелерге және ұзақ мерзімге төленетін ұзақ мерзімді міндеттемелерге бөлінеді.

Кәсіпорын балансы қаржылық жоспарлаудың құжаттары құралына кіреді. Есептік баланс қаржылық жоспарлаудың алғашқы кезеңіне – қаржылық көрсеткіштерді талдауға негізінде қызмет етеді. Мұнда әдетте кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты көрсететін неғұрлым сенімді ақпаратты қосатын – ішкі баланс құжаты пайдаланылады. Сыртқы баланс пайда мөлшерін төмендетумен құрылып, баспаға құрастырылады. Бұл мысалы, салық салынатын соманың төмендеуіне және резервтік капитал құрылуына жасалынады.

Қаржылық нәтижелер туралы және оның пайдаланылуы туралы есеп беру қаржылық талдауға ақпарат мазмұндайды. Егер баланс кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігінің есептелінген көрінісін көрсетсе, онда табыстар мен шығыстар туралы есеп оның қаржылық операцияларының динамикасын көрсетеді. Бұл есеп беруде кәсіпорын шығындар және өз қызметінің нәтижесін салыстырады, таза пайда шамасын және оның бөлістірілуін анықтайды.

Қолма-қолдықтың қозғалысы туралы есеп соңғы уақытта неғұрлым көп мойындалған қаржылық құжатты ұсынады. Бұл құжат қолма-қолдықтың қайнар көзін және олардың пайдаланылуын талдауға мүмкіндік береді.

Сурет – Кәсіпорын ақша ағымының қозғалысы

Талдау келесі сұрақтарға жауапты мазмұндауы керек:

  • Ағымдағы жылда қандай көлемдегі қолма-қолдылықты кәсіпорын иеленді?

  • Қолма-қолдықтың қайнар көздері қандай (ақшалай капитал қайдан келді)?

  • Кәсіпорын өзінің қолма-қолдығын қалай пайдаланды?

Басқаша айтқанда, қолма-қолдықтың қозғалысы туралы құжат кәсіпорын ақша-ағымын зерттейді. Қолма-қолдықтың қозғалысы кәсіпорын міндеттемесі бойынша төлеуге қолма-қолдықтың пайдаланылуы және сатудан алынған ақшалай табыспен аяқталып және болашақ табысқа қажетті қолма-қолдықты құратын акция сату және зайым асумен басталады. Іс жүзінде көптеген цикл нүктесінде бір уақытта болып және тоқтамай қолма-қолдық қимылдайтын болғандықтан циклдың анық айтылған басы не аяғы жоқ.

Кез-келген мөлшердегі кәсіпорындарға қолма-қолдықтың қозғалысының болжамын жасау ұсынылады. Әдетте қолма-қолдықтың қозғалысы өндіріс ай бойынша жарты жылға қысқа кезеңге жасалынады. Болжамға жоспарлық сияқты келесі іс жүзіндегі көрсеткіштер еңгізіледі.

Кәсіпорын қаржылық қызметінің нәтижесін бағалау және талдау оның қызметінің қисық нүктелерін анықтауға, проблеманың себебін анықтап және оның шешім табуына бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Қаржылық талдау келесі негізгі кезеңдерден құрылады:

  • Стратегиялық проблеманы талдауға сәйкес келетін көрсеткіштер таңдау;

  • Осы көрсеткіштер есебі;

  • Ортасалалы және бәсекелестік шамамен ағымдағы жылға берілген кәсіпорынның аналогиялық көрсеткіштермен алынған шаманың салыстырылымы;

  • Кәсіпорынның болашақ мүмкіндіктерін және проблеманы шешу әдістерін анықтауға қаржылық жоспардың жасалынуы кезіндегі көрсеткіштерді пайдалану.